116
Автор: Бұлдырмерген
сауыт-сайманын сайлап, алтын мүйізді шалға
ілеседі. Олар жердің үсті мен астын жалғастыратын үңгірден өтіп, қарттың
еліне барады. Бұлдырмерген бойына бар күш-қуатын жинап, қолына жүз
құлаш алмас семсер алады да айдаһар жатқан сайға келеді.
Жотаға шықса,
боран соғып тұр екен. Желдің қаттылығы сонша, таудың екі бетіндегі тасты
ұшырып кетіп жатыр.
Бұлдырмерген қаһарланып, семсерді қолына қөлденең ұстап, күшті
леппен тартып жатқан айдаһарға қарай жүреді. Сұрапыл боран оны ұшырып
отырып, айдаһардың аузына бір-ақ алып барады.
Өткір семсер жауыз
жыланның екі езуін тіліп, құйрығынан бір-ақ шығарады.
Ортасынан қақ
бөлінген айдаһар қимылдауға шамасы келмей, ақыры өледі. Алай-дүлей
соққан боран да тына қалады. Боран айдаһардың лебі екен. Айдаһардан жапа
шеккен жұрт шат-шадыман қуанышқа бөленеді.
Бұлдырмергенді қоршап
алып, қошеметтеп, еліне алып келеді. Ұлан-асыр той жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: