Психология-психикалық құбылыстардың пайда болуын,даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Психология-ерте заманнан келе жатқан білім салаларының бірі.Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия.Психология гректің екі сөзінен тұрады.Оның біріншісі(псюхе) жан,екіншісі (логос) сөз,ілім,
Міндеті.
Ғылым ретінде психологияның міндеті психикалық өмірдің заңдылықтарын зерттеу.
Психологияны үйреніп білу-адамға еңбек және оқу істерінде тигізер көмегі мол.Ой әрекетін жақсы түсінуге есте сақтауға,зейін аударуға жол ашып береді.
Медициналық сұхбат жүргізу дағдыларын көрсету.
Медициналық сұхбат-тұлғаның психологиялық қасиеті және белгілері,дерттің ішкі бейнесі мен науқастың мәселелері туралы ақпарат жинау және науқаспен жанасу негізінде оған психологиялық әрекет жасау әдісі.
Мақсаты.
науқастың жекеше психологиялық қасиеттерін біліп,бағалау.
Психологиялық ерекшеліктерінің сапасын анықтау,олардың күшін ауырлығын жіктеу.
Сонымен қатар,сұхбаттың мақсатына адамның шағымдарын анықтау және оның тәртібінің,жүріс тұрысының ішкі себептерін ықпалдарын айқындау жатады.Медициналық сұхбаттасу,медициналық қызметкердің науқасқа психологиялық жәрдем беруіне де негізделеді.
Сұхбатасу функциялары.
Диагностикалық
Терапевтік
"Сезім" ұғымы. Сезімнің сипаттамалары мен түрлері.
Адам өмірінде сезімдер ерекше рөл атқарады.Сезім немесе эмоция сөзі адамдардың өмірі мен қызметіне,олардың адамдарға табиғатқа,өнерге немесе шығармаларға ғылымға қатынастарға байланысты көңіл күйін білдіреді.Сезім бұл өте күрделі,адамның қалыптасқан тұрақты қатынасы,жеке тұлғаның белгісі.Мысалы.борыш сезімі,патриотизм сезімі,жауапкершілік сезімі,т.б.Эмоция өте қарапайым көңіл күйді білдіреді.
Сезім түрлері.
Ақыл ой сезімі