Орталық Қазақстан Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Пән: Философия
Дәріс-презентация№11
Өнер философиясы
Құрастырған:
философия ғылымдардың докторы, профессор Мирзабекова А.Ш.
Қарағанды
2019-2020 оқу жылы
- Өнер - мәдениет феномені
- Өнер философиясының тарихи типтері
- Эстетика өнер философиясының теориялық негізі ретінде
- Қазақ халқының өнер философиясы
Өнер
Өнер - бұл көркем кейіпі түрінде шындықты шығармашылықпен бейнелеу және жаңғырту. Көркем шығармашылық - бұл идеяны сезімдермен қабылданатын бейнелерде іске асыру.
Өнер деп көркем шығармашылықты да, оның нәтижесін - көркем өнімін де атайды.
Өнер қоғамдық сананың түрлеріне жатады.
Өнердің адам әлемінде орны
Әрбір адам үшін өнер - өмірдің ажыратылмас бөлігі.
Өнер адамға жақсы әсер етеді, көңіл-күйін көтеріп, басқа адамдардың ішкі жан дүниесін, сезімдерін түсінуге, олардың қуанышы мен уайымына ортақ болуға бағыттайды
Өнер арқылы танымның ерекшеліктері - Дүниені көркем кейіптер арқылы бейнелеу
- Сезімдермен қабылданатын көрнекі сипаты
- Дүниені субъективті қабылдау
Өнер – мәдениет феномені
Өнер қоғамның рухани мәдениетін жеткізіп тұрады
Пейзаж, натюрморт, порт-рет, музыка, мүсін өнері немесе сәулет өнері белгілі дәуірдің мәдени менталитетін көрсетеді
Мәдениет феномені ретінде қарастырылған өнер туралы теория көркем шығармашы-лық үрдісінің жалпымәдени бастауларын айқындайды
Өнердің генезисі
Өнер 25-15 мың жыл бұрын, палеолит дәуірінде пайда болған және адамзат тарихымен бірге дамып келе жатыр
Өнердің шығу тегі туралы теориялар - «Мимезис» немесе «имитация» теориясы
- Діни теория
- Биологиялық теория
- Эротикалық теория
- Ойын теориясы
- Магия теориясы
- Прагматизм теориясы
Достарыңызбен бөлісу: |