Процестері мен аппараттары



Pdf көрінісі
бет10/48
Дата03.10.2024
өлшемі1.73 Mb.
#504290
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48
procester men apparattar

Бақылау сұрақтары: 
1. «Тамақ өндірісінің процестері мен аппараттары» пәнінің мақсаты мен 
міндеттері
2. Пәннің негізгі түсініктері мен анықтамалары 
3. Процесс деп нені түсінеді 
4. Процесс түсінігі қай тілден алынған 
5. Аpparatus сөзінің латын тілінен аудармасы 
6. Машина сөзінің латын тілінен аудармасы 
7. Машинаның құрал-жабдықтан негізгі айырмашылығы
8. Өңдеу өндірісінің негізгі процестерінің саны тағам өнімдерінде 
айналатын құбылыстарды процесс 
9. Өңдірістерде айналатын процесстер қандай құбылыстарға тәуелді 
10. Тағам өндірісінде және химиялық технологиясында процестері мен 
құралдардың принципиальды ерекшеліктері бар ма? 
 
Тақырып 2 Гидромеханикалық процестер 
Мақсаты: Студенттерді әртекті жүйелердің пайда болу жолдарымен, 
жіктелуімен және бөлу әдістерімен таныстыру. 
Жоспар: 
2.1 Әртекті жүйелердің пайда болу жолдары, жіктелуі және бөлу әдістері 
2.2 Сұйықтардың ағу тәртібін және Бернулли теңдеуін зерттеу 
2.3 Шөктіру процесін есептеу 
2.4 Сүзу процесін есептеу
2.5 Араластыру процесінінің сипаттамасы 


18 
2.6 Сұйық жүйелерді араластыратын аппаратты зерттеу 
2.7 Сусыма материалдарды араластыру және бөлу
2.8 Кері осмос және ультрасүзгі процесін зерттеу 
 
2.1 Әртекті жүйелердің пайда болу жолдары, жіктелуі және бөлу 
әдістері 
Тамақ өнеркәсібінде сұйық ағынының қозғалуымен байланысты 
процестер кеңінен тараған. Олар сұйықтардың механикасымен (гидромеханика) 
сипатталады.
Гидромеханикалық процестерге құбыр өткізгіштерде сұйықтарды, 
газдарды, буларды араластыру процестері және шөктіру, сүзу және 
центрофугалау жолымен бөлу процестері жатады.
Тамақ өнеркәсібінің процестерінде әртүрлі әртекті жүйелер пайда болады.
Механикалық процестерде. Қант, ұн, спирт және сыра зауыттарында 
қантты, астықты ұсақтағанда қант және ұнның шаңдары пайда болады. 
Сонымен қатар шаң астықты, ұнды, құмшекерді және көптеген өнімдерді 
елегенде пайда болады. Сусымалы материалдарды сұйықпен араластырғанда 
суспензия деп аталатын қоспа алынады. Мұндай қоспаларға сыра зауыттарында 
су мен крахмал дәндерінен құралған қоспаларды жатқызуға болады. Сонымен 
қатар қызылша, картоп, сәбіз және т.б. өнімидерді жуғанда су мен құмнан 
құралған лайлы суспензияларда жатады. Сондай-ақ сут зауыттарында сүтті 
шашыратқанда сүт пен ауаның қоспасы, консерві зауыттарында шырын мен 
әртүрлі пішінді өнім жұмсақтарының қоспалары алынады.
Жылу процестерінде: Буландыру аппараттарында қант ерітінділерін, қою 
сүтті буландыруда еріткіштің буымен сұйық ілесіп көтерілгенде тұман пайда 
болады.
Химиялық процестерде: Қант зауытында диффузиялық шырынды сұйық 
әкпен сосын көмірқышқыл газбен өңдегенде қанықтырылған шырын пайда 
болады. Бұл суспензия қант ерітіндісі және калций оксидінің (СаО) 
көмірқышқыл газбен (СО
2
) химиялық әрекеттесу арқылы пайда болған кальций 
карбонатының (СаСО
3
) қатты бөлшектерінен құралған.
Биологиялық процестерде. Биологиялық процес нәтижесіне пайда 
болатын әртекті жүйеге өте жиі кездесетін сүтті жатқызуға болады. Ол су және 
3-4%-ды мөлшері 1-10 мкм майлы шариктерден құралған эмульсия. 
Екі және одан да көп фазалардан құралған жүйелерді әртекті жүйелер 
деп атайды. Бұл фазалардың біреуі дисперсионды немесе сыртқы фаза деп 
аталады. Оның ішінде басқа фазалардың бөлшектері таралған. Бұл таралған 
бөлшектерді дисперсті немесе ішкі фаза деп атайды. Фазалардың физикалық 
күйлеріне байланысты әртекі жүйелердің төмендегі үрлері болады (1-кесте).
Суспензиялар – сұйық және оның ішінде қатты бөлшектер таларғаннан 
пайда болған әртекті жүйелер. Қатты бөлшектердің өлшеміне байланысты 
суспензиялар ірі, майда, лайлы (өте майда) және коллоидты ерітінді болып 
бөлінеді.
Эмульсиялар – бір сұйық ішінде онымен араласпайтын екінші сұйық 
бөлшектері таралғаннан пайда болған әртекті жүйелер.


19 
Көбіктер – сұйық және оның ішінде газ көпіршіктері таралғаннан пайда 
болған әртекті жүйелер. Бұл газды-сұйықты қоспалар өздерінің қасиеттері 
бойынша эмульсияларға жақындау.
Шаңдар және түтіндер газ және оның ішінде қатты бөлшектер 
таралғаннан пайда болатын әртекті жүйелер. Шаңдар көбінесе қатты заттарды 
ұсақтағанда, араластырғанда және тасымалдағанда пайда болады. Шаңдағы 
қатты бөлшектердің мөлшеріне байланысты олар түтін, тұман және аэрозоль 
болып бөлінеді.
1-кесте. Әртекті жүйелердің жіктелуі 
Әртекті жүйенің аты 
Дисперсионды 
(сыртқы) фаза 
Дисперсті (ішік) фаза 
Дисперсті фазаның 
бөлшектерінің мөлшері, мкм. 
Шаң 
газ 
қатты бөлшектер 
3-70 
Түтін
газ 
сұйық бөлшектер 
0,3-5 
Тұман 
газ 
сұйық бөлшектер 
0,3-3 
Суспензия: 
ірі 
майда 
лайлы (өте майда) 
коллоидты ерітінді 
сұйық 
сұйық 
сұйық 
сұйық 
қатты бөлшектер 
қатты бөлшектер 
қатты бөлшектер 
қатты бөлшектер 
100 
0,5-10 
0,1-0,5 
0,1 
Эмульсия 
сұйық 
сұйық 
0,5 
Көбік 
сұйық 
газ 
Эмульсия мен көбік үшін дисперсті фазаның дисперсионды фазаға және 
керісінше дисперсионды фазаның дисперсті фазаға айналып кету мүмкіндігі 
бар. Бұл жағдай фазалардың мөлшерлерінің белгілі бір қатынастарында болады 
және оны фазалардың инверсиясы деп атайды.
Тамақ өнеркәсіптерінде әртекті жүйелерді құрамдық бөліктерге бөлу 
міндеті жиі кездеседі. Мысалы, шарап өңдіруде оны ақшылдандыру, яғни қатты 
бөліктерді сұйық фазадан бөлу.
Тамақ өнеркәсібінде әртекті жүйелерді бөлудің негізгі әдістері – шөктіру 
(тұңдыру), сүзу және центрифугалау (2-кесте).
Шөктіру (тұңдыру) – ауырлық (гравитациялық), акустикалық
центробежді және электірлік өріс күштерінің әсерінен сұйық және газды әртекті 
жүйелерді бөлу процесі. Сәйкесінше гравитациялық шөктіру, циклонды мен 
тұңдырғышты центрифугалау және электрілі тазартуды ажыратады.
Сүзу – суспензия мен шаңдардың сұйық және газды бөліктерін өткізіп, ал 
қатты бөлшектерін ұстап қалатын кәуекті бөгеттер жәрдемімен өткізілетін 
процесс. Сүзу қысым немесе центробежді күш әсерінен жүзеге асады. 
Сәйкесінше қарапайым сүзу және центробежді сүзуді ажыратады. Сүзу 
шөктіруге қарағанда суспензияны, эмульсияны және шаңды бөлуде тиімді.
Центрифугалау – суспензия және эмульсияларды центробежді күш 
әсерімен бөлу процесі.
Сұйықпен бөлу – шаң, түтін және тұмандардағы қатты бөлшектерді сұйық 
көмегімен бөлу процесі. Бұл процесте ауырлық пен инерция күштері әсер етеді. 


20 
2-кесте. Әртекті жүйелерді бөлуге арналған процестер мен аппараттар 
Негізгі қозғаушы 
күш 
Әртекі жүйе 
Процесс 
Аппарат 
Ауырлық күш 
шаң, түтін 
шөктіру 
шаң шөктіргіш 
камералар 
суспензия, сұйық-
қатты бөлшек 
шөктіру 
шөктіргіш 
Қысым 
суспензия 
сүзу 
сүзгі 
шаң, түтін 
сүзу 
газды сүзгілер 
Центробежді күш 
шаң, түтін 
шөктіру 
циклон 
суспензия 
шөктіру 
гидроциклон 
суспензия 
сүзу 
сүзгілі центрифуга 
эмульсия 
шөктіру 
шөктіргіш 
центрифуга 
Электр күшінің өрісі 
шаң, түтін 
шөктіру 
электр сүзгі 
тұман 
шөктіру 
электр сүзгі 
Акустика 
күшінің 
өрісі 
шаң, түтін 
шөктіру 
ультрадыбысты 
дабыл және т.б. 
тұман 
шөктіру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет