Дау-дамай себептерінің жіктелуі: - Дау-дамай себептерінің жіктелуі:
- 1) ресурстың жеткіліксіз, шектеулі болуы, олардың сандық және сапалық жақтары;
- 2) мақсаттар арасындағы айырмашылықтар;
- 3) құндылықтардағы, мінез-құлықтағы, тәрбиедегі айырмашылықтар;
- 4) қанағаттандырылмаған коммуникация;
- 5) қақтығысқа қатысушылардың жеке ерекшеліктері.
- Бұл жіктеулердің жақсы жағы бар, ол дау-дамайдың қайнар көзі мен қолданылу сферасын ажыратуға мүмкіндік береді. В.Линкольн дау-дамайды талдай отырып, олардың себепті факторларын анықтап, 5 типін көрсеткен:
- 1. Ақпараттық факторлар:
- толық емес, нақты емес фактілер;
- дезинформация;
- уақытынан ерте немесе кеш жеткізілетін ақпараттар;
- 2. Мінез-құлықтық факторлар;
- 3. қарым-қатынас факторлары:
- мәртебе бойынша айырмашылық;
- құндылықтық факторлар;
- құрылымдық факторлар: біздің тілегімізден тыс обúективті жағдайлар, оларды өзгерту өте қиын, т.б.
- Тұлғааралық дау-дамайларды бірнеше белгілер бойынша жіктеуге болады:
- 1. қолданылу аясына қарай:
- іскерлік (басшы, бағынушы);
- отбасылық;
- мүліктік;
- тұрмыстық, т.б.
- 2. Функционалдық салдарына және әсеріне байланысты: конструктивті және деструктивті.
- Конструктивті жағы екі жақ арасындағы қарым-қатынастың белгісіздігін ашуда және дау-дамайға қатысушылардың жеке қасиеттері мен мінез-құлқын жақсартуда қолданылатын әдісті табуда үлкен рөл атқарады.
- Тұлғааралық дау-дамайдың конструктивті салдарлары төмендегідей көрінеді:
- мәселені шешуге қатысатын адамдар қауымдастығын құру;
- ынтымақтастықты кеңейту;
- өзін-өзі және басқаның жеке қызығушылығын тану.
- Дау-дамайдың деструктивті жағы оппоненттердің біреуі екіншісін психологиялық жағынан басып тастауға, оны басқа адамдардың көзінше кемсітуге дискредитация жасағанда көрінеді. °детте, екінші жақ оған қа¿арлы түрде қарсылығын білдіріп, бұл екі жақтың арасындағы диалог жанжалға айналып, оны шешу мүмкін емес болады. Дау-дамайдың деструктивті жағы денсаулыққа үлкен зиянын тигізеді және көбінесе жұмыс орнында өрбиді. Дау-дамайды деструктивті шешудің үш негативті салдары болады. Біріншіден, адам “даудан мен жеңдім, ал анау жеңілді” деп ойласа да, шын мәнінде екі жақ бірдей жапа шегеді. Екіншіден, екі жақтың біреуінде болсын өкпе қалады, соның ішінде жеңіліп қалған адам өз-өзін дау-дамайдан ұтымды шыға алмадым деп өзін-өзі іштей кінәлайды. Осының әсерінен ол өзін төмен бағалап, сыйламайды.
Достарыңызбен бөлісу: |