81
Биологиялық
пробирка
Центрифугаға
арналған пробирка
Шустер
тамызғышы
Тамызғыш
Сурет 2.2. Пробиркалар мен пипеткалар
Тапсырма: Əртүрлі мəлімет көздерін пайдалана отырып,
кестені
толтырыңыздар.
Колбаның суреті
Сипаттамасы
Микробты өсіру үшін қолданатын пробиркаларды, колбаларды
мақтадан жасалған тығындармен жабады.
Олар культураны басқа
микрофлорамен ластанудан жөне кебуден сақтайды. Тығын арқылы
культура мен сыртқы орта арасында газ алмасуы жүреді. Сондықтан
тығындар сүзгі
сияқты тығыз, бірақ өте тығыз болса культураның ауамен
қамтамасыз етілуі қиындайтынын естен шығармаған жөн. Тығын дайындау
үшін жай, суды нашар сіңіретін мақтаны пайдаланады. Өйткені су сіңіргіш
мақта тез ылғалданып, микробтың өсуіне қолайлы жерге айналады [13].
Тығын дайындау үшін мақтаның бір үзімін алып шеттерін бүгеді де,
білік дайындайды. Тығынды тығыздау үшін екі алақанның ортасына салып
шиыршықтайды. Тығынның ұзындығы 4см, жуандықтары тығындалатын
ыдыстың аузын сай болуы тиіс. Білікті төртбұрышты етіп кеседі: дəкемен
шеттерін
ішіне қарай қайыра отырып, түбін жіппен мықтап байлайды.
Дайындаған тығындарды ыдыстармен бірге автоклавтан өткізіп,
стерилдейді.
Таза құрғақ түтіктерді стерилдеу үшін оның жоғары жағын мақтамен
бітейді. Лента тəрізді пергамент қағазын салып, түтіктің
ұшынан бастап
жоғары қарай спираль тəрізді орап бекітеді. Ораудың сыртына түтіктердің
сыйымдылықтарын қарындашпен жазады. Бірнеше түтіктерді біріктіріп
орап стерилдейді. Колбаларды, пробиркаларды
мақта тығындарымен
тығындап, оның сыртынан қағазбен орап стерилдейді. Петри ыдысын
төртбұрышты пергамент қағазымен конверт тəрізді етіп орап стерилдейді
[13].
Достарыңызбен бөлісу: