Процестері мен аппараттары



Pdf көрінісі
бет46/48
Дата03.10.2024
өлшемі1.73 Mb.
#504290
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
procester men apparattar

Майдалау процесі жіңішке және коллоидты тарту кезінде қолданылады. 
Бұл процесс тірек және басу плиталарының қарама-қарсы жаққа орын 
алмасуының әсерінен туындайтын күштердің материалға әсерімен жүзеге 
асырылады. Басу плитасына F күші сыртқы әсер етеді. 
Масса алмасу – заттың бір фазадан екінші фазаға ауысу процесі. Бұл 
процестер жүретін аппараттар масса алмасу аппараттары деп аталады. Масса 
алмасу процестеріне абсорбция, айыру және ректификация, экстракция, 
кептіру, адсорбция және кристалдауды жатқызуға болады.
Масса беру – тепе-теңдікке қол жеткізуге бағытталған заттың (немесе 
бірнеше заттардың) бір фазадан басқа фазаға ауысу процесі.
Механикалық араластыру белгілі бір сыйымдылықтарда орналасқан 
және сыйымдылықтың ішіндегі компонеттерді, туындайтын сұйықтықтың 
айналысы есебінен, араластыруды жүзеге асыратын айналу қозғалысын 
жасайтын әр түрлі араластырғыштарды қолдануға негізделген.
Механикалық процестер - ұсақтау (кесу), іріктеу, пресстеу, дөңгелету 
және т.б. жататын, механикалық күштердің әрекетімен жүретін, ал олардың 
нәтижесі өнім бөлшектерінің өзгеруі болатын процестер. 
Пневматикалық араластыру сұйықтық жүйесі немесе оның басқа 
компонеттермен қоспасы арқылы ауаны немесе қандай да бір газды өткізеді. 
Пресстеу және брикеттеуді өндіріс үшін, мысалы, пісіруден кейінгі жеке 
кесектерден жасалған формаланған ет өнімдерінің өндірісі үшін, сондай-ақ 
шикізат және тағам қалдықтарынан брикеттер үшін қолданады. Осы 
процестердің нәтижесінде брикеттер, плиталар түріндегі біртекті массаны 
алады. 
Процесс (латын тілінің «processus» - қозғалу) - физикалық, химиялық, 
механикалық және басқа әрекеттердің әсерінене бастапқы материал тағам 
өнімдерінде айналатын өңдірістік процесс. 
Суспензиялар – сұйық және оның ішінде қатты бөлшектер таларғаннан 
пайда болған әртекті жүйелер. Қатты бөлшектердің өлшеміне байланысты 
суспензиялар ірі, майда, лайлы (өте майда) және коллоидты ерітінді болып 
бөлінеді.
Суыту – материалдан жылуды алып кету жолымен оның температурасын 
төмендету процесі. Тамақ технологиясында 15-20
0
С дейін газдарды, булрды 
және сұйықтарды суыту үшін су мен ауаны қолданады. Ал өнімдерді төмен 
температураға дейін суыту үшін төмен температуралы хладагенттерді 
қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет