Психологиялық- педагогикалық практикум



бет18/32
Дата26.09.2023
өлшемі381.59 Kb.
#478617
түріПрактикум
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
семинарға қосымша материалдар

Регламентті сақтауларыңызды сұраймыз.



  1. ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ



Талқылау сұрақтары
Жеке тұлға ұғымы туралы түсінік.
«Интеллектуалдық әлеует» ұғымының мәні мен мазмұны


Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ.Б. Психология.-Алматы, 2000

  2. Баширова Ж.Р., Төлешова Ұ.Б. Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. (Оқу-әдістемелік құралы). әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің баспасы. Алматы, 2003. Б. 56.

  3. Нарыкбаева Л.М. Работа учителя с одарёнными детьми: Учебное пособие по спецкурсу. Алматы: Изд. Дом КазГЮУ, 2003. – 248 б.

  4. Педагогика и психология одаренности школьников: / под ред. У.Б.Жексенбаевой, А.К.Сатовой.-Алматы, 2002. 61-67 б.


3.1 Жеке тұлға ұғымы туралы түсінік.
Жеке тұлға деген сөздің өзі ( ағылшын тіліндегі -personalіty) латын тіліндегі – «persona» деген сөзден шыққан. Бастапқыда бұл сөз ежелгі грек драмаларындағы театр көрністерінде әртістер киетін масканы аңғартты. Соған орай, басынан-ақ, «жеке тұлға» түсінігіне адам арнайы өмірлік рольдерді ойнаған сәттерде индивидуалдылыққа қол жеткізетін сыртқы әлеуметті бейне қосылған, яғни айналасындағыларға бағытталған қоғамдық бет әлпет.
Жеке тұлға атауын отандық ғалымдар «жеке адам», «дара тұлға», «даралық», «жеке тұлға», «адам», «кісі» тағы басқа ұғым ретінде қарастырады. Біз ғылыми еңбегімізде «жеке тұлға» деп қарастыруды жөн көрдік. Сондай-ақ, «жеке тұлға» ұғымы көп мағыналы, біріншіден даралық қасиеттердің бірлігі және әлеуметтік рольдегі іс-әрекеттің субъектісі, екіншіден басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу үрдісінде еңбектің, танымның, қатынастың субъектісі ретінде сипатталады.
Белгілі психолог Б.Г. Ананьев еңбектерінде «Адам - физиологиялық, психологиялық жағынан қалыптасып келе жатқан тіршілік иесі. Адам еңбек ету нәтижесінде жануарлар дүниесінен бөлініп шығып, бір-бірімен тілдің көмегімен қарым-қатынас жасайтын, дүниені танып білетін оны өзгертетін және еңбек құралдарын жасайтын жағдайға біртіндеп ие болды. Оның өмірдегі көрінісі физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік ерекшеліктеріне, даралық қасиеттеріне байланысты жеке адам немесе жеке тұлға екені көрінеді» - деп қарастырады
Ал, Ә. Алдамұратов «Адам - табиғатта кемелденіп жетілген, ақыл ойы дамыған қоғамдық тұлға» деп анықтама берсе, республикамызға танымал ғалымдарымыздың бірі Қ.Б. Жарықбаев: «Жеке тұлға дегеніміз - қоғам мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады», - деп тұжырымдайды.
Олай болса, жеке тұлға дегеніміз - сана сезімі, тұлғалық, ізгілік қасиеті қалыптасқан, өзіндік мақсаты мен өмір жолын таңдай білетін, тәрбиелі, білімді, іскер, танымдық қызығушылығы басым,барлық күш жігерін өзіндік игілігіне жұмсай алатын, саналы тіршілік иесі.
Жеке тұлға - қоғам мүшесi ретiнде, өзiндiк өмiр сүру бейнесiне сай, жеке құқыққа, танымдық қасиетке ие, өздiгiнен iздену арқылы бiлiм мен iскерлiгiн жетiлдiрiп ұдайы даму үстiнде болатын жан.
Жеке тұлға - сана сезімі, тұлғалық, ізгілік қасиеті қалыптасқан, өзіндік мақсаты мен өмір жолын таңдай білетін, тәрбиелі, білімді, іскер, танымдық қызығушылығы басым,барлық күш жігерін өзіндік игілігіне жұмсай алатын, саналы тіршілік иесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет