ПОӘК 042-18-18 24/03-2013 №1 басылым 18. 09. 2013


«Тарих» мамандығы студенттеріне арналған емтихан сұрақтары



бет6/7
Дата14.06.2016
өлшемі1.26 Mb.
#134318
1   2   3   4   5   6   7

050203 «Тарих» мамандығы студенттеріне арналған емтихан сұрақтары


  1. Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы курсының пәні және маңызы, қайнар көздері.

  2. Қазақстан жеріндегі тас ғасыры

  3. Қазақстан жеріндегі қола дәуірі. Қола дәуірінің археологиялық мәдениеттері

  4. Сақтар: шаруашылығы, турмысы және қоғамдық құрылысы

  5. Үйсіндер мемлекеті: этносаяси тарихы және әлеуметтік құрылымы.

  6. Қаңлы мемлекеті: саяси тарихы және шаруашылығы.

  7. Хұндардың саяси және этникалық тарихы.

  8. Түрік және Батыс түрік қағанаттары: этносаяси тарихы.

  9. Түркеш және Қарлық қағанаттары. Саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы

  10. Қазақстан жеріне ислам діні мен араб мәдениетінің енуі және тарауы.

  11. Ертедегі түріктердің діни нанымдары.

  12. Ежелгі түріктердің руникалық жазуы. Көне түркі руникалық жазуының ескерткіштері.

  13. Оғыздар мемлекеті: этникалық және әлеуметтік - саяси тарихы.

  14. Қимақ және қыпшақтар мемлекеті: этносаяси тарихы, шаруашылығы.

  15. «Жібек жолың және оның ортағасырлық Қазақстанның экономикалық өмірдегі орны.

  16. ІХ-ХІІІ ғғ. Қазақстан жерінде ғылым мен мәдениеттің дамуы. Белгілі ғалымдар Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласұғни, Ахмет Яссауи және т.б.

  17. Қарахандықтар мемлекеті: саяси тарихы, экономикасы және мәдениеті.

  18. Қарақытайлар шапқыншылығы және қарахандықтар мемлекетінің құлауы.

  19. Наимандар мен керейлердің этносаяси тарихы.

  20. Моғолстанның, Ноғай ордасының және Сібір хандығының қазақ халқының тарихындағы алатын орны.

  21. Қазақстан Моңғол империясының құрамында. Алтын Орданың құрылуы және ыдырауы.

  22. 1916 ж. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысы және оның тарихи маңызы.

  23. Көшпелі өзбектер мемлекеті. Әбілхайыр хан.

  24. Қазақ халқының құрылуы. «Қазақ терминнің этимологиясьг: әлеуметтік және этникалық мәні.

  25. Қазақ хандығының құрылуы. Алғашқы қазақ хандары.

  26. Казак хандығының нығаюы. Қасым хан және оның ішкі және сыртқы саясаты.

  27. Қазақ хандығының Қасым ханнан кейінгі саяси жағдайы (1511-1523 жж.)

  28. Тәуекел ханның қазақ жерін кеңейту саясаты.

  29. Хақназар хан кезіндегі қазақ хандығының нығаюы.

  30. ХУ-ХУІІІ ғғ. қазақ хандығының мемлекеттік және әлеуметтік құрылымы.

  31. ХУ1-ХУ11 ғғ. қазақтардың экономикалық және мәдени өмірі.

  32. Есім және Жәнгір хандар кезіндегі қазақ мемлекеті (ХУІ-ХУІІғғ.)

  33. Тәуке хан кезіндегі Қазақстанның саяси жағдайы (ХУІІғ. соңы-ХУІІІғ. 6асы) *Жеті Жарғы* заңдар жинағы.

  34. Қазақ халқының Жоңғар басқыншылығына қарсы күресі (1723-1756 жж.)

  35. Кіші және Орта жүз қазақтарының Россия бодандығын қабылдауы: себептері және сипаты.

  36. ХУІІ-ХУІІІғ. қазақ-орыс қатынастары.

  37. ХУІІІғ. қазақ-қытай қатынастары.

  38. Абылай хан және оның қазақ хандығың қалыптастыру мен нығайтудағы ерекше орны.

  39. ХУІІІ ғ. қазақ меәениеті. Бұқар, Үмбетей, Ақтамберді және т.б. жыраулардың шығармашылығы

  40. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі көтеріліс: себептері және сипаты.

  41. Кіші және Орта жүзде хандықтардың жойылуы. XIX ғ. 20-шы жж. патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген әкімшілік және сот реформасы.

  42. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісов бастаған қазақ шаруаларының көтерілісі.

  43. Қазақстандағы Кеңесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалысы және оның тарихи маңызы.

  44. Қазақстанды Россияға қосуды аяқтау. Өлкедегі XIX ғ. 60-90 жж. әкімшілік реформасы.

  45. XIX ғ. 60-90 жж. самодержавиенің аграрлық саясаты. Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аударудьң басталуы. Ұйғырлар мен дуңғандардың қоныс аударуы.

  46. XIX ғ. екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы. Ұлт буржуазиясы мен жұмысшы табының ұлттық отрядының қалыптаса бастауы.

  47. Жүздердің пайда болуының уақыты және себептері олардың географиялық орналасуы. Жүздерге кірген негізгі рулар.

  48. ХІХ-ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті.

  49. Тұңғыш қазақ ғальмы Шоқан Уалиханов және оның Қзақстанның жәпе Орталық Азияның тарихын, этнографиясы мен географиясын зерттеудегі қосқан улесі.

  50. Россиядағы 1905-1907 жж. революция және оның қазақ қоғамына әсері.

  51. Россиядағы Столыпинның аграрлық реформасы және Қазақстанға жаңадан орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару.

  52. Ақ-Орданың құрылуы және көтерілуі. Орыс хан және Тоқтамыс.

  53. Россиядағы Ақпан революциясы. Уақытша укіметтің Қазақстандағы саясаты.

  54. Қазақстанда қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың құрылуы («Алаш», *Үш жүз* және т.б.)

  55. Қазақ өлкесінің автономиясын жариялау. *Алаш Орда* үкіметі және оньң Кенес ек1метшс катынасы.

  56. Қазақстан жеріндегі азамат соғысы (1918-1920 жж.)

  57. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.

  58. Қазақ АКСР-нын құрылуы. Қазақ жерлерін біріктіруді аяқтау (1920-1924 жж.).

  59. Қазақстанда ЖЭС-ті (НЭП-ті) іске асыру. Жер-су реформасы.

  60. Әлихан Бөкейханов — аса көрнекті қоғамдық - саяси қайраткер және ғалым.

  61. Қазақстандағы индустрияландыру: қиындықтар, табыстар және кемшіліктер.

  62. Қазақстандағы күштеп коллективтендіру және оның зардаптары.

  63. Қазақстанда 30-шы жж. заңдылықтың бұзылуы және жаппай репрессия.

  64. Қазақстандағы 20-30-шы жж. мәдени құрылыс және оның қайшылықты сипаты.

  65. Қазақстандағы 20-30-шы жылдардағы идеялар күресі. Кіші Октябрь идеясы. Тоталитарлық жүйенің орнауы.

  66. Шәкәрім Құдайбердіұлы — ақын, ғалым және қоғам қайраткері.

  67. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы (1941-1945) қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.

  68. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы (1941-1945) қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.

  69. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстандағы ұлттық қатынастар. Репрессияға ұшыраған халықтар және оларды Қазақстанға қоңыс аудару.

  70. Соғыстан кейінгі кезеңдегі қоғамдық-саяси өмір. *Бекмаханов ісі*.

  71. Қазақстан соғыстан кейінгі онжылдықтарда: экономиканы қайта құру.

  72. Қазақстан XX ғ. 50-ші жж. басында — 60-шы жж. ортасында.

  73. Тың жерлерді игеру: жағымды және жағымсыз нәтижелер.

  74. Қазақстанңың 60-шы жж. екінші жартысы мен 80-ші жж. басындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  75. Қазақстан қайта-құрулар кезеңінде (1985-1991 жж.)

  76. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан мәдениеті (1946-1970)

  77. Экологиялық тепе-тендіктің бұзылуы. Семей ядролық полигоны. Арал трагедиясы және т.б.

  78. Қаазақстан мәдениетінің 70-80 жж. дамуы

  79. 1986 ж. желтоқсандағы Алматы оқиғасы - қазақ жастарының тұңғыш демократиялық бой көрсетуі.

  80. КСРО-ң ыдырауы және Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) құрылуы.

  81. Тәуелсіз Қазақстан Республикасында жаңа қозғалыстар мен партиялардың пайда болуы: демократияның дамуы және тереңдеуі.

  82. Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Конституциялық заң (16 желтоқсан 1991 ж.) - Қазақстан халықтары тарихындағы жаңа кезең.

  83. Қазақстан Республикасының Конституциясы (30 тамыз 1995 ж.) мемлекеттің сипаты, азаматтық құқықтар, бостандықтар мен міндеткерліктер туралы.

  84. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (нышандары).

  85. Казакстан Республикасынын сырткы саясаты: даму багыттары.

  86. *Қазақстан-2030* - Қазақстан Республикасының таяу онжылдықтарындағы даму программасы

  87. Шетелдердегі қазақ ирриденталары мен диаспораларының пайда болуының тарихы.

  88. Н.Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы, қорытындылары және даму бағыттары (перпективалары).

  89. Қазақстандағы 90-шы жж. әлеуметтік-экономикалық реформалар: қиындықтар, қайшылықтар, табыстар.

  90. Қазақстан халқына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурызындағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» жолдауы.


Тарихи оқиғалар жылнамасы


  • Б.з.б. 2 миллион жылдан 800 мың жылға дейін-дошелль/Олдувей/ мәдениеті.

  • Б.з.б. 800 мын. жылдан 140 мын жылға дейін-шелль және ашелль.

  • Б.з.б. 140 мын. жылдан 40 мың жылға дейін-соңғы ашель мен мустье.

  • Б.з.б. 40 мын. жылдықтан 10 мың жылдыкқа дейін-соңғы палеолит.

  • Б.з.б. XII мын. жылдықтан бес мын. жылдықка дейін-мезолит.

  • Б.з.б.Ү-ПІ мың жылдықтар-Неолит.

  • Б.з.б. ХҮШ-ҮІІІ ғғ.-Қола дәуірі.

  • Б.з.б. ҮП-ҮІ ғасырлар Қазақ жерінде тайпалық одақтардың құрылуы.

  • Б.з.б. IV- ғғ.-б.з.ІП ғ-Ғұндардың тайпалық бірлестігі.

  • Б.з.б. 111-11 ғғ.-б.з.Ү ғ.-Үйсін мен Қаңлы бірлестіктері.

  • 542 ж. - "Түрік" атауының сыналы жазба ескерткіштерінде көрсетілуі

  • 552 ж. -Түрік кағандығының құрылуы.

  • 576 ж.-Түріктер Сырдария мен Әмудария арасында толық билік жүргізді.

  • 603ж.-Түрік қағандарының Батыс және Шығыс қағандықтар болып бөлінуі.

  • ҮІП-ІХ ғғ.-Талас алқабында Атлах, Хамукент, Шелджи, Сус, Күл, Табакет қалаларының, Іле алқабында Тартұқ., Күнгут, Талхиз /Талғар/ қалаларының дәуірлеуі.

  • 702 ж.-Батыс түрік қағандығының ыдырауы.

  • 704 ж.-Жетісуда Түргеш қағандығы /704-766/ құрылды,

  • 714-715 жж.-Түргеш кағандығының батысынан араб әскерлері қауіп төндірді.Сырдариядан әлденеше рет өтті.

  • 720-721 жж.-Сүліктің әскери қолбасшысы Күли-Чор Соғдыда арабтарға тойтарыс берді.

  • VIII ғасырдың 30-жылдары-Отырар /Фараб/ қаласы жайында жазбалардағы алғашқы дерек.

  • 745-845 жж.-Үйғыр кағандығы.

  • 751 ж. Арабтардын Құланга жорығы; Талас шайқасы.

  • 840 ж.-Қыргғздардың ұйғыр қағандығын талқандауы.

  • 870-950 жж.-Әбунасыр Әл-Фрарби /толық аты-жөні: Әбунасыр Мүхаммед ибн Тархан ибн Үзлак. Әл-Фараби ат-түрки/, Шығыстың ұлы ғалымы, философ.

  • 847-1369 жж.-Тұфан мсмлекеті.

  • ІХ-Х ғғ.-Қазақстан тұрғындары ислам дінін қабылдай бастады.

  • IX ғ. аяғы-ХІ ғ. басы-Қимак, мемлекеті. IX ғасырдың екінші жартысында Шығысында Ертістің орта ағысынан Жоңғар қақпасына дейін, батысында Ембі, Орал өзендерінен, оңтүстігінде Бетпақдалаға дейін орын тепті.

  • ІХ-Х ғғ.- Оғыз мемлекеті. Сырдарияның орта және төменгі ағысында оған таяу Батыс Қазақстан жерінде Оғ-ыз тайпаларынан құралған.

  • Xғ. –Янгикент--оғыз мемлекетінің астанасы.

  • 940-1212жж.-Қарахан мемлекеті. Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдық мемлекеті. Астанасы-Баласағұн.Бұған Қашқар, Жетісу өлкесі қарады. Негзгі тайпалары: қаңлы, қарлұқ, шігіл.т.б.

  • 965 ж.-Оғыз жабғуының Киев князі Святославпен одағы: Хазар қағандығының талқандалуы.

  • 985 ж. Князь Владимирдің оғыздармен одақтасып, Еділ булгарларына жасаған жорығы.

  • 990 ж.-Қараханға Тараз бен Исфиджаб қалаларының қосылуы.

  • 1020 жыл шамасы-Баласағүни Жүсіп Хас Хажиптің дүниеге келуі. Ол ғалым, ақын "Қүтадғу біліктің"/1069 ж. жазған/ авторы.

  • XI ғ.-Махмуд Қашқари /толық аты жөні-Махмуд ибн әл-Құсайын ибн Мүхаммед/, Түркі ғалымы, "Диуани лүғат ат-түрік" /1072-74/ хамсаның авторы.

  • 1210 ж.-Найманның Күшлік ханының Жетісуға қоныс аударуы.

  • 1218 ж.-Шыңғыс хан әскері Жетісуды киратты.

  • 1219-21 жж.-Моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы.

  • ХПІ-ХҮғғ. Алтын Орда мемлекеті. Оның орталық аймағы-Еділ бойы /қазіргі Саратовтан Астраханға дейін/. Астанасы Берке сарайы немесе Сарай әл-Жамид.

  • ХІІІ-ХҮғғ.-Ақ Орда мемлекеті. Осы күнгі Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс Қазақстанды мекендеген тайпалар одағы. Негізін салған-Шыңғысханның немересі Орда-Ежен.

  • 1227-55 жж. Алтын Орда ханы Батыйдың үстемдігі.

  • 1257-67 жж.- Алтын Орда ханы Беркенін. билігі.

  • 1267-80 жж.-Алтын Орданың ханы Мөңке-Темір.

  • 1280-87 жж.-Алтын Орданың ханы Төде-Мөңке.

  • 1287-90 жж.-Алтын Орданың ханы Төле-Бұқа.

  • 1291-1312 жж.-Алтыи Орданың ханы Тоқта.

  • 1312-41 жж.-Алтын Орданың ханы Өзбек.

  • 1341-57 жж-Алтын Орданың ханы Жәнібек. Бұл хандар билік жүргізген кезде Алтын Орданың куаты кемеліне жетіп, билігі кұшейді. Батыс Еуропамен, Мысырмсн, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Кытаймен сауда-саттығы өркендеді.

  • 1348 ж.-Шағатай әулетінен шыққан Тоғылық-Темірдін Моғолстанға хан сайлануы. Моғолстан-ХІҮғ. ортасы - XVI ғ. бас кезінде Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан жерінде құрылған феодалдык, мемлскет.

  • 1361-78 жж.-Алтын Орданы Орыс ханның билсуі.

  • 1370-1405 жж.-Ақсақ Темірдің үстемдігі.

  • 1380-95 жж.-Алтын Орда хандығындағы Тоқтамыстың билігі.

  • 1391-99 жж.-Ақсақ Темірдің Алтын Орданы күйретуі.

  • 1395 ж.-Ақ Орданы Ақсақ Темірдің жаулап алуы.

  • XIV ғ. соңы -XV ғ. басы-Ноғай Ордасы.

  • 1423-28жж.-Барақ ханның Ақ Ордаға билік жүргізуі. Шыңыс-хан әулетінен шыққан.Құйыршық ханның баласы. Орыс ханнын немересі, қазақ хандарының түп атасы.

  • 1428-68 жж.-Әбілқйыр ханның Ақ Ордада билігі.

  • 1452-55жж.- Ойраттардың Моғолстан мен Дешті Қыпшаққа шабуылы.

  • 1462-80 жж.-Моғолстанды Мұхаммед Хайдардың билеуі /Мүхаммсл Хайдар Дулатидің бабасы/.

  • 1480 ж.-Орыс князьдықтарының монғолдардан толық тәуелсіздік алуы.

  • 1480-1511 жж.-Мұрындық ханның билігі.

  • 1499-1551жж.- Мұхамед Хайдар Дулати /толық есім-Мырза Мұхаммед Хайдар ибн Мұхамед Құсайын Курехан Дұғлат/ әдебиеттердже Мырза Хайдар деген атпен белгілі, тарихшы, әдебиетші, «Тарих-и-Рашиди» және «Жаһаннама» дастанының авторы.

  • XV ғ.-Қазақ хандығының құрылуы (1465жж.)

  • XVғасырдың бірінші жартысы-Алтын Ордадан Қазан, Қырымның бөлініп, жеке хандықтар болып, 1438ж. Қазан хандығы, 1443 ж. Қырым хандығы құрылуы.

  • XV ғасырдың ортасы-Астрахан хандығынынң құрылуы.

  • 1500-07жж. -Өзбектердің Орта Азияны жаулап алуы. Мүхаммед Шайбани ханның Темір әулетін құлатуы.

  • 1510 ж.-Шайбани әулетінің негізін салушы Мүхаммед Шайбани ханның дүние салуы.

  • 1511-1523 жж.-Қасым ханның билігі.

  • 1523-33 жж.-Тахир ханның билігі.

  • 1538-80 жж.-Ақназар ханның билігі.

  • 1582-98 жж.-Тәуекел ханның билігі.

  • 1594 ж.-Тәуекел ханның елшісінің Мәскеуге баруы.

  • 1598-1628 жж.-Есім ханның билігі.

  • 15-16 ғғ.-Қазақтың үш жүзінің /Үлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз/ құрылуы.

  • 1620 ж.-Жайық қалашығының орнауы.

  • 1635-1758 жж.-Жоңғар хандығы.

  • 1645 ж.-Гурьев (Атырау) қаласының орнауы.

  • 1680-1718 жж.-Тәуке ханның билігі.

  • 1681-88 жж.-Жоңғарлардың Қазақстанға шабуылы.

  • 1687 ж.-Тәуке ханның Ресейге елші жіберуі.

  • 1668-1789 жж.-Бұқар жырау ғүмыры.

  • 1715ж.-Тайқоңыр бастаған қазақ елшілерінің Ресейге баруы.

  • 1716ж.-Н.Белоусов бастаган орыс елшілерінің Тәуке ханға келуі.

  • 1716-17 жж.-Тәуке ханның Ресейден Жоңғарияға қарсы әскери жәрдем сұрауы.

  • 1718 ж.-Семей қаласының орнауы.

  • 1720 ж.-Өскемен қаласының орнауы.

  • 1723 ж.-Жоңғарлардың қазақ даласына басып кіруі.

  • 1728 ж.-Қазақтардың Бұланты өзенінің жағасында жоңғарлармен шайқасы.

  • 1734 ж.-Ор өзенінің сағасында Орынбор қаласының іргесі қаланды.

  • 1748-86 жж.-Нұралы ханның Кіші жүзде билік құруы.

  • 1752 ж.-Петропавл қаласының салынуы.

  • 1771-81 жж.-Абылай ханның билігі.

  • 1781-1819 жж.-Уәли ханның орта жүздегі билігі.

  • 1783-97жж.-Сырым Датұлы бастаған қазақ шаруаларының көтерілісі

  • 1791-94 жж.-Ералы ханның Кіші жүздегі билігі.

  • 1796-97 жж.-Есім ханның Кіші жүздегі билігі.

  • 1797 ж.тамыз-Кіші жүзде хан кеңесінің құрылуы.

  • 1797-1805 жж.-Айшуақ ханның Кіші жүздегі билігі.

  • 1797-1814 жж.-Қаратай сұлтан бастаған қозғалыс.

  • 1801 ж.-Бөкей хандығының /Ішкі Орда/ құрылуы.

  • 1803-46 жж-Махамбет Өтемісұлы Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, ақын.

  • 1821ж.-Оңтүстік Қазақстан қазақтарының Қоқан феодалдарының қанауына қарсы көтерілісі.

  • 1822ж. "Сібір қазақтары туралы ереженің" негізінде Орта жұзде хан билігінің жойылуы.

  • 1823-45 жж.-Бөкей хандығындағы Жәңгір ханның билігі.

  • 1824 ж.-Ақмола қаласының орнауы.

  • 1824ж.-Азия комитетінің "Орынбор қазақтары туралы" ережені қабылдауы.

  • 1824 ж.-Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.

  • 1824-44 жж.-Орта жүзде сыртқы округтердің құрылуы.

  • 1828-29жж.-Бөкей хандығындағы ереуіл және қазақтардың жаппай Оралға көшуі.

  • 1836-38жж.-Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісі.

  • 1837-47жж.-Кенесары Қасымүлының Ресей отаршылдығына карсы азаттық қозғалысы.

  • 1845 ж.-Орал бекінісінің салынуы.

  • 1847ж.-Қапал бекінісінің салынуы.

  • 1848ж. 10 каңтар-Ұлы жүз әкімшілігінің құрылуы.

  • 1848ж.- Арал теңізінің жағасында Қосарал қалашығының салынуы.

  • 1854 ж.-Верный /қазіргі Алматы/ бекінісінің іргесі қаланды.

  • 1854 ж.-Семей облысының құрылуы.

  • 1856ж.қыркүйек-1857ж.қаңтар-Сырдария қазақтарының көтерілісі.

  • 1858ж.наурыз-шілде-Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда қырғыз бен қазақтардың Қоқан билеушілеріне қарсы көтерілісі.

  • 1860 ж.-Ұзынағашта /Жетісу/ Қоқан әскерінің күйрей жеңлуі.

  • 1864 ж.-Патша әскерінің Меркі, Түркістан, Әулиеата, Шымкентті алуы.

  • 1867 ж.-Түркістан генерал-губернаторлығы құрылды.

  • 1869 ж.-Орал,Торғай облыстарындағы көтеріліс.

  • 1872 ж.-Бөкей хандығы жерінің Астрахан губерниясына қосылуы.

  • 1873ж.-Орыс әскерінің Хиуаға жорығы.

  • 1880-88 жж.-Каспийдің шығыс жағына темір жол салынуы.

  • 1881-84 жж.-Ұйғыр мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.

  • 1889-1905жж.-Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы.

  • 1905 ж.-Успен руднигіндегі ереуіл.

  • 1911 ж.-Доссорда мұнай кәсіпшілігінің ашылуы.

  • 1913ж. 29 көкек -Торғай облысының Айдарлы кеніндегі жұмысшылар ереуілі.

  • 1914ж. қаңтар- Доссор мүнай-кәсіпшілігіндегі жұмысшылар ереуілі.

  • 1916 д. маусым- Қазақстанда ұлт-азаттық қозғалысының басталуы.

  • 1917ж.көкек-маусым Орынборда, Петропавлда, Верныйда /Алматыда/, Әулиеатада/ Таразда/. Перовскіде /Қызылордада/, Семейде, Шымкентте жұмысшы және солдат депутаттарының құрылуы.

  • 1917ж. қазан-қараша Перовскіде. Әулиеатада, Шымкентте, Орынборда кеңес өкіметі орнады.

  • 1917ж.14 қараша-Орынборда Әскери-төңкерістік комитеттің құрылып, қаладағы бүкіл өкімет билігінін өзіне көшкендігін жариялауы.

  • 1917ж. 20 қараша-РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің "Россия мен Шығыстың барлық,мұсылман еңбекшілеріне" деген үндеу қабылдауы.

  • 1917ж.қараша-желтоқсан Петропавлда, Оралда, Қостанайда, Ақмолада Кеңес өкіметі орнады.

  • 1918ж. қаңтар-наурызда Ақтөбеде, Павлодарда, Семейде, Верныйда кеңес үкіметі орнады.

  • 1918 ж. 14 мамыр- РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Ә.Жанкелдинді Дала өлкесінің төтенше комиссары етіп тағайындауы.

  • 1918 ж. 20 шілде-11 қараша-Мәскеуден Ақтөбе майданына қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізу жөніндегі Ә.Жанкелдиннің экспедициясы.

  • 1918ж. 10 кыркүйек- 1919ж. 14 қазан-Черкасск ерлік қорғанысы.

  • 1919ж. 22 қаңтар Қызыл Армияның Орынборды азат етуі, Түркістанның еліміздің орталығымен төте байланысын қалпына келтірілуі. Актөбе майданының жойылуы.

  • 1919 ж. 24 көкек-11 шілде -Оралдың ерлік қорғанысы.

  • 1919ж. 16 маусым- В.И.Лениннің Орал қаласының қаһарман қорғаушыларына жолдаған құттықтау телеграммасы.

  • 1919 ж.10 шілде- РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің "Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы" В.ИЛенин қол қойған декреті.

  • 1919 ж.11 шілде -25 Чапаев дивизиясының Орал қаласын азат етуі.

  • 1919 ж.19 тамыз-Қызыл Армияның Қостанайды азат етуі.

  • 1919ж.30 қазан-Қызыл Армияның Петропавлды азат етуі.

  • 1919ж.12қараша-Қызыл Армияның Көкшетауды азат етуі.

  • 1919 ж.26қараша-Қызыл Армияның Атбасар мен Ақмоланы азат етуі.

  • 1919ж.30қараша-Қызыл Армияның Павлодарды азат етуі.

  • 1920ж.26 тамыз- Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комиеті мен РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің В.И.Ленин мен М.И.Калинин қол қойған "Автономиялық Қырғыз /қазақ/ Кеңес Социалистік Республикасын құру туралы" декреті.

  • 1920ж. 4-12- қазан Қазақ АКСР Кеңестерінің бірінші съезі.

  • 1921ж. ақпан-Жетісу және Сырдария облыстарында жер-су реформасының жүргізіле бастауы.

  • 1924ж.17көкек-Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитеті мен РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің "ҚЫРҒЫЗ АССР-нің көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы шаруашылыққа көшуші халқын жерге орналастыру туралы ережені" бекітуі.

  • 1925ж.15-19 сәуір-Қазақ АКСР Кеңестерінің бесінші съезі. Қазақ халқының тарихи дұрыс атын қалпына келтіру туралы қаулы.

  • 1926ж. 20мамыр- Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің егіндік және шабындық жерлерді қайта бөлу туралы қаулысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет