Пирзадаев арман нургабылович


Диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет6/18
Дата31.05.2024
өлшемі1.21 Mb.
#502160
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Dissertatsiya Pirzadaeva-Armana-Nurgabyilovicha-KAZGYUU

Диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыстың 
мақсаты болып бөтеннің мүлкін жымқырудан келетін зардаптың сипаты мен 
мөлшеріне байланысты қылмыстық-құқықтық және криминологиялық тұрғыда 


11 
зерттеу жүргізу болып табылады. Қылмыстық заңнамадағы қылмыс 
зардаптарына қатысты ұғымдарды біріздендіру мен біріңғай саралауды 
қамтамасыз ету және бөтеннің мүлкін жымқыру қылмыстарынан келетін 
зардаптардың мөлшерін, құнын анықтау мен осындай қылмыстық құқық 
бұзушылықтардың алдын алудың тиімділігін арттыруға байланысты ұсыныстар 
әзірлеуді де көздейді.
Осы мақсаттарды басшылыққа ала отырып зерттеу жұмысы төмендегідей 
міндеттерді шешуді алға қояды: 
– қылмыстық құқықтағы қылмыстық құқық бұзушылық зардабының 
ұғымы мен белгілерін талдау
– жымқырумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылық зардабын 
қылмыс құрамының белгілері қатарында зерттеу;
– бөтеннің мүлкін жымқырумен байланысты меншікке қарсы қылмыстық 
құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық белгілейтін қылмыстық-құқықтық 
нормаларға талдау жасау негізінде қылмыстық-құқықтық заңнама мен 
тәжірибені жетілдіруге байланысты ұсыныстар әзірлеу;
– меншікті жымқырумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардан 
келген қоғамға қауіпті зардаптарға криминологиялық сипаттама беру және 
олардан келетін зардаптардың құнын анықтаудың маңызын көрсету; 
– меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардан келетін 
зардаптармен күресу мен алдын алу шараларының тиімділігін арттыру 
мәселелерін талдау. 
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Аталған диссертациялық 
жұмыстың ерекшелігі ретінде біз ең алдымен таңдап алған тақырыптың 
күрделілігін айтар едік. Себебі, тақырып екі түрлі мәселені зерттеу нысанасына 
алады. Біріншіден, бөтеннің мүлкін жымқыру мәселесі болса, екіншіден, 
осындай қылмыстық құқықбұзушылықтардан келетін қоғамға қауіпті зардаптар 
мәселесін қылмыстық-құқықтық және криминологиялық тұрғыда қарастырады.
Әрине, бөтеннің мүлкін жымқыру мәселесі осы уақытқа дейін әр түрлі 
деңгейде зерттелген, тіпті көп зерттелген тақырып болып көрінуі мүмкін. 
Алайда, біздің жұмысымыз жымқырумен байланысты қылмыстық құқық 
бұзушылықтарды жасау нәтижесінде келетін зардаптары жағынан зерделеп, 
меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың құны мен олардың 
алдын алуды тиімді ұйымдастыру бағытында кешенді зерттеу жүргізуін 
көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет