Программа Форма ф со пгу 18. 2/06



Дата27.06.2016
өлшемі232.62 Kb.
#160801
түріРабочая программа
Рабочая программа Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/06


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар



Лист утверждения к рабочей Форма

программе дисциплины, Ф СО ПГУ 7.18.1/06

разработанной на основании

государственного

общеобязательного стандарта

образования специальности и

типовой программы

БЕКІТІЛДІ

ОІ жµніндегі проректоры

________________ Н.Э. Пфейфер

«___»_____________2008ж.
Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Г.К.Кажибаева__________

аға оқытушы А.О.Кәріпжанова __________




Қазақ филологиясы кафедрасы




«Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» пәні бойынша




ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы 050117-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған

Жұмыс бағдарламасы ҚР МЖМБС 3.08.267-2006 Мемлекеттік стандарты және ҚР білім және ғылым министрлігінің 22.06.2006 ж., Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен бекітілген және пайдалануға рұқсат етілген типтік бағдарламасы негізінде дайындалды.
Кафедра мәжілісінде ұсынылды. «___»_________________2007ж.

№_____хаттама.


Кафедра меңгерушісі_______________________Қ.П.Жүсіп


Филология, журналистика және өнер факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«_____»______________2007 ж. №____хаттама.

ӘК төрайымы____________________ М.В. Семенова




КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы __________Ж.Т.Сарбалаев. «____»_____________2007 ж.



жәқб МАҚҰЛДАДЫ

ЖәқБ бастығы______________Л.Т.Головерина «____»____________2008 ж
1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Қазақ тілінің дыбыстық құрамына, әр дыбыстың жасалу орнына, жасалу жолына, жасалу тәсіліне, үннің және салдырдың ішкі сапасына, дыбыстардың жуан-жіңішке, қатаң-ұяң сыңар түзуіне, сөз ішінде қолданылатын орнына қарай жан-жақты анализ жасатып, әр дыбысқа қажетті толық мінездеме бергізіп, олардың табиғатын дұрыс танытып меңгерту, буын құрылыстары мен өзгерістерін, екпіннің түрлері мен олардың атқаратын қызметтерін ажыратып тануға баулу; шектік өзгерістер, олардың түрлерін, игерулі өзгерістерді үйрету; дыбыс өзгерістерінің бір-біріне ұқсайтын және ұқсамайтын жақтарын байқату; тіліміздің орфоэпиялық, орфографиялық құрылыстарына байланысты фонетикалық заңдылықтардың сырын аштырып ерекшеліктерін байқату.


Пәнді оқыту мақсаты:

Сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу заңдылықтарының негізінде студенттерге тілдің дыбыстық жүйесінен, дауысты, дауыссыз дыбыстардан, қазақ тілінің дыбыстық құрамы мен ерекшеліктерінен, үндестік заңынан, орфоэпия мен орфографиядан, сонымен қатар қазақ тілінің фонетикалық даму заңдылықтары туралы теориялық тұрғыдан жүйелі білім беру.


Пәннің міндеттері:

  • фонетиканың зерттеу нысаны, дамуы, қалыптасуы туралы мәлімет беру;

  • қазақ фонетикасының зерттелуіне шолу жасау;

  • тіл дыбыстарын игерту;

  • дауысты дыбыстардың ерекшеліктерін меңгерту;

  • дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін меңгерту;

  • буын, екпін, тасымал туралы түсінік беру;

  • дыбыстардың бір-біріне әсер ету заңдылықтарымен таныстыру, дыбыстық өзгерістердің түрлермен таныстыру;

  • орфография принциптерімен таныстыру;

  • қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясынан толық түсінік беру.


Студенттер білуі тиіс:

  • Дауыссыз, дауысты дыбыстарды ажырата білу керек;

  • Дауысты , дауыссыз дыбыстардың жіктелісін білуі тиіс;

  • Буын, екпін түрлерін білуі керек;

  • Дыбыстардың өзгерістерін білуі қажет;

  • Графика, орфографияның негізгі мәселелерін білуі керек.


Студенттер істей білуі тиіс:

  • Дыбыстарға анализ жасау кезінде студент фонетикалық терминдердің мазмұнын міндетті түрде ойлап, түсініп қолдана алуы қажет;

  • Фонетикалық, графикалық, орфографиялық материалдарды жүйелі түрде талдап, қорытындылай білу;

  • Фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық талдау жасай білу.


2 Пререквезиттер:

Тіл біліміне кіріспе.

Нормативті қазақ тілі

Тематический план Форма

дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07



3 Пәннің мазмұны Ф СО ПГУ 7.18.1/13

3.1 Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны

Күндізгі бөлім

ҚТӘ-11

Сырттай бөлім

СҚТӘ-11 (2ж)

Дәріс

Тәж

СӨЖ

Дәріс

Тәж

СӨЖ

1

Дыбыс туралы жалпы түсінік

1




3

1




3

2

Тіл дыбыстарының жасалу жолдары

1

1

3

1




4

3

Дауысты дыбыстар (Вокализм)

1

1

3

1




4

4

Дауыссыз дыбыстар (Консонантизм)

1

1

3

1




4

5

Буын (Силлабизм)

1

1

3

1




4

6

Дауыс ырғағы (Интонация)




1

3







4

7

Екпін (Акцентуация)

1




3

1




4

8

Дыбыстардың өзгерістері

1

1

3







4

9

Игерусіз (Спонтандық өзгерістер)




1

3







4

10

Графика және орфография

1

1

3







4




Барлығы:

7,5

7,5

30

6




39


3.3 Теориялық курс мазмұны

1- тақырып. Дыбыс туралы жалпы түсінік

Тіл дыбыстарының жасалуы. Тіл дыбыстарын жасаудағы қозғалтқыш күш, оның ырғағы; ауаның жолы, қарқыны, күші, созылыңқылығы. Жаңғырық жасайтын (резонаторлық) қуыс орындар (көмей қуысы, тамақ қуысы, ауыз қуысы). Ауаның түрлері: үнге айналған (фонациялық) ауа, тон, обертон, тембр. Дыбыстардың физикалық, анатомия-акустикалық жақтан құралатын өзіндік қасиеттері, табиғаты. Артикуляциялық дағды (артикуляционная база). Артикуляциялық дағдының бір тілде сөйлейтін адамдардың сөздерін не дұрыс, не бұзып айтуына (орфоэпияға) тигізетін әсері; орфографиямен қарым-қатынасы.дыбыс және фонема олардың ортақ жақтары мен айырмасы. Фонеманың өзіндік қасиеті; фонеманың түрлері (аллофондары); аллофондардың вариант, варияциялық ерекшеліктері. Әріп, алфавит. Әріптің нақтылы фонемаларды таңбалау кезінде негізделетін принциптері.
2- тақырып. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары

Дыбыс жасауға қатысатын сөйлеу мүшелері (артикуляциялық мүшелер); олардың актив, пассив түрлері және атқаратын қызметтері. Қазақ тілі дыбыстарының құрамы мен түрлері. Дауысты (вокализм) дыбыстар мен дауыссыз (консонантизм) дыбыстар. Дауысты дыбыстардың дауыссыз дыбыстардан айырмашылығы.


3- тақырып. Дауысты дыбыстар (Вокализм)

Дауысты фонемалардың құрамы. Дауысты дыбыстардың жасалуы; олардың әр түрлі артикуляция-акустикалық тұрғыда топтастырылуы (классификациясы): а) жасалу орнына (тілдің қатысына) қарай – жіңішке (тіл алды), жуан (тіл арты) болып бөлінетін түрлері: қазақтың төл сөздеріндегі дауыстылардың тіл алды – жіңішке, тіл арты-жуан болып бөлінуінің жаңа мағыналы сөз жасаудағы негізгі қызметі (боз-бөз, тұз-түз, ал-әл т.б.), ә)жасалу жолына (жақтың қатысына) қарай ашық, қысаң болып бөлінуі; б) жасалу тәсіліне (ерін мен езудің қатысына) қарай еріндік, езулік болып бөлінуі (бірақ ашық-қысаң, еріндік-езулік болып, жұптаса бөліну әрқашан тұрақты емес шартты екендігі: олардың кейде мейлінше ашық немес қысаң кейде орташа ашық немесе қысаң болатындығы). Акустикасына қарай дауыстылардың мейлінше айқын, көтеріңкі және бәсең, көмескі әрі аралық дыбыстар болып естілу ерекшеліктері, в) үнінің ішкі сапасына қарай қазақ тілінің төл дауыстылардың жалаң және дифтонг болып бөлінетін түрлері. Дифтонг дауыстылардың өзіндік ерекше сапалық белгілері. Кейбір дифтонг болып бөлінетін түрлері. Дифтонг дауыстылардың өзіндік ерекше сапалық белгілері. Кейбір дифтонгоид дауыстылар: сөз басында «у, и» дауыстыларының (дифтонгоид сапада айтылуы) да кей жағдайда дифтонгоидқа айналуы. Орыс тілінен енген сөздердегі дауыстылар. Олардың рекшеліктері. Қазақтың төл сөздеріндегі және халықаралық сөздердің жазылуындағы «я, ю, е (ё)» әріптерінің қызметі; г) дауыстылардың сөз ішінде қолдагылатын орындары (сөз ішінде орын талғамайтын және талғампаз дауыстылар).


4- тақырып. Дауыссыз дыбыстар (Консонантизм)

Дауыссыз дыбыстардың құрамы. Қазақтың төл сөздеріндегі және халықаралық сөздерден қосылған дауыссыздар. Қазақ тілі мен халықаралық сөздерге ортақ дауыссыздар (к, т,с, л, т.б.). Дауыссыз дыбыстардың жасалуы. Дауыссыздардың әр түрлі тұрғыда топтастырылуы (классификациясы). Дауыссыздар: жасалу орнына қарай: 1) тіл тобы, 2) ерін тобы болып бөлінетіндігі. Актив, пассив сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасына байланысты. 1) тіл тобына жататын дауыссыздар өз ішінен : тіл-тіс, тіл алды, қатты таңдай, тіл ұшы-үстіңгі тіс, тіл арты-астыңғы тіс, тіл ортасы-орта таңдай, тіл арты-артқы таңдай сияқты тағы басқа түрлерге бөлінетіндігі. 2) ерін тобына жататын дауыссыздар өз ішінен: ерін мен ерін, ерін мен тіс болып түрленетіндігі. Жасалу жолына қарай дауыссыздар: а) қабысыңқылар тобы, ә) жуысыңқылар тобы болып бөлінетіндігі. Жасалу тәсіліне қарай: а) қабысыңқылар тобындағы дауыссыздар өз ішінен (үзілмелі-шғыл, бүйір, үзілмелі-сүзілмелі, діріл, айналмалы) 5 түрге бөлінетіндігі; ә) жуысыңқылар тобындағы дауыссыздардың жасалу тәсілі әрдайым сүзілмелі болатындыгы; б) жуысыңқы сүзілмелі дауыссыздардың акустикасы шулы, ызың сыбысты болып естілетіні. Дауыссыздар үн мен салдырдың қатысына қарай: а) үнділер тобына және ә) үнсіздер тобына бөлінетіндігі, үнділер тобындағылар жасалу жолына қарай ауыз жолды, мұрын жолды болатыны; акустикасына қарай ашық үнді, міңгір үнді болатыны. Үнсіздер тобындағылар үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң, ұяң болып бөлінетіндігі. Дауыссыздардың айтылуы: а) қатаң-ұяң болып және ә) тіл ұшының қызметіне байланысты жуан-жіңішке болып сыңар түзуі б) қазақтың төл сөзіндегі дауыссыз дыбыстардың бірде жуан, бірде жіңішке айтылуының (үн-ұн, от-өт т.б) фонетикалық мәнінің жоқтығы (тек аллофон болатыны): халықаралық сөздердегі дауыссыздардың жуан-жіңішке айтылуы жаңа ұғымды сөз жасайтындығы (фонетикалық қызмет атқаратындығы). Халықаралық сөздердің жазылуына жуан, жіңішке дауыссыздардың таңбалану тәсілі. Дауыссыздар сөз ішінде қолданылуы (сөз шегін дыбыстар тіркесін талғамайтын және талғампаз дауыссыздар).


5- тақырып. Буын (Силлабизм)

Буын, оның дауысты дыбыстың буын ішінде алып тұрған орнына қарай бөлінетін және буын құрайтын дауыстының акустикасына (жуан, жіңішке, көтеріңкі, бәсең, айқын, күңгірт т.б) қарай бөлінетін түрлері. Қазақтың төл сөздерінің буын жөніндегі ерекшеліктері. Сөздерді буынға бөлудің жолдары мен қажеттілігі. Сөз ішіндегі дыбыстардың орналасуына қарай буынның бөлінетін түрлері. Сөздердің буын жігі мен морфемалық жігі; бұларды ажырата білудің практикалық маңызы. Буынның бір түрінің екінші түріне ауысуы (буын жылысуы, буын ығысуы т.б), оның себептері. Буын жігінің ауызекі тілде бөлінуі мен жазуда бөлінуінің кейде сәйкес келетіні, кейде сәйкес келмейтіні, оның себептері.


6- тақырып. Дауыс ырғағы (Интонация)

Дауыс ырғағы (интонация) және кідіріс (пауза) туралы жалпы түсінік. Адам сөйлеп тұрғанда, айтылған пікірдің тыңдаушыға түсінікті болу үшін, мәнерлеп оқу үшін дауыс ырғағы мен кідірістің маңызы зор екендігі. Дауыс ырғағы арқылы сөйлемдегі сөздердің жеке айтылмай, бір ғана мағыналық топқа жинақталып, үздіксіз ұласа айтылатындығы. Кідіріс арқылы жеке мағыналы сөздер немесе мағына жағынан жинақталып ұласқан сөзтаптарының басқа сөздерден бөлініп үздік-үздік жіктеліп айтылатындығы. Ауа толқыны арқылы топталған фонетикалық бөліктер: сөйлеудің кідірістік, буындық жіктері (фраза, такт немес синтагмалар). Паузадан кейінгі күшті бас буын, паузаның алдындағы күшті соңғы буын. Дауыс ырғағының грамматикалық мағыналарды білдірудегі суперсегменттік қызметі.


7- тақырып. Екпін (Акцентуация)

Екпін, оның басты-басты түрлері: ой екпіні (логикалық екпін) және инверсия, көңіл-күй екпіні (эмфазалық екпін), сөз екпіні және олардың бір-бірінен айырмалары. Сөз екпіні, оның түрлері: үнді (музыкалық, тоникалық екпін); лебізді (динамикалық, экспираторлық) екпін. Лебізді екпіннің күшті лебізді, бәсең лебізді болып бөлінетіні: тіркес екпіні (фразалық немес комплекстік), көмекші (квантитатив) екпін. Қазақтың төл сөздері мен халықаралық сөдердегі негізгі және квантитатив сөз екпіндері. Лебізді сөз екпінінің тиянақты, тиянақсыз: тұрақты, тұрақсыз түрлері. Қазақ тіліндегі сөздердің екпіні көбінесе тиянақты (көбінесе соңғы буынға түсетін) және көбінесе тұрақты (омоним тұлғалы сөздерден басқалары) болып келетіні. Екпіні тұрақсыз сөздердегі сөз екпінннің атқаратын лексика-грамматикалық қызметтері. Қазақ тілі сөздерінің екпінді қабылдамайтын элементтері.


8- тақырып. Дыбыстардың өзгерістері

Дыбыс өзгерістерінің басты-басты түрлері: игерулі (комбинаторлық), шектік (позициялық), игерусіз (спонтанды). Игерулі өзгерістердегі бір дыбыстың екінші дыбысқа тигізетін іргелес, алшақ, ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдар. Дыбыстардың игерулі өзгерістердің сөз ішінде қолданылатын орындары. Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде жиі кездеспейтін түрлері: 1) ассимиляция, оның түрлері: дауыстылардың ассимиляциясы немес үндесуі, езулік немес таңдай аттракция мен еріндік аттракциялар. Дауыссыздардың қиюласуы. Ассимиляция мен сингармонизмнің ортақ жақтары және олардың айырмалары. 2) аккомодация (дауыстының дауыссызға немес дауыссыздың дауыстыға әсері); 3) метатеза (сөз ішіндегі дыбыстардың орнын ауыстырып айтылуы); 4) диссимиляция (ұқсатпай өзгерту), 5) орынбасар дыбыспен алмастыру; 6) айтуда дауыссыздарды үнемдеу, түсіріп тастау. Бұлардың кездесетін орындары. Шектік (позициялық) өзгерістер, олардың игерулі өзгерістерден айырмасы. Шектік өзгерістердің басты-басты түрлері: үчстеліп айтылатын сыналық дыбыстар (протеза, эпентеза, эпитеза), дауыстының әлсіреуі (редукция), оның сандық, сапалық, элизиялық, гаплологиялық түрлері, ұяң дауыссыздардың сөз соңында кідірістің алдында тұрып қатаңдауы.


9- тақырып. Игерусіз (Спонтандық өзгерістер)

Игерусіз өзгерістердің дыбыстардың өзіндік ерекшеліктері (олардың игерулі өзгерістерден айырмасы, тарихи дәстүрмен байланыстылығы).


10- тақырып. Графика және орфография

Графика (жазу). Қазіргі алфавиттің құрамы. Қазақ алфавитіндегі әріптер мен фонемалардың ара қатынасы. Орфография (емле). Қазақ орфографиясы туралы қысқаша мәлімет: араб әліппесі тұсындағы емле, латын әліппесі тұсындағы емле, қазіргі емле. Қазіргі кездегң қазақ орфографиясының негізгі (морфолгиялық, фонетикалық, тарихи дәстүрлі) принциптері, ол принциптерден ауытқитын кейбір жағдайларда әріптердің, түбір тұлғалардың жазылуы, күрделі сөз түрлерінің (біріктіріп жазылатын, бөлек жазылатын, сызықша арқылы жазылатын) жазылуы, халықаралық сөздердің жазылуы, қосымшалардың түрлері (алты вариант, төрт варианты, үш варианты, екі варианты және варианты жоқ), олардың емле ережесіне қатысы. Орфоэпия. Орфоэпия туралы қысқаша мәлімет. Орфоэпия мен орфография мәселелерінің ара қатысы. Фонетикалық транскрипция. Қазақ орфографиясының нормалары.


3.4 Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны

1- тақырып. Дыбыс туралы жалпы түсінік

Дыбыс және фонема, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Әріп туралы ұғым. Әріп пен дыбыстың арақатынасы. А.Байтұрсыновтың «Тіл - құрал» еңбегінің маңызы. Қ.Жұбановтың қазақ тілі фонетикасы жөніндегі зерттеулері.
2- тақырып. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары

Сөйлеу мүшелері туралы түсінік. Актив және пассив сөйлеу мүшелері. Дауысты дыбыстарды жасауға қатысатын сөйлеу мүшелері. Дауыссыз дыбыстарды жасауға қатысатын сөйлеу мүшелері.


3- тақырып. Дауысты дыбыстар (Вокализм)

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың тілдік табиғаты. Дауыстылардың тіл, жақ және ерінге қатысты бөлінісі. Дауысты дыбыстардың сөз ішіндегі қолданысы. Кейбір дыбыстардың дифтонгоид сапада айтылуы. Дауысты фонемалар: олардың саны, сапасы, жіктелуі; айтылу, жазылуындағы ерекшеліктер


4- тақырып. Дауыссыз дыбыстар (Консонантизм)

Дауыссыз дыбыстарға мінездеме. Дауыссыз дыбыстардың жасалу орны, тәсілі, жолына қарай бөлінісі. Дауыссыз дыбыстар. Африкат дыбыстар, олардың емлесі. Дауысты фонемалар: олардың саны, сапасы, жіктелуі; айтылу, жазылуындағы ерекшеліктер


5- тақырып. Буын (Силлабизм)

Буынға байланысты қазақ тіл біліміндегі көзқарастар. Қазақ тіліндегі тұйық буынның ерекшелігі. Буын, оған тән белгі-ерекшеліктер. Буынның маңызы, түрлері. Буынды танып-білудің фонологиялық маңызы, орны.


6- тақырып. Дауыс ырғағы (Интонация)

Дауыс ырғағының суперсегменттік қызметі. Дауыс ырғағының түрлері.


7- тақырып. Екпін (Акцентуация)

Екпіннің қызметі.қазақ тіліндегі екпін туралы көзқарастар. Қазақ тіліндегі екпін түспейтін қосымшалар.


8- тақырып. Дыбыстардың өзгерістері

Фонетикалық құбылыстар. Шектік (позициялық) өзгерістердің игерулі өзгерістерден айырмасы. Дыбыс үндесімі. Дауыссыз дыбыстардың өзара үйлесімі. Ықпал, игеру заңдылықтары. Жасалым, айтылымға қатысты игерулер. Буын үндесімі. Тіл үндесімінің тілдегі орны, қызметі. Ерін үндесіміне көзқарас. Буын үндесімінің тілді ұйымдастыру, ерекшелеудегі маңызы.


9- тақырып. Игерусіз (Спонтандық өзгерістер)

Игерусіз өзгерістердің тарихи дәстүрмен байланыстылығы. Спонтандық өзгерістер жөнінде зерттеулер.


10- тақырып. Графика және орфография

Қазіргі қолданыстағы алфавиттің тарихы. Қазақ алфавитіндегі әріптер мен фонемалардың ара қатынасы. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері.

Қазақ тілі орфографиясы сүйенетін принциптер. Қазақ орфоэпиясының негізгі мәселелері. Суперсегментті бірліктердің ауызша сөзді ұйымдастырудағы рөлі.

3.5 С¤Ж мазм±ны



СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

ҚТӘ-11,


Сағат көлемі

СҚТӘ-11 (2 ж)



1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

4(1x4)

4(1x4)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

4(1x4)




3

Бақылау жұмысын орындау

Бақылау жұмысы







13

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

12

14

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Реферат

Семестрлік тапсырманы қорғау

6

6

5

Бақылау шараларына дайындық




РК1, РК2

4

2




Барлығы







30

39


Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар
1. Дыбыстардың артикуляция-акустикалық қасиеттері. Сөйлеу мүшелерінің қызметтеріне сипаттама. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтуға қатысатын сөйлеу мүшелері.

¦сынылатын єдебиет: [2],3-30 бет, [3], 3-50 беттер, [4], 5-15 бет ,[5], 3-40 беттер, [7], 3-100 бет, [11], 5-60 беттер, [12], 3-75 беттер, [15], 3-30 беттер,

2. Дауысты дыбыстардың жіктелуі. Тілдің қатысына қарай дауыстылардың жіктелуі. Орын талғайтн және талғамайтын дауыстылар. Дифтогоидтардың қолданыстық ерекшеліктері.

Ұсынылатын єдебиет: [2], 3-20 бет, [3], 3-20 беттер, [5], 5-35 беттер, [7], 5-43 бет, [8], 5-60 беттер, [9], 3-70 беттер, [11], 3-85 бет, [15], 28-53 беттер, [16], 10-25 беттер.

3. Дауыссыз дыбыстардың табиғаты. Дауыссыздардың айтылымдық ерекшеліктері. Дауыссыздардың халықаралық сөздердегі таңбалануы.

Ұсынылатын єдебиет: [3], 3-40 бет, [5], 5-90 беттер, [15], 53-101беттер.

4. Қазақ тіліндегі буындардың ерекшелігі. Дауыс ырғағының маңызы. Кідірістің (пауза) дауыс ырғағымен байланысы. Екпіннің түрлері

Ұсынылатын єдебиет: [4],5-63 бет, [7], 12-34 беттер, [10], 84-91 беттер, [11],45-98 беттер, [12], 53-78 беттер, [13], беттер, [14], 87-91 беттер, [15],101-121 беттер.

5. Дыбыстардың бір-біріне әсері. Дауысты дыбыстардың көрші дауыссызға әсері.Игерусіз өзгерістердің дыбыстардың игерулі өзгерістерден айырмасы.

Ұсынылатын єдебиет: [11], 5-23 бет, [12],10-30 беттер, [15],123-161 беттер.

6. Қазақ алфавитінің құрамы. Қазақ алфавитіндегі әріптердің жазылуы.

Ұсынылатын єдебиет: [1], 5-30 бет, [4], 5-20 беттер, [6], 5-36 беттер, [7], 3-20 бет, [18], 50-62 беттер, [19], 34-56 беттер

7. Қазақ орфографиясының негізгі мәселелері. Қазақ орфографиясының фонологиялық принципі. Қазақ орфоэпиясы, оның негізгі принциптері. Фонетикалық транскрипция.

Ұсынылатын єдебиет: [1], 5-60 бет, [6],10-37бет, [14], 100-120 беттер, [15], 173-187 беттер, [17], 92-101бет, [18], 15-37 беттер, [19], 10-33 беттер.


Бақылау жұмысының тақырыптары

1. Фонетика қарастыратын мәселелер. Фонетиканың түрлері, салалары. Дыбыстың тілдегі қызметі.

2. Алғашқы фонетикалық зерттеулер: Н.И.Ильминскийдің қазақ тілі, оның ішінде фонетика туралы мұрасының маңызы. В.В.Радлов, П.М.Мелиоранскийдің қазақ тілі дыбыс жүйесіне қатысты ойлары мен еңбектерінің құндылығы.

3. Қазақ тілін зерттеудегі А.Байтұрсынұлының ғылыми мұралары.

4. Х. Досмұхаметұлының қазақ тіліндегі сингорманизм туралы еңбегінің маңызы. Х. Досмұхаметұлының әріп, емле, дыбыс төңірегіндегі ізденістері, оның мәні.

5. Қазақ тілі дыбыс жүйесін ғылыми тұрғыда зерттеуде Қ.Жұбанов еңбектерінің маңызы.

6. Қазақ тілі фонетикасының қазіргі зерттелуі жайы. І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, К.Аханов еңбектерінің маңызы, мәні.

7. Ә.Жүнісбектің фонетикалық іліміндегі соны құбылыстар, оның маңызы.

8. Қазақ сөздерін транскрипциялаудың сыры. Транскрипцияның мақсаты, мәні.

9. Жасалым (артикуляция). Айтылым (акустика). Естілім.

10. Байырғы қазақ тілі мен қазіргі қазақ тіліндегі дыбыстар. Дауыстыларды жіктеу мәселесі.

11. Байырғы қазақ тіліндегі дауыссыз фонемалар мен қазіргі қазақ тіліндегі дауыссыздар.

12. Дыбыстық үнем. Дыбыстық үнемнің пайда болу жолдары.

13. Қазақ тілінде буынның маңызы. Екпін туралы түсінік, екпінге көзқарас. Бунақ екпіні. Екпін және ырғақ.

14. Үндестік – тілдің болмысынан туатын заң. Негізгі үндестік заңдардың түрлері, оның сыры.

15. Бейүндестік (диссимляция), оның себебі. Оған көзқарас, түрлері.

16.Орфоэпияның зерттелуі. Орфоэпиялық норманың негізгі критерийлері. Оған көзқарас.

17. Қазақ орфографиясының тарихы. Қазақ орфографиясын қалыптастырудағы А.Байтұрсынұлының қызметі. Орфографияның негізгі принциптері.




Выписка из рабочего Форма

учебного плана Ф СО ПГУ 7.18.1/10

специальности(ей)




050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандыќтарыныњ оќу ж±мыс жоспарынан кµшірме

Пәннің атауы Қазіргі қазақ тілі фонетикасы


Оқу түрі

Бақылау формасы

Студент жұмысының көлемі

Сағаттың курс және семестр бойынша бөлінуі

Емт.

сынақ

К.ж

К.жұм.

ЕГЖ

бақ.жұм

Барлығы

Дәріс

Тәжірибе

ОСӨЖ

СӨЖ

Дәріс

Тәжірибе

ОС¤Ж

СӨЖ

жалпы

Аудитор.

ОСӨЖ

СӨЖ


Күндізгі

ЖОБ негізін

де


1
















45

15

30

1-семестр

2- семестр

7,5

7,5

7,5

22,5













Сырттай

ЖБ

негізінде



1













1

45

6

39

1-семестр

2-семестр

6




5

34














Қолданылатын єдебиеттер

Негізгі:

  1. Алдашева А., Уәлиев Н. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. –А., 1988

  2. Аралбаев Ж. Вокализм казахского языка. –А., 1970

  3. Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. –А., 1988

  4. Байтұрсынов А.Тіл тағылымы. –А., 1992

  5. Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. –А., 1973

  6. Дүйсебаева М. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. –А., 1981

  7. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –А., 1993

  8. Жүнісбеков Ә. Акустика-артикуляционные характеристики гласных казахского языка. –А., 1969

  9. Жүнісбеков Ә. Гласные казахского языка. –А., 1972

  10. Жүнісбеков Ә. Сингорманизм казахского языка. –А., 1980

  11. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика). –А., 1993

  12. Қазақ грамматикасы. –Астана, 2002

  13. Қазақ тілі энциклопедиясы. –А., 1998

  14. Қалиев Б., Оралбаева Н., Қасымова. Б., Шалабаев. Б., Төлегенова О. Қазіргі қазақ тілінің жинағы. –А., 1997

  15. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау жүйесі. –А., 1998


Ќосымша:

  1. Қалиев Б. Қазақ тілінің дауысты дыбыстарының редукциясы. –А., 1984

17. Оралбаева Н., Қалиев Ғ., Бейсенбаева К., Хасанова С., Әбілқаев А., Шалабай Б. Қазіргі қазақ тілі курсы бойынша лабораториялық жұмыстар. –А., 1991

18. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. –Астана, 2000



19. Сыздық Р. Емле және тыныс белгілері. –А., 1996

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет