Тапсырма
1.«Аңыздың ақыры» шығармасынан алынған көркемдегіш құралдардың қызметін ажыратыңыз.
№
|
Шығармадан үзінді
|
Көркемдегіш құралдың түрі
|
Қолданылу мақсаты
|
1
|
Құба шөл, құла түз басталды. Шөлдің қақаған қапырық ыстығы қайтадан қайратына мінді. Қарақұрым қалың қол толарсақтан құм кешіп жүріп келеді. Шақырайған талма түс салт аттылардың құрдым көлеңкесін де жалмап жұтып қойыпты; енді өздерін біржолата жоқ қылып жібергісі келгендей өртеніп тұр.
|
|
|
2
|
Әмірші дүниеде осы бір шынашақтай құстан басқа ештеңе қалмағандай, шегір көзін соған қадап апты.Бармақтай құстың мына жанталасы қандай мағыналы.Тамағы бүлк- бүлк етеді. Жер апшысын қуырып бара жатқан қызыл жалын аптаптан жанын қоярға жер таппай шыр- шыр етеді.
|
|
|
2.«Аңыздың ақыры» шығармасын мазмұндас шығармалармен салыстыра отырып, идеясы мен тақырыбын, тарихи және көркемдік құндылығын анықтаңыз .
|