Ұзақ мерзімді жоспар білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды. Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына арналған тақырыптар мен бөлімдерді анықтайды. Ұзақ мерзімді жоспар белгілі бір бөлімнің/бөлімшенің/тақырыптың аясына қажетті оқу мақсатын қамтиды.
Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді жоспармен анықталған бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттерді тұжырымдайды. Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған оқу тақырыптары көрсетіледі.
Тілді оқытудың негізі білім алушылардың әр оқу пәнінің құралдары – әртүрлі оқу жағдаяттарында біліммен және дағдылармен алмасу, тілдік және сөйлеу нормаларының жүйесін дұрыс қолдану арқылы сөйлеу қызметін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылатын коммуникативтік тәсіл болып табылады. Тілдерді оқыту сөйлеу қызметінің төрт түрін дамыту арқылы жүзеге асырылады: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым. Мұғалімге білім алушылардың сөйлеуін дамытуға ықпал ететін, оларға жақын табиғи жағдаяттар негізінде оқыту ортасын құру маңызды. Оқу бағдарламасы пәндер бойынша ұзақ мерзімді жоспарға және ЖӘК сайтында (smk.edu.kz) орналасқан орта мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Ұзақ мерзімді жоспар сыныптар және тоқсандар бойынша оқыту мақсаттарын қамтиды. Орта мерзімді жоспарлау ұзақ мерзімді жоспарда анықталған бағдарларды нақтылайды. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген мерзімнің негізгі міндеттері тұжырымдалады. Мұнда әр тоқсанның немесе бөлімнің тақырыптары көрсетіледі. Бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді мұғалімнің еркіне қарай өзгертуге болады. Орта мерзімді жоспарларда дағдылар, оқу мақсаттары, сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері, мұғалімдерге арналған белгілер (оқыту әдістемесі бойынша), оқу ресурстары берілген.
Қысқа мерзімді жоспарды немесе сабақ жоспарын мұғалімнің өзі әзірлейді. Қысқа мерзімді жоспарды әзірлегенде мұғалімге саралап оқыту тәсіліне және білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге назар аудару ұсынылады. Сабақты қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімнің оқу мақсаттарына тиімді қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім әр сабақтан кейін білім алушылардың оқу материалын меңгеруде туындаған қиындықтары мен оқу жетістіктерін анықтау үшін сабаққа талдау (рефлексия) жасап отырғаны жөн.
«Шетел тілі» оқу пәні Негізгі орта білім берудің «Ағылшын тілі», «Неміс тілі» және «Француз тілі» оқу пәндері тілді меңгерудің жалпыеуропалық жүйесіне (Common European Framework of Reference, CEFR) сәйкес шетел тілін негізгі орта білім беру деңгейінде дайындауға бағытталған. Оқу бағдарламалары ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген және ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының сайттарында орналастырылған. Негізгі орта білім беруді аяқтағаннан кейін білім алушылар «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша В1 деңгейіне, «Француз тілі» және «Неміс тілі» оқу пәндері бойынша А2+ деңгейіне жетуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |