ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013


Өзін өзі тексеру сұрақтары



бет4/5
Дата09.06.2016
өлшемі398 Kb.
#125136
1   2   3   4   5

Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1. Адам – қандай құбылыс екен?

2. «Тұлға» концепциясына тоқталған жазушылар кімдер екен?

3. Ұлттық әдеби сынның тарихын жасауда қандай еңбектер жарық көрді?

4. Характерология дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998

2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977

3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968

4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975

5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б

6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994

7. Тоқсамбаева А. Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық; Семей, 2011ж; «Интеллект». –279 бет.

8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж.

9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

11. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж.

12. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. А., 1979 ж.
8 ДӘРІС Тарихи тақырып. Тарихи шындық пен көркем шындықтың

арақатынасы

Дәрістің мақсаты:Ғалымдардың сыный еңбектерімен таныстыру

барысында,студенттерді сыни тұрғыда ойлауға баулу



Дәрістің жоспары:

1.Тарихи прозадағы тарихи шындық пен көркем шындықтың арақатынасы.


2.Тарихи характер, тарихи тұлға және авторлық концепция.
Қазақ халқының ұлттық ой-санасының жүдеп бара жатқанын көрген зиялы азаматтар 60-70-жылдардан бастап, халық тарихының оқиғалары негізінде ұлттық сананы оятып тәрбиелеуге көркем әдебиетті пайдалану мақсатын қойған еді. Ол үшін М.Әуезов негізін салған тарихи роман дәстүрін жалғастыру қажет болды. Қазақ тарихының әрқилы беттері жаңаша бажайланып, көркем бейнелеуге ие болды. І.Есенберлиннің, Ә.Әлімжановтың, С.Сматаевтың, Ә.Кекілбаевтың, М.Мағауинның, Ш.Мұртазаның, С.Жүнісовтің романдары жарық көрді. Мұндай ұлттық оянуды көптеген туысқан халықтар да басынан кешірді. М.С.Горбачевтың «Ұлтшылдық-реакциялдық» деп шошынуы осының әсері болатын.

Социализмнің қайшылықтарын жамап-жасқап, «қайта құруды» ұсынған М.С.Горбачевтың съездегі пікірлерінде әдеби дамудың олқылықтарын орынды көрсеткен жерлері де бар. Ол Кеңес әдебиетінде шындықтың сыңаржақ алынып, өмірдің бірыңғай күнгей жағын суреттеу әдетке айналғанын көрсете отырып, «шындық – жалпылама емес, нақты түсінік. Ол халықтың жасампаз істері мен қоғам дамуының қайшылықтарында, еңбекпен өткен күндердің қаһармандылығы мен үйреншіктілігінде, жеңістер мен сәтсіздіктерде, яғни өмірдің өзінде, оның бүкіл алуан қырлылығында, драматизмі мен ұлылығында», – деді.

Бұл пікірдің біз үшін маңыздылығы – шындықты тек халықтың жасампаз істері мен үйреншікті тіршілігінен ғана емес, қоғам дамуының қайшылық-тарынан, сәтсіздіктерден, өмірдің драматизмінен де іздеу қажеттігі туралы ойлары. Мұндай талаптар бұрын әдебиетке қойылмайтын, қайта әдебиетте қоғам дамуының қайшылықтарын айналып өту, одан жалтару әдетке айналған еді. Мұндай өмірді боямалап көрсету жұртты алдауға құрылғаны жалпыға мәлім болды.

Партия мұны көріп, бұлтара алмай қалды. Сондықтан ол осы съезде «бірқатар жылдар бойы объективтік факторлар ғана емес, сондай-ақ ең алдымен субъективтік себептерге байланысты партия мен мемлекет органдарының практикалық іс-қимылдары уақыттың, нақты өмірдің талаптарынан артта қалып келгенін, елдің дамуындағы проблемалардың шешілуінен гөрі тууы шапшаңырақ болғанын, басқару әдістерінің тоқырауын, бюрократизмнің үдеуін, жұмыс қарқынының төмендеуін» мойындауға мәжбүр болды. Сәл кейін КОКП-ның қаңтар (1987) пленумында М.С.Горбачев «Жазушылық творчествоға партиялық көзқарас қалыптастыруды әдеби процеске жөнсіз араласу арқылы, идеялық ықпал етуді әкімшілік шешімдермен алмастыру арқылы жүргізу» саясатын сынады. Мұның барлығы коммунистік партия билігінің әлсіреп, өмір құбылыстарының өктем күйін мойындай бастағанының белгісі болатын.

Бұл жағдайлардың біздің қаламгерлерімізге ой салғаны даусыз. Бұдан кейінгі дәуірде Кеңес қоғамының дамуы жолында қазақ халқы бастан кешкен қиыншылықтарға, аштық, халықтың қырылуы, жер аууы оқиғаларына көңіл аударыла бастады. Кеңестік бюрократтық жүйенің жұмыс әдістері сыналды. Адамдардың табиғатына осы жүйенің жетпіс жыл бойында күштеуі мен зорлауының қатты әсер еткені сөз болды. Мұндай сарындар Ә. Тәжібаевтың өлеңдерінде, С.Елубаевтың «Ақбоз үй», «Мінәжат» романдарында, С.Жүнісовтің «Аманай мен Заманай» повесінде, тағы басқа соңғы жылдары жазылған шығармалар да көрініс берді.

Қазақ прозасының бұл кезеңіндегі ірі табыстарын «роман» жанрынан көруге болады. Ол өзінің бұрынғы озық дәстүрін жалғастырды.

1984 жылы ұзақ үзілістен кейін Ғабит Мүсірепов «Оянған өлкенің» екінші кітабын «Жат қолында» деген атпен жариялады. Оның негізгі оқиғасы бұрынғыша Қарағанды жерінде, өндірістің шетел капиталының қолына өтуі оқиғаларына құрыла суреттелді. Кейіпкерлері де негізінен бұрынғы таныс адамдар, жаңа кейіпкерлер ішінен дараланып көрінген – Игілік бидің баласы Кенжеғара. Жазушы шетелдік алып сатарлардың байлыққа құмартқан пиғылын, амал-айласын көз алдымыздан өткізеді. Ескінің тозып, жаңаның өніп келе жатқанын бейнелейтін күреске Кенжеғара араласады. Жас жігіт әділет жолын іздейді, тарих тағылымынан кеш қалған елін алға сүйреуді мақсат етеді. Роман ескі өмірдің күйреуімен, шетелдіктердің Қарағандыны тастай қашуымен аяқталады. Халық алға үмітпен қарайды.

Осынша тарихты бастан кешіп, дүрбелеңге түскен даланың бейнесі - жазғы шапақты күні мен қысқы бораны, жайлауы мен жайлы шуақ түні үлкен суреткердің қолымен жарқын суреттеліп, романға өң берген.

Қазақ тарихының кейбір мәселелері Ә.Әлімжановтың романдарында да көрініс тапқан. «Махамбеттің жебесі» (1969), «Ұстаздың қайтып оралуы» (1978) романдарында ол халық тарихының бүгінгі адам санасына ой саларлық фактілерін іріктеп алуға тырысады. Сонымен қатар жазушы одан жалпы адам баласы тарихына ортақ үндестік табады. “Махамбеттің жебесі” романында Әнуар қазақтың өмір бойы арыла алмай келе жатқан алауыздықтың, рушылдық дертін талдайды. Махамбеттей ұлы күрескер ақынды да мерт еткен осы мінез екеніне назар аударады. Оқырман көңіліне ол, халық мүддесін жоғары қоюдың, бірлік пен ынтымақтастықтың маңызын ұялатуға ұмтылады. Ал Махамбетті ру мен ауыл көлемінен әлде қайда жоғары, шын халықтық дәрежеге көтерілген ақын ретінде бейнелейді, оның бойына халық даналығының көп сипаттарын жинақтайды. Ақынның ел тағдырына кең көзбен қарауы осыдан.

Тарихи роман өзгеше тездікпен дамыды. Ол басқа жанрлардың бәрінің алдына шықты. Халықтың өткен тарих пен оның негізгі оқиғалары, ел болу, дәстүрі, бостандық, азаттық идеяларының таралуы, сол бір тұстарда ел басқарған, ел намысын қорғаған азаматтар жайында білуге құмарлығы артты. Ұлттық сананың оянып, қазақтардың елдік салты жайында ойлана бастауы да коммунистік режимнің жібі босай бастағанының белгісі еді.

Тарихи роман жанрындағы М.Әуезов дәстүрін жалғастыра отырып, қазақ романшылары осыған ұқсас әлемнің озық әдебиетінен сабақ алды. Тарих үлгісін өз дәстүріне сүйене отырып дамытты. Осы бір тұстағы тарихи роман жанрының жедел өсіп, ондағы қазақ халқы елдігін, арғы-бергі тарихын кең толғап, көркем талдауда І.Есенберлин, М.Мағауин, Ә.Кекілбаев, С.Мұқанов, Ә.Әлімжанов, С.Жүнісов, Д.Әбілев, С.Сматаев, Ш.Мұртаза, З.Ақышев, Ж.Молдағалиев,Д.Досжанов,т.б.жазушылар белсенді еңбек етті. Қазақ тарих-ына жұрт назарын аударуда әдебиеттің жетекші рөл атқарып, қоғамдық ой-пікірдің басқа салаларына ықпал етуі осы авторлар еңбектерімен тікелей байланысты.

Тарихи шығарма – қазақ халқы бастан кешкен тарихи кезеңдердің шындығын танытуға арналды. Халықтың азаттық жолындағы күресі. Жаңа өмір үшін талас бұл шығармалардың негізгі өзегі болып табылады. Бұл салада Ғ.Мұстафиннің “Дауылдан кейін” (1957), «Көз көрген» (1963), С.Мұқанов «Есею жылдары» (1963), Х.Есенжановтың «Ақ жайық» (1957-1965), Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» (1961-1970), Ғ.Слановтың «Асау арна» (1962) сияқты романдарының атап айтарлық маңызы бар. Тарихи оқиғаларды терең талдап, олардың қоғамдық өмірдің өзгерістерін түсінудегі маңызын ашуға ұмтылыс бұл шығармаларды көп жағынан туыстырады. «Дауылдан кейін», «Көз көрген», «Есею жылдары» сияқты шығармалар жиырмасыншы жылдардағы қазақ жеріндегі сілкіністі рухани жаңаруға беталысты суреттейді. Оларда бейнеленген өмір сол дәуірдегі тап тартысының жағдайында өтеді. Негізінен жаңа өмір үшін күрестің күнгей жағын суреттеуге бейімделісімен, шығарма авторлары жаңа тұрмысқа көшу көшпелі қазақта оңайға түспегенін, олар көрген қиыншылықты көрсетеді. Алайда дәуір идеологиясының әсері байқалмай қалмайды. Халық басынан кешкен азайған зардаптары, күштеу, ашаршылық жайлары сөз болмай, тасада қалады.

Тарихи романдар үлкен прозаның белгілі бір саласын толықтырып, халық тарихының өзекті мәселелерін көтеру арқылы оқырман үшін аса мағыналы танымдық қызмет атқарады. Қазақ халқының көне дәуірлерден басталған тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрі барын, ел қамын жеген басшылары мен өнерінің, ғылымның үлкен тұлғалары болғанын әйгіледі. Олардың халықтық ойларымен таныстырды. Осы мәселелерді биік идеялық-көркемдік дәрежеде бейнелеу қазақ қаламгерлерінің де шығармашылық өнерде өскендігін танытты. Бұл шығармалардың таңдаулы үлгілері әлем әдебиетінің қорына қосылды.

Тарихи романдардың табыстары мен идеялық-көркемдік тұжырымдамасы бүгінгі заман тақырыбына шығарма жазушылар үшін де мектеп болды десек, артық емес. Жаңа заманды жырлаушылар да белгілі тарихи кезеңнің шындығын суреттей отырып, оның заман мен адам үшін қалдырған ғибратын, өнегесін көруге тырысты. Қазақ халқының тағдыры туралы ойларға ой қосты.



Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1. М.С.Горбачевтың «Ұлтшылдық-реакциялдық» деп шошынуының себебі не?

2.1987 жылы КОКП-ның қаңтар пленумында М.С.Горбачев қандай саясатты сынады?

3. Қандай тарихи шығармалар – қазақ халқы бастан кешкен тарихи кезеңдердің шындығын танытуға арналды?



Әдебиеттер:

1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998

2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977

3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968

4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975

5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б

6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994

7. Тоқсамбаева А.Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық;Семей,2011ж;«Интелл». –279б.

8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж.

9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

11. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж.

12. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. А., 1979 ж.
9 ДӘРІС Ұлттық характер.Характер даралаудың көркемдік принциптері Дәрістің мақсаты: Белгілі бір тарихи оқиғаға баиланысты туған шығармалармен

таныстыру.



Дәрістің жоспары:

1. Қазіргі қазақ прозасындағы ұлттық характер және авторлық тұжырымдама.


2. Ұлттық характер даралаудың көркемдік принциптері.
Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1.60-70-жылдарда қандай тарихи романдар жарық көрген?

2. Бұл дәуірдегі қазақ әдебиетінде тарихи романдардың халықтық жаңа сапаға ие бола дамуы қандай дәрежеде болды?

3. Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлкенің» екінші кітабы «Жат қолындасы» не жайлы?

4. Ә. Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі», «Ұстаздың қайтып оралуы» романдары

кімдерге арналған?

5. X. Есенжановтың «Ақ жайық»,Ғ.Слановтың «Асау арна» романдарындарының сюжеттік

желісі не?



Әдебиеттер:

1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998

2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977

3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968

4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975

5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б

6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994

7. Тоқсамбаева А. Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық; Семей, 2011ж; «Интеллект». –279 бет.

8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж.

9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

11. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж.

12. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. А., 1979 ж.
10 ДӘРІС Поэзия. Лирикадағы адам мен табиғат

Дәрістің мақсаты: Қазіргі қазақ лирикасындағы қоғам және адам мәселесін талдап түсіндіру.

Дәрістің жоспары:

1.Қазіргі қазақ лирикасының көркемдік дамуы.


2.Қазіргі қазақ поэмасындағы қоғам және адам.
Адам баласының эстетикалық мұраттарына қызмет ететін көркемөнердің ішіндегі ең ерекше және өміршең түрге айналған сөз өнері екенін ықылым замандардан бері азуы алты қарыс ойшылдар мен ғалымдар, сөз қасиетіне бойлаған адамдардың барлығы айтып келеді. Сөз өнері адамзат баласын өзге жанды жаратылыстардан айырып тұратын ерекшеліктің бірі де бірегейі. Сөз өнерін «дертпен тең» деп берген ұлы ойышылдан артып оның қадір-қасиетін ешкім де жеткізе алмас. Ал сөз өнерінің бүгінгі біз білетін, біздер танып түсінген айрықша түрлері, адам ойын жеткізудің түрлі формалары бар. Көркемөнер сөз өнерімен қаншалықты бағалы болса, сөз өнері поэзиямен соншалықты құнды.

Сөз өнерінің құдіретті де қасиетті бір саласы – поэзия. Алла түсірген қасиетті кітаптардың да өлең өрнегімен жазылғанын бәріміз де білеміз. Осы тұрғыдан келгенде поэзия қаншалықты дарын мен қарым қабілетті, ғарыштан құйылар нұрлы сәулені тілейтінін түсінеміз.

Қазақ әдебиеті қазіргі таңда поэтикалық жағынан алғанда әлемдік әдебиет жауһарларына қойылатын талаптардың барлығына жауап береді. Әдеби жанрларды игеру, олардың көркемдік әлемін ашу, кейіпкерлерді даралау, психологиялық талдаулар жасау жағынан алғанда әдебиетіміздегі көркемдік көкжиектері жылдан жылға кеңейіп өзінің поэтикалық жағынан жетілгенін айқындап келеді. Поэзиялық туындылар қазіргі таңда ағым-бағыты, стилі, жанрдың сипатын ашуы жағынан ерекше бір көркемдік құбылысқа айналған. Лирикалық туындылардың көркем әдебиет жанрлары ішінде өзіндік маңызды орны бар.

М.Әуезов «Қыз Жібек» жырындағы табиғаттың атқарып тұрған қызметі туралы былай дейді: «Ақын табиғат суреттерін де белгілі бір сезімге, іске айғақ етіп пайдаланған. Төлеген Жібектің көшіне күн шыға ілесіп, Жібекпен Жиренбай отауында талма-талтүс шағында жолығады. Бұл кез әлемнің күн нұрына мейлінше бөленген жарқын кезі. Бұл бақыт қуып, өрге басып бара жатқан екі ғашық сезімдеріне де ортақ болып тұр. Ал енді Қособаның түбінде күн бата Төлеген аттан құлап, қас қарая жан тапсырады. Бұл әлемге қараңғылық орнаған кез. Қара түн Төлегеннің арманда өлген қасіретіне ортақ болғандай».

Ғалымның берген осы талдауы ауыз әдебиетіндегі табиғаттың терең мәнін тамаша жеткізген. Табиғат пен адамды қоян-қолтық, тығыз байланыста, қатарластыра суреттеу – психологиялық параллелизм арқылы кейіпкердің басында әр түрлі көңіл күйін беру ауыз әдебиетінен келе жатқан тәсіл екен. Жазба әдебиетінде табиғатты пайдалану әлдеқайда жоғары сатыға көтерілді. Классикалық әдебиетте философиялық терең астарлы, кең мағынаға ие болды. Сөйтіп, табиғатты пайдалану суреткер идеясын ашуда, образ жасауда басты компоненттердің біріне айналып отыр.

Адам мен табиғаттың ара қатынасының не түрлі шебер суреттеулерін әлем әдебиетінен мол кездестіреміз. Бұл кейіпкердің жан дүниесіне терең бойлаудың бір жолы. Қазақ әдебиетінде психологиялық паралеллизмнің классикалық үлгісі, әдебиеті алдағы елдердің дәрежесіне көтерілген түрі Абай поэзиясында тамаша шешім тапқан. Абайдың пейзаждық лирикаларына жасаған талдауларында Әуезов Абайдың осы тақырыпқа әр кезеңде соғып отырғанын айта келіп: «...Әрине ол тақырыптарына қайта соғып отыру Абайдың бір орында тұрып қалуы емес. Бір басқан ізін қайта басу емес. Әр кезекте сол тақырыптарды, әр алуан оймен, көркемдік жолда ізденумен, сападан сапаға қарай өрлеумен жыр етеді. Бұның бәрі сыншыл және талабы зор, ізденгіш, шабытты ақынның ерекшелігі»– дейді.

Табиғат – адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Табиғатты дүниежүзінің классик ақындарының бәрі жырлаған. Дәуірі мен ортасына, өзінің және басының көңіл күйіне байланысты әр ақын өзінше жырлайды. Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулер табиғат арқылы қоғамдық өмірді, тартысты суреттейді.

Табиғат лирикасы туралы айтқанда алдымен ұлы Абайды еске аламыз. Оның жылдың төрт мезгіліне арнап жазған өлеңдері осы уақытқа дейін оқушысын тамсандырып келеді. Айнала қоршаған орта және оның түрлі жаратылыс сырлары адамның назарын өзіне аудармай қоймаған. Осындай жағдайда ақындар табиғатқа арнап лирикалық өлеңдер жазған, біреулер табиғаттың пейзаждық суреттерін жасаған. Сол ақындардың біреуі Мағжан Жұмабаев. Оның шығармашылығын енді тереңірек, молырақ қарауға жол ашылған шақта, оның қай қырын ерекше сөз еткен орынды болар еді? Мұндай сауалға бірден кесіп жауап беру оңай емес. Мүмкін ақын туындыларының уақыт сынына төтеп берерлік тіл құнарлығы мен ой тереңдігін, сөз қолдану шеберлігін, жалпы көркемдігін басты ерекшелігі деп айтамыз. Өйткені оның өзіндік бет-бағдары мен айырым қырлары осы маңайдан табылмақ. Тәңірдей талантының, дарын табиғатының көрінісі осы бұлақтай мөлдір поэзиясынан көрінеді. Ол поэзияға басыңды иіп, тәнті боласың, таңданасың, таңырқайсың. Мағжан Жұмабаевтың ақындық ерекшелігін дәл тауып бағалап, көпшілікке жеткізу оңай емес, әрі ол бір күннің ісі

болмас. Ой, қиял ұшқырлығы, молдығы, сөз кестесінің әр қилы, сан айшықты болып келуі – мүлде бөлек дүниелер.

Поэтикалық туындыда ақындар Табиғат-ананың бір сәт қайталанбас сұлулығын дәлелдікпен көрсете білу жолында түрлі көркемдік ізденістерге барады. Әркім болжай алмайтындай, мұндай дәлдікті көрсету үшін, алдымен, оны білу, әсемдікті тану – ақын тұлғасын өсіретін осы жайттар. Осы ретте ақын Ұлықбек Есдәулет өлеңіне назар аударайық:

Аспанмен жатқан астасып,

Теңіздің төсін бетке алып,

Жағамен күліп қоштасып,

Кетейік жолға аттанып...

Туған жер - бар ақынның жырының өзегі. Әрқайсысының өз орны бар. Ақиқат пен әсемдікті қатар өріп, нақты образ жасайды, шындық шырайын шығарып, сұлулық бояуын қанықтырады.

Қазіргі қазақ лирикасындағы көркемдік, бейнелілік мәселесін сөз еткенде әдіс, ақындық шеберлік мәселесі алдыңғы орында тұрады. Ф.Оңғарсынова, Ж.Әбдірашев, Ж.Жақыпбаев, К.Мырзабеков, Е.Раушанов Н.Мәукенұлы, Г.Салықбай ерекше қолтаңбасымен танылып, қазақ поэзиясы үшін үлкен жаңалық болған романтизмнің субъективті-философиялық, элегиялық сипатын, модернизм белгілерін өз шығармаларында тереңдете түсті. Сондай-ақ тұспалдап, ишаралап бейнелеуімен маңызды, кешегі Мағжан, Бернияз, Қасым поэзиясынан бой көрсеткен кейіптеу мен психологиялық егіздеу тәсілдерін жымдастырған символдық тәсіл қазақ лирикасына тән болды.

Жалпы, қазіргі лирикадағы кейіптеу мен психологиялық егіздеу сияқты бейнелеу құралдарын зерделегенде біздің негізгі нысанға алғанымыз қазіргі поэзияның көркемдік ерекшелігін нақтылау болды.

Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1 Поэзиялық туындылар қазіргі таңдағы ролы қандай?

2. М.Әуезов «Қыз Жібек» жырындағы табиғаттың атқарып тұрған қызметі туралы не дейді?

3.1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Аманкелді Имановтың жастық шағына

арналған романды кім жазды?

4. Қазіргі қазақ лирикасындағы көркемдік, бейнелілік мәселесін сөз еткенде не алдыңғы

орында тұрады?

Әдебиеттер:

1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998

2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977

3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968

4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975

5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б

6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994

7.Тоқсамбаева А.Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық;Семей, 2011ж;«Интелл». –279б.

8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж.

9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

11. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж.

12. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. А., 1979 ж.
11 ДӘРІС 11.Қазіргі қазақ драматургиясы. Жанрлық сипаты, поэтикасы, проблематикасы

Дәрістің мақсаты: Қазіргі қазақ драматургиясының жанрлық сипатын, проблематикасын түсіндіру..

Дәрістің жоспары:

1. Қазіргі қазақ драматургиясының дамуы.



2.Драматурги ядағы тартыс және көркем характер.
Қазіргі қазақ драматургиясы – қазақтың XX ғасырдағы классикалық әдебиеті дамуының заңды жалғасы. Драматургия – көркем әдеби тек (драма, трагедия, комедия) жанрларының өнернамалық жүйесі. Қазақ сөз өнеріндегі дәстүрлі негізі әдебиет шығармалары мен фольклор мұраларында (би-шешендер сайыстары, ақындар айтыстары, жар-жар, беташар, алтыбақан, т.б.) негізі қаланған ұлттық сөз өнерінің бұл саласы қазақтың рухани мәдениетінің әлем өркениетіндегі көрнекті орнын да танытты. Драматургия шығармалары қаламгерлердің тарихи кезеңдердегі халық тағдырын көркем шындық поэтикасы зандылықтары аясында бейнелеуімен ерекшеленеді. Драматургия туындылары (пьесалар, спектакльдер, либреттолар) арқылы әдеби тек саласы драма жанрларының (драма, трагедия, комедия) теориялық ерекшеліктері саралана айқындалады. Драматургия ұғымының аясында театр сахналарындағы туындылар мен деректі, ғылыми-фантастикалық, көркем фильмдердің де қойылымдық-режиссуралық көркемдік шешім ерекшеліктері айқындалады.

Драматургиядағы шығармалар – әдебиет оқырмандары мен театр, кино көрермендеріне арналған көрнек өнері (көркемөнер) рухани құндылықтары.
Қазақ топырағында драматургияны дамытқандар қатарында Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Жұмат Шанин пьесалары ұлттық классикалық дәстүр жолын қалыптастырды және т.б. кейінгі толқын драматург-қаламгерлер шығармашылығы арқылы жалғасты. Драматургия саласындағы әдебиеттану мен театртану, өнертану тұрғысындағы егізделе, теориялық-тәжірибелік тұтастықпен өрілген зерттеулер, танымдық бағалаулар да үздіксіз жазылумен келеді. Аристотельдің «Поэтика», Никола Буалоның (1636-1711), «Поэтикалық өнер» (1674), Дени Дидроның «Актер туралы парадокс» (1773-1778 жылы жазылып, 1830 ж. жарық көрген), «Драмалық поэзия туралы», Гатхохольд Эфраим Лессингтің «Гамбургтік драматургия» (1767-1769) атты еңбектерінде классикалық драматургияның поэтикалық табиғаты туралы бағалаулар жазылды. Георг Вильгельм Фридрих Гегельдің (1770-1831), В. Г. Белинскийдің (1811-1848) еңбектерінде де драматургия мәселелеріне байланысты пікірлері бар. Әдебиеттану, театртану-өнертану тұрғысында жазылған қазақ зерттеушілерінің (С. Сейфуллин, М. Әуезов, Ж. Шанин, А. Тоқпанов, Ә. Тәжібаев, С. Ордалиев, Б. Құндақбаев, Р. Нұрғалиев, Р. Рүстембекова, Ә. Сығаев, Ә. Бөпежанова және т.б.) еңбектері осы саладағы зерттеулер жүйесін құрайды. XX ғасырдағы әдеби үдерістегі ұлттық әдебиет алыптарының драматургияны құрайтын шығармашылығы көрнек өнері туындыларына тән ортақ көркемдік-эстетикалық дүниетаным болмысын дәлелдеді. Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» (1926) кітабында «Айтыс-тартыс» тақырыбымен берілген драматургияға байланысты айтылған бағалау да сахналық қойылымның көру, қабылдау аясындағы танымдық-эстетикалық табиғатын түсінуге бағдарлайды: «Уақиға көз алдымызда болып, адамдардың тіршілік жүзінде айтысып-тартысып өмір шеккенін көреміз. Тіршілік майданында адамдардың ақылы жеткенше амалдап, қайратына қарай қару қылып, алысқаны, арбағаны, қуанғаны, жылағаны, ойнағаны, күлгені, сүйінгені, күйінгені, жауласқаны, дауласқаны, бітіскені, жарасқаны өмір жүзіндегідей көрініп, көз алдыңнан өтеді»
Қазіргі заманғы анықтама бойынша: «Драматургия (грек. Dramaturgіa – 1. драмалық шығарманы құрудың теориясы; 2. белгілі бір халықтың я автордың драмалық

шығармаларының жиынтығы») (Орысша-қазақша сөздік: 70 000 сөз / Н. Т. Сауранбаев, Г. Г. Мұсабаев, Ш. Ш. Сарыбаевтың редакциялық басшылығымен, қайта өңдеген және толықтырылған үшінші басылымы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 1152 б.; 227-б.). Қазақ драматургиясы – әлем өркениетіндегі классикалық жанрлар үлгілерімен үндес туындыларымен өзіндік даму белестерінен өтіп келеді. XX ғасырдың басындағы қазақ драматургиясы К. Тоғысовтың «Надандық құрбаны» (1915), Ж. Аймауытовтың «Рәбиға», «Ескерту», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар», «Қанапия мен Шәрбану», «Шернияз», Қошмұхаммед (Қошке) Кемеңгеровтің «Алтын сақина», «Парашылдар», «Ескі оқу», Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Ел ағасы», «Бәйбіше-тоқал», «Қарагөз», «Абай», «Хан Кене», «Қарақыпшақ Қобыланды», «Айман-Шолпан», «Тас түлек», «Шекарада», «Түнгі сарын», «Сын сағатта», «Намыс гвардиясы» (Ә. Әбішевпен бірігіп жазған), Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар», «Бақыт жолына», Бейімбет Майлиннің «Шаншар молда», «Ел мектебі, «Неке қияр», «Айша», «Сәлде», «Көзілдірік», «Майдан», «Аманкелді» (Ғ. Мүсіреповпен бірігіп жазған), Ілияс Жансүгіровтің «Кек», «Түрксіб», «Біздің жігіттер», «Исатай-Махамбет», Сәбит Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов», «Күрес күндерінде», Ғабит Мүсіреповтің «Аманкелді» (Б. Майлинмен бірігіп жазған), «Ақан сері – Ақтоқты», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» операсының либреттосы т.б. көрнекті драматург-қаламгерлердің (Ж. Шанин, Ә. Тәжібаев, Ә. Әбішев, М. Ақынжанов, т.б.) пьесалары-спектакльдері ұлттық әдебиет пен театр өнерін дамытуға мол үлес қосты. Қазақ драматургиясының жаңа толқын қаламгерлермен толығу кезеңі – XX ғасырдың 60-70 жылдары. Бұл кезеңдегі қазақ драматургиясына қосылған қаламгерлер (Қалтай Мұхамеджанов, Қанабек Байсейітов, Қуандық Шаңғытбаев, Тахауи Ахтанов, Сәкен Жүнісов, Әкім Тарази (Әкім Әшімов), бұлармен ілесе Әбіш Кекілбаев, Оралхан Бөкеев, Қалихан Ысқақов, Баққожа Мұқаев, Оразбек Бодықов, Дулат Исабеков, Асқар Сүлейменов, Софы Сматаев, Төлен Әбдіков, Нұрлан Оразалин, Иранбек Оразбаев, Сұлтанәлі Балғабаев, Жолтай Әлмашұлы, Роза Мұканова, т.б. каламгерлер қазақ драматургиясының көркемдік-эстетикалық қазынасын байыта түсті. Қазіргі қазақ драматургиясы әлемдік классикалық дәстүрді шығармашылықпен қабылдай отырып, ұлттық топырақтағы осы өнердің өркендеуіне жаңашылдықпен үлес қосып келеді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі салтанат құрған жылдары жазылып, бірқатары театр сахналарында қойылып келе жатқан әртүрлі такырыптардағы пьесалар классикалық драматургия жанрларының уақыт пен кеңістіктегі еміршең, ұлағатын айғақтайды. Қалихан Ысқақовтың «Қараша қаздар қайтқанда», «Таңғы жаңғырық», «Есеней — Ұлпан», «Жан қимақ», «Сабатаж!», «Қылкөпір», «Мазар», «Ерліктің екі сағаты», «Апатай», «Жәке-Жәкетай», «Сайқының тұқымдары», «Қазақтар» (Шахимарденмен бірлесіп жазған) барлығы жиырмаға жуық пьесасы бар. Дулат Исабековтің пьесалары да әралуан тақырыптық, жанрлық ерекшеліктерімен әдебиетіміздің драматургия саласының дамуы қорын молайтты. Драматургтің «Ректордың қабылдау күндері» (1975), «Әпке» (1982), «Ертеңді күту» (1979), «Мұрагерлер» (1982), «Алыстан келген ананас» (1984), «Кішкентай ауыл» (1986), «Анасын аңсаған қыз», «Ескерткіш операциясы», «Алтын тордағы топты» («Актриса»), «Ескі үйдегі екі кездесу», «Тор» пьесалары театрлар сахналарында үздіксіз қойылуда. Қаламгердің «Жеті желкен» (1987) атты таңдаулы пьесалар жинағы жарық көрген. Иранбек Оразбаевтың (Иранғайып) «Хайуандық комедия», «Алтын адам», «Естайдың Қорланы», «Қорқыттың көрі», «Махамбет», «Мауглидің оралуы», «Шоқан», «Мен ішпеген у бар ма?..», «Былыққа батқан қала» пьесалары бар.
Нұрлан Оразалиннің «Шырақ жанған түн», «Тас киіктер», «Ақ құс туралы аңыз», «Қара қазан ғасыры» пьесалары оның ақындық сыршылдығы ықпалындағы лирикалық, психологиялық сарындылығымен ерекшеленеді.

Сұлтанәлі Балғабаев – қазіргі казақ әдебиетіндегі көрнекті драматург-қаламгер. Жазушының «Ғашықсыз ғасыр», «Тойдан қайтқан қазақтар», «Ең әдемі келіншек», «Қыз

жиырмаға толғанда», «Қазақша күрес», «Жамбала, Мико және қасқыр», «Біз де ғашық болғанбыз», «Ғашықсыз ғасыр», «Әйелдер әлемі» пьесаларында өмір шындығының сан түрлі мәселелері камтылған.

Жазушының пьесаларында қазіргі заманғы отбасылық-тұрмыстық өзекті мәселелер драмалық, трагедиялық, комедиялық сипаттар тұтастығымен бейнеленген. Мысалы, «Ең әдемі келіншек» лирикалық-психологиялық әуенді пьесасындағы кейіпкерлер тағдыры қайшылықты тіршілік келбетін, әралуан адамдар тағдырларын романтикалық және реалистік болмысымен көз алдымызға әкеледі. Пьесаның басты кейіпкері – Гүлбаршын. Осыдан он жыл бұрын Алматыдағы жоғары оқу орнын бітіргендер сол айтулы күнді атап өту үшін жиналып, тойлап жатқан қауышулар сәттеріндегі сезім өрнектері, тағдырлар тоғысуы – сахналық койылым жағдайына орайластырыла берілген. Басты кейіпкер Гүлбаршын мен жанама кейіпкерлердің (Абдолла, Алтай, Жиенбай, Мадина, Зухра) монологтары мен диалогтары арқылы – әйелдер мен еркектер арасындағы шынайы махаббат пен тағдыр ықпалындағы қарапайым жұбайлық ғұмырға көнетін тұрмыстық психология қайшылығы көрсетілген. Студенттік жылдарының алғашқы курсында он алты жастағы Гүлбаршын бірге окитын Алтайға ғашық болған екен. Алтайға деген алғашқы махаббат сезімін ұмытпаған Гүлбаршынды аласапыран көңіл-күйдегі хал-ахуалымен көреміз. Өзі сүйген адамы Алтайға қосыла алмағандықтан, күйінішті болып жүрсе де, өлердегі сөзін айтып соңынан қалмай қойған Жиенбайға тұрмысқа шыққан, бірақ оның қызғаншақтығынан, ақыры сотталып кетуінен кейін жалғыз жүрген Гүлбаршын тектес тағдырларды елестетеді. Пьесаның сюжеттік-композициялық құрылысындағы Гүлбаршынның сырт сұлулығына, мінез тартымдылығына еліккен Абдолланың да, бұрынғы өзіне ғашық қыздың ықыласына қайта ие болғысы келген Алтайдың далбаса – екіұдай көңіл-күйі де сенімді өрілген. Пьесаның көркемдік_түйіні – ғұмырдың сұлулығы өзіңді жақсы көретін адамның сезімі екендігін бағалау. Пьесаның көркемдік шешімін танытатын кейіпкер Жиенбайдың диалогтары мен монологтары әйелді жан-тәнімен сүйген еркектердің орынсыз қызғанышқа ерік беретініне де, маскүнемдікке салынатынына да, қызғанған адамдарымен төбелесетініне де, содан сотталатынына да кейіпкер тағдыры сендіреді. Бірақ, өзі ғашық болып қосылған әйелден ешқашан ажырағысы келмейтін, жылдар өтсе де қайта қосылудан күдер үзбейтін еркек махаббаты Жиенбай тағдыры арқылы жинақталып берілген Пьеса сюжетінің шешімінде адамдардың алып-ұшқан асау сезім құрсауына қанша түссе де, бәрібір тұрмыс заңдылығына бағынатындығы дәлелденеді. Өзіне өліп-өше ұмтылған Абдоллаға да, бір сәттік қайта оянған сезімін білдірген Алтайға да берілмей, қанша алабұртып толқыса да, өзіндік өмірлік тұрағына мәңгілікке оралған Гүлбаршын тұлғасы арқылы тиянақты шешімді тектес адамдардың мінез-құлық психологиясы көркем шындықпен жинақтала көрсетілген.

Жазушының «Біз де ғашық болғанбыз», «Қыз жиырмаға толғанда», «Ғашықсыз ғасыр», «Әйелдер әлемі немесе ең жақсы еркек» атты пьесаларында да еркек пен әйел арасындағы сан алуан кайшылықтар егізделген тұрмыстық-әлеуметтік хал-ахуал мәселелері қамтылған.
«Біз де ғашық болғанбыз» пьесасының сюжеттік-композициялық желісінде заманымыздың ең өзекті мәселесі – отбасы бірлігінің сақталуы нысанға алынған. Қыз бен жігіт кезінде бірін-бірі ұнатып қосылған көп жұбайлардың отбасын құрып бірге тұру сынағына төтеп бере алмай, о бастағы тұтанған, шын сүю сезімін, махаббатты қорғай алмай ажырасып кететінін, бірақ екеуі де тап сондай кайталанбас ғажайып шынайы сезімді өмір бойы аңсап өтетінін, ажырасқандарына өкінетіндерін автор пьеса кейіпкерлері Дәукен (Дәуітрахымбай) мен Зияда тағдырлары арқылы дәлелдеген.
«Қыз жиырмаға толғанда» пьесасы адамның жүрек қалауы мен жұбайлық ғұмырдағы сыйластық, адамгершілік ар алдындағы жауапкершілік мәселесіне арналған. Басты кейіпкерлердің бірі Ғайыпберген – тұрлаулы сезімі жоқ, өзіндік күнделікті ұсақ-түйек тұрмыстың мәселелерін шашу үшін өзін шын ұнатқан қыздармен, әйелдермен көңілдес


ПОӘК 042-18-29.1.8/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

10беттің 8-беті


болудан ләззат алатын, тіршілік қозғалысындағы адамдарда шынайы махаббат, шын беріле сүю сезімінің болуын мойындамайтын адамдардың жинақталған бейнесі.
Асыл, адал сезім иесі Тәукенмен диалогы да өмір шындығын көз алдымызға әкеледі:
«Әй, жігіт! Білесің бе, дүниенің бәрін бүлдіретін, болмайтын нәрсені ойлап тауып жұрттың басын қатыратын мына сендер сияқты адамдар! Әр нәрсенің шегі болуға тиіс. Ғашықтық та, махаббат та солай! Біреуді сүй, ұнат, бірақ соншалықты фанатик болуға бола ма екен?! Өмірдің қарапайым логикасы бар емес пе?! Екеуі де бірін-бірі жақсы көретін және екеуінің де тал бойына бір міні жоқ керемет адамдардың қосылуы неғайбыл. Және қосылған күнде де өмір бойы махаббаттары жалындап, бір-бірінің бетіне карап, Қозы Көрпеш-Баяндай болып өтеді деп пе едін?!»

Ғайыпберген тектес адамдардың осындай жан ділі психологиясының ықпалымен тұрмыстық-әлеуметтік ортадағы азғындаудың, тұрлаусыздықтың, селқостықтың, салғырттықтың адамдар қарым-қатынастарындағы опасыздықтың, екіжүзділіктің, т.б. жағымсыз қасиеттердің мол орын алып келе жатқаны анық. Жазушы осындай адамдарды тани білу керектігін ұғындырғысы келген. Пьесада Жібекті шын сүйетін, аруы өзіне бұйырмаса да тек оған жақсылық тілеумен ғана өмірін өткізуге пейілді.
Пьесаның негізгі басты кейіпкер, Жібек пен оның жанындағы жанама кейіпкерлер (Жібектің анасы, Ғайни, тежілеулес достары Есімсейіт, Тәукен) – өмірдің, адалдыққа, пәктікке, шынайы сезімге толы болмысын дәлелдейтін тағылымын дәлелдейді. Басты кейіпкер Жібек – анасы Ғайни айтқандай: «Ақылы бар өзінің! Тек аздап қиялшылдау. Бала сияқты! Тауды, тоғайды, даланы жақсы көреді. Әкесі де сондай еді… Соған тартқан», – сипатымен танылады.

Пьеса – адамгершілік-имандылықтың, махаббаттың, ғашықтықтың адамзат

ұрпақтарына тән басты ұстаным екендігін дәлелдеуге құрылған туынды. Шығарма арқауындағы негізгі қайшылық – шынайы махаббат сезімі бар адамдар мен тұрлаусыздық, жеңіл ойлылық, көрсеқызарлық құрсауындағылар арасындағы үйлесімсіздік. Шығарманың алтын желісі – адамгершілік-имандылық қасиеттерінің мәңгілік үзілмейтін ұстанымының беріктігін, қуаттылығын таныту көзқарасы. Пьесаның композициясындағы идеялық желіні адамдарды өмір бойы ар, адамгершілік сотының алдында жауап беріп жүргендей мағынада алуы да дәйекті. Ал, пьесадағы бұрынғы ата-бабалардың алдыңғы буын өкілдерінің отбасылық ұйытқыны, ерлі-зайыптылар татулығын, еркек пен әйел махаббатының беріктігін кіршіксіз сақтаған касиетті дәстүрін бүгінгі ұрпаққа жеткізушілер, болашаққа ұластырушылар тұрпатын Жібектің анасы Ғайни бейнесі айқын елестетеді. Пьесаның сонында өзі ұнатқан адамның сұрықсыз, мағынасыз болып шыққан сықпытынан түңілген Жібектің екінішті сөздеріне анасы Ғайнидың айтқан жауабы рухани қуат беретіндей сенімді естіледі.
Пьеса соңында анасының сөздерінен қуаттанған кейіпкер Жібектің тілеулес досы Есімсейітке өзіне деген сенімін, жақсылық, сұлулық тұғырында болуға деген құштарлығын білдіріп тұрған толғаныстары да шығарманың идеялық тұжырымындай көрінеді. Қаламгердің «Ғашықсыз ғасыр» пьесасының такырыбы – отбасылық, ерлі-зайыптылық тұрмыс, идеясы – тіршілік қақтығыстарына төтеп бере алатын еркек пен әйел арасындағы шынайы махаббат сезімінің қуаттылығын таныту. Пьесадағы ең басты өзекті мәселе – өмірге келген, енді келетін жаңа ұрпақ тағдыры. Басты кейіпкерлері – біздің замандастарымыз. 47 жастағы ғылым докторы, профессор Қайырбай мен 43 жастағы ғылым кандидаты Фарида жастай бірін-бірі сүйіп қосылған, төрт перзенттері бар, кенжесі Жұлдыз – мектептегі жоғары сынып оқушысы. Тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы жақсы отбасы үшін пьеса сюжетіндегі шиеленісті жағдайы – Қайырбайдың ұлды болу мұратымен Нәзікеш есімді қызбен көңіл қосып, оның екіқабат болып үйге өзі іздеп келгені. Қазіргі үйінен амалсыз кетіп, бірақ ұл емес, қыз туған Нәзікешпен бірге тұрған кезі Қайырбай үшін жайлы болмады. Оқиғаның

ПОӘК 042-18-29.1.8/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

10беттің 8-беті


шиеленісті, шарықтау кездерінде Фарида мен Қайырбайдың қайта қауышуын, Қайырбайдың жүрек ықыласына ие бола алмаған Нәзікештің бөбекті Фаридаға әкелгенін, өзінің басқа жаққа кеткенін, Жұлдыздың сәби-сіңлісін жұбатып, жылы жүрекпен қабылдағанын көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет