Психотерапия технологиялары


БЕХТЕРЕВ БОЙЫНША ӨЗІН-ӨЗІ ИЛАНДЫРУ



бет26/43
Дата27.03.2023
өлшемі0.86 Mb.
#471159
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
АР ЖУНУСОВА ПСИХОТЕРАПИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ. ПАВЛОДАР. КЕРЕКУ, 2010

БЕХТЕРЕВ БОЙЫНША ӨЗІН-ӨЗІ ИЛАНДЫРУ. В. М. Бехтерев 1890-1892 жж. сипаттаған бұл әдістеме суггестивтік психотерапияға жатады және жеңіл гипнөздық ұйқы жағдайында (гипнөздың бастапқы сатысында) жасалатын өзін-өзі иландырудың өзгеше тәсілі болып табылады.
Емдеу емханалық түрде жасалады. Жеңіл гипнөз ұйқысына келтірілген науқас аурудың басты белгілерін жоюға бағытталған өзін-өзі иландыру сөздерін үш рет қайталайды. Келесі сеанстарда басқа ауру бұзуларын жоюға бағытталған өзін-өзі ұйытулар қосылады. Сеанстар арасындағы күндерде науқас мүмкіндігінше «жадына иландыру жасалған жағдаятты жасап», иландыру формуласын қайталау керек.
Кейін 1911 ж., В. М. Бехтеревпен табиғи ұйқы алдында немесе оянудан кейінгі өзін-өзі иландыру әдістемесі сипатталды. Бұл әдістемеге өзін-өзі иландыру формуласы нақты жағдайға сәйкес жасалып, бірінші жақтан айтылады, болашақта емес, нақты осы шақта бұйырумен айтылады. Бұл тәсілді автор иландыру жолымен емдеуге қосымша ретінде қарастырған, бірақ көп жағдайларда дербес қолдануда оны тиімді деп есептеген.
Өзін-өзі иландыру әдісі гипнөздың бастапқы кезеңінде жүйке жұқару, есірік, ұзақ мерзімді жұқпалыдан кейінгі әлсіздік жағдайында тиімді болып шықты.
КУЭ БОЙЫНША ӨЗІН-ӨЗІН ИЛАНДЫРУ. Өзін-өзі иландыру тәсілдері ішінде кеңінен таралғаны француз аптекарі Куэ әдістемесі болды (Coue E., 1857-1926), оны «саналы өзін-өзі иландыру жолымен өзін-өзі ұстай білу мектебі» деп атаған. Өзінің дәретханада сатқан дәрілерінің емдеу қасиетін жиі физиологиялық түрде негіздей алмаған және науқастардың «елестету күші» деп түсіндірді. Ол иландыру және гипнөз техникасына Льебо (Liebault А. А.) және Бернгеймнен (Bernheim Н.) үйрене бастады, ал 1910 ж. Нансида өзінің әдістемесі бойынша емдейтін меншік емханасын ашты. Бұл әдістемесі туралы өзінің отаны Англияда дәрістер оқыды, кейін оларды жинақтап кітап шығарды. Куэ жеткілікті ұйытылатын адам қарсылық білдіріп, оны өзін-өзі иландыруға айналдырмаса, иландыруды қабылдамайды. Куэ және Бодуэн (Baudouin Ch.) басшылығындағы Неонансия мектебінің басты тезисі: иландыру жоқ, тек өзін-өзі иландыру бар. Куэ дәрігер болмағандықтан, өзінің науқастарын «шәкірттер» деп атап, оларды үйретті, саналы түрде өзін-өзі иландыруды бұл «табиғаттың тума күшін», қолданды.
Ең алдымен (терапиялық табыстың маңызды болып табылатыны) ол «шәкіртін» бірнеше тәсілмен өзін-өзі иландырудың күшіне сендірді: түзеліп, өзін тақтай болып сезініп, балтыр-аяқ буындарында ғана қөзғалу мүмкіндігін қалдырып, «шәкірт» өзін артқа, алға қарай құлауын елестетеді («Мен артқа құлаймын», «Мен алға құлаймын»); қолдың саусақтарын қиыстырып, қолдың жазылмайтыны туралы көзарбайды («Мен жасай алмаймын, мен жасай алмаймын»); жұдырығын жаза алмайды деп ұйытады. Куэ айтқандай, бүкіл жерде бұл жағдайда «басшының иландыруы өзін-өзі иландыруды қөздырады». «Шәкірт» ондағы өзін-өзі иландыратын күштің құдіретін білген кезде, ол Куэ айтқандай, «дәннің гүлденіп өсіп кететін өңделген далаға сәйкестенеді; соншалықты дән өспейтін өңделмеген жерге ұқсаған екен».
Содан кейін «шәкірке» айналадағы заттар бөгет болмас үшін, көзін жұму ұсынылады, және мысалы, «іші ауырған» жағдайында ол сөздері түсінікті естілетіндей ернімен жыбырлап, өзінің жағымсыз түстерсіз тыныш ұйықтайтыны және күнде таңертең жақсы тәбет пен нәжіс болатыны туралы иландырады. Кез келген сырқатта таңертең, оянғанда бірден, кешке төсекте, көзді жұмып, айтқаныңа назар аударып, Куэ өзін-өзі келсідей иландыруды ұсынған: «Күн сайын барлық жағынан менің жағдайым жақсарып жатыр». Зорлықсыз, ойланусыз, бала сияқты, кенеттен, «дұға сияқты» илану керек. Сонымен бірге жіңішке арқанның түйіндерін жақсылап ажырату керек (қанша сөз, сонша түйін). Куэ әр түрлі сырқаттары бар науқастарды емдеген. «Өзін-өзі иландыру медициналық қолдануды айырбастай алмайды, – деп ойлайды, – бірақ науқастың болсын, дәрігерге де құнды қосалқы құрал болып табылады.
Куэ әдістемесін адамның мінез-құлқымен елес пен шала түсініктегі еліктірулер басқарады деген пікірден негізге алған Бодуэн дамытып тұжырымдаған. Бір фразаларды қайта-қайта қайталаудан автоматты түрде санасыздыққа әсер ететін ішкі қадалу пайда болады. М. Е. Бурно (1974) тұжырымдағандай, Бодуэн өзін-өзі иландыруды дәл ояну кезінде немесе дәл ұйқтар алдында өткізуге науқастарды өзін-өзі гипнөзға келтіруге үйретуді ұсынған. Өзін-өзі гинөзға келтіру көңілді бір нәрсеге аудартуға септігін тигізеді (қараңғыдағы шамның оты), ондағы назардың зорлықпен болмауы үшін бір дыбысты (сағат тықылы) өзін-өзі иландыру мақсатын біріктіретін қысқа сөздермен жеткілікті айқын бір ойға аудару. Иландырудың (өзін-өзі иландыру) теориялық әсерін Бодуэн арнайы идеомоторлы үлгісі – санадан гөрі дене қимылымен жеңіл басқара алатын шала түсінікке терапиялық бұйрықтың «енгізуімен» қолданып түсіндірді. Назарды бір нәрсеге ұзық аударып тұрса, (қарап тұрғанды көрсейміз, естіп тұрғанды естімейміз), ұйқыға ұласатын релаксация пайда болады (ойлаудан босау). Релаксация шала түсініктің «босатылуына» септігін тигізеді, және енді терапиялық бұйрықты шала оңай «кіргізуге» болады.
Куэ және Бодуэн өзін-өзі иландыру рөлін медициналық тәжірибе шегінен тыс кеңейткен, олар өзін-өзі иландыру адамдардың көзқарастарын өзгертетінін айтып, қоғамның жетілу жүйесін құруға тырысты. Куэ— Бодуэн бойынша өзін-өзі иландыру 20-е жж. кең танымал болды. Біздің елімізде «куэизм» аурудың нөзологиялық ерекшеліктері мен аурудың жеке тұлғасын ескермегендіктен сынға ие болды.
Психотерапияның мен өзін-өзі иландырудың белсенді әдістерін насихаттау Куэ және оның ізбасарларының жағымды жағы болды. Куэ емдеу үдерісінде науқастың белсенді рөлін бекітуге мен психотерапиядағы жаттығулар мен оқыту идеяларының дамуына ықпал етті. Сонымен қатар ол жағымсыздың орнына жағымды өзін-өзі иландырудың пайдалылығын көрсетті («Мен ауру емеспін» орнына «Менің денім сау»). Осындай жағымды жақтарының арқасында Ө.И. және К. В. М. Бехтеревпен құпталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет