Психикалыќ процестерді зерттеу їшін ўсынылєан тестілер жиынтыєыныѕ їлгісі


№2 субтест. Керна-Ирасек тестісі бойынша мектептік жетілгендікті анықтау (мектеби-қажеттілік функциясының даму деңгейін анықтау)



бет2/31
Дата21.11.2022
өлшемі0.91 Mb.
#465368
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
0,1,2,3,4 тест

№2 субтест. Керна-Ирасек тестісі бойынша мектептік жетілгендікті анықтау (мектеби-қажеттілік функциясының даму деңгейін анықтау).


Тест 3 тапсырмадан тұрады: түсінігі бойынша фигура салу, жазба әріптен фразаны графикалық көшіру және белгілі бір кеңістік жағдайында нүктелерді көшіріп бейнелеу. Тест бір баламен немесе балалардың шағын тобымен, қолдану нұсқауына сәйкес жүргізіледі.
Нәтижелерді бағалау.

Әр тапсырма 1 балдан (ең жақсы баға) 5 балға (ең нашар) дейін бағаланады.
Тапсырмаларды бағалау критериилері:
1 -т а п с ы р м а. Ер адам фигурасын салу:
1 балл- салынған фигураның басы, денесі, аяғы болуы керек.Бас денемен мойын арқылы қосылған ол денеден үлкен болмау керек. Баста- шаш бас киім немесе шляпа болуы мүмкін,құлақтары, бетте-көз, мұрын, ауыз болуы керек.Қолдары, онда бес саусағы болуы керек.Ер адам киімінің белгілері.Сурет жинақтаушы әдіспен орындалған, яғни пропорцияны орындай отырып, кескіндеп бейнеленген.
2 балл- бейнелеудің жинақтаушы әдісінен басқа 1 бағадағы барлық талаптардың орындалуы. Дененің үш мүшесінің болмауы мүмкін: мойын, шаш, қолдың бір саусағы, бірақ беттің қандай да бір мүшесі болмай қалуы мүмкін емес.
3 балл- суреттегі фигураның басы, денесі, аяқтары, қолдарыбар және олар екі сызықпен салынған.Құлақтары,шашы, киімі, қолдарында саусақтары, аяқтарында табаны жоқ.
4 балл- бас пен дененің өте қарапайым суреті. Аяқтары бір сызықпен бейнеленген.
5 балл- ден мен аяқтардың анық бейнесі жоқ.Шимайлар.
2-т а п с ы р м а.Жазылған мәтінді имитациялау, бейнелеп жазу.
1 балл- оқи алуға болатындай имитация- бейне жазу (көшірме). Әріптер шамамен үлгідегіден екі есе үлкен. Әріптерден үш сөз құралған.Сөйлемдердің тік сызықтан ауытқуы 30o тан артық емес.
2 балл- сөйлемдерді оқуға болады.Әріптердің үлкендігі үлгіге жақын, олардың түзу болуы міндетті емес.
3 балл- әріптер екі топқа бөлінген, ең болмағанда 4 әріпті оқи алуға болады.
4 балл- ең болмағанда екі әріп үлгіге ұқсас, "жазудың бейнесі"
5 балл- шимайлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет