Практикалық сабақ № 1
Электрондық оқытудың әдістері мен құралдары. Электрондық дидактикалық материалдарды жасау, виртуалды білім беру мекемелеріне қол жеткізу және білім беру ақпаратын жеткізу, бақылау және өзін-өзі баұылау тетіктері, оқу бағдарламаларын ұсыну, қашықтықтан оқыту ортасында оқу процесін басқару құралдары.
Мақсаты:
Оқушылардың ойлауын дамыту үшін оқытудың электронды оқыту технологиясын қолдана отырып, сабақтар мен сабақтардан тыс іс-шараларды өткізу тәжірибесін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: электронды оқытуды пайдалана отырып, білім алушыларға дивергентті типтегі тапсырмаларды шешуге үйрету; гипотезаларды ұсыну және заңдылықтарды табу міндеттері, күрделі, шығармашылық мәселелерді тұжырымдау.
Дамытушылық: Бүйірлік ойлауды дамыту: мәселеге әр түрлі көзқараспен қарай білу.
Тәрбиелік: Гипотезаны эксперименттік растау немесе жоққа шығару арқылы зерттеулерді өз бетінше орындауға үйрету.
Жоспар:
Электронды оқыту дегеніміз не?
Электронды оқытудың мәні мен маңызы неде?
Электрондық оқытудың әдістері мен құралдары.
Электрондық дидактикалық материалдарды жасау
Электронды оқулық дегеніміз не?
Электронды оқыту дегеніміз не? Электрондық оқыту – кешенді емес біртұтас, дидактикалық, әдістемелік, интерактивті бағдарламалық жүйе және ол оқу материалынан кездесетін қиындықтарды артта қалдырады әрі мультимедианың соңғы мүмкіндіктерін қолданып, ғылыми зерттеу әдістерін толықтырады. Бұл жерде оқытудың түсінікті, кең көлемде қарастырылған материалы қолданылады.
Диактикалық заңдастырылған жалпы білім әдістемелік аспектілер, арнайылап оқыту, негізгі пән немесе пәндер тобы және электрондық оқытудың бағдарламалық нақтылығымен өзара тығыз байланыста болады. Электрондық оқыту – бағдарламалық-әдістемелік кешен, өзіндік немесе мұғалімнің көмегімен білім курсындағы бөлімнің мүмкіндігін электрондық түрде қамтиды.
Электрондық оқыту, негізінен, үш бөліктен құрастырылады: негізгі ақпараттық курс бөлімінен тұратын презентациялық бөлім, алған білімдері бойынша бекітілетін жаттығулар, оқушының білімін көлемді түрде бағалау үшін тесттер. Компьютерлік оқыту негізгі оқулықты, анықтаманы, есептеушіті, зертханалық жұмыстарды бір-бірімен байланыстырады.
Электрондық оқыту – таныстыратын теориялық материал, білімнің көрсеткішіне қарай біліммен жаттықтыруды қаматмасыз ететін, оқу үрдісін үзіліссіз дидактикалық материалдармен қамтамасыздандыратын, сонымен қатар ақпараттық іздеу, математикалық және компьютерлік визуалдаумен имитациялық моделдеу интерактивті кері байланыстармен шарт бойынша функцияларды үйренуге арналған бағдарламалық кешенді жүйе. Электрондық оқыту барлық негізгі функцияларды, теориялық материалдарды көрсету, бірінші білімді алып қабылауды көрсету, өзіндік білім алудың жаттығулары мен бақылау көрсеткіштерін қамтамасыз етеді. Дидактикалық цикл үрдісін бірыңғай компьютердің көмегімен оқу үрдісін ұйымдастырып, оқушылардың білім алуда уақыттарын үнемдеп, автоматты түрде дидактикалық циклі бір ғана жұмыспен – электрондық оқулықпен орындау керек. Оқыту үрдісін жаңаша түрде орындау үшін компьютерлік диалогтық қатынасты дұрыс орынға қою керек. Мультимедианың әдістемелік күші оқушыны дыбыспен, көрермендік бейнемен тез қызықтырып, ақпараттық және көңіл күйіне де көмек береді.
Достарыңызбен бөлісу: |