Практическая работа по развитию способности к выразительному чтению через произведения разных жанров по «Литературному чтению»



Pdf көрінісі
бет66/100
Дата19.07.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475729
түріПрактическая работа
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   100
4. Развитие навыков выразительного чтения

БұлдырмергенОтағасы, ендеше, сол Бұлдырмерген мен боламын!  
Шал: Олай болса, балам, сені іздеп шыққан шаруамды айтайын. 
Бұлдырмерген: Айтыңыз! 
Шал: Менің балам жер астындағы елдің ханы еді. Мен – туған 
əкесімін. Елімізге жақын жерде терең бір сай бар еді. Жиырма жыл болды
соны бір жеті басты айдаһар мекендеп алды. Жұма сайын бір ұл, бір қыз, он 
қой салық алғызып жейді. «Салымға көнбесең, бүкіл ел-жұртыңды 
қаласымен қоса жұтамын», – дейді. Оның үстіне сол сайдың маңына барған 
адам болсын, мал болсын, əйтеуір, тірі қайтпайды. Соған ешкімнің күші 
жетпейді. Оны тек Бұлдырмерген ғана жеңеді деген соң, халқымызға бір 
жақсылық бола ма деп, сені іздеп шығып едім!
Бұлдырмерген: Малға у жағып, айдаһар жатқан сайға жібермедіңіздер 
ме? Соны жұтса, уланып өлмес пе еді?  
Шал: Оны да жасап көрдік, балам. Жауыз удан өлмеді. Жұртымызды 
жұтып тауысатын болды. Қолыңнан келсе, көпшілік үшін аянба, шырағым!  
Бұлдырмерген: Жарайды!  


116 
Автор: Бұлдырмерген сауыт-сайманын сайлап, алтын мүйізді шалға 
ілеседі. Олар жердің үсті мен астын жалғастыратын үңгірден өтіп, қарттың 
еліне барады. Бұлдырмерген бойына бар күш-қуатын жинап, қолына жүз 
құлаш алмас семсер алады да айдаһар жатқан сайға келеді. Жотаға шықса
боран соғып тұр екен. Желдің қаттылығы сонша, таудың екі бетіндегі тасты 
ұшырып кетіп жатыр. 
Бұлдырмерген қаһарланып, семсерді қолына қөлденең ұстап, күшті 
леппен тартып жатқан айдаһарға қарай жүреді. Сұрапыл боран оны ұшырып 
отырып, айдаһардың аузына бір-ақ алып барады. Өткір семсер жауыз 
жыланның екі езуін тіліп, құйрығынан бір-ақ шығарады. Ортасынан қақ 
бөлінген айдаһар қимылдауға шамасы келмей, ақыры өледі. Алай-дүлей 
соққан боран да тына қалады. Боран айдаһардың лебі екен. Айдаһардан жапа 
шеккен жұрт шат-шадыман қуанышқа бөленеді. Бұлдырмергенді қоршап 
алып, қошеметтеп, еліне алып келеді. Ұлан-асыр той жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет