Қорытынды.
Диплом жұмысы ретінде анықталған «Жеткіншек жасындағы балалардың мінез-құлық ерекшеліктерін диагностикалау жолдары» тақырыбын зерттеу барысында келесі қорытынды жасадық.
1. Жеткіншек жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «пубертаттық жас» деген аттармен аталып, осы кезде балалардың ересектіккке өтуіндегі проблемалары көрсетіледі. Бұл проблемалардың барлығы осы жас кезеңінде өтетін психофизиологиялық өзгерістер, жыныстық жетілу процестерімен байланысты. Мектеп психологтары жеткіншектердің жас ерекшеліктерінің теориялық негіздерін жан-жақты білуі, осы жас кезеңін зерттеген психологтар еңбектерін талдауы олардың әр бала проблемасының ерекшеліктеріне толық түсінуін камтамасыз етеді және осы қиындықтарды шешуге көмек көрсетуге даярлықтан өтудің бірінші жолы.
2. жеткіншектердің проблемаларын анықтап алу үшін сыныптағы ұжымшылық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттедік. Бұл зерттеу анықталған ретпен жүргізіледі, сондықтан педагогикалық тәжірибе барысында барлық жетінші сыныптар оқушыларын түгел зерттеуден өткізіп, проблемасы бар топтарға және жеке оқушыларда дер кезінде психологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік туады. Сонымен қатар салыстырмалы материалдар алу үшін үшінші және оныншы сыныптарда мазасыздану деңгейлерін анықтауға арналған пиктограмма әдістемесін жүргіздік. Нәтижесінде мектептегі барлық сынып оқушыларының ішінде жетінші сынып оқушыларының акцентуациясы өте жоғары болып табылды.
3. Оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу барысында олардың акцентуациясы, мазасыздануы, агрессиясы тағы басқа топішілік қатынасқа әсерін тигізетін ерекшеліктерін анықтаудан бастадық. Жекелік қасиеттерін бағалау нәтижесінде балалардың үштен бірінің акцентуациясы және агрессиясы нормадан жоғары екенін анықтадық. Зерттеулер нәтижесінде оқушылардың мектепішілік қарым қатынас барысындағы барлық қиындықтары өзіне эгоцентризм, өзін өте жоғары бағалауы немесе, керісінше, өзіне сенбеушілік пен мазасыздануы, өзін төмен бағалаумен байланысты екен. Сондықтанда оқушыларды бір коррекциялық топқа біріктіріп, коррекциялық жұмысты келесі бағыттар бойынша жүргізуді ұсындық:
- Оқу дағдыларын қалыптастыру машықтарын жүргізу.
- Баланың өзін-өзі бағалауын адекваттыққа жақындату.
Осы мақсатпен баланың өзіндік бағалауын реттеу, көпнәрсе қолынан келетінін дәлелдеу мақсатында оның әрекеттерін ұйымдастыру. Баланың отбасы және қатарластары арасындағы қарым қатынасына кедергі болып отырған кейбір мінез көріністерін реттеуге арналған ойын коррекцияларын ұйымдастыру жұмыстарын арнайы психологиялық ойындарды іріктеп алып, оларды зерттелінушілердің оң қасиеттерін нығайту үшін қолдандық. Жүргізілген коррекциялық жұмыс үш аптадан кейін оң нәтиже бере бастады. Нәтижелерін пысықтап, бекіту үшін нормадан ауытқулары басқалардан асық болған тоғыз оқушының ата-аналарымен психологиялық кеңес беру жұмысы жүргізілді.
4. Ата-аналарға келесі кеңестер берілді:
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып баланың намысына тиетін қатты сын айтпай, тиым салғанда ол не үшін жасалып жатқанын, түсіндіріп, ұрыспай тіл табысу. Ата-аналар мен мұғалімдер мазасыздануы жоғары және сезімтал балалардың эмоционалды күйін үлкен шыдамдылықпен қабылдап, қажет болғанда оларға көмек көрсетіу керек.
Жеткіншектік кезеңдегілердің өмірі драмалық уайымдауларға, қиындықтар мен кризистерге толы екендіктен олардың осы диспропорциялану кезеңінен жаны күзелмей шығуына көмектесу қажет. Бұл жаста адам өзінің физикалық ерекшелегіне көбірек көңіл бөле бастайды, айналадағылардың көзқарасына деген реациясы күшейе түседі, тез өкпелеу басым болады. Сондықтан баланың «каприздарын» біраз уақыт көтеріп, оларға үлкендер қандай болуы керек екенінің оң үлгісін көрсетудің маңызы өте үлкен.
Әдебиеттер тізімі.
1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.
2. Алдамүратов Ә. Жалпы психология. Алматы, 1996.
3. Анциферова Л.Н. Психология формирования и развития личности. М., 1981.
4. Бектенгалиева С.Х., Ядгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру. Алматы, 2003.
5. Битянова М.Р. Практическая психология. М., 1997.
6. Бап-Баба С. Жантану негіздері. Алматы, 1998.
7. Бабасов Е.М. Конфликтология. Минск, 2000.
8. Бэрон Р., Ричардсон Д. Агрессия. С-Пб,. 1998.
9. Бютнер К. Жизнь с агрессивными детьми. М., 1991. Ю.Бернштейн К.А. Очерки по физиологии движений и физиологии активности. М., 1966.
11. Валлон А. Психологическое развитие ребенка. М., 1967.
12. Возрастная и педагогическая психология. Под ред. М.В.Гомезо и др. М., 1984.
13. Выготоский Л.С. Собрание сочинений в 6 томах. М., 1982.
14. Валиева М. Білім беру технологиясы және оларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу. Алматы, 2002.
15. Грановская Р.М. Элементы практической психологии. М., 1997.
16. Диагностика готовности детей к обучению в школе - анализ поведения. М., 1993.
17. Дьяченко О.М. Об основных направлениях развития воображения у детей. Ж. «Вопросы психологии», 1988, № 16.
18. Добсон Дж. Непослушный ребенок. Под ред. Н.Коршуновой. М., 1992.
19. Донченко Е.А., Титаренко Т.М. Личностъ: конфликт, гармония. Киев, 1989.
20. Дружинин В.В. и др. Введение в теорию конфликта. М., 1989.
21. Драгунова Т.В. Проблема конфликта в подростковом возрасте. Ж. «Вопросы психологии», 1972, № 2.
22. Дубровина И.В. Настольная книга школьного психолога. М., 1996.
23. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. Алматы, 2004.
24. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1970.
25. Золотнякова А.С. Проблемы психологии общения (социальный и личностные типы общения, их профессиональные, познавательные и генетические аспекуты). Ростов-на-Дону, 1976.
26. Зейгарник Б.В. Патопсихология. М., 2000.
27. Квимен В. Прикладная психология. С-Пб., 2001.
28. Кле М. Психология подростка: Психосексуальное развитие. М., 1991.
29. Козлов Н.И. Как относитъся к себе и людям, или Практическая психология на каждый день. М., 1998.
30. Кон И.С. Психология ранней юности. Книга для учителя. М., 1989.
31. Кристофер Э., Смит Л. Тренинг лидерства. Питер, 2001.
32. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. МГУ, 1981.
33. Матейчик 3. Родители и дети. Книга для учителя. М., 1992.
34. Морозов А.В. Деловая психология. С-Пб., 2000.
35. Мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған психодиагностикалық қызмет. Құрастырған Л.К.Көмекбаева. Алматы, 2004.
36. Нұрмұхамбетова Т.Р., Рсмаханбетова Ш.Е. Тәжірибелік психология. Шымкент, 2004.
37. Немчин Т.А. Состояния нервно-психологического напряжения. Л., 1983.
38. Немов Р.С. Психология. В 3 т. т.З. М., 1996.
39. Особенности обучения и психического развития школьников 13-17 лет. Под ред. И.В.Дубровиной, Б.С.Кругловой. М., 1998.
40. Овчарова Р.В. Семейная академия: Вопросы и ответы. М., 1996.
41. Осипова А.А. Введение в практическую психокоррекцию. М., 2000.
42. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. Психологический словарь. М., 1990.
43. Популярная психология для родителей. Под ред. А.С.Спиваковской. С-Пб., 1997.
44. Платонов К.К. Психологический практикум. М., 1980.
45. Поддьяков Н.К. К вопросу о развитии мышления. М., 1981.
46. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Алматы, 1987.
47. Петровский А.В. Способности и труд. М., 1996.
48. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. М., 1996.
49. Рыбалко Е.Ф. Возрастная и дифференциальная психология. М., 1990.
50. Римский С, Римская Р. Практическая психология. М., 1999.
51. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Ростов-на-Дону, 2002.
52. Семья в психологической консультации. Под ред. А.А.Бодалева, В.В.Столина. М., 1999.
53. Субботский Е.В. Ребенок открывает мир. М., 1991.
54. Снайдер Д. Практическая психология для подростков. М., 1999.
55. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы, 1993.
56. Теплов Б.М. Проблемы индивидуальных различий. М., 1961.
57. Учителям и родителям о психологии подростка. Под ред. Г.Г.Аракелова. М., 1990.
58. Херсонский Б.Г., Дворяк С.В. Психология и психопрофилактика семейных конфликтов. Киев, 1991.
59. Хоменстаускас Г.Т. Семья глазами ребенка. М., 1989.
60. Цукерман Г.А., Мастеров Б.М. Психология саморазвития. М., 1995.
61. Щербаков А.И. Проблемы возрастной психологии. М., 1987.
62. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М., 1995.
63. Чернявская А.П. Психологическое консультирование. М., 2004.
Достарыңызбен бөлісу: |