ПОӘК 042-14-3-05. 01. 20. 02/01. 2009 Баспа №120. 02. 2008


- дәрісті қайталау үшін сұрақтар



бет5/14
Дата15.06.2016
өлшемі1.33 Mb.
#137670
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2- дәрісті қайталау үшін сұрақтар:


1. Өндірістің қандай деңгейлері бар?

2. Өндірістің қандай мәселелері бар?

3. Өндіріс дағдарысы дегеніміз не?

4. Экономикалық ресурстарға не жатады?

5. Өндіріс факторлары дегеніміз не?

Негізгі қолданылатын әдебиеттер

1. Аубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері.-Алматы:Санат,1998

2. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. –Алматы:Қазақ университеті, 1998

3. Әпсәләмов Н.Ә., Исабеков Қ., Сұлтанов Ө.С.Экономикалық теория негіздері Оқу құралы.-Алматы:Ғылым,1999ж.

4. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория.-Алматы:Ақтөбе,2002


3- ДӘРІС: МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ
Дәріс мазмұны
Меншік – экономикалық категория ретінде.

Меншіктің экономикалық және құқықтық қатынастары.

ҚР жекешеліндіру әдістері мен кезеңдері.
1.Меншік – экономикалық категория.

«Меншік»ұғымы әрбір экономикалық жүйенің іргетасы болып табылады.

Франсуа Кенэ «Экономикалық кесте»деген еңбегінде меншікті көбейту процесінде еңбек өнімділігі ролінің басымдығын көрсеткен. Уильям Петтидің «Еңбек-байлықтың атасы,жер-оның анасы»деген қанатты сөздері өзінің мәнін осы күнге әлі жойған жоқ. К.Маркстың тұжырымдамасы бойынша, меншік экономикалық категория ретінде адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз өмір сүреді. Меншік - бұл өндіріс құрал-жабдығын иелену қатынасы және материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну процесі.

Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектептің өкілдері Рональд Коуз және Армен Алчиан қосты. Бұл теория кейінірек Й.Барцель, Г.Демесц, Д.Нарт, Р.Познер және басқалардың еңбектерінде өзінің жалғасын тапты.

Олардың ойынша,меншіктің кешенді құқығы төмендегідей он бір бөлімнен тұрады:

1.иелену


2.пайдалану

3.басқару

4.табысқа деген құқық

5.егеменділік

6.қауіпсіздік

7.игілікті мұрагерге беру

8.игілікті иеленудегі мерзімсіздік

9.сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістарді қолдануға қарсылық жасау

10.жауапкершілікке жазалау түрін қолдану

11.қалдықты сипат.

2.Меншіктің түрлері,экономикалық қызметтері.

Меншік қатынастары мынадай қызметтерді қамтиды:

а) иелену

ә) пайдалану

б) бөлу

Меншіктің экономикалық өткерілуі,оның иесіне табыс, рента, пайыз, дивиденд алып келуі арқылы жүзеге асады.

Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің тайпалық немесе қауымдастық түрлері белгілі.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 5%-дан 30%-ға дейін ауытқиды.

Жеке меншіктің дамуы ХIX-шы ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты.

Қазіргі уақытта жеке меншік жекеленген (еңбектік және еңбектік емес) ғана емес,сондай-ақ ұжымдық,акционерлік,кооперативтік түрде-меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болады.Көптеген әлем елдерінде меншіктің кооперативті түрі жан-жақты дамыған.Алғашқы кооперативтер Дания мен Швецияда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу,өткізу бойынша пайда болды.Яғни,100жылдан соң әлемнің он екі елінде олардың үлесіне ауыл шаруашылығы өнімінің 60%-ы келеді.

Муниципалды меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен салыстырғанда өте ерекше болып табылады.Әдетте муниципалды меншікке өкімет ұйымдары мүлік және әкімшілік-аумақтық құрылымдарды басқару жатады.Қазақстан Республикасында осындай мүліктер коммуналды меншік деп аталады.
Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен мемлекеттен алу жолдары, тәсіл мен түрлері.

Өтпелі экономикадағы меншік қатынастарының эволюциясы.

Мемлекеттік кәсіпорындар жекешелендіру ғана кәсіпорынның экономикалық еркіндігі мен жауапкершілігін органикалық түрде ымыраластыра алады.

«Жекешелендіру» термині мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өтуін білдіреді.

Жекешелендіру мақсаты:



құрылымдарға мемлекеттік бюджетті толтыру үшін сату.

Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің халықаралық практикасы көрсеткендей, жекешелендірудің екі варианты бар:



  • «қатаң» вариантты жекешелендіру қарқынды жүргізу;

  • «жұмсақ» вариантты жекешелендіру ақырындап жүргізу.

Қазақстандағы жекешелендіру процесі Чехословакияда қолданылған

моделге ұқсастығын жүзеге асырылады.

Жекешелендіру екі кезеңмен жүргізіледі: бірінші кезеңде тұрғындардан қайтаруды қажет етпейтін тұрғын-үй купонын қолдана отырып, үйлерді жекешелендіру жүзеге асты, екінші кезеңде тұрғындар қайтарылмайтын жекешелендіру купонын алды. Оларды тек қана инвестициялық шекешелендіру қоры арқылы қолдану мүмкіндігі жасалды. Ондай қор Қазақстанда 120-дан болды.

Ұлттық бағдарламаға сай Қазақстан Республикасында мемлекеттен меншікті алу мен жекешелендіру алғашқыда екі кезеңде жүргізіледі:



  • бірінші кезең 1991-1992 жылдар;

  • екінші кезең 1993-1995 жылдар;

  • үшінші кезең 1996-шы жылдан басталып, 1998-ші жылдың брінші

жартысына дейін созылады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:



  • шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;

  • бәсекелестік ортаны құрып, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;

  • шағын және орта бизнесті дамыту;

  • шет мемлекетті өзіне тарта білетін, жеке бизнес басымырақ ұйымдық-шаруашылық құрылымды қалыптастыру;

  • бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту.

Мемлекеттен меншікті алу-жай емес, кең көлемді процесс. Ол мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік емес меншік түрінің саласына ауысын қарастырып, акционерлік, кооперативтік және жеке кәсіпорындардың құрылуын көздейді. Мемлекеттен меншікті алудың мақсаты - әртүрлі меншік түрінің қалыптасуына, бәсекелестік –бағытталған нарықтың экономиканың дамуына бірдей жағдай жасау.

Жекешелендірудің төмендегідей тәсілін айтуға болады:

а) аукциондық, жекешелендірілетін меншікке кім жоғарғы баға ұсынса соған сатылады.

ә) конкурстық –таңдау сатушының ойынша, дұрыс жағдай ұсынған сатып алушыға артықшылық көрсетіледі;

б) кәсіпорын акциясын ересек тұрғындарға беру;

в) купондық тәсіл.

Экономикалық жүйе дегеніміз – экономикалық қатынастардың және процестердің жиынтығы. Меншік түрінің және ұйымдастыру дәрежесіне байланысты экономикалық жүйелердің келесідей үлгілері бар:

1) Дәстүрлі экономикалық жүйе деп - әдеп-ғұрыпқа алғашқы тірі қалу жүйесіне, дәстүрлерге негізделген.

Өндіріс процесі, айырбас, бөлу құрылу уақытында қатыптасқан әдеп-ғұрыпқа сүйенеді. Жүйе мемлекеттікке дейінгі алғашқы қауіп кезеңіне ұқсас келеді. Қазіргі уақытта ол амазондық үнділерге, австралиялық тұрғылықты тұрғындары, африка тайпаларына тән.

2) Әкімшілік-әміршілік жүйе мемлекеттік монополиялық меншігінің не оның монополиялық мемлекет тудырған үстемдігімен сипатталады. Бұл жүйеге басқарудың қатаң тіктік ирархиясы тән. Ол көптеген байланыстың болмауымен төменгі деңгейде тиімділікті жоғалтуға тырысады.

3) Нарықтың экономикалық жүйе жеке-меншік кәсіпорнына заңды мәртебе берулік қажеттілігіне, жеке меншік құқықтың анықтауларына, келісім шарт кепілдігінің сақталуына орай жекеменшікке және экономиалық проблемаларды шешуге негізделген.

4) Аралас экономикалық жүйе мемлекеттік реттеу арқылы рынокты толықтыруға негізделеді. Нарықтық механизм мынандай проблемаларды шеше алмайды: қоғамдық игілікті жасау, әлеуметтік мәселелер, экономикалық тұрақтылық, тепе-теңдікті жаңадан құру және т.б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет