«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
|
|
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»
|
БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ
|
|
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
ПРАВЛЕНИЯ
|
2013 жылғы 25 желтоқсан
Алматы қаласы
|
|
№ 285
город Алматы
| ҚР Әділет министрлігінде
2013 жылы 30 желтоқсанда № 9043 тіркелді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
«2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы
үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік
банкноттардың қатар айналыста болу
кезеңін белгілеу туралы»
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 107 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 107 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7622 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 17 мамырдағы № 244 (27318) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және
2012 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы
10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі – 2012 жылғы
10 сәуірден бастап 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығы болып белгіленсін.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Қ. Келімбетов
Достарыңызбен бөлісу: |