Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) «5 институционалдық реформаны орындау үшін 100 нақты қадам» (91, 92, 93-қадамдар) – Ұлт жоспары шеңберінде Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығымен бекітілген Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 625 Жарлығымен бекітілген Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі – Есеп комитеті) ұсынымдарын одан әрі іске асыру мақсатында әзірленген.
Заң жобасымен 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.
Заң жобасы мынадай бағыттар бойынша бюджет заңнамасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қамтиды:
1. Министрлер мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері үшін түйінді индикаторларды бекіту.
5 институционалдық реформаны орындау жөніндегі 91.1-қадамды іске асыру шеңберінде министрлер мен әкімдер үшін нақты түйінді индикаторларды бекіту мақсатында Премьер-Министрмен жасалатын меморандумдарда министрлер мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері үшін түйінді индикаторларды жыл сайын бекіту көзделеді.
2. Стратегиялық жоспар мен бюджеттік бағдарламалардың жаңа форматын енгізу.
5 институционалдық реформаны орындау бойынша 92.2-қадамды іске асыру мақсатында шешуші нысаналы индикаторлар бөлігінде стратегиялық жоспарларды қайта форматтау шеңберінде стратегиялық жоспар мен бюджеттік бағдарламалардың жаңа жеңілдетілген форматын әзірлеу көзделіп отыр.
Міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштері (оларды бюджеттік бағдарламаларға біріктіре отырып), сондай-ақ іс-шаралар (оларды операциялық жоспарларда көрсете отырып) стратегиялық жоспардан алып тасталады. Стратегиялық жоспардың жаңа форматы стратегиялық бағыттарды, мақсаттар мен нысаналы индикаторларды ғана қамтитын болады.
Бұл ретте стратегиялық жоспарға «Саланың/аяның басым бағыттары» және «Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланыс архитектурасы» деген жаңа бөлімдер енгізіледі.
Бюджеттік бағдарламалардан сапа және тиімділік көрсеткіштері алып тасталады.
Сонымен қатар «нәтиже көрсеткіштері», «түпкілікті нәтиже» және «тікелей нәтиже» деген ұғымдар нақтылануда.
3. Бюджет шығыстарының стратегиялық жоспардың мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланысын күшейту мақсатында стратегиялық жоспардың жаңа форматын енгізуге байланысты стратегиялық жоспардың мақсаттарына сәйкес стратегиялық жоспарды әзірлейтін мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларын қалыптастыру көзделеді. Бұл стратегиялық жоспардың бір мақсатына қол жеткізуге бағытталған шығыстарды бір бюджеттік бағдарламаға қамтуды болжайды.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервін пайдалану жағдайларын қоспағанда, бөлінетін бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерін көрсетудің бірыңғай тәртібін белгілеу мақсатында бюджеттік бағдарламаның қаражатын бөлетін әкімшінің бюджеттік бағдарламасында түпкілікті нәтижені көрсету бойынша, ал тікелей нәтижелерді – стратегиялық жоспар мен бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізу арқылы бөлінетін бюджеттік бағдарлама есебінен қаражатты алатын әкімшінің бюджеттік бағдарламасында көрсету жөніндегі норма енгізіледі.
Ұқсас тәсіл жергілікті атқарушы органдарға да қолданылады.
5. Бюджет жобасы мен оның атқарылуы туралы есепті ұсыну форматын өзгерту.
5 институционалдық реформаны орындау бойынша 92.3-қадамды іске асыру шеңберінде нәтижелерге қол жеткізуге назар аудара отырып, бюджет жобасы мен оның атқарылуы туралы есепті ұсынудың жаңа форматын енгізу мақсатында:
республикалық бюджет туралы заң жобасына, жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасына түсіндірме жазбада және бюджеттік өтінімде стратегиялық жоспардың немесе аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттары мен жоспарланып отырған нысаналы индикаторлары, мемлекеттік органдар жұмысының тікелей және түпкілікті нәтижелерінің нысаналы индикаторлармен және мәлімделген бюджеттік шығыстармен өзара байланыстағы сипаттамаларын көрсету;
Парламентте республикалық бюджет жобасын және мәслихатта жергілікті бюджет жобасын қарау кезінде стратегиялық жоспарлардың жоспарланған нысаналы индикаторлары (бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелері) туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшыларын тыңдау;
республикалық, жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы жылдық есепте аумақтарды дамыту бағдарламалардың нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, оларға қол жеткізілмеу туралы ақпаратты көрсету;
аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуы, бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшыларын, сондай-ақ Парламентте республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау кезінде, мәслихатта жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарау кезінде тыңдау көзделіп отыр;
6. Мемлекеттік органдардың дербестігін кеңейту және жауапкершілігін күшейту мақсатында (91.2-қадам) мемлекеттік органдарға бюджетті атқару барысында бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік кіші бағдарламалар арасында бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың жылдық көлемін өзгертпей және бюджеттік және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен келісім бойынша қаражатты:
мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органдармен келісу бойынша ағымдағы бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік кіші бағдарлама арасында;
бюджеттік бағдарлама бойынша бекітілген соманың 10 %-ына дейін мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органдармен келісу бойынша, 10 %-дан жоғары бюджеттік комиссияда міндетті түрде қарай отырып, инвестициялық жобалар арасында;
дербес бір ағымдағы бюджеттік бағдарламаның бюджеттік кіші бағдарлама іс-шаралар арасында дербес қайта бөлу құқығы беріледі.
Сондай-ақ Бюджет кодексінде «игерілмеу», «атқарылмау» деген ұғымдар енгізіледі.
7. 5 институционалдық реформаны орындау бойынша 93.2-қадамды іске асыру мақсатында Қаржылық бақылау комитеті үшін бұзушылықтардың жолын кесу үшін дерекқорды пайдалана отырып бақылаудың өзге түрі ретінде камералды бақылауды енгізу көзделуде.
8. Әртүрлі көздер (сыртқы қарыздар, гранттар, Ұлттық қор) есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды неғұрлым толық қаржылық мониторингтеуді жүргізу мен есепке алу мақсатында қаржыландырудың әрбір түріне арналған осындай бағдарламалар үшін бөлек бюджеттік кіші бағдарлама бөлу көзделеді.
9. Ұлттық қордың қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында жыл қорытындысы бойынша кепілдендірілген трансферт туралы және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңдарда белгіленгеннен аз сомада Ұлттық қордың республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт тарту мүмкіндігін көздейді.
Сондай-ақ, жыл қорытындысы бойынша республикалық бюджеттен нысаналы трансферттің бір бөлігі пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған)
жағдайда оларды Ұлттық қорға қайтаруды жүзеге асыру көзделеді.
10. Бюджетті жоспарлау сапасын жоғарылату мақсатында мемлекеттік тапсырма ретінде жоспарланатын әкімшілік бюджет шығыстарына бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік орган қорытындысын ұсыну көзделеді.
11. Заңнамаға сәйкес қарыз алушыға қатысты тездетілген оңалту рәсімдерін қолдану немесе оңалту рәсімдерін енгізу кезінде қарыз алушыларға қарыз алушыны оңалту мен банкроттыққа жол бермеу жөніндегі шараларды ұсыну мақсатында оңалту жоспарына сәйкес бюджет кредитін қайта құрылымдауды жүргізу ұсынылады.
12. аудит нәтижелерін есептей отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп беру сапасын жоғарылату мақсатында жылдық есепті жасау мен ұсыну мерзімін өзгерту көзделеді (1 сәуірден – 1 мамырға, 1 мамырдан – 1 маусымға).
13. Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы ағымдағы трансферттердің сомаларын жоғары тұрған бюджетке қайтару тәртібі регламенттеледі.
14. Секвестрлеу жүргізу кезінде бюджеттік бағдарламалар шығыстарының басымдылығын ескеру үшін Бюджет кодексінде бюджет шығыстарын секвестрлеуді жүзеге асыру жөніндегі норма нақтылануда. Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша бекітілген жылдық көлемнің кемінде 10 % сомасына әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша емес, тұтастай алғанда бюджет шығыстары бойынша (секвестрлеуге жатпайтын шығыстарды қоспағанда) шығыстарды секвестрлеуді жүргізу ұсынылады.
Заң жобасымен бюджеттік рәсімдерді жетілдіруге байланысты және нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингінің нәтижелері бойынша түзетулер енгізіледі.
Бұдан басқа, заң жобасымен Заң жобасын қабылдау мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігін арттыруға және тұтастай алғанда бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.
Заң жобасын іске асыру бюджеттен қаржы шығындарын көздемейді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Достарыңызбен бөлісу: |