Жануарлар қанының сарысуындағы жалпы ақуыз мөлшеріне шаққандағы ақуыздардың мөлшері (%)
Жануар түрі
|
Альбуминдер
|
Глобулиндер
|
α
|
β
|
γ
|
Жылқы
|
32,4
|
17,0
|
23,0
|
27,6
|
Ірі қара мал
|
40-48
|
12-20
|
16-21
|
20-30
|
Қой
|
39-43
|
18-22
|
35-30
|
10-15
|
Шошқа
|
39-49
|
15-24
|
10-18
|
15-30
|
Қан плазмасының минералды құрамы
Плазманың 1000г
|
Үй қояны
|
Шошқа
|
Жылқы
|
Сиыр
|
Ит
|
Мысық
|
Су
|
925,60
|
917,61
|
902,05
|
943,64
|
923,98
|
926,93
|
Натрий
|
3,292
|
3,150
|
3,286
|
3,195
|
3,159
|
3,289
|
Калий
|
0,215
|
0,224
|
0,218
|
0,212
|
0,188
|
0,217
|
Кальций
|
0,085
|
0,087
|
0,079
|
0,085
|
0,081
|
0,079
|
Магний
|
0,025
|
0,025
|
0,027
|
0,027
|
0,024
|
0,026
|
Хлор
|
3,883
|
3,627
|
3,726
|
3,690
|
4,023
|
4,170
|
Бейорганикалық фосфат
|
0,085
|
0,070
|
0,095
|
0,113
|
0,106
|
0,094
|
Қан құрамындағы гемоглобин
Жануар түрі
|
Сали бойынша (%)
|
Ауытқу
|
Қанның 100 мл (%) гемоглобинның
саны
|
Жылқы
|
80
|
50-110
|
13,6
|
ІҚМ
|
65
|
56-74
|
11,0
|
Қой
|
68
|
54-80
|
11,6
|
Шошқа
|
60
|
51-69
|
10,6
|
Ешкі
|
63
|
45-81
|
10,7
|
Ит
|
80
|
65-95
|
13,7
|
Мысық
|
65
|
47-83
|
11,0
|
Үй қояны
|
69
|
51-87
|
11,7
|
№ 3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
ТЫНЫС АЛУ
Тыныс алу дегеніміз организмнің оттегін пайдала-нып, көмір қышқыл газын шығаруы. Сүт қоректі жан-уарларда тыныс алу процесі арнайы мүшелер (танау, көмекей, кеңірдек, бронх тарамдары және өкпе) арқы-лы жүреді.
Жоғары сатыдағы омыртқалы жануарларда тыныс алу процесі мына төмендегідей сатыға бөлінеді:
-
сыртқы орта мен өкпе альвеолары арасындағы газдардың алмасуы — сыртқы тыныс;
-
өкпе альвеолары мен қанның арасындағы газ ал-масу, немесе газдардың өкпедегі диффузиясы;
-
қанның газдарды тасымалдауы;
-
қан мен клеткалар арасындағы газдардың алмасуы — ішкі тыныс;
-
клеткалардың оттегін пайдаланып, көмір қыш-қыл газын бөлуі.
Тыныс алу — дем алу (инспирация) мен дем шығару (экспирация) процестерінен құралған. Дем алу мен дем шығару процестері арнайы инспираторлық (сыртқы қа-бырға аралық, қабырға көтергіш, дорсальді тісті инспиратор (дем алғыш), сатылы қабырға үсті еттері, диафрагма) және экспираторлық (ішкі қабырға аралық, дорсальді тісті экспиратор (дем шығарғыш), тура және қиғаш құрсақ еттері, диафрагма) еттердің қызметінің арқасында жүреді. Ал өкпе мен ұлпаларда газ алмасу процесі газдардың үлес қысымының айырмасына бай-ланысты; газ қысымы көп жақтан қысымы аз жаққа өтеді.
Жұмыстың мақсаты. Тыныс алу механизміндегі диа-фрагманыц ролін көрсету, пневмография әдісімен та-нысу және тыныс алу процесінде жыбырлағыш эпите-лидің атқаратын ролімен танысу. Өкпенің тіршілік кө-лемін анықтау әдісімен танысу, тыныс алудың гуморал-дық жолмен реттелуін бақылау.
Қеректі заттар мен құралдар. Дондерс схем асы, пневмограф, төсеніш шыны, үгітілген графит, бақа, спирометр, мақта, спирт.
Жүмыстың барысы:
1. Тыныс алу механизмі (Дондерс схемасын көрсету).
2. Жыбырлағыш эпителийдегі құбылысты бақылау.
Жүлыны бұзылын қимылсыздандырылған бақаның
құрсақ қуысын ашып өңеші мен ас қарынын бөліп ала-ды. Өцеш пен қарынды ұзына бойына қақ жарып аша-ды да, тығынды пластинканың үстіне инелердің көме-гімен жая ашады. Өңештің кілегей қабағының жоғарғы жағына графит не көмір үнтағын сеуіп, олардың козға-лысын бақылайды. (Қозғалысты бақылау оңай болу үшін өңештің жанына миллиметрлік қағаз кояды), Өңешті жоғарғы жақтыц кілегей қабағымен ауыстырып тәжірибені қайталайды. Байқалған қүбылысты түсін-діріңіз.
3. Спирометрдің көмегімен өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау. Өкпенің тіршілік сыйьшдылығын
анықтау үшін спирометрді жұмысқа дайындау керек. Аппараттың арнаулы түтікшесін спирттелген мақтамен
сүрткеннен кейін, тексерілетін студент танауын арнаулы қысқышпен қысып қояды да, барынша терең дем
алып, барлық демін спирометр түтікшесі арқылы шығарады. Спирометрдің ішкі цилиндрінің көтерілу деңгейіне қарап аппараттың арнаулы белгілері бойынша өкпенің тіршілік сыйымдылығьш анықтайды. Орта көрсеткішті шығару үшін тәжірибені үш рет қайталайды.
Тыныс ауасының мөлшерін анықтау үшін калыпты жағдайда дем алып, демді спирометрге шығарады. Бүл тәжірибені де үш рет қайталап орташа көрсеткішті
анықтайды.
Қосымша (үстеме) ауа мөлшерін анықтау үшін спи-рометрдің ішкі целиндрінің тығынын ашып, оны жоғары көтереді де, спирометр цилиндрін атмосфералық ауамен толтырады. Студент танауын қысқышпен қысып қойып, қалыпты жағдайдағыдай дем алады да, түтікшені ау-зына алып, дем алуды спирометр арқылы жалғастыра-ды. Спирометрдің алғашқы көрсеткіші мен дем алған-нан кейінгі көрсеткіштерінін айырмасы қосымша ауа-ның мөлшерін көрсетеді.
Қордағы ауаның мөлшерін анықтау үшін тексеріле-тін студент танауын қысып, қалыпты жағдайдағыдай дем шығарады да, түтікшені аузына алып, қалған де-мін барлық мүмкіндігінше спирометрге шығарады. Спирометр көрсеткіші арқылы деммен шықкан ауаның мөлшерін анықтайды.
Жоғарыда баяндалып өткен кейінгі үш тәжірибенің көрсеткіштерін қосып, оны алғашқы анықтаған өкпенін, тіршілік сыйымдылығымен салыстырады. Егер керсет-кіштер айырмашылығы 10%-тен көп болса зерттеуді қайталайды.
ТЫНЫС АЛУ ХИМИЗМІ
Қанда негізінен азот, оттегі, көмір қышқыл газы кездеседі. Азоттын, мөлшері артерия қанында да, вена қанында да, бір деңгейде сақталады, ол организмдегі алмасу процесіне қатыспайды. Оттегі артерия қанын-да--18 колем процент, ал вена қанында—12 келем процент болады. Дененің қалыпты температурасы жағ-дайында альвеола ауасында оттегінің үлес қысымы с. б. 107 мм тең болса, 100 г қан 0,31 мл оттегі газын ері-те алады. Демек, организмге қажетті оттегі газының тек қана^ 0,3 проценті қан арқылы физиологиялық ері-тінді күйінде тасымалданып, негізгі бөлігі эритроциттердің құрамындағы гемоглобинмен химиялық қосылыс түрінде тасымалданады.
Көмір қышқыл газы оттегімен салыстырғанда жақ-сырақ ериді, сондықтан онын. организмдегі жалпы мөл-шерінің 2,7% ерітінді түрінде тасымалдаиып, ал негізгі бөлігі — ерімейтін химиялық байланыстар түрінде тасымалданады.
Атмосфералық ауаның құрамындағы барлық газдар организмде газ алмасу процесіне қатыспайды. Мұның себебі, организм клеткаларыньщ өзіне керекті газдарды таңдап алуында және газ алмасу процесінің физика заңдылықтарына сәйкес жүруінде. Организмде газ алмасу газдардыц үлес (парциальды) қысымының айыр-масына сәйкес жүреді: газдар үлес қысымы жоғары жақтан үлес қысымы төмен жаққа ауысады.
Керекті заттар мен қүралдар. Кипп аппараты, НСІ-ерітіндісі, бор, ерітілген парафин, мақта, спирт, пинцет, қайшы, бақа, жіп, пипетка.
Жұмыстың мақсаты. Қипп аппаратында газдардың өкпе ұлпаларынан үлес қысымының айырмасына сәйкес өтуін бақылау.
Жүмыстың барысы. Бақаньщ көкірек қуысын ашқан-нан соң, дыбыс (тыныс) санлауы арқылы пипеткамен өкпеге ауа үрлейді де, оньщ кеңірдекпен жалғасқан же-рінен жіппен қысып байлап өкпені кесіп алады. Ауамен толы жекеленген өкпені шыны банкаға салып онын. қақ-пағын тығыздап жабады да, ауа шықпайтындай етіп парафинмен бітейді. Банканы арнаулы түтікше арқылы алдын ала түз қышқылы қүйылып, мрамор (немесе бор) салынған Кипп аппаратымен жалғастырады. Аппаратта бөлінген көмір қышқыл газы банкаға жиналып, онын үлес қысымы көбейеді. Сол себепті көмір қышқыл газы банкадағы ауадан альвеолдарға өтеді де, өкпе керіліп, кей жағдайда жарылып та кетеді.
ТЫНЫС АЛҒАН ЖӘНЕ ДЕММЕН ШЫҚҚАН АУАДАҒЫ КӨМІР ҚЫШҚЫЛ ГАЗЫН АНЫҚТАУ
Тыныс ауасында 20,95% оттегі, 0,003% көмір қыш-кыл газы, 79,02% азот және инертті газдар болады. Ор-ганизмдегі газ алмасудың салдарынан деммен шыққан ауа қүрамында оттегінің мелшері төмендеп (17%), кө-мір қышқыл газының концентрациясы жоғарлайды (4%) да, азот пен инертті газдардың мелшері өзгермей-ді. Ауа қүрамындағы көмір қышқыл газды оны сіңіріп, ерімейтін тұзға айналдыратын барит суының (Ва(ОН)2) жәрдемімен анықтауға болады.
Жұмыстың мақсаты. Сапалы реакцияны пайдала-нып, деммен шыққан ауа құрамында көмір қышқыл газдың өскенін дәлелдеу.
Керекті заттар мен құралдар. Мюллер аспабы (23-сурет), майда лабораториялық жануарларға арналған қондырғы (24-сурет), барит суы, спирт, мақта, бақа, ақ тышқан.
Жүмыстың барысы. Мюллер аспабы аузы тығынмен жабылған екі пробиркадан тұрады. Әр пробиркаға ты-ғын арқылы екі шыны түтік жіберілген: оның бірі киска, екіншісі пробирка түбіне дейін жетіп тұрады. Про-биркалардағы бір қысқа және бір ұзын түтік резеңке түтікшемелермен үштармақ арқылы арнаулы мундуш-тукпен жалғасқан. Пробиркаларға үзын түтікшелер батып түратындай етіп барит суын құяды. Мундуштук арқылы тыныс алып, дем шығарғанда, ауа бір пробирка арқылы сорылып, екінші пробирка арқылы шығып отырады. Барит суының ылайлану дәрежесіне қарап көмір қышқыл газдың мелшері көп ауаны аныктайды.
Осы мақсатта тәжірибені лабораториялық жануар-ларға да жүргізуге болады. Ол үшін 24-суретте көрсе-тілген қондырғының төменгі бөлігіне барит суын құйып, жоғарғы бөлігіне зерттелетін жануарды отырғызады. Организмнен бөлінген көмір қышқыл газын барит суы сіңіреді де, ерімейтін тұздың пайда болуы нәтижесінде ол ылайланады.
Бақылау сұрақтары
-
Тыныс алу дегеніміз не? Тыныс алу фазалары мен сатылары.
-
Тьушс жолдарынық физиологиялық мақызы.
-
Өкпенін, тіршілік және жалпы сыйымдылығы.
-
Дем алған, деммен шыққан және альвеольдық ауанық құрамы.
-
Өкпе мен ұлпалардағы газ алмасу.
ТЫНЫС АЛУ ПРОЦЕСІНЕ НЕРВ ЖҮЙЕСІ МЕН ГУМОРАЛЬДЫ
ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
Тыныс алу процесі организмнің физологиялық кү-йіне, сыртқы орта жағдайларына қарай өзгеріп отыра-ды. Тыныс алу органдары қызметі мен организм мұқ-таждығы арасындағы сәйкестік нервті-гуморальды рет-теу механизмі арқылы қалыптасады. Тыныс реттеуде кезеген нерв маңызды роль атқарады. Тыныс алып, өк-пе керілген кезде, кезеген нерв ұштары тітіркенеді де, қозу толқыны тыныс орталығьша бағытталады. Орта-лықтын. әрекетімен тыныс алу еттері босап, дем шыға-рылады. Дем шыққан кезде өкпедегі қысымның төмен-деуі жайлы импульстер тағы да кезегеп нерв арқылы сопақша мидағы тыныс орталығыпа бағытталады. Осы-ның нәтижесінде тыныс алу еттерінің тонусы жоғары-лап, көкірек қуысы кеңейеді де, тыныс алу процесі бас-талады. Осылай тыныс алу процесі өздігінен реттеліп отырады.
Тыныс алу жиілігі, тыныстың тереңдігі әртүрлі ре-цепторлардың тітіркенуінің нәтижесінде рефлекторлы түрде өзгеріп отырады. Мысалы, тыныс жолдарын әр-түрлі иісті заттармен тітіркендіргенде рефлекторлы түрде тыныс тоқтап, ауа тамырлары тарылады. Бүл өз-герістер кездейсоқ әсерлердің сезімтал нерв ұштарын тітіркендіруінің нәтижесінде пайда болған тітіркеніс-тердің нерв орталығына бағытталып, оның тыныс алу процесін тежеуі салдарынан туындайды. Рефлекстер-дің бұл тобына тыныс жолдарына сұйык немесе қатты заттардың түсуіне байланысты туындайтын жөтелу, түшкіру рефлекстері де жатады.
Жүмыстың мақсаты. Әртүрлі механикалық және химиялық тітіркендіргіштердің тыныстық рефлекстердің туындауына әсерін бақылау, кезеген нервтің тыныс-ты реттеудегі маңызын зерттеу.
Керекті жабдықтар мен құралдар. Қоян, пневмограф кимограф, хирургиялық аспаптар, операция жасайтын тақтай, электростимулятор, пипетка, мүсәтір спирті (аммиактың 10%-тік ертіндісі), гексиналдың 5%-тік ерітіндісі, физиологиялық ерітінді, мақта, тампон.
Жұмыстың барысы. Тыныс қозғалыстарының реф-лекторлы өзгеруін бақылау. Малдың (қоянның) тыныс алу қозғалыстарын пневмограф көмегімен жаза отырып, оның танауына мүсәтір спиртімен ылғалданған мақта-ны тосады. Дем шығару сатысында тыныстын. 15—20 секундқа тоқтап қалатынын бакылайды. Тәжірибені бірнеше рет қайталайды. Осыдан кейін қоянның мұрын қуысына 2%-тік новакаин ерітіндісінің 5—10 тамшысын тамызады да, бірнеше минуттан соң мүсәтір спиртімен тәжірибені қайталайды. Енді коянның тынысы тоқта-майды. Оның себебі новакайнның әсерінен тітіркеністі тыныс жолдарынан тыныс орталығына жеткізетін иістік, үшкүл, жоғары көмекейлік және тіл-жұтқыншақ нерв-терінің сезімталдығы жойылады.
Тынысты реттеуде кезеген нервтің рөлін зерттеу. Қоянға тірі массасының әрбір килограмына 3 мг 5%-тік гексенал ерітіндісін қүйып, наркоз береді, де, кезеген нервті жалаңаштап, қиып жібереді. Осыдан кейін тыныс сиреп, тереңдейді жәнеде тыныс алу сатысында аялдап отырады. Бүл тыныс орталығына альвеолдар-дың керілгені жайлы импульстердің жеткізілмеуі сал-дарынан туындайтын қүбылыс. Нервтің орталыққа ба-ратын ұшын электр тогымен тітіркендіргенде тыныс дем шығару сатысында тоқтайды. Бұл тыныс орталығы-ның өкпе альвсолдары керілген кезде жіберетін импуль-стерінің салдарынан туындайтын жағдай.
Нервтің шеткі — өкпеге баратын ұшын тітіркендірген-де тыныс ырғағы езгермейді, себебі кезеген нерв құра-мында тыныс еттерінің қызметін өзгертетін талшықтар болмайды. Бірақ бұл кезде жүрек жүмысы сирейді.
Тәжірибе нәтижелерін және оның схемасын дәптерге жазып алу керек.
Бакылау сұрактары
-
Тыныс орталығының функционалдық сипатын баяндаңыз.
-
Кезеген нервтің тыныс алу процесін реттеудегі мақызы қан-дай?
-
Жануарларда қандай тыныстық рефлекстер болады?
-
Көмір қышқыл газы тынысты реттеуде қандай роль аткарады?
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №4
АC ҚОРЫТУ
Ауыз қуысында азықты қабылдау, оны ұнтақтау, сілекеймен шылау, қорыту және жүту сияқты процес-тер журеді. Азық ауыз куысында механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды.
Азықтың механикалық өзгерісі деп оның ұнтақтал-уын, жаншылуын, араласуын және сілекейде еруін ай-тады. Ал химиялық өзгеріс әр түрлі ферменттердің әсерімен жүретін органикалық заттардын, ыдырауы (мыса-лы крахмалдың глюкозаға ыдырауы).
Сілекей уш жұп (шықшыт, тіл асты және алқым) бездерге бөлінеді.
Жұмыстың мақсаты. Сілекейдің физико-химиялық касиеттері мен құрамын анықтау, ферменттерінід әсе-рін зерттеу, сілтілік реакциясының болатынын дәлелдеу,
Керекті заттар мен құралдар. Адам, немесе мал сі-лекейі, химиялық шыны стакандар, пробиркалар, 10% сірке қышқыл ерітіндісі, Люголь ерітіндісі, 0,2% крахмал клейстері, 10% NaOH ерітіндісі, 1% CuS04 ерітін-дісі, 0,1 н H2S04 ерітіндісі, лакмус қағазы, рН метр, пипеткалар, метилоранж индикаторы.
Жұмыстың барысы:
1. Сілекей құрамындағы муцинді анықтау.
Пробиркаға 3—5 мл сілекейді өлшеп күйьга, оған 1—2 тамшы 10% сірке қышқылын (СН3СООН) қосады. Муцин ақ тұнба түрінде бөлінеді.
2. Сілекейдің қышқылдық сыйымдылығын анықтау.
Стаканға 1 мл сілекей құйып, оған 2 тамшы метилоранж индикаторын қосады да, 0,01 н. H2SO4 ерітіндісімен қызыл түс пайда болғанға дейін титрлейді. Сілекейдін сілтілік қорын титрлеуге кеткен H2S04 ерітіндісінің мөлшері арқылы есептеп, NaHC03 түзының процентімен бейнелейді.
Есептеу жолы. Мысалы, 1 мл сілекейді титрлеуге 8 мл 0,01 н H2S04 ерітіндісі кетті дейік:
H2S04+2NaHC03 = Na2S04 + 2H2C03
Сонда 1 мл 0,01н. H2S04 1 мл 0,01н. NaHC03-neH, немесе 0,00084 г NaHC03-nen қосылады.
Титрлеуге 8 мл H2S04 кеткендіктен 1 мл сілекейдің сілтілік қоры төмендегідей болады:
8-0,00084 г NaHC03, ал процент есебімен 8-0,00084-100%, немесе67% NaHC03
-
Сілекейдің ферменттік қасиеттерін анықтау.
-
пробиркаға пипеткамен 3 мл-ден крахмал клейсте-рін құяды. 1-пробиркаға 1 мл адамның таза сілекейін, 2-пробиркаға 1 мл алдын ала қайнатылып, суытылған сілекей, 3-пробиркаға 1 мл сілекей мен 2 тамшы 1% НСІ, ал 4-пробиркаға аз ғана крахмал ұнтағын салып, үстіне 1 мл-ден сілекей құяды.
Барлық пробиркаларды 20—30 мин термостатта 37—38°С ұстайды. Көрсетілген уақыт өткен соң пробиркаларды термостаттан алып, суытып, әр пробирканың ішіндегі сұйықты екі пробиркаға тең бөліп құяды. Бі-рінші пробиркамен крахмалға реакция қояды (3—4 тамшы Люголь ерітіндісіи қосады), егер ерітіиді көк туске боялса, онда ерітіндіде крахмал болғаны, демек углеводтардың ыдырау процесі журмегені. Ішінде крахмал жоқ қатардың екінші пробиркасымен қантқа Тром-мер тәжірибесін қояды. Ол үшін пробиркаға ішіндегі сұйық деңгейінің жарты мөлшеріндей 10% NaOH ерітін-дісін құяды, да, ашық көк түске боялғанға дейін там-шылатып 1 % CuS04 ерітіндісін қосады. Пробирканы ішіндегі сұйық қайнағанға дейін спиртовкамен қыздыр-ады. Тәжірибе кезінде алдымен сары түсті тұнба пайда болады (мыс гидраты — Cu(OH)2 қыздыруды одан әрі жалғастырғанда тұнба кызыл түске боялады, себебі Си(ОН)2— Си20 айналады.
Бақылау сурақтары
-
Сілекей бездері қандай тощгарра бөлінеді?
-
Сілекейдің құрамы мен қасиеті.
-
Сілекей ферменттері және олардың маңызы.
-
Сілекей белу механизм! және оның реттелуі.
-
Әр түлік малдың сілекей бөлу ерекшеліктері.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №5
ЗАТ ПЕН ҚУАТ АЛМАСУЫ
Орғанизмнің тіршілік әрекетінің негізінде торша-ларда жүретін тотығу — тотықсыздану процесі жатады. Бұл процесс кезінде сыртқы ортадан тускен оттегі пай-даланылып, көмір қышқыл ғазы тузіледі де, ол сыртқа бөлінеді. Аталған газдардьвд алмасу деңгейі зат алмасу процесіпің қарқынын көрсетеді. Демек, бөлінген кө-мір қышқыл газының мөлшері зат алмасу лроцесінің қарқынының көрсеткіші болып табылады.
Жұмыстың мақсаты. Зат алмасу қарқыныньщ муше-нің қызмет — әрекетіне байланысты езгеретінін көрсету.
Керекті заттар мең қүралдар, Арнаулы қондырғы, бака, хирургиялық аспаптар, барит суы.
Жұмыстың барысы. Тәжірибе жургізу үшін 33-су-ретте көрсетілген арнаулы қондырғыны дайындау керек. Бұл қондырғының негізгі бөлігі сыйымдылығы 200— 250 мл, аузы резеңке тығынмен жабылатьш шыны банка. Тығындағы арнаулы екі тесік арқылы индукциялық аппаратпен (6) жалғасқан екі сым өткізіледі. Осы сымдардың ашық уштарын электрод ретінде пайдаланады. Тығын арқылы иілген екі шыны тутік те өткізіледі. Оның біреуі ұзын больш, банканыя тубіне дейін жетуі керек те, екінші қысқасы — тығынның астында аяқталады. Тығындалған қос шыны сауыт (1,2) П—тәрізді шыны түтікшелер арқылы банкадағы ұзын тутікпен жалғасады. Дәл осьшдай кос сауыт (3,4) банканың қысқа, түтікшесімен байланысады. 4— пробиркадан шыққан ту-тікті су ағынымен жасайтын сорапқа (5) жалғастыра-ды. Банкаға өтетін ауаны көмір қышқыл газдан тазар-ту ушін 1—сауытқа күйдіргіш натрий ерітіндісін кұяды. 2— сауытқа — барит суын кұйып, банкаға өткен ауа құрамында көмір қышқыл газының болмауын ба-кылап отырады. Банкадан сорылған ауа 3 және 4— сауыттардағы барит суы арқылы өтеді.
Жоғарыда көрсетілген принциппен қондырғыны жи-нағаннан кейін, 2, 3, 4—сауыттарға 100 мл барит суын, ал 1—сауытқа дәл сол мөлшерде 40% күйдіргіш натрий ерітіндісін құяды.
Осыдан кейін үш-төрт бақаның артқы аяқтарынан нерв — ет препаратын дайындап, оларды үлкен банкаға нервтері электродтармен жанасып жататындай етіп орналастырады. Банкаға сырттаи тығын арқылы ауа кірмеуі керек.
Су ағысты сорапты іске қосқаннан кейін 1 және 2— сауыт арқылы көмір қышқыл газынан тазарған ауа препарат орналасқан банкаға түседі де, одан белінген көмір қышқыл газын ілестіре 3 және 4—сауыт арқылы өтеді. Тәжірибе үстінде канша уақытта 3, 4—сауыттар-дағы барит суының ылайланған уакытын анықтайды.
Тәжірибені 2, 3, 4— сауыттардағы барит суын езгер-тіп, нерв — ет препараттарын индукциялық токпен ті-тіркендіре отырып жалғастырады да, тағы да 3, 4—сауыттардағы барит суының ылайлану уақытын анықтайды. Тыныштық және әрекет жағдайларында 3— сауыт-тағы барит суының ылайлану, уақытын салыстырып, қорытынды жасайды.
Бұлшық ет бөлген көмір қышқыл газды анықтауга арналған қондырғы.
Бақылау сурақтары
-
Зат алмасу процесініқ мәні мен маңызы. Зат алмасу процесін зерттеу әдістері.
-
Зат алмасу түрлері.
-
Зат алмасу процесінің қарқынына эсер ететін себепкер шарт-тар (факторлар).
-
Тьшыс коэффициенті дегеніміз не, оны анықтаудың қандай маңызы бар?
-
Көмірсулардың, майлардық, белоктардын, калориялық құндылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |