59
бөлгіштердің болуы алып кетілетін сұйық тамшыларынан қосалқы будың
жақсы бөлінуінг қамтамасыз етеді.
Циркуляционды құбырдың құрылымының арқасында табиғи циркуляция
күшейеді, жылу беру коэффициенті көтеріледі
және қайнатқыш құбырлардың
ішкі беттерінде қатты бөлшектер мен көбіктердің шөгуі төмендейді. Бұл
бушықтыру аппараты ықшам және қызмет етуде ыңғайлы, бірақ қыздыру
камерасын ауыстыру машақатқа алып келеді.
Мәжбүрлі
циркуляциялы
бушықтыру
аппараты.
Ерітінді
циркуляциясының қарқындылығын көтеру және
жылу беру коэффициентін
арттыру үшін мәжбүрлі циркуляциялы аппараттарды қолданады. Оларды
тұтқырлы сұйықтарды бушықтыру кезінде қолданған тиімді.
Ерітіндіні мәжбүрлі циркуляциялау араластырғыш,
насос көмегімен
немесе газды берумен жүреді. Бушықтырылатын ерітіндІ құбырлар бойымен
көтеріліп, қызып және қайнайды. Қалыптасқан бусұйықты қоспа сепараторға
түседі, онда
қосалқы бу тамшылардан бөлініп, ал ерітінді циркуляционды
құбырға түседі және насоспен аппараттың қздырғыш камерасына беріледі.
Мәжбүрлі циркуляциялы аппараттардың артықшылығы жылу берудің
жоғары коэффициенті (табиғи циркуляцияға қарағанда 3-4 есе артық)
болып
табылады.
Бұл
аппараттардың
кемшілігі
–
насостар
жұмысына
электроэнергияны жұмсау қажеттілігі.
Достарыңызбен бөлісу: