Псориаз – созылмалы, қайталанып тұратын, тері ауруы. Ауру 16 мен 25 жас аралығында көбірек кездеседі, бірақ тіпті бала кезінде басталуы да мүмкін. Этиологиясы мен патогенезі



бет2/3
Дата26.09.2024
өлшемі0.56 Mb.
#504050
1   2   3
Қамытаев Ә СӨЖ ДВ

Псориаздың даму кезеңдері.

  • Псориаздың даму кезеңдері.
  • үдемелі (жедел ағымды)
  • тұрақты
  • аяқталу
  • Үдемелі мерзімнің ерекшелігі болып бөртпелердің (ұсақ) көптеп шығуы, түлеу ерекшеліктері есептеледі; тұрақты мерзімде қабыршақтар псориаздық табақшалардың бетін түгел жауып тұрады. Үдемелі мерзімде табақшалардың шетінде қабыршақтар болмайды, жіңішке қызғылт белдеу қалады. Бұл мерзімде зақым данған теріде жаңадан псориаздың бөртпелері пайда болады, оны Кебнер белгісі деп атайды.
  • Псориазда терінің қышуы болмайды, кейде үдемелі мерзімде кездесуі мүмкін. Псориаздық табақшалар дененің барлық жеріне шығуы мүмкін және әрқашан симметриялы болады.
  • Тырнақтың зақымдануы жиі болады, көбінесе тырнақтың үсті кішкене- кішкене шұңқырларға толып, оймаққа ұқсап тұрады. Кейде тырнақтың түсі сарғыштанып, көбінесе көгеріп, бара бара тырнақ ұшынан үгіле бастайды, қалыңдап, кедір-бұдыр қалыпқа түсіп, саңырауқұлақты ауруларға ұқсап кетуі мүмкін, бірақ тырнақ астынан жіңішке қызғылт белдеу көрініп оның зақымданған бөлігін шектеп тұрады және бұл белгі тек псориазға тән. Ауыздың шырышты қабатында псориаз өте сирек кездеседі, тіпті кейбір дерматологтардың пікірінше, ол болмайды.

Псориаз түрлері

  • Жалқықтық псориаз. Кейбір ауруларда псориаз жедел мерзімінде жалқықтық түрде кездеседі, табақ- шаларадың бетіндегі қабыршақтарға ұйыма сұйық – тық сіңіп, олар бір-біріне жабысып, қатпарлы сарғыш-тау қабықтарға айналады, оларды алып тастамаса асты ылғалданып тұрады және тез қанағыш келеді. Табақшалардың (бляшка) үстін қабықтар түгел жауып тұрмайды , шетінде қызғылт жіңішке жолақ қалады.
  • Артропатиялық псориаз. Кейбір жағдайда псориазда буын зақымдануы да мүмкін, әдетте аяқ-қолдың кішкене , кейде ірі буындары ауырады. Басында тек буындар ауырады. Кейінірек олар ісінеді, жан жағындағы тіндердің сіңбесіне байланысты қимылы қиындайды, келе-келе буын тіпті қозғалуға келмей қақайып қалуы мүмкін. Басында, рентгенмен қарағанда, сүйектерде көрініп тұрған өзгеріс жоқ. Кейінірек екі буынның арасындағы саңылау тартылып, остеопороз дами бастайды. Аурудың әр қайталануында буындардың зақымдануы арта түседі, терісіндегі белгілері азая бергенде буындары да аздап жақсарады, бірақ бар бара ақауы үдей түсіп, сырқат адам мүлдем қозғала алмай қалуы мүмкін (толық мүгедектік).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет