5-тақырып. Тыныс алу жүйесінің функционалдық жағдайы
1. Кардио-респираторлық жүйе туралы түсінік. Оттегі тасымалдау жүйесінің компоненттері мен шектеуші буындары.
2.Спортшылардың тыныс алу жүйесін зерттеу әдістері. Анамнез, тексеру, пальпация, перкуссия, рентгенография және басқалар. Спортшылардың сыртқы тыныс алуының функционалдық жағдайын зерттеу және бағалау көрсеткіштері. Функционалдық сынамалар: динамикалық спирометрия, Розенталь, Штанге, Генчи, Тиффно-Вотчала. Тыныс алу жүйесін аспаптық зерттеу әдістері: оксигемометрия, спирография және басқалары. Сыртқы тыныс алу жүйесінің функционалдық жағдайын кешенді бағалау.
Тыныс алу жүйесінің жұмысын зерттеудің үлкен маңызы бар. Адамның жұмыс істеу қабілетін оттегіні қанға сіңіп ұлпалар мен мүшелерге жеткізілетін көлемін анықтау арқылы біледі. Олар бір-бірмен тығыз байланысты және бірінің жеткіліксздігін екіншісі толықтырып отырады. Мысалы, жүректің жеткіліксіздігіне байланысты демікпе пайда болады, ауаның құрамында оттегігнің аздығына байланысты эритроцитгердің мөлшері ұлғаяды, өкпенің ауруына байланысты жүректің соғысы жылдамдайды.
Тыныс алу – бүкіл ағзамен орындалатын үзілмейтін 3 кезеңнен тұратын біргелкі процесс:
1) сыртқы тыныс алу (сыртқы ауа мен альвеолдар арасындағы ауаның алмасуы); 2) қанмен газдардың тасымалдануы, 3) ішкі (ұлпалық) тыныс алу (жасуша мен қан арасындағы газдардың алмасуы – жасушалар оттегіні қабылдап көмір қышқыл газын бөледі).
Тыныс алу жүйесінің қызметін екі кезеңге болуге болады: Бірінші кезенде сыртқы ауа мен альвеолдар арасындағы ауаның алмасуы. Бұл кезең ауаның қозғалуы (желдетуі) арқылы іске асады. Тыныс алғанда оттегімен бай ауа өкпеге еніп, дем шығарған кезде көміртегі бар ауа сыртқа шығарылады. Екінші кезеңде альвеолдар мен капиллярлар арасындағы газ алмасу жұмысы жүреді. Бұл кезең диффузия арқылы іске асады. Диффузияның жүруі қан мен альвеолдағы оттегі мен көміртегінің қысымына тікелей байланысты.
Сыртқы тыныс алу жүйесіне өкпелер, жоғары тыныс жолдары мен бронхылар, кеуде қуысы мен тыныс бұлшық еттері жатады. Тыныс алу жүйесі жұмысының нашарлауына байланысты кеуде бұлшық еттерінің жұмысы күшейеді.
Спорттық қызмет жағдайында сыртқы тыныс алу аппаратына аса жоғары талаптар қойылады. Оларды жүзеге асыру бүкіл кардиореспираторлық жүйенің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Маңызды көрсеткіш – оттегіні пайдалану, кардиореспираторлық жүйенің қызметтік жағдайын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |