Басқару іс-әрекетіндегі реттеу үдерістерінің өзіндік ерекшеліктері
Реттеулік, интегралдық үдерістер класына тән жалпы пси- хологиялық ерекшеліктермен бірге, олардың әрқайсысының белгілі бір өзіндік айырмашылықтары да болады.
Мақсат түзу – бұл іс-әрекет мақсатын қалыптастыру және оны жекеленген іс-әрекет мүдделеріне нақтылау үдерісі. Мақсат
адамда іс-әрекет басталғанға дейін қалыптасатын және оның бүкіл мазмұнына айқындаушы ықпал ететін болашақ нәтиженің идеалдық формасы. Психологияда мақсат іс-әрекеттің жүйе түзуші факторы ретінде қарастырылады, бұл іс-әрекеттің және олардың арасындағы байланыстың компоненттерін, олардың уақытша реттелімділігін (жоспарын) анықтайды, сондай-ақ іс- әрекетті ұйымдастырудың басқа да аспектілері үшін негіз болып табылады.
Мақсат тұлға мотивтілігі жүйесімен қатынаста болады, соның нәтижесінде іс-әрекеттің маңызды психологиялық түзі- лімі – тұлғалық мағына қалыптасады. Іс-әрекет тұлға үшін тек бір ғана, бірақ әртүрлі мотивтегі мақсат үшін әртүрлі тұлғалық мағынада болуы мүмкін.
Психологияда мақсаттар мен мотивтердің арақатынасының маңыздылығына байланысты «вектор-мотив-мақсат» ұғымы бар. Ол өзінің айналасына іс-әрекет жүйесіне қосылатын пси- хикалық үдерістер мен күйлердің барлығын ұйымдастырады. Бұл – субъектінің қойылған мақсатқа жету үдерісін айқындай- тын іс-әрекетінің негізгі құрылымдық-түзуші механизмі.
Жетістіктердің мақсат-образы, мақсат-нәтижесі және мақ- сат-деңгейі – субъективті мақсаттардың негізгі үш форма- сы [56].
Мақсат өзінің кез келген формасында іс-әрекет басталғанға дейін қалыптасады, іс-әрекет барысында есте сақталады, оны бағыттайды және реттейді. Іс-әрекет процесі әлі жоқ, бірақ
қорытындыда болуға тиіс нәрселермен реттеледі. Қандай да бір үдерісті ұйымдастырудың мұндай типі себеп пен салдар орын ауыстырған кезде, мақсат бойынша детерминациялау немесе мақсаттық детерминизм деп аталады.
Бүкіл іс-әрекетке тұтастық, ұйымдасушылық, яғни мақсаттар жүйесінің иерархиялығын беретін маңызды шарты – ол бір- бірімен қарама-қайшылықта болмауы, бір-біріне жұмыс істеуге тиіс.
Субъективтік мақсаттарды генерациялау механизмі – мақсат түзудің басты сәті (моменті). Мақсаттарды генерациялаудың бірнеше тәсілдерін атап көрсетуге болады:
Мақсат мотивті саналау және осы мотивті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін объектіні табу негізінде қалыптасады. Мы- салы, материалдық мотив мақсатты қалыптастыру негізінде орындалған жұмыста марапатқа ие болу.
Мақсат орындалмайды және оны тұжырымдау немесе жаңа мақсат қоюды талап етеді.
Мақсаттар берілген баламаның біреуін таңдау арқылы генерациялана алады. Мақсат қоюдың негізгі екі – нормативтік және нормативтік емес типтері бар. Құрама мақсат түзу со- лардың туынды тәсілі болып табылады.
Болжау. Бұл үдеріс мақсат түзумен тығыз байланысқан; пси- хология тұрғысынан алғанда, ол адамның болашаққа риза болу қабілетіне, антиципацияға негізделеді, бұл субъектінің болмыс- ты алдын ала бейнелеуінің негізгі формасы болып табылады. Бұл құбылыс адам өмірінің барлық жағы үшін, әсіресе басқару іс-әрекеті үшін әмбебап мәнге ие.
Болжау және антиципация үдерістері әртүрлі формада та- ралып, күрделілік шамасымен және мазмұнымен ерекшеленеді. Бұл өзі – қандай да бір бөгде іс-әрекетпен мәселелерді орын- дауға қойылған ағымдық болжау, әрі субъекті еркін реттейтін болжауды жүзеге асыру бойынша арнайы іс-әрекет, әрі басқару- дағы жеке және ұжымдық формада жүзеге асатын, стратегиялық жоспарлау мен болжау функцияларын орындауға байланысты дербес іс-әрекет.
Болжау және антиципация үдерістері деңгейлік құрылымда болады:
Антиципацияның субсенсорлық деңгейі өзіне белгілі бір іс-әрекет пен жекеленген қозғалыстар орындалуын қамтамасыз ететін саналанбайтын операцияларды қосады.
Сенсомоторлық және перцептивтік антиципациялар сезіну мен қабылдау үдерістеріне негізделеді; олар іс-әрекетті жаңа ақпараттың пайда болу мүмкіндігін ескере отырып ұйымдас- тыруға мүмкіндік береді.
Ұсынымдық антиципация антиципациялық сұлбаларға негізделген. Бұл – адамның өткен тәжірибесі және олардың мүмкін өзгерістерінің ағымдары туралы ақпараттардан тұратын жағдайлар жайлы ұғым (ұсыныс).
Тілдік-ойлау антиципациясы – антиципацияның жоғары деңгейі. Бұл деңгейде кеңінен тілдесу және жағдайды жіктеу мүмкін болады. Негізгі механизм – күтілетін оқиғалар туралы болжамды (гипотезаны) тұжырымдау.
Антиципацияның әрбір деңгейі қойылған мәселелер күрде- лілігінің белгілі бір деңгейіне сай келеді. әрбір келесі деңгейде жүзеге асырылатын болжамдардың уақытша келешегі артады. Антиципация үдерісінің өзінің мазмұны күрделене түседі, соның негізінде болатын психикалық үдерістердің құрамы өзгереді.
Басқару іс-әрекетінде антиципация рөлі күрт артады, ол жаңа формада көрінеді. Басқару іс-әрекетінің мәні – атқару- шылардың жеке іс-әрекетін синхрондау, бұл жоспарланатын қимылдарға таңдану және оларға жауап әсерлердің жағдайында ғана мүмкін. Антиципацияның жаңа деңгейі туындайды.
Рефлексивтік антиципация – тек жеке ғана емес, ұжымдық болжауды да қалыптастыру. Өзіндік бірлескен антиципациялық әсердің туындауы арқасында бірлескен іс-әрекетке қатысушы- лардың бір-бірін өзара жақсы түсінісуі жақсарады, антици- пацияның тереңдеуі және оның дәлдігі артады. Күрделілігі бойынша да, қуаты бойынша да болжамдардың жоғары деңгейі түзіледі. Тілдік-ойлау антиципациямен бірге нақты осының өзі басқару іс-әрекетінің мазмұны мен табиғатына көбірек сәйкес келеді.
Жоспарлау және бағдарламалау. Реттеулік үдерістер жүйе- сінде, сондай-ақ басқару іс-әрекетінің негізгі функцияларының
арасында жоспарлауға маңызды орын беріледі. Ол бірлескен іс- әрекетке оның басқару функциясы ретінде қатынаста болады. Бірақ ол жеке іс-әрекет құрылымында да, оны ұйымдастырудың өзіндік реттеушісі ретінде болады. Жоспарлау – жетекшінің танымдық-түрлендіруші іс-әрекетінің тиімділігін анықтайтын практикалық зерденің (интеллектінің) аса маңызды компонен- ті. Жоспарлау процесінің басты ерекшелігі «жан-жақтылық» ұғымымен сипатталады, ол басқару іс-әрекетінің тұрақты үдерісі болып табылады.
Жетекші іс-әрекетінде жоспарлау ағымдық және алдынала; келешекті және қысқа мерзімдік; «қатаң» (алгоритмделген) және
«жұмсақ» (вариативтілік) болуы мүмкін. Ол жекелік сипатта бола алады немесе оған басқа тұлғалар араласқанда ұжымдық (коллегиялық) формада да болуы мүмкін [57].
Жоспарлаудың негізгі функциясы – іс-әрекетті кеңістік- уақыттық ретке келтіру және оның жалпы бағдарлары мен мақсатын жүзеге асыру құралдарын жасау.
Жоспарлау жетекші іс-әрекетінде өзіндік ерекшеліктерге ие болады: ол жетекшінің жеке іс-әрекеті шеңберінен шығып кететін өзіндік «метажоспарлау» бола түседі. Жоспарлау үдерісі психологияда негізінен жеке іс-әрекет материалында ашып көрсетіледі. Жоспарлаудың негізгі үш тәсілін атайды:
«Бағдарлар бойынша» жұмыс – жоспарлаудың ең қара- пайым тәсілі, іс-әрекет сыртқы орталарға реактивтік жауап принципі бойынша құрылады.
«Үлгілер бойынша» жұмыс – әлдеқайда күрделі жоспар- лау тәсілі. Адам стандарттық (қатаң) алдын ала белгіленген жоспарды сөзсіз орындауға ұмтылады. Бұл жерде «штаттан тыс жағдайлар» іс-әрекетті толықтай ұйымдастырмауы мүмкін. Бұл тәсіл жетекшінің консервативтік-репродуктивтік стиліне тән.
Іс-әрекетті жағдайдың мүмкін өзгерістерін ескере отырып жоспарлау – ең тиімді тәсіл. Жалпы стратегия аса көп бөлшек- теусіз жасалады, бұл жоспарды іс-әрекет жағдайының өзгеруіне байланысты икемді өзгертуге мүмкіндік береді.
Басқару іс-әрекетіндегі жоспарлаудың басты талабы – қа- таңдық пен іскерліктің, нақтылық пен жалпылықтың арасын-
дағы оңтайлы жағдайды анықтау. Бұған қатысты стандарт- тық рецептер жоқ, бірақ басқару теориясында жетекші іс- әрекетіндегі бірқатар тиімді жоспарлау шарттары тұжырым- далды:
жоспарлардың тиімдісін жедел генерациялауға қабілет- тілік;
бірнеше жоспарды талдау негізінде мінез-құлықтың жалпы стратегиясын жасау;
жоспар құрылымында екі – стратегиялық және такти- калық деңгейдің болуы;
жоспарлардың жасалу кезеңіндегі іскерлік пен оларды жүзеге асыру кезеңіндегі қатаңдылықтың сабақтасуы;
ең жақсы жоспарларды табу және таңдау шеберлігі.
Негізгі кезеңдердің белгілі бір және заңды инвариантты тізбектілігі жоспарлау процесінің негізгі мазмұны болып та- былады:
жағдайға бағдарлану және қойылған мақсатқа жетудегі қиындықтарды анықтау;
қалыптасқан жағдайдан шығудың тиімді варианттарын жасау;
осы варианттарды салыстырмалы талдау, олардың ар- тықшылықтары мен кемшіліктерін, сондай-ақ олардың әрқайсы- сын жүзеге асыру үшін қажетті «бағасын» анықтау;
мақсатқа жету ықтималдылығын оңтайландыратын ва- риантты таңдап алу;
таңдалған вариантты нақтылау мен бөлшектеу және оны орындау «технологиясын» жасау;
жоспарды жүзеге асыру;
жүзеге асыру тиімділігін бағалау, қажет болғанда, оны түзету, бастапқы мақсатты қол жеткен нәтижелермен салыс- тыру.
Әдетте, жетекші өз іс-әрекетінде бір мезгілде бірнеше жос- парларды іске асыратынына байланысты оларды сәйкестендіру қажеттілігі туындайды. Олар мәнділігі және кезектілігі бойынша
«тізіледі». Жоспарлау процестерінің иерархиялылығы оларды бағдарламалаудың әлдеқайда жеке процестерінен айрықша- лайды. Іс-әрекет бағдарламасы – іс-әрекет уақытының өсі
бойында тұрғызылған нақты тізбек, олардың алгоритмі; бұл – бір өлшемді құрылым. Бағдарламалау процесі – жоспарлау про- цесінің соңғы кезеңі, ал бағдарламаның өзі оның өнімі (түп- кілікті нәтижесі) болып табылады.
Өзіндік бақылау. Оның бақылаудан басты айырмашылығы – оны қою объектісі басқаның емес, өзінің іс-әрекеті бола түсе- тіндігінде. Бақылаудың негізгі техникалық тәсілдері өзін бақы- лау функцияларына ауысатындай болады. Бұл процестің өзіндік ерекшеліктері онда бақылау субъектісі мен объектісінің қосы- луымен анықталады. Әлдеқайда күрделі және өзіндік жағдай жетекші іс-әрекетіне қатысты да қалыптасады: ол бір мезгілде бақылау функциясын (қол астындағыларды) және өзін бақылау функциясын (өз іс-әрекетін) орындауға тиіс. Бұл функцияларға қатысты айырмашылықтар көбінесе жетекші іс-әрекетіндегі кернелу мен кикілжің көздері болып табылады.
Өзін бақылаудың формалары мен түрлері психологияда төрт негізгі: уақыттық, модальдық, құрылымдық және еркіндік принцип бойынша жіктеледі. Оларды таратып көрсетер болсақ:
Уақыттық принципке сәйкес өзін бақылаудың алдын ала (антиципациялайтын), ағымдық (аралық) және нәтижелік (қо- рытынды) түрлері болады.
Модальдық принципке сәйкес өзін бақылаудың көру, есту, тактильдік және құрама түрлерін айтуға болады. Басқару іс- әрекетіндегі жетекші рөл көру мен есту түрлеріне тиесілі.
Құрылымдық принципке сәйкес өзін бақылаудың түрлері олар жүзеге асатын деңгейлер бойынша бөлінеді. Бұл – өзін бақылаудың биологиялық деңгейі (гомеостаз), тіршілік әрекетінің негізгі жүйелерінің физиологиялық өзін реттеуі, күйдің психо- физиологиялық реттелуі, іс-әрекетке психологиялық өзіндік бақылау, мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау мен өзіндік бақылау.
Еркіндік принципіне сәйкес өзін бақылаудың ерікті және еріксіз түрлері болады.
Түзету (коррекция). Іс-әрекетті ұйымдастырудың бұл про- цесі – интегралдық процестердің ішіндегі ең өзгешесі. Түзетудің нақты өзі іс-әрекет пен оның жекеленген кезеңдерінің тұрғы- зылуы мен реттелуінің жалпы циклын аяқтайды, мұнда оның орындалуы және нәтижесі қаралмайды [58].
Нәтиже туралы кері байланыстық ақпарат ұғымы бар. Әрі қарай «мақсат-нәтиже» салыстырымдық процесс жүреді. Олар- дың арасында толық келісім болмайды, сондықтан іс-әрекетті ұйымдастыруда идеалды мақсат пен оның нәтижесін қайта келістіру дәрежесін анықтау қажетті компонент болып табы- лады. Сонан кейін байқалған келіспеушілік шамасына байла- нысты айқындалудың әртүрлі шамасымен таралатын түзету жүреді.
Өзінің мазмұны бойынша түзету реттеулік процестер шең- берінен шығып кетеді және жіберілген қателіктерді түзету жө- ніндегі жаңа іс-әрекет (немесе іс-қимыл) түрін қабылдайды.
Түзету нәтижесінде іс-әрекет қолжетімсіздік (мақсатты ба- ғытталумен қатар) қасиет ала отырып, тұйық сақина тәріздес сипатқа ие болады.
Түзету негізінде субъектінің өзін оқытуы, оның кәсіби тәжі- рибесінің және біліктілігінің жалпы деңгейінің артуы жүреді. Психологиялық тұрғыдан алғанда, түзету процесімен бай- ланыстағы құбылыстардың, яғни нәтижені сезіну, кері бай- ланыстық ақпаратты түсіндіру, оны идеал мақсатпен салыс- тыру, т.б. сияқты бүкіл жүйесі өзін оқыту механизмі ретінде болады.
Реттеулік, интегралдық процестер когнитивтіктермен қатар, басқару іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігін түсіну үшін үлкен мәнге ие. Олар негізгі басқару функциялары жүйесіне ұқсас бол- ғандықтан, оларды жүзеге асыру үшін психологиялық негіз болып табылады. Өзінің жиынтығында іс-әрекетті реттеудің тұйық циклін түзе отырып, бұл процестер жетекші іс-әрекетінің психологиялық құрылымын, оның психологиялық архитекто- никасын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |