Практикум 1219000 «Нан пісіру, макарон жəне кондитерлік өндірісі»


ІІ. ШИКІЗАТТЫҢ, ЖАРТЫЛАЙ ДАЙЫНДАЛҒАН ЖƏНЕ ДАЙЫН



Pdf көрінісі
бет90/149
Дата20.01.2023
өлшемі4.42 Mb.
#468568
түріПрактикум
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   149
14. Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісінің технологиясы бойынша зертханалық практикум

ІІ. ШИКІЗАТТЫҢ, ЖАРТЫЛАЙ ДАЙЫНДАЛҒАН ЖƏНЕ ДАЙЫН 
ӨНІМДЕРДІҢ САПАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН АЙҚЫНДАУ 
БОЙЫНША СТАНДАРТТЫ СЫНАҚТАРДЫ ЖҮРГІЗУ 
 
2.1. Шикізаттың жəне тамақ өнімдерінің биологиялық қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету бойынша рəсімдер 
Шикізаттың жəне тамақ өнімдерінің биологиялық қауіпсіздігін растау 
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында 
белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады. 
Шикізаттың жəне тамақ өнімдерінің сəйкестендіру үшін білу қажет: 
1) шикізаттың жəне тамақ өнімдерінің партиясының мөлшерін 
айқындау; 
2) сəйкестендіру əдістері (күнін белгілеу, тамақ өнімдері партиясын 
кодтау, технохимиялық жəне микробиологиялық бақылау); 
3) қайтар жолын қадағалау мақсаты үшін тиісті жазбалар жүргізу 
рəсімдері арқылы қамтамасыз етіледі. 
Шикізаттың жəне тамақ өнімдерінің бумасында мынадай деректерден 
тұратын анық жəне өшпейтін сəйкестендіру жазбасы болуға тиіс: 
1) тамақ өнімдерінің атауы жəне сериясының немесе түрінің белгіленуі, 
нөмірі; 
2) өндірушінің атауы жəне оның заңды мекен жайы; 
3) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық 
регламенттерде көзделген жағдайлардағы сəйкестік белгісі; 
4) дайындалған күні жəне жарамдылық мерзімі. 
Техникалық регламентпен айқындалған тамақ өнімдерінің жекелеген 
түрлерінде жəне оның бумасында өндіру объектісінің Қазақстан 
Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен берілетін есептік нөмірі 
міндетті түрде көрсетіледі. Барлық ықтимал əсері бар қатерлер 
сəйкестендірілуге тиіс. Шикізаттың жəне тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету жөнінде қолданылатын шаралар қатерді талдауға негізделуге 
тиіс [16]. 
Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің қатерін бағалау кезінде қолдағы ғылыми 
деректер, өңдеудің жəне өндірудің тиісті əдістері, инспекциялау, іріктеп 
бақылау, зертханалық зерттеулер əдістері, оның ішінде биологиялық əдістері, 
нақты аурулардың болуы жəне таралу деңгейі, пайдаланылуға тиіс. 
Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің қатерін бағалау: 
1) адам ағзасына жəне тамақ өндірісі үшін қажетті жануарларға зиянды 
əсер етуі мүмкін сипаттамаларды анықтау; 
2) əрбір анықталған ықтимал əсері бар қауіптің адам ағзасына əсерін 
жəне олардың салдарын талдау; 
3) анықталған қатерлерді шектеу шараларын айқындау жолымен 
жүзеге асырылады. 
Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің қатерін бағалау тамақ өнімдерін 
зертханалық зерттеу барысында қатерлерді кешенді бағалау ретінде жүзеге 
асырылады. Тамақ өнімдерін əзірлеудің, өндірудің, айналымының, кəдеге 
жаратудың жəне жоюдың барлық үдерістерінде қатерді бағалау жəне оны 
шектеу жөніндегі шаралар туралы мəліметтер нормативті-техникалық 
құжаттамада болуға тиіс. 
Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы 
заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкес қатерге талдау жүргізілмей, 
тамақ өнімдерінің жаңа түрлерін əзірлеуге жол берілмейді. Қатерді басқару 
қатерді бағалау нəтижелеріне, адам өмірі мен денсаулығына ықтимал зиянды 
əсер етудің алдын алу принципіне негізделуге тиіс. Қатерді талдау жəне 
бағалау кезінде адам өмірі мен денсаулығына зиянды əсердің ықтималдығы 
сəйкестендірілген, бірақ қолдағы ғылыми деректер оның дəрежесін айқындау 
үшін жеткіліксіз болған жағдайларда уəкілетті органдар қатерді басқару 
жөнінде уақытша шаралар қолдануға құқылы. Қатерді басқару жөніндегі 
уақытша шаралар қатердің дəрежесін анықтайтын ғылыми деректер алу үшін 
қажетті ең аз уақыт кезеңі ішінде қайта қаралуға тиіс [13]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет