Балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары Негізгі ережелер



Дата05.07.2016
өлшемі81.32 Kb.
#179257
Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 18 маусымдағы 
№ 229 бұйрығына     
1-қосымша        
Балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары
1. Негізгі ережелер
      1. Осы Балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына,  «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағида) сәйкес әзірленді және балалар үйлері қызметінің (бұдан әрі – балалар үйі) тәртібін белгілейді.
      2. Балалар үйі заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкi, өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ банкте шоты болады және тәрбие бағдарламасын тәрбиеленушілердiң психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерiн қорғау талаптарына сәйкес дербес әзiрлейдi.
      3. Балалар үйі нақты мiндеттер мен балаларды ұстау, оқыту және тәрбиелеу, қызмет режимi ерекшелiктерiне қойылатын талаптарға қарай мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін құрылады.
      4. Медициналық көрсеткiштер бойынша немесе басқа бiр себептермен бұл балаларды тәрбиелеу мен оқыту бөлек жүзеге асырылуы тиiс болатын жағдайларды қоспағанда, бiр отбасының мүшелерi немесе туыстық қатынастағы балалар бiр бiлiм беру ұйымына жiберiледi.
      5. Мемлекеттік балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болады.
      6. Балалар үйінің міндеттері:
      1) мемлекеттiк көмек пен қолдауды қажет ететiн балаларға жататын орын бере отырып өмip сүру, оқыту және тәрбиелеу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету арқылы білім беру бағдарламаларын игеруге жағдай жасау;
      2) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершілiк және салауатты өмiр сүру салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшiн жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту;
      3) азаматтық пен елжандылыққа, өз еліне - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;
      4) Қазақстан Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;
      5) әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрып дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк, орыс, шетел тiлдерiн білу;
      6) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру;
      7) тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық психологиялық педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету.
      7. Балалар үйі өз жарғысын «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің, «Білім туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының, «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499, «Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені коспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы № 919 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының және осы қағиданың негізінде әзірлейді.
2. Тәрбиелеу процесін ұйымдастыру
      8. Балалар үйінде әр түрлi және бір жастағы топтар құрылады. Топтардағы балалар саны он бес адамнан аспауы тиіс.
      9. Тәрбиеленушілердің тұруын және тәрбиелеуді ұйымдастыру олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып құрылады.
      10. Күн тәртібі тәрбиеленушілердің балалар үйінде тәулік бойы болуын ескере отырып құрылады.
      11. Балалар үйінде тәрбие жұмысы тәрбиеленушілердiң қызығушылығын, бейiмдiлiгі мен психикалық-дене ерекшелiктерiн ескере отырып, балалар мен ересектердiң ынтымақтастығы қағидатымен жүргiзіледi.
      12. Балалар үйінде тәрбиеленушілердiң патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары мораль және адамгершiлiк сезiмiн қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған әртүрлi клубтар, секциялар, үйiрмелер, студиялар құрылуы мүмкiн.
      13. Балалар үйі тәрбиеленушілердің қызығушылығын ескере отырып, олардың жалпы бiлiм беретiн мектептегі, оқушылар сарайлары мен үйлерiндегі, жас техниктер мен жас натуралистер станцияларындағы, спорт және музыка мектептерiндегі, сондай-ақ басқа да мектептен тыс ұйымдардағы үйiрмелер мен секцияларға баруын қамтамасыз ету арқылы белсенді нығайған тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.
      14. Еңбекке баулу және үйрету жұмысшы кадрлар сұранысына бағытталған аймақтық, жергілікті жағдайларда және психикалық-денелік, денсаулығының жеке ерекшелiктерiн, мүмкіндіктерін, сондай-ақ, жеке еңбек қызметі үшін тәрбиеленушінің дайындығын қоса алғанда, еңбек кәсібін таңдау негізінде тәрбиеленушілердің қызығушылықтарын ескере отырып оқыту шеберханаларында, қосалқы шаруашылықтарында, өнеркәсіптерде, ұйымдарда жүзеге асады.
      15. Балалар үйі тәрбиеленушілердің келісімімен шарт бойынша және көрсетілген қызмет түріне тиісті лицензиясы (рұқсат) болған жағдайда білім қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен бірлесе отырып тәрбиеленушілердің пікірін есепке ала отырып кәсіби дайындығын жүргізуге болады.
      16. Балалар үйінің мектеп жасына дейінгі бөлімшелері (топтары) өз қызметінде Үлгілік қағиданы және осы Қағиданы басшылыққа алады.
      Балалар үйінің мектеп жасына дейінгі бөлімшесіндегі (тобындағы) тәрбиеленушілер жасерекшелік топтарына бірігеді:
      1) 3-тен 4 жасқа дейін – кіші топ;
      2) 4-тен 5 жасқа дейін – орта топ;
      3) 5-тен 6 (7) жасқа дейін – балаларды мектепте оқытуға бағытталған мектепалды топ.
      Психофизиологиялық ерекшеліктер, интеллектуалдық даму және туыстық қатынастар ескеріле отырып түрлі жастағы мектепке дейінгі топтар бағыттар бойынша құрылады.
3. Оқу-тәрбие процесіне қатысушылар, балалар үйінің
қызметкерлері
      17. Балалар үйінің мектеп жасындағы тәрбиеленушілері тиісті елді мекендегі жалпы білім беретін мектепте білім алады.
      18. Балалар үйлеріне бүкіл күнтiзбелiк жыл бойында туылғаннан бастап 18 жасқа дейінгі:
      1) жетім-балалар;
      2) ата-аналық құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасының хабарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабілетi шектелуi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемесiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады.
      19. Балаларды балалар үйіне орналастыру үшін Үлгілік қағиданың 12-тармақшасында көрсетілген құжаттар тізімі болған жағдайда, жергілікті атқарушы органның балалар үйіне жолдау туралы шешімі негіз болып табылады.
      20. Тәрбиеленушінің балалар үйінен басқа ұйымға ауысуы психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы және балалар үйінің сенімгерлігі негізінде білім беру басқармасымен жүзеге асырылады. Осыған орай білім басқармасы ауыстыру туралы тиісті бұйрық дайындайды.
      21. Балалар үйі тәрбиеленушілерін шығару балалар үйі педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша, ол жоқ болса – балалар үйі әкімшілігінің шешімі бойынша іске асады.
      22. Тәрбиеленушінің балалар үйінен ауысуы (шығуы) кезінде жеке іс-қағаздары тәрбиеленуші тұратын және білім алатын ұйымның өкіліне беріледі, ол туралы журналда тиісті жазба жазылады.
      23. Балалар үйінде психологиялық сүйемелдеу, тәрбиеленушілермен және қызметкерлермен консультациялық және профилактикалық жұмыстарды педагог-психолог жүзеге асырады.
      24. Педагог-психолог:
      1) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалдық әсерленушілік жағдайындағы тәрбиешілерге, тәрбиеленушілерге психологиялық көмек пен қолдауды жүзеге асырады;
      2) тәрбиеленушілердің әлеуметке қарсы әрекеттерін ескертеді және оларды уақтылы түзетуді жүзеге асырады;
      3) тәрбиеленушілермен, олардың туыстары және педагогтармен психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік жұмыстарды жүргізудің түрлері мен әдістерін таңдайды.
      25. Тәрбиеленушілердің жеке психологиялық медициналық педагогикалық ерекшеліктерін, олардың өмір сұру жағдайын зерделеуді, уақытында әлеуметтік көмек көрсетуді әлеуметтік педагогтар жүзеге асырады.
      26. Әлеуметтік педагог:
      1) мүдделі ведомстволармен байланысты жүзеге асырады, тәрбиеленушілер мен бітірушілердің құқықтарын сақтау және заңды мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік бейімделуі мәселелері бойынша балалар үйінің әкімшілігіне, тәрбиешілерге көмек көрсетеді;
      2) тәрбиеленушілердің картотекасын, дерек қорын құрады;
      3) кәсіби бағдар беру жұмысын және тәрбиеленушілердің еңбекпен қамтылуын іске асырады;
      4) әлеуметтік және мектептік бейәлеуметтенуін түзейді;
      5) психологпен бірге өмiрде қиын жағдайға тап болған балалармен жұмыс жүргізеді, консультация, сауалнама және рейдтік іс-шараларды іске асырады;
      6) тәрбиеленушіге тиісті жәрдемақылардың уақтылы рәсімделуі; тәрбиеленушілердің тұрғын үйінің сақталуы, тұрғын үй алуға кезекке қою бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      7) тәрбиеленушінің жеке іс-құжатын қалыптастыру бойынша жұмысты іске асырады.
      27. Тәрбиеленушілерге медициналық қызмет штаттық медициналық қызметкермен қамтамасыз етіледі.
      28. Балалар үйі медициналық қызметкерлерінің негізгі функцияларына:
      1) тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайын, физикалық және психикалық дамуын бақылау;
      2) жылына екі рет тереңдетілген медициналық тексерулерді, профилактикалық және емдік-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, олардың тиімділігін бағалау;
      3) санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіптеменің орындалуына медициналық бақылау;
      4) тағам сапасына бақылауды жүзеге асыру, тәрбиеленушілердің оқу және оқудан тыс іс-әрекетінде рационалды тәртіптемені сақтау, еңбекке баулу процесінде санитарлық-гигиеналық талаптарды қамтамасыз ету;
      5) денсаулық жағдайларын ескере отырып, тәрбиеленушілерге кәсіби ұсыныстар беру;
      6) тәрбиеленушілермен гигиеналық тәрбие бойынша жұмыс, санитарлық-ағартушылық білімді насихаттау кіреді.
      29. Тәрбиеленушінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, сонымен қатар, білім беру ұйымы әкімшілігінің оны ұстау, тәрбиелеу және жалпы орта білім алуы үшін жағдайлармен қамтамасыз ету бойынша қызметін орындамау немесе тиісті деңгейде орындамау, немесе өз құқықтарын асыра пайдалану кезінде бала өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қамқоршылық және қорғаншылық қызметін жүзеге асыратын органға, 14 жасқа толған жағдайда сотқа жүгінуге құқылы.
      30. Балалар үйін басқаруды білім беру ұйымдарының құрылтайшысы тағайындайтын директоры жүзеге асырады.
      31. Балалар үйінің директоры:
      1) заңнамада белгіленген тәртiппен балалар үйі қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      2) өзге де ұйымдармен өзара қатынаста білім беру ұйымын бiлдiредi;
      3) балалар үйін басқару құрылымын және штаттық кестені, лауазымдық міндеттерді үлестіріп, бекітеді;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамаларында және балалар үйінің жарғысында көзделген өзге де функцияларды орындайды.
      32. Балалар үйі жергілікті жағдайларға байланысты оқу шаруашылықтарын, оқу-тәжірибе учаскесін, оқу-өндірістік шеберханаларды құра алады.
      33. Балалар үйін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      34. Балалар үйіне қосымша қаражаттың түсуі нормативтерді және балалар үйінің құрылтайшысының есебінен қаржыландырудың абсолюттік өлшемін төмендетуге алып келмейді.
      35. Балалар үйі іс-жүргізуді жүргізеді және бағыныстылығына қарай білім органдарына есептілікте болады.
      36. Балалар үйінің халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халықаралық шарттар, келісімдер, конвенциялар негізінде жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет