Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



Дата24.02.2016
өлшемі189.07 Kb.
#16594
түріРабочая программа
Рабочая программа Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/06


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазақ жазуының тарихы» пәні бойынша 050205-«Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Павлодар




Лист утверждения Форма

к рабочей программе Ф СО ПГУ 7.18.1/08

дисциплины, разработанной

на основании каталога

элективных дисциплин

по специальности


БЕКІТІЛДІ

ОІ жөніндегі проректоры

________________ Н.Э. Пфейфер

«___»_____________2010 ж.
Құрастырушы: аға оқытушы Кәріпжанова А.О. __________


Қазақ филологиясы кафедрасы




«Қазақ жазуының тарихы» пәні бойынша




ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс оқу бағдарламасы 050205-«Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған

Жұмыс бағдарламасы оқу жұмыс жоспары және элективті пәндер каталогы негізінде дайындалды және С.Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми кеңесінің мәжілісінде бекітілді. «___»_________________2010 ж. №_____хаттама.

Кафедра мәжілісінде ұсынылды. «___»_________________2010ж.

№_____хаттама.

Кафедра меңгерушісі_______________________Н.Қ.Жүсіпов


Филология, журналистика және өнер факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«_____»______________2010 ж. №____хаттама.

ӘК төрайымы___________________ Жұманқұлова Е.Н.




КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы __________Ж.Т.Сарбалаев. «____»_____________2010 ж.



жәқб МАҚҰЛДАДЫ

ЖәқБ бастығы______________А.А.Варакута «____»____________2010 ж.

1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

«Қазақ жазуының тарихы» пәні- жазу таңбасы мен дыбыс жазудың шығуы, даму тарихы туралы түсінік береді. Руникалық жазу, көне түркі алфавитінің шығу тегі жөніндегі болжамдар мен зерттеулерге талдау жасайды. Көне түркі алфавиті мен жазуының шығу тегі мен басқа тілдермен байланысын ашып көрсету.


Пәнді оқыту мақсаты:

Түркі этнографиясындағы жетістікті, көне түркі руникалық жазуының тарихын, қазақ жазуының тарихы мендамуын меңгерту.



Пәннің міндеттері:

  • Көне замандардан келе жатқан түркі тілдерінің тарихын оқып, білу;

  • Қазақ тілінің жазу жүйесінің қалыптасу тарихын меңгеру;

  • Түркі этнографиясы саласының қалыптасуы мен дамуымен танысу.

Студенттер білуі тиіс:

- Пиктографиялық, идеографиялық,сурет жазуларын, олардың қазіргі таңда қолданыста қалған белгілерін ;

- Рунмкалық көне түркі руникасын;

- Көне түркі графикасының өзге түрлерін ;

- Араб графикасын ;

- Латын графикасын.




Студенттер істей білуі тиіс:

- Түркі тілдерінің классификациясына талдай жасай алу;

- Көне және қазіргі түркі әдеби тілдерінің графикалық жүйелерін білу ;

- Сөз тіркестерін жіктей алу ;

- Жазба мәтіндерді оқып, талдай алу .
2 Пререквезиттер:

- Тіл біліміне кіріспе.

- Қазақ тілінің тарихи грамматикасы.

- Ежелгі дәуір әдебиеті.

- Қазіргі қазақ тілі.


Тематический план Форма



дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07
3 Пәннің мазмұны


3.1 Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.

СӨЖ

1

2

3

4

5

1.

Кіріспе.Тасқа жазылған таңбалар мен суреттер.

2

2

5

2.

Ескі түркі жазу ескерткіштері.

2

2

5

3.

Орхон-Енисей жазуы.

1

1

5

4.

Орхон-Енисей жазуындағы дауысты,дауыссыз дыбыстар, сингармонизм заңы.

1

1

5

5.

Қазақ жазуының тарихы.

1

1

5

6.

Арамей жазу системасындағы жазулар

1

1

5

7.

Қытай жазу ситемасындағы жазулар.

1

1

5

8.

Грек жазу системасындағы жазулар.

1

1

5

9.

Араб жазуы.

2

2

5

10.

Армян жазуы.

1

1

5

11.

Латын әліпбиі.


1

1

5

12.

Орыс кирилицасы.

1

1

5

Барлығы: сағат

15

15

60


3.4 Теориялық курс мазмұны

1-тақырып. Кіріспе.Тасқа жазылған таңбалар мен суреттер.

Қазақстан жеріндегі тас бетіндегі бейнелер өзінің жасалу техникасы, мазмұны және композициясы жағынан әр түрлі дәуірлерді қамтиды.

Петроглифтер- сурет тектес жазулар.Алматы қаласының солтүстік-батыс жағындағы,Таңбалыдағы бейнелер.

Пиктографиялық жазу-белгілі бір ой-пікірді немесе хабарды білдіретін суреттер тізбегі.

Бұл жазу- жазудың әлі белгілі бір жүйеге түспеген кезінде пайда болған жетілмеген түрі. Қоғамның ілгері дамуына қарай, адамның ой-өрісі мен сана-сезімінің жетіле түсуі жазудың да жетілуіне, саралуына әкеп соқты.

Енді бұрынғы суретті жазуға қарағанда жазудың жетілген екінші түрі пайда болды. Ол – идеографиялық жазулар.

Идеографиялық жазуларда бір таңба, суретті жазудағыдай тұтас бір ойды не белгілі бір сөйлемді баяндамай, жеке сөздің көрсеткіші болып табылады. Мұнда әрбір таңбаның тұрақты графикалық белгісі, әр белгінің өзіне тән мағыналары болады.

Бұдан 4000 жыл бұрын жасаған қытай жазулары- иеорглифтер осы идеографиялық жазудың негізінде құрылған. Дыбыс жазуы шамамен біздің заманымыздан он шақты ғасырдай бұрын, алғаш Финикияда пайда болды. Көптеген ғалымдар қазіргі кездегі дыбыс жазуларының жасалуына сол ерте замандағы Финикия жазуы негіз болды деген қағиданы қолдайды.

Қазіргі қазақ халқының 15- ғасырдан бастап қалыптасқан деп жүр. Халық пен тілдің тарихын одан гөрі әріден іздестіруіміз керек, өйткені ол бір күнде пайда болып, туа қалған жоқ. Басқа түркі тілдерімен бір туып, бір өсіп, біте қайнады. Қазақ тілінің өзіндік элементтері ең бір ескі түркі тілдерінің өмір сүре бастаған дәуірінде –ақ бір негізге жинақтала бастаған, тарихи әлеуметтік жағдайларға байланысты, белгілі бір қолайлы мезгілде халық тілі болып қалыптасып өзге түркі тілдерінен бөлініп шыққан.

Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің зерттелуі.

Ескерткіштердің біздің еліміздегі зерттелу тарихын, негізінен алғанда, 3 дәуірге бөлеміз.

1-кезең- Орхон-Енисей жазуының әрбір үлгілерін жинау дәуірі (19 ғ. басына дейін).

2- кезең- Орхон-Енисей жазуының материалдарын оқып, аудару және оларды бастырып шығару дәуірі (19-20 ғ.).

3- кезең- осы саладағы жазба мұралардың ғылыми түрде жан-жақты ғылыми таладудың дәуірі.

Орхон-Енисей жазуы туралы 1692 ж. ең алғаш хабар берген кісі Амстердам қ. бургомистері Н.Бидзен. Тоболь қ. бояры С.Ремезовтың 1696 ж. бастап, 1697 ж. дейін жазып бітірген «Сибирь қалаларының жерлерінің, шөл далалары мен асуы қиын таулы өлкелерінің чертежі» деген еңбегінде !Орхон тасы» деп көрсетілген жер бар. Ол 1896-1897 ж. әйгілі талас ескерткіші табылатын пунктке сай келеді.
2-тақырып. Ескі түркі жазу ескерткіштері.

Ескі түркі жазу ескерткіштерін, шартты болса да, үш түрлі топқа бөліп жүрміз. Бірақ осы бөлісте тек территориялық қана емес, қолдану мерзімі, тілі, жазудың стиліне байланысты да өзгешеліктер себеп болған болу керек.

Енисей ескерткіштері деп Енисей өзенінің бойынан және тува республикасынан табылған ескерткіштер тобы аталады. Олар елудің үстінде. Бұлардың алғашқылары - ғасырдан –ақ белгілі болғандар. Енисей екерткіштері көлемі жағынан шағын болып келеді. Үлкені 10-15, кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады. Енисей ескерткіштері бір ғана қырғыз тілінің көріністері деуден гөрі тарихтың ескі дәуіріндегі жалпы түркілік тілдің ескерткіші деген дұрыс.

Орхон ескерткіштері. Орхон ескерткіштері деп Орхон, Селенга, Толы өзендерінің аңғарынан табылған ескерткіштер тобы аталыпжүр. Орхон ескерткіштерінің тілі, тарихи оқиғаларының мерзімі, жазу стилі Енисей ескерткіштерінің таңбаларынан гөрі Орхон ескерткіштерінің таңбалары жетілген, жақсы сақталған. Ең көлемдісінің бірі – Онгин ескерткіші. Орыс географиялық қоғамының мүшесі Н.Ядринцев осы ескерткіштерді табады.

Талас ескерткіші. Талас өзенінің бойынан табылған ескерткіштер. Талас жазуы Орхон жазуынан гөрі Енисей жазуына көп жақын. Зерттеушілердің шамалауынша, Талас ескерткіштері 5 ғ. қойылуы мүмкін.
3-тақырып. Орхон-Енисей жазуы.

Орхон-Енисей жазуында небәрі 38 әріп бар, 847 түрлі таңбасы бар деп жорамалданған. Шынына келгенде осы күні 24 дыбыстың 150-ге тарта таңбасы бар екені анықталды.

Дауысты дыбыстардың жуан не жіңішке болып айтылатындығы туралы мәселе. Сол дыбыстармен қатар келіп тұрған дауыссыздарға қарай шешіледі. Мысалы, а таңбасы мен н таңбасы тіркесіп келсе, олар аң болып оқылады, ал егер сол таңба н дыбысының екінші таңбасымен байланысты айтылса н болып оқылады т.б. Сөз құрамында кездесетін дауыссыз дыбыстар әр уақытта түгел жазылып отырады. Дауысты дыбыстар бірде жазылса, бірде жазылмайды, кейде түсіп қалып отырады.

4-тақырып. Орхон-Енисей жазуындағы дауысты,дауыссыз дыбыстар, сингармонизм заңы.

Әріптер әдетте оңнан солға қарай, әрбір жол жоғарыдан төмен қарай жазылады. Солдан оңға қарай, не дөңгеленіп бір ізбен шұбаланып, жазылатын жазбалар да бар. Ол ескерткіштің материалына байланысты болса керек. Орхон –Енисей жазуларында сингармонизм заңының сақталғаны байқалады және ол қазіргі заңмен дәлме-дәл келіп отырады. Сөз бен сөздің арасына және сөйлемнің соңына айырым белгілері: нүкте, қос нүкте, а таңбасы қойылады. Бірақ бұл орфографиялық ерекшелік сақтала бермейді. С.В.Кисилев бұл жазуды арамей жазуының өзгеріп, түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қарай бейімделіп алынған түрі деп қарайды.



5-тақырып. Арамей жазуы.

Б.з.б. 9ғ. Солтүстік-Батыс Семит тайпаларының бірі – Арамейлер жасаған алфавиттік жазу жүйесі. Финикия жазуы негізінде туып, тек қана дауыссыз дыбыстарды беруге арналған. Арамей жазуында негізігі екі дәуірді атауға болады. 1- алғашқы дәуір (б.з.б. 9-7ғ.); 2- арамейлердің «алтын дәуірі», Парсы Империясының ресми жазуы болған дәуір (б.з.б 6-4ғ.).



6-тақырып. Арамей жазу системасындағы жазулар.

Ата-бабаларымыз бұл жазу системасына жататын 14 түрлі жазуды қолданған. Олар: қараошты жазуы, араб-парыс, сүрия, манихей, соғды, Орхон-Енисей, ежелгі ұйғыр, монғол, манъчжур, сібе жазуы, т.б.



7-тақырып. Қытай жазу ситемасындағы жазулар.

Қытай жазуы бір түрлі иероглифиялық жазу болып, оны қытай тілінде сөйлейтін басқа халықтар да ортақ қолданады. Қытайда бұл жазу системасына кіретін, кезінде ата-бабаларымыз қолданған төрт түрлі жазу табылды. Олар мыналар: 1-хан патшалығы кезіндегі қытай жазуы; 2- күжү жазуы, 3- Батыс шиа жазуы; 4- кітан жазуы.



8-тақырып. Грек жазуы системасындағы жазулар.

Бұл жазу системасы латын және славян алфавиті сынды екі бағытта дамыған. Латын алфавиті қазіргі Батыс Европадағы елдердің жазу жүйесіне негіз болған. Ал славян алфавиті орыс және бұрынғы Кеңес одағындағы халықтардың жазу жүйесіне негіз болған. Ата-бабаларымыз бұл жазу системасына жататын екі түрлі жазуды қолданған: 1- славян жазуы; 2- славян жазуы негізіндегі қазақ жазуы.



9-тақырып. Араб жазуы.

Дүние жүзіне латын жазуынан кейін ең көп тараған жазу. Б.з. 4 ғасыры шамасында Арабияда арамей жазуы негізінде жасалып, 7-8 ғасырларда араб жорықтары нәтижесінде мұсылман дінімен бірге көп елдерге таралған. А.ж. оңнан солға қарай жазылады, алфавитінде 28 әріп бар. Олардың әрқайсысы сөздің басындағ ортасында, аяғында, жеке келуіне қарай 4 түрлі жазылады. А.ж. негізгі екі түрі (куфи, насхи) пайда болды.



10-тақырып. Армян жазуы.

Армян жазулы қыпшақ ескерткіштері қыпшақ тілінде 11-16 ғасырда жазылған шығармалар. 4 әліпбиде түзілген: 1- ескі араб әліпбиі; 2- көне армян әліпбиі; 3-ескі орыс жазуы; 4- ежелгі готик әліпбиі. Қ.ж.е. материалдары: 1- «Диуани лұғат ат-түрк» сөздігінде, 2- кумандар туралы жазылған еңбектерде; 3- орыс жылнамаларының половецтер туралы мәліметтерінде; 4- мәмлүк қыпшақтары тіліндегі зерттеулерде; 5- армян іс-қағаздары, трактаттары мен сөздіктерінде; 6- қыпшақ тіліндегі көркем туындыларда кездеседі.



11-тақырып. Латын әліпбиі.

Кезінде өзге ұлтты орыстандыру үшін енгізілген латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Б.з.б. 7-ғасырларда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болды. Б.з 1-ғасырларда қалыптасты. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған. Б.з.б. 4ғасырдан бастап жазу тек солдан оңға қарай жазылды. Алғаш 20 әріп болды. Орта ғасырларда латын әліпбиі Еуропаға тарада. Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. Дауысты дыбыстар созылыңқы және қысқа айтылады. Осыған байланысты сөздің мағыналары өзгереді.



12-тақырып. Орыс алфавиті.

Қазақ жазуына латын алфавитінен кейін орыс кириллицасы енді. А.Байтұрсыновтың «Тіл тағылымы» еңбегінде бұл алфавит жайлы құнды пікірлер айтылады. Орыс кириллицасы көне славян алфавиті негізінде жасалған.


3.5 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны


ТӘЖІРИБЕШІЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ



Тақырып

Мазмұны



1

2

3

1.

Кіріспе.Тасқа жазылған таңбалар мен суреттер.

Жазу жүйесінің түрлері, оның пайда болуы жөніндегі негізгі мәліметтерді оқу, талқылау.

2.

Ескі тұркі жазу ескерткіштері.

Ескі түркі жазу ескерткіштерінің мәтінін оқыған ғалымдардың пікірлері, Орхон және Енисей руникасының үлгілері.

3.

Орхон-Енисей жазуы.

Орхон-Енисей жазуындағы 38 әріп бар, 847 түрлі таңбасы. Шынына келгенде осы күні 24 дыбыстың 150-ге тарта таңбасы бар екені туралы айтылған ғылыми еңбектерге шолу жасау.


4.

Орхон-Енисей жазуындағы дауысты,дауыссыз дыбыстар, сингармонизм заңы.

«Түркі тілдері» кітабы бойынша Орхон-Енисей жазуындағы дауысты, дауыссыз дыбыстардың жүйесіне, сингармонизм заңына талдау, сараптама жасау.

5.

Арамей жазуы

Әріптердің таңбалану жүйесі. Әріптердің сөз басы, ортасы, соңында келуіне байланысты жазылуы.

6.

Арамей жазу системасындағы жазулар

Қараошты жазуы, араб-парсы, сүрия, манихей, соғды, Орхон-Енисей, ежелгі ұйғыр, монғол, манъчжур, сібе жазуларының ерекшеліктеріне талқылау.


7.

Қытай жазу ситемасындағы жазулар.

Қытай жазуы иероглифиялық жазу құрамында болуы. Иероглифтердің беретін мағыналары.

8.

Грек жазу системасындағы жазулар.

Грек жазуы системасындағы латын және славян алфавиті сынды екі бағытта дамуы. Латын алфавиті қазіргі Батыс Европадағы елдердің жазу жүйесіне негіз болған. Ал славян алфавиті орыс және бұрынғы Кеңес одағындағы халықтардың жазу жүйесіне негіз болған.

9.

Араб жазуы.

Араб графикасының түркі тілдерінде қолданылуы. «Құтты біліг» дастанының араб әрпімен жазылған нұсқасын оқыту.

10.

Армян жазуы.

Армян жазулы қыпшақ ескерткіштері қыпшақ тілінде 11-16 ғасырда жазылған шығармалар.

11.

Латын әліпбиі.


Латын графикасына негізделген қазақ алфавитінің құрамы. Оған көшудің мақсаты.

12.

Орыс алфавиті.

А.Байтұрсыновтың «Тіл тағылымы» еңбегін конспектілеу.


3.6 СӨЖ мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі


1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

15 (1х15)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15 (1х15)


3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

11

4

Өздігінен орындалатын тапсырманы орындау

Реферат

Тапсырманы қорғау

15

6

Бақылау шараларына дайындық







4




Барлығы







60



Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар

1. Жазу таңбасы мен дыбыстық жазудың таңбасы.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-16 бет, [4], 1-55 беттер, [6] 1-120 беттер.

2. Ғ.Айдаровтың «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» еңбегі.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-100 беттер.

3. Көне жазу ескерткіштерінің тілі.

Ұсынылатын әдебиет: [8], 1-85 беттер; [7], 1-44 беттер.

4. Жадид жазуының тілдік ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиет: [3], 1-200 бет.

5. Орыс графикасының қолданысы.

Ұсынылатын әдебиет: [3], 1-200 бет.
Реферат жұмысының тақырыптары

1.Қазақ жазуының тарихы.



2.Араб жазуы.

3.Латын әліпбиі.

4.Орыс кириллицасы.

5.Орхон-Енисей жазуындағы дауысты дыбыстар.

6.Орхон-Енисей жазуындағы дауыссыз дыбыстар.

7.Ескі түркі жазу ескерткіштері.

8.Басқа елдерде табылған түркі жазу ескерткіштері

9. Түркі ескерткіштерінің зерттелуі.

10 Түркі ескерткіштеріне байланысты жазылған еңбектерге шолу.

Выписка из рабочего Форма

учебного плана Ф СО ПГУ 7.18.1/10

специальности(ей)



050205 «Қазақ филологиясы» мамандығының оқу жұмыс жоспарынан көшірме

Пәннің атауы Қазақ жазуының тарихы


Оқу түрі

Бақылау формасы

Студент жұмысының көлемі

Сағаттың курс және семестр бойынша бөлінуі

Емт.

сынақ

К.ж

К.жұм.

ЕГЖ

бақ.жұм

Барлығы

Дәріс

Тәжірибе

ОС¤Ж

СӨЖ

Дәріс

Тәжірибе

ОС¤Ж

СӨЖ

жалпы

Аудитор.

СӨЖ

Күндізгі ОКБ негізінде

7
















90

30

60

7-семестр

8- семестр

15

15

15

45














Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:

  1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.. –А. 1986.

  2. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. Зерттеу. – А. 1989

  3. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – М., 1993.

  4. Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. – А., 199б.

  5. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық. –А. 1986.

  6. Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық-хрестоматия.- А., 199 б.

  7. Қасқабасов С. Казахская волшебная сказка. –А., 1972.

  8. Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. –А., 1991

  9. Қоңыратбаев Т. Қазақ эпосы және түркология. –А., 1987.


Қосымша:

10. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. –А., 1985.

11. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М-Л, 1979.

12. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. –А. 1985.



13. Сүйіншіәлиев Х. ҮІІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. –А., 1989.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет