«Приозерск қаласының жастар ресурстық орталығы» кмм атқарылған іс-шаралар бойынша есебі



Дата29.02.2016
өлшемі69.92 Kb.
#31470
«Приозерск қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ атқарылған іс-шаралар бойынша есебі
Қалалық статистика бөлімінің мәліметі бойынша Приозерск қаласындағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 3 118, немесе қала тұрғындарының (13184) жалпы санына шаққанда 23,6% құрайды. Олардың 14-18 жас аралығында 775 – мектеп оқушылары.

Қалада Республикалық «Жас Отан», жастар қанатының «Жас Қыран» «Жас Ұлан» бірегей балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымы жұмыс істейді, оған 281 жасөспірім мүше болып кірген.

2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Приозерск қаласының жастармен жұмыс жөніндегі орталығымен 52 іс-шара ұйымдастырылды.

Қаржыландыру (салыстырмалы түрде 2014-2015 жылдар): 2014 жылы 6 403,0 теңге (оның ішінде 6 202,0 мың теңге жергілікті бюджеттен, 201,0 мың теңге республикалық бюджеттен), оның ішінде іс-шараларға 1 268,0 теңге ҚҚС-сыз бөлінді, 2015 жылы 7 559,0 мың теңге (оның ішінде 7 215,0 мың теңге жергілікті бюджеттен, 344,0 мың теңге республикалық бюджеттен), оның ішінде іс-шараларға 2015 жылы 1 534,0 теңге бөлінді.

Приозерск қаласының жастармен жұмыс жөніндегі орталығы жастарды жұмыспен қамту, патриоттық рухты тәрбиелеу, дарынды жастарды қолдау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бағыты бойынша жұмыс істейді.



Жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.
Жастарды дамытудағы өзекті мәселелердің бірі - жұмыспен қамту мәселесі. Жыл басынан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыздықпен - 197 жастар тіркелген, олардың 137 жұмысқа орналастырылды, биыл кәсіби оқуға жіберілгендер саны 23, 82 - қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

Бірінші жартыжылдықта Приозерск қаласының жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп 3 «Бос орындар жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде қаладағы 10 мекемеден 47 бос орын ұсынылды. 150- ден астам жұмыссыздар қатысып, оның 10 жұмысқа орналастырылды.

Приозерск қаласының жастармен жұмыс жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 1 тамызынан бастап, 20 сарбаздан құралған «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары өз жұмысын бастады. Ал 2015 жылы «Жасыл Ел» еңбек жасақтары 3 маусымнан бастап 30 сарбаздан құралған 3 жасақ 3 айға (маусым, шілде, тамыз) жұмысқа жұмылдырылды. Жасақ құрамына жастарды жұмылдыру үшін 1 ай бұрын қала көшелеріне хабарландыру ілініп, қаладағы 16 мен 25 жас аралығындағы 30 жас өз еріктерімен жұмыс істеуге ниет білдірді. Осы 3 ай бойы «Жасыл Ел еңбек» сарбаздары Балқаш көлінің жағалауы мен қала көшелерін қоқыстан тазартты. Қаржыландыру көлемі 640920.

Партиоттық рухта тәрбиелеу. 2014 жылдан бастап дәстүрге айналған қарттарды ұлықтау оларға көмек көрсету мақсатында, «Ардағым-Ардагерім» атты жоба аясында қаладан еріктілер қозғалысы мен белсенді жастары бірігіп каладағы ҰОС ардагерлері мен көмекке мұқтаж зейнеткерлерге көмек көрсетеді. 2015 жылы акция барысында 8 ардагерге көмек көрстілді.

13ақпанда жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында, Ауғанстаннан әскерлердің шығарылғанына 21 жылдығына орай «Солдат соғыс тандамайды» кездесу кеші ұйымдастырылды. Ардагерлер жастардың сұрақтарына жауап

беріп, мерекелік концерт тамашалады. Концерт соңында қала әкімі ардагерлерге естелік сыйлықтар табыстады.

6 ақпанда Ұлттар арасында бірлікті насихаттау мақсатында «Қазақстан халық Ассамблеясына 20 жыл» аясында мерекелік концерт өткізілді. Концерт бағдарламасына қаладағы барлық ұлт өкілдері қатысты.

7 сәуірде жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында Приозерск қаласында «Жеңіс алауын» қабылдау салтанаты өткізіліп, 8 сәуірде «Жеңіс алауын тапсыру» Балхаш қаласына тапсырылды. Іс-шараның мақсаты өсіп-келе жатқан жастарға патриоттық тәрбие беру және одан әрі осы дәстүрді тастамай алға қарай алып кету.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қаламыздың орталық алаңында 20-наурыз күні «Қош келдің,Наурыз!» атты мерекелік іс-шара уйымдастырылды.Іс-шара барысында қаламыздаң 14 пен 18 жас аралығында балаларға ұлттық ойындар өткізіліп, еріктілер орталық алаңда флешмоб көрсетіп, концерттік бағдарлама соңында жастарға дискотека ұйымдастырылды.

22 сәуір күні Приозерск қаласының 44841 әскери бөлімінде «Мен Отан қорғаушысымын» акциясы аясында әскер қатарына шақырылған 30 азаматқа әскери өмірдің тыныс тіршілігімен таныстыру үшін саяхат ұйымдастырылды. Әскер қатарына шақырылған азаматтар мен өз борышын өтеп жүрген сарбаздармен ашық сұхбат жүргізді. Саяхат барысында шақыру қағаздары мен естелікке сыйлықтар таратылды. Саяхат соңында әскер қатарына шақырылған азаматтарға 44841 әскери бөлімінің асханасының түскі асынан дәм татқызды.

Президенттік сайлауда Н.Ә.Назарбаевты қолдау мақсатында Приозерск қаласында жастармен жұмыс жөніндегі орталығымен кино көрсетілімдер, кездесулер, флэшмобтар және би кештері ұйымдастырылды.

Приозерск қаласында 4 маусымда 44841 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнінің 23 жылдығына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, әдеби-музыкалық композиция қойылды.

Дарынды жастарды қолдау. Жастардың адами рухани құндылықтарға, өнерге, әдебиетке, поэзияға деген қызығушылығын арттыра отырып, олардың ішінде дарынды жастарды анықтап, оларға қолдау көрсету үшін түрлі байқаулар мен әдеби кештер, көрмелер ұйымдастырылып келеді.

16 қаңтар күні Өнер және спорт мектебінде «Prio comedy» атты әзіл кеші ұйымдастырылды. Сонымен қатар еліміздегі түрлі мерекелік айтулы даталарына да қала жастары белсенділік танытып бірқатар іс- шаралар өтуіне де мұрындық болып келеді. Демек жастармен жұмыс жөніндегі орталық, дәстүрге айналған түрлі іс-шаралар жастардың шығармашылық тұрғыдан өркендеуіне жағдай жасап, дарынды жастарды анықтап, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі. Сондай-ақ, жастардың қоғамдық өмірге белсене араласуына өз септігін тигізеді.

15 шілде күні Приозерск қаласының Гарнизондық Офицерлер Үйінде Елордамыз Астана күніне орай «Біздің болашақ» атты қалалық жайдарман ойыны өткізілді. Бұл жобаның мақсаты жас ұрпақты Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу және патриоттық сезімін ояту және қазақша әзіл туындыларының бәсекелестік әлеуетін арттыру болып табылады. Жайдарман ойыны «Жайдарман сәлемдесуі», «Капитандар сайысы», «Үй жұмысы» бойынша 3 кезеңнен құралды. Ойыншылар бар өнерлерін ортаға салып көрермендерге қызықты және тартысты ойын сыйлады.

Маусым айының 24-26 күндер аралығында Қарағанды қаласында ХІ Ұлттық

жастар ашық дельфийлік ойындары өткізілді. Біздің қаламыздан ДельфДельфийлік ойындарға қатысуға Қыдырмұрат Асел Уалиқызы (Ұлттық аспап ҚылқоҚылқобыз), Қуанбай Шадияр Нұрғалиұлы (Кысқаметражды кино-Видеобейнероликтер) жіберілді.

Ойындардың өткізілуін Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, Қарағанды облысының жастар бастамашылдығы орталығы, Қарағанды облысы бойынша «Жас Отан» Қоры Корпоративтік қоры, жастар ұйымдарының өкілдері жүзеге асырды.



Діни экстримизм мен терроризмнің алдың алу: Жастар арасында діни экстримизм мен терроризмнің алдын алу бойынша 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспары құрылған.

Приозерск қаласында жастармен жұмыс жөніндегі орталығы қысқы демалыста қала жастарына «Біз діни терроризмге қарсымыз!» атты бейне роликтер көрсетілімі ұйымдастырылды. Көрсетілген бейнеролик оқушыларға жақсы әсер берді. Бейне роликтер жайында олар өз ойларын ортаға салып, жақсы шешімдер қабылдады. Әр оқушы өз көзқарастарын топпен бөлісе отырып, талқылады.

Бірінші жартыжылдықта жастар орталығымен әр түрлі тақырыптағы 10 көркем фильмдер көрсетілімі қойылды. Көрсетілім алдында діни экстримизм және террорим бойынша қысқа метражды бейне роликтер көрсетіліп отырды.

Жоғарғы сынып оқушыларымен тәрбие сағаттары, диспут және тағы басқа іс-шаралармен жалғасын тапты.

2015 жылдың ақпан, маусым айларында қалалық мешітте «Дініңді сақта, салтынды сатпа, сенімді ақта!» тақырыбында қала имамымен бірлесіп дөңгелек үстел өткізілді.

Мектептерде дін бойынша жасөспірімдер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады. Атап айтсақ, қалалық мешіт қызметкері Ж.Сейісовпен,

балалар мен жасөспірімдермен жұмыс істейтін инспекторларымен жиі кездесіп аталған тақырыпта біраз жұмыстар атқарылуда. Қала мешітінде жұма сайын өткізіліп отыратын «Қатерлі секталардан сақ болайық!» тақырыбындағы кездесу жастар мен жасөспірімдерге берер тағылымы мол деп сенеміз.

Салауатты өмір салтын насихаттау іс-шаралары: 8 қаңтарда қала көшелері бойынша «Молодежь города Приозерск-за здоровый образ жизни» атты акциясы өтті, акция барысында қала еріктілері көше бойымен жүріп ақпараттық парақшаларын таратты.

21 сәуір куні «Здоровая молодежь- здоровая нация» атты конференция ұйымдастырылды.

10 маусым күні Өнер және спорт мектебінде зағип және көздері нашар көретін мүгедек балаларға арналған «Я боль возьму, а надежду оставлю тебе» атты қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Бұл қайырымдылық

концерті қаладағы мүгедек балаларға қолдау көрсету және өмірге деген құмарлықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Приозерск қаласының 59 жылдық мерей тойына орай шілде айының 31 күні Приозерск қаласының орталық алаңында мерекелік концерт және дискотека ұйымдастырылды. Іс-шараға Қарағанды қаласының әншілері шақырылды.

6-7 тамыз күндері «Приозерск қаласының жастарымен жұмыс жөніндегі орталығы» КММ «Аулаға шығып, ойна!» атты бағдарламасы бойынша жұмыс атқарды. Жоба мақсаты қаладағы бүлдіршіндердің аулаға шығып ойнап, көңіл күйлерін көтеріп, бос уақыттарын тиімді пайдалану болып табылады. Жоба барысында Приозерск қаласының жастармен жұмыс жөніндегі орталығы» КММ қызметкерлері балаларға «Айгөлек», «Ортаға түспек», «Көзжұмбақ», «Эстафета» ойындарын ойнатып қатысушыларға естелікке сыйлықтар берілді.

12 тамыз халықаралық жастар күніне орай Приозерск қаласының орталық алаңында мерекелік іс-шара және дискотека ұйымдастырылды. Іс-шараға қала әншілері мен бишілері қатысып көрермендерге көңіл күй сыйлады.

2014 жылдың 11 қарашасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бағытында орталықта ақпараттық- насихаттау тобы құрылды.

Приозерск қаласының жастармен жұмыс жөніндегі орталығымен жас жұмыскерлерді қолдау мақсатында жастар комитеті құрылып, жетекшілер анықталды.

«Жастарға кеңес беру қызметі»: Жастар саясатын жүзеге асыру және жастарды қолдау мақсатында «Приозерск қаласының жастармен жұмыс жөніндегі орталығы» жанында кеңес беру кабинеті ашылды. Кеңес беру кабинеті жастарға психологиялық, құқықтық және жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша кеңес береді.

Құқықтық кеңес - 90

Психологиялық кеңес -159

Жұмыспен қамту бағдарлама бойынша кеңес алғандар – 34



Басқа сұрақтар бойынша- 5

«Приозерск қаласының жастармен жұмыс жөніндегі орталығы» КММ заңгері мен психологы ай сайын қала мекемелерінің жас мамандарымен құқықтық және психологиялық кездесулер өткізіп отырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет