ПОӘК 042-18. 18. 1 56/01 2015 №1 басылым 11. 09. 2015



бет1/6
Дата17.07.2016
өлшемі1.22 Mb.
#204973
  1   2   3   4   5   6

ПОӘК 042-18.18.1 56/01 2015

№1 басылым 11.09.2015

беттің беті



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті




3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК


042-18-18.1.56/01-2015

«Қазақ халқының рухани мәдениеті» пәнінің бағдарламасы

№1 басылым

11.09.2015



«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ»
пәні бойынша
5В020300 «тарих» мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Пәннің студенттерге арналған бағдарламасы

1 ЖАСАЛЫНДЫ

Құрыстырған : «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Санкайбаева П.С.

«__04__» __09__ 2015 ж.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 « Қазақстан тарихы» кафедрасында

Хаттама №_1__ « 04_»_09_ 2015 жыл


Кафедра меңгерушісі ____________ Н.Мухаметжанова

2.2 Экономика, заң және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросында

Хаттама «_09_»__09_ 2015 жыл № 1
Төрағасы_________ С.Х.Тойкин


3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және басылымға ұсынылды

Хаттама «_11_»__09__2015

жыл №1
Оқу -әдістемелік кеңестің төрайымы ________ Г.К. Искакова



Мазмұны :
1.Глоссарий.................................................................................................
2.Қысқаша дәрістер мәтіні...................................................................
3. Практикалық (семинар) сабақтары ...............................................
4. Студенттердің өздік жұмыстары......................................................

6.3.1 ГЛОСАРИЙ
1. Аридтік аймақ- ауа райы құрғақ аймақ.

2. Гоминид- адамның арға ата-бабалары.

3. Плиоцен- өтпелі кезең.

4. Палеолит- ерте тас дәуірі

5. Мезолит- орта тас дәуірі.

6. Неолит- жаңа тас дәуірі.

7. Матриархат- аналық рулық қауым.

8. Патриархат – аталық рулық қауым.

9. Тұрақ-ежелгі адамдар мекені.

10. Археология- (архео-көне, ежелгі;логос-оқимын) .

11. Этнография-(этнос-халық, логос- оқимын)

12. миф-аңыз,ертегі.

13. Методология- зерттеу әдістерінің жиынтығы.

14. Шежіре- төтенше маңызды жазба дерек.

15. Руналық- ежелгі түркі жазуы.

16. Шаньюй- ғұндар көсемі, ханы.

17. Он оқ будун- 10 тайпа одағы.

18. Түркі- «төркін», «әскери ақсүйек».

19. Этногенез- халықтың шығу тегі.

20. Қаған- ең жоғарғы әскери лауазым, хан, тек.

21. Эфталиттер- ақ ғұндар.

22. Половецтер- қыпшақ тайпалары.

23. Протогород- үлкен, қала тектес қоныстар.

24. «Шад» - түмен (10 000 адам) басы.

25. Вассал- біреуге бағынышты, тәуелді.

26. Моңғол империясы- Шыңғыс хан және мұрагерлері құрған мемлекет.

27. Тархан- ақсүйектерге берілетін әскери лауазым.

28. Ұлыс бектері- тарханнан төмендеу билік иесі.

29. Қараша бектер- қара сүйектен шыққан билеуші.

30. «Яссы» (Жасақ)-заңдар жинағы.

31. Тамға-ерекшелік белгісі, таңба.

32. Құл- ешқандай құқы жоқ, басыбайлы адам.

33. Кесене-архитектуралық құрылыс, мазар.

34. «Диуани хикмет» (Даналық кітабы) – Қожа Ахмет Яссауидың кітабы.

35. Тарихнама- шежіре, ауызша және жазбаша естелік.

36. Әз, Әз Жәнібек, Әз Тәуке- әділ билік жүргізген ел басыларына айтылатын билік сөзі.

37. «Қасым ханның қасқа жолы» - Қасым хан кезіндегі мемлекеттік құқықтың негізін реформалау үлгісі.

38. «Жеті Жарғы»- Әз Тәукенің билік және заң қағидалары.

39. «Қазақтардың алтын ғасыры»- Тәуке хан билік құрған жылдар.

40. «Жоңғар» - батыс-моңғол тайпалары, «сол қол » деген ұғымды білдіреді.

41. «Ойрат» - төрт тайпа одағы деген ұғым.

42. «Қоңтайшы»- Жоңғар билеушісі.

43. «Ақтабан шұбырынды»- 1723 немесе Жоңғар шапшылығының нәтижесінде қазақтардың босуы.

44. Торғауыттар- еділ бойы қалмақтары.

45. Бодандық- өз еркімен бағыну, бой ұсыну.

46. Рухани мәдениет- адамның ақыл-ойының, санасының өсуі.

47. Материалдық мәдениет- заттай мәдениет.

48. Елші-бір елдің өкілі, дипломат.

49. Төре, қожа- жоғарғы діни қабаттың өкілдері.

50. төлеңгіт- төрелерге қызмет етуші әлеуметтік топ.

51. Сұлтан- ақсүйек, Шыңғыс хан ұрпағы.

52. рулық одақ- «Ата балалары» , біріккен тарихи топ.

53. Тайпа- біріккен бірнеше рулық одақ.

54. шариғат- мұсылмандардың діни заң-қағидалары.

55. Жырау- философиялық толғау- өлең шығаратын халық әдебиет өкілі.

56. Би- шешен, халық мойындаған ру-жүз, мемлекет қайраткері.

57. Отар- бір елді екінші бір үлкен елдің күшпен немесе саяси әдіспен жаулап алуы.

58. Зекет, харадж- алым-салық түрлері.

59. Ұлт-азаттық қозғалысы- белгілі бір ұлтты, халықты азат ету жолындағы күрес.

60. Блокада- әскери қысым, қоршау.

61. Уақытша ереже- 1867-1868 жылдардағы реформа.

62. Облыс- 5-8 уезден тұрды (19-ғасыр)

63. Уезд- 5-8 болыстан тұрды (19-ғасыр)

64. болыс- 8-15 ауылдан тұрды (19-ғасыр)

65. адай көтерілісі- 1870 жылы Кіші жүз қазақтарының қозғалысы.

66. «алаш» партиясы- 1917 ж жілдеде Орынборда құрылды.

67. I. Дүниежүзілк соғыс- 1914-1918ж соғыс.

68. Азамат соғысы- 1918-1920 ж соғыс.

69. Автономия- жеке билеу құқығы бар мемлекет.

70. Федерация- бір мүдделі бірнеше мемлекеттер одағы.

71. Қазақ АКСР- Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы.

72. Индустрияландыру- ауыр өнеркәсіп саласын дамыту.

73. Күштеп ұжымдастыру- 1929 ж басталған саяси-экономикалық науқан.

74. «Кіші Қазан» идеясы- Ф. Голощекиннің Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату саясаты.

75. Репрессия- жазықсыз жазалау, қудалау шаралары.

76. Ұлы Отан соғысы- 1941-1945 ж арасындағы соғыс.

77. тың игеру- жоспарсыз егіс көлемін ұлғайту (1954)

76. АЛЖИР, КарЛАГ, ГУЛАГ- жазалау орындарының қысқарған атауы.

77. «Жылымық жылдар»- 1953-1964 жылдар аралығындағы Н.С. Хрущевтік кезең.

78. Тоқырау жылдары- 1970-1980жж. Саяси-экономикалық, әлеуметтік дағдарыс.

79. Қайта құру – 1985ж. КСРО басшысы М.Горбагевтың саясаты.

80. Желтоқсан оқиғасы – 1986ж. Жастар, студенттер қозғалысы.

81. Егемендік туралы декларация – 1990ж. 25- қазандағы Қазақ КСР-нің тәуелсіздігі туралы құжат.

82. Мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба, әнұран.

83. Конституция – Ата заң, мемлекеттің негізгі заңы.

84. Парламент – Заңдар шығарушы өкімет органы.

85. Сенат- Жоғарғы палата.

86. Мәжіліс – Төменгі палата.

87. Үкімет – Министрлер кабинеті.

88. «Қазақстан-2030» - Қазақстан Республикасының 2030жылға дейінгі даму бағдарламасы.

89. Президент – Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша ең жоғарғы мемлекеттік лауазым.

90. Жолдау – Қазақстан Республикасы президетінің жыл сайынгы

халыққа беретін қортынды есебі, құжат.


6.3.2 Қысқаша дәрістер
1-тақырып.Кіріспе. Ежелгі Қазақстанның рухани мәдениеті.

Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезде адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас қүралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққа созылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Батыс Еуропаның тарихи материалдары негізінде құралған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошель, шель, ашель болып бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады. Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізілді. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге – ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен соңғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошельді қамтитын ежелгі кезең бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталады. Ол б.з.б. 2,6 млн. Жылдан басталады. Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі – шель мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті /соңғы ашель мен мустьені/ біздің заманымыздан бұрынғы 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді.

Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары Шығыс Африкадан табылған. Ғылымда «Ноmо һаЬіlіs» /»шебер адам»/ деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Оның миының аумағы 652 см3, яғни ертедегі маймылдың миынан әжептеуір көлемді де салмақты болған. «Шебер адамның» еңбек құралы малта тастың сындырылған түрлерінің қырлары пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланылған.

Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріне сәйкес келетін «Ноmо еrесtus» /»түрегелген немесе бойын жазған»/ питекантроп /»маймыл адам»/ және синантроп /»адам»/ болып екіге бөлінеді. Оның алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, жетілудің оң өзгерістері болғанын, сонымен бірге олардың дамуында сабақтастық барын байқатады.

Бірінші питекантроп 1891 жылы Индонезиядағы Ява аралында табылды. Питекантроп бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген. Ол «Ноmо һаЬі1іs»-пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшыраған. Ми көлемі үлкейіп (959 см3), бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген.

«Ното егесtus»-тің екінші бір түрі синантроп болды. Синантроп 1927 жылы Қытай жерінде Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды. Одан синантроптың сүйектерімен бірге әр түрлі формадағы тас құралдар, ошақта көп жатқан тастар және төменгі антропоген /геологиялық жер қыртысы/ тарихындағы ширектік дәуір фаунасы жануарларының көп сүйектері табылған. Бұдан синантроптар сол кездің өзінде-ақ от жағуды білген деген корытынды жасауға болады. Бұл кезде піскен етгі, өсімдікті тамақ ету адамның дамуына, әрине, өзінің игі әсерін тигізбей қойған жоқ. Б.з.б. 300 мың жыл бұрын «Ноmo егесtus» қазіргі кезендегі адам түріне, немесе «Ноmо sаріеnsке» /»ақылды адамға айналды. «Ақылды адамның» қалдықтары Еуропада, соның ішінде Германиядағы Неандерталь жотасында табылған. Сондықтан ол тарихта неандерталь адамы деген атпен белгілі. Ал б.з.б. 45-35 мың жылдықта Франциядағы Креманьон жотасында қазіргі адамдарға ең жақын ертедегі адамдардың қалдығы табылды.

Ашель дәуірінің ескерткіштері Орталық Қазақстанда да табылған. Оған Жезқазған қаласынан 150 шақырым жердегі Жаман айбат, Қарағанды облысының Жезді ауданынан табылған Обалысай тұрақтарын бөліп айтуға болады.

1.2.Неолит дәуіріндегі Қазақстан.

Б.з.д.Ү мың жылдықта басталған неолит – тас құралдарын барынша пайдаланған дәуір. Бұл кезде еңбек құралдары жетілдіріліп, тастарды бұрғылау, тастарды тегістеу, ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістер қолданылған. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының тууы, ертедегі адамдардың бұрынғы табиғаттың даяр өнімдерін иемденуден, яғни өсімдік дәндерін жинау, аң аулау орнына, өндіруші шаруашылыққа көшуге жағдай жасады.

Тас дәуірінің соңғы кезеңінде мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың ашылуына әсерін тигізді, адам еңбегінің ауқымы мен көлемі кеңейді, сонымен қатар керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады.

Қазақстан жерінде ғылымға белгілі 600-ден астам неолиттік ескерткіштер табылған.Бірақ олардың басым көпшілігі осы уақытқа дейін зерттелмеген. Неолит тұрақтары жер-жерге орналасу сипатына қарай төрт түрге бөлінеді.Олар: Бұлақ бойындағы, өзен жағасындағы, көл жиегіндегі, үңгірдегі тұрақтар болып бөлінеді.Олардың қалдықтары Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі.



1.3.Қола дәуірі.

Біздің заманымыздан бұрынғы екі мың жылдықта мал және егіншілік шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Мұның өзі Қазақстан жеріндегі әлеуметтік өсіруші тайпалар ірі және қуатты бірлестіктер құрды. Бұлардың арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстар да орын алды. Қару енді жабайы аңдарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың соқтығыстарында да жиі қолданылды, қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.

Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола - әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайының, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек қүралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылады. Қазақстан жерінде түсті металдар өңдеуге, әсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген. Сөйтіп, б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында – 1 мың жылдықтың басында дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі – көшпелі мал шаруашылығына ауысады.

Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшеюіне әкелді. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру /патриархат/ пайда болды. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндірістік күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты еді. Жеке отбасылар бөлініп оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады.

Қола дәуірінде Сібірдің, Қазақстанның және Орта Азияның кең-байтақ далаларын тегі және тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бүл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас мәдениет қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің табылған жері Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андронов селосының атымен ғылымда шартты түрде «Андронов мәдениеті» деп аталды.

Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі – Қазақстан жері. Археологиялық деректерге қарағанда, Андронов мәдениеті дәуірінде халықтың басым көпшілігі отырықшылықта өмір сүрген. Өзендердің, көлдердің жағасындағы жайылымы мол жерлерге орналасқан рулық-патриархаттық отбасылардың үйлері мен үлкен жертөлелері болған. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын орындар салынған. Өйткені, бұл кезде мал бағу кәсібі басымырақ еді. Тайпалар малшылық-егіншілікпен аралас шұғылданды.

Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер, егін оратын орақ, пішен шабатын шалғы сияқ-ты қүралдарды өздері жасап, күнделікті түрмыста кеңінен қолданды.

Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бері өткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге Қазақстанда бұл мәдениетке қатысты орасан көп археологиялық материалдар жиналды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін /б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғасырлар/ және орта кезеңін /б.з.б. ХУ-Х ғасырлар/ түгелдей қамтиды. Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінде /б.з.б. Х-ҮІІІ ғасырлар/ Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары Дәндібай-Беғазы мәдениеті болғанын білеміз. Ол Қарағанды қаласы маңындағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік төңірегіндегі Беғазы қойнауында қола ескерткіштерінің алғашқы қазылған жеріне қарай аталған.

Дәндібай-Беғазы мәдениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштерімен сипатталынады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бүғылы-3 кешендері жатады. Бүл ескерткіштерге тән нәрсе, бір жағынан, Андроновтық дәстүрлердің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің жаңа элементтерінің, тұрпаты ерекше бәйіттік тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардың пайда болуы. Жерлеу ғүрпы да Андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған каңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі ерте темір дәуірінде Қазақстан жерінде тұрған малшы тайпаларда кеңінен таралған. Беғазы мәдениеті жерінде жерленгендерден мүлік теңсіздігінің болғанын да байқаймыз. Басына обалар жасалып, оның айналасы ірі гранит тақталармен белдеуленген молалар да кездеседі. Бұл патриархаттық-рулық қоғамның көрнекті мүшелерінің қабырлары. Сондай-ақ, бұл тағы малдарды, жануарларды қолға үйрету көшпелілер қоғамы дамуының заңды кезеңі еді.

Қазақстан жерінде мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дамыған. Мәселен, Усть-Нарым қонысында /Шығыс Қазақстан/ табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Тастан астық үгетін құралдар: астық түйгіштер, тоқпашалар, келілер, келсаптар жасалған. Егін жинауда алғашқы кезде пышақ пайдаланылған болса, соңғы қола дәуірінде әр түрлі қола және мыс орақ, шалғы қолданылады. Алқаптарда негізінен бидай, қара бидай, тары егілген.

Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуында мал өсіру және егін егумен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті пайдалану аса маңызды рөл атқарған. Оған Қазақстан жеріндегі мыстың, қалайының және алтынның бай кендерінің болуы қолайлы жағдай жасаған.

Андронов мәдениеті кезінде Қазақстан жерінде мекен еткен тайпалардың қоныс жайларын анықтау мақсатында бірнеше қазба жұмыстары жүргізілді. Әдетте қоныстар өзендердің жағасында, жайылымы мол мүйісте, көлдің маңына орналасқанын археологиялық қазбалардың нәтижелері көрсетіп отыр. Қоныстар 6-10 үйден, үлкендері 20 үйден тұрған. Өзен жағасында олар бір немесе екі қатар болып тізілген. Мүйістегі үйлердің ортасынан кең алаң – котан қалдырылған. Тұрғын үйлердің аумағы кең 100 шаршы метрден 300-400 метрге дейін жеткен.

Қола дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалардың өмірге керекті және үй-тұрмысына қажетті заттарды істеп шығара бастағанын байқаймыз. Мал шаруашылығы адамдарды тек тамақтандырып қана қойған жоқ, сонымен қатар киім-кешекпен және аяқ киіммен де қамтамасыз етті. Сойған малдың жүнін түтіп, оны иіріп киім етіп кию үшін жаңадан ұршық және қарапайым тоқыма станогі пайда болды. Бұлар бірнеше қазбалардан табылды. Мұның өзі сол тұста қазақ даласындағы үлкен жетістік еді. Адамдар малдың терісін өңдеп, үстіне тон, басына тымақ, аяғына киім етіп киеді. Қойдың биязы жүні мен ешкінің түбітінен жүн киімдер тоқылған.

Б.з.б. 1 мың жылдықтың басында андроновшылар отырықшы болған, мал үй іргесінде жайылған. Мал өсірудің мұндай түрінен жайылым тез тозған. Сондықтан мал шаруашылығының өнімділігін бір деңгейде сақтап, оның санын арттыру үшін мал өсірудің жаңа тәсілі – жартылай көшпелі маусымдық шаруашылыкқа көшу басталады.

Қоныстарды мекендеушілерде керамика ыдыстарын жасау кеңінен дамыған. Оның бәрі шаруашылық пен түрмыста пайдалануға арналды. Бұл тұстағы құмыра жасаушылардың көбі әйелдер еді. Күйдірген балшықтан ыдысаяқтардың бірнеше түрі жасалған. Ыдыстарға әшекейлеп өрнек салынған. Соңғы қола дәуіріндегі құмыралардың дені иіні дөңгелек, бүйірі шығыңқы болып жасалынды. Андроновшылардың құмыра, козелерін көркемдеп көрсететін ою-өрнектері мыңдаған жылдар бойы сақталған.

Қола дәуіріндегі тайпалар жауынгерлік қару жасап, оларды үнемі жетілдіріп отырған. Ол кездегі негізгі қарулар: найза, күрзі, дүмі шығыңқы балта, балға, шот. Кейбір жауынгерлердің қанжары болған.

Қоғамда азық-түліктің көбеюіне байланысты артық заттарды айырбастау, осындай айырбас сауда барысында байлықтың қорлануы етек ала бастайды. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлісін туғызды, басқалардан өз алдына бақташылар белініп шықты. Сол сияқты егіншілік кәсіпте біраз өзгерістер болды. Өңделіп егілген жерлердің көлемі өседі. Бұл өзгерістер қоғамдық еңбекте үлкен белінуді туғызып, матриархаттық қатынастар патриархаттық-рулық қатынастармен ауыса бастады.
2-тақырып. Қазақстан сақ және ежелгі түркі мәдениеті

Б.з.б. бір мың жылдықта Қазақстан жерінде тұрған ежелгі тайпалар темірден заттар жасауды игеріп, қуатты тайпа одақтар құрған. Қолына көп мал жинаған ірі бай отбасылары қонысын әрдайым ауыстырып, өзен бойларына ғана емес, сонымен қатар дала және шөлейт жерлерді, Тянь-Шаньның биік таулы бөліктерін бірте-бірте игере бастаған. Тонаушылық соғыстардың жиіленуі бірнеше тайпалардың бірігуін қажет етті. Сөйтіп, тайпалық одақтар құрылды. Оларды көсемдер басқарды.

Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-шы жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың «Тарих» деп аталатын еңбегінде және басқада қол жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенінде Орта Азия мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одағы болғаны айтылады. Персия патшасы I Дарийдің Накширустамдағы /Персополға жақын/ тас жазуларында сақ тайпалары үш топқа: сақ-хаумаваргаларға / хаома сусынын дайындайтын сақтар/, сақ-тиграхаудаларға /төбесі шошақ бас киімдері бар сақтар/, сақ-парадарайандарға /теңіздің арғы бетіндегі сақтар/ бөлінеді делінген. Бірінші топтағы сақтар Ферғана жерін мекендесе, екіншілері Сырдарияның орта аймағы және Жетісу жерін жайлап, үшіншілері – еуропалық скифтер немесе Арал теңізі және Сырдарияның арғы бетінде орналасқан.

Геродоттың айтуынша: Сақтар скиф тайпалары, бастарына тік тұратын төбесі шошақ тығыз киізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған.

Б.з.б. IV ғасырдың 30-шы жылдарында македониялық гректер Александр Македонский басшылығымен соңғы Ахеменид, III Дарий Кодоманның әскерлерін талқандап, Орта Азияға баса көктеп кірді. Олар Маракандты /Самарқандты/ алып, Сырдарияға бет алды. Сырдария бойына бекініп алу үшін кішігірім «

2.2.Ғұн және Үйсін мемлекеттері. Б.з.д. І мыңжылдықтың ортасында Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан территориясында «ғұн» деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады. Б.з.б. I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Байкалдан Оңтүстікке қарай және Ордосқа дейін созылып жа-тқан дала және шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруа-шылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тай-палар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы б.з.б. ІУ-ІІІ ғасырларда Солтүстік Қытайдың шекарасына дейінгі жерді мекендеген тайпалық екі одақ Сюнну және Дунху бірлестіктері еді. Қытай тілінде сюнну деген атау солтүстігіндегілер деген мағынаны білдіреді.

Қытай деректеріне сүйенер болсақ Қазақстан территориясының Оңтүстік бөлігін Үйсіндер мекендеген деген деректер кездеседі. Олар Шу мен Талас өзендері бойында және Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып мекендеген .Шығысында Тян-Шань тауларының шығыс бөлігін , солтүстігінде Балқаш көлінен Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейін жеткен. Біздің заманымыздың бастапқы кезінде үйсіндер 650 мыңға жете қабыл болған.Жерге таластар жиі болғандықтан оларда тұрақты әскерлері болған.

Негізгі шаруашылықтары мал шаруашылығы болған. Олар жылқы, ешкі, қой асыраған. Сонымен қатар егіншіліктің болғандығы да дәлелденіп отыр. Үйсіндер қолөнермен айналысқан. Қыш ыдыстар жасау кеңінен таралған.Темір, мыс және басқа да металдарды өндіру кеңінен қанат жайған.

2.3.Қытай жазбаларында Қаңлы елі жайында көп мәліметтер кездестіре аламыз. Қаңлылардың тайпалық одағы Сырдария өзенінің орта ағысы тұсын мекендеген. Негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болған. Біздің заманымызға аяқ басқан кезеңде Қаңлы елі күшті бірлестікке айналған. Ташкенттен Ферғанаға дейінгі және Қаратаудан Таласқа дейін созылып жатқан жерлерде қаңлылар мекендеген еді.

Сюннулар хунну немесе ғүндар деп аталады, әсіресе, б.з.б. III ғасырда мейлінше күшейді. Тайпалардың бүл тобының аты қайдан шыққаны белгісіз. «Ғұн» деген атаудың өзі кейінірек сюнну (хунну) деген аттан шыққан деп болжам жасалынды. Ғұндар туралы тарихи деректер көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. Кюнердің еңбектерінде берілген. Ал олардың тарихын жазуда үлкен еңбек сіңірген ғалымдар А. Н. Бернштам, Л. Н. Гумилев, Н. И. Конрад. Ал Қазақстан ғалымдарының арасында ғұндардың тарихымен К. М. Байпақов және т. Б. Айналысып жүр.

Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе әлі анықталып болған жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Ғұндардың қүдіреті тасып тұрған кезде, олардың бірлестігіне басқа бірнеше тайпалар қосылған, сондықтан «ғүн» атауы этни-калық болудан гөрі саяси одақ атауына қарай айналыңқыраған. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі себеп Қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескілескен соғысы деу керек. Хань империясы кезінде Қытайлықтар ғүндарды талай рет басып алмақшы болады, бірақ ғүндар іргелес тайпалармен бірігіп, Қытайлықтардың шабуылдарына батыл тойтарыс беріп отырады. Ғүн тайпаларының бірігіп топтасуы б. З. Б. 209 жылы «ғүн үйінің өрлеуі» кезінде іске асты. Оларды бір одаққа біріктіру әйгілі Мөде /Боғда/ батырдың есімімен байланысты. Оның туған жылы 230, ал өлген кезі б.з.б. 174 жыл.

Олар Тарбағатайға дейін келіп, Оңтүстік-Шығыс Балқаш өңірін жайлаған Юебань тайпалары пайда болды. Ғұндардың осы жылжуымен байланысты болса керек, кейінірек бүлар Орталық Қазақстан және Сырдариядан солтүстікке қарай созылған жерлерді алып жатты. Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, аландар мен ассаларға шабуыл жасап, оларды батысқа қарай ығыстырды. Сөйтіп, ғұндардың Қазақстаннан Шығыс және Орталық Еуропа жеріне жеткенше үш ғасырдан астам уақыт өтті.

Ғұндар Рим империясына үлкен қауіп туғызды. V ғасыр-дың 30-шы жылдары ғүндардың басшысы Аттила /410-453 ж.ж./ Румыния және Венгрия елдеріндегі көшпелі тайпаларды өзінің қол астына жинап, Рим империясының аудандары Паннония мен Мезияны басып алған соң, Франция жеріне өтеді. Жаулап алған жерлердегі халықтарды қырып-жойып, қалаларды бүлдіріп, селоларды өртеп, бүкіл Еуропа елдерінің үрейін ұшырады. Н. А. Машкин «Ертедегі Римнің тарихы» деген кітабында, 375-376 жылдары вест-готтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен біріккен күрестері ежелгі Рим империясының құлауына әкеп соқты деген қорытынды жасайды.

Тарихи деректерге қарағанда, ғұндар 24 руға бөлінген, оларды ру басылары, ақсақалдар басқарған. Рулық қүрылыстың ақсақалдар кеңесі және халық жиналысы сияқты институттары жүмыс істегең. Олар жылына үш рет-бірінші, бесінші және тоғызыншы айларда өткізіліп, онда ру басылары мемлекеттік істерді талқылап, ат жарысы мен түйелердің жарысын қызықтаған.

Елді шаньой басқарды, оның қолында шексіз дерлік билік болды. Шаньойдан кейін түмен басылар деп аталатын бекзадалар түрды. Олар шаньойдің ұлдары, інілері немесе жақын туысқандары болатын. Барлығы 24 түмен басы және олардың әр қайсысының көшіп жүретін өз жерлері болған. Түменбасылар өз иеліктерінде мыңбасылар мен жүзбасыларын тағайындап отырды. Ғүн қоғамында лауазымдар мен жоғарғы шендер мұраға қалдырылған. Ғүн шаньюйі өлсе оның орнына інісі не үлкен баласы билікті өз қолдарына алатын болған.

Ғұндардың өмірінде мал шаруашылығы басты рел атқарды. Олар үй жануарларынан жылқы, ірі қара, қой-ешкі өсірді, кейбіреулері түйе, есек ұстаған. Негізінен көшпелі мал шаруашылығы үстемдік еткен. Шөптің қалың, судың мол болуына қарай бір жерден екінші жерге көшіп жүрген. Үй малдарының етімен тамақтанып, терісінен киім, аяқ киім тіккен, жүн мен аң терісін жамылған. Ғүндар отырықшылық пен егіншілікті кәсіп еткен. Жазба деректер бойынша олар тары өсіруді жақсы меңгерген. Өйткені тары ерте пісетін дақылдардың бірі және ол суаруды қажет етпейді. Ғұндардың егіншілікпен айналысқанын олардың қалдырып кеткен темір орақ, шойын түреидер, қол диірмендер, тас үккіштер т. Б. Қүрал-саймандар айғақтайды. Сондай-ақ, ғүндардың үй-жайларынаи астық сақтайтын ұралар, еден, қабырғалар сылағынан, ішкі кірпіштердің арасынан сабанның қалдықтары кездескен.

Үйсіндер мекендеген жердердің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өтіп, Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатқан. Үйсіндер иеліктерінің орталығы – Іле аңғары, басты ордасы – Есік көлімен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасқан Чигу-Чен («Қызыл-аңғар») қаласы. Ол ертеден белгілі «Ұлы Жібек жолындағы» мацызды сауда орталығы. Үйсіндердің билеушісі гуньмо (ғұнбек) деп аталған.

Үйсін тайпалары туралы алғашқы хабарлар б.з.б. II ғасырдың аяқ кезінде пайда болды. Бұл кезде Қытай императорының сарайындағылар ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп, б.з.б. 138 жылы Батыс өлкеге Чжан Цянь бастаған елшілік жібереді. Жолда Чжан Цяньды ғұндар тұтқынға алып, олардың елінде он шақты жылдай болады. Алайда ол кейінен қашып шығып, Жетісуға барады, бұл жерден Қытайға үйсіндер жөніндегі алғашқы хабарды әкеледі. Чжан Цяннің хабарына қарағанда, үйсіндердің саны 630 мың адам және олардың 188 мың жауынгер жасақтарының болғанын айтады.

Б.з.б. 73-ші жылға дейін үйсіндердің жері үш белікке: сол /шығыс/ белікке, оң /батыс/ бөлікке және ғүньмоның өзіне қарайтын орталық бөлікке бөлінген, бірақ олардың бәрі ғұньмоға тәуелді болды. Үйсіндердің тарихы кіші ғүньмолар мен үлы ғүньмолардың үстемдік үшін өзара бо-лған күрестерімен тығыз байланысты. Үйсіндер көршілес халықтармен тығыз қарым-қатынас жасаған. Хань импери-ясы және ғүн тайпалары үйсіндермен одақ болып, Хань мен ғүн әміршілерінің қыздарын үйсін гуньмоларына әйелдікке беріп отырған.

Б.з.б. 64-51 жылдары Хань империясының Үйсіннің хан тағы мүрагерлігіне араласуы халықтың наразылығын күшейтеді. Халық бүқарасы гуньмоның ғүн тегінен тараған мүрагерлерінен болуды жақтады. Бүл үйсіндердің халқы мен территориясының екі бөлікке: ұлы гуньмо және кіші гуньмо иеліктеріне бөлінуіне алып келген. Олардың қарамағындағы жерлердің шекарасына межелер қойылған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет