Р. Б. Доскалиева


Психодиагностикалық тестілер дамуы



Pdf көрінісі
бет20/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

4.2. Психодиагностикалық тестілер дамуы 
 
XIX ғасырдың екінші жартысында физиология мен 
психофизикада 
эксперименттік 
әдіспен 
алынған 
нақты 
материалдар жинақталған. Психиканы ұғынудағы әдіснамалық 
қағидаларды біртұтас ғылым етіп жинақтау үшін алғышарттар 
қалыптасты. 
Психологиялық 
фактілерді 
жүйелі 
түрде 
эксперименттік әдіспен жинау басталды. 
Бихевиористік 
концепция 
бойынша, 
мінез 
құлық 
психологияның бірден- бір зерттеу объектісі болып табылады
ал,шкі 
психикалық 
процестердің 
барлығы 
мінез-құлық 
реакциясының объективті бақылауының бейнесі делінген. Осы 
түсініктерге сәйкес, диагностиканың мақсаты алғашқыда мінез-
құлықты сырттай бақылауға құрылды. Бұл мәселелер алғашқы 
жаңа тестілердің шығуына себепші болды.
XIX ғасыр аяғында эксперименттік психологияда алғаш 
зертханалық зерттеу негізін Германияда 1879 жылы Вильгельм 
Вундт салған. В. Вунд (1832-1920) психологияның біртұтас 
ғылым ретінде болашағына көз жібере отырып, екі бағыттың 
бағдарламасын болжамдайды: нақты ғылыми тәжірибеге 
сүйенген жаратылыстану бағыты және тарихи-мәдени бағыт. 


36 
Мұнда мәдениетті (халық психологиясын) психологиялық 
тұрғыдан зерттеу басты орынға шығады.
Дж.Кеттел алғаш рет тест арқылы адамның қасиеттерін 
зерттеуге болатындығын дәлелдеп, 1890 жылы 50 зертханалық 
тесті жасақтаған. Сол кезде ғалым адамның жеке-даралық 
қасиеттерін және интеллектуалды даму деңгейін анықтауға 
арналған алғашқы тестілерді ұсынып, «Интеллект тестілері және 
өлшеу» атты еңбегі 1890 жылы «Mind» журналында 
жарияланған. 
Мақаласында 
психикалық 
процестердің 
заңдылықтарын сипаттай отырып, тестілерді қолдану арқылы 
психологияны 
нақты 
ғылымға 
айналдыруға 
болатынын 
дәлелдейді. Сондай-ақ, ол тестінің ғылыми және практикалық 
құндылығы оларды бірдей жағдайда өткізгенде ғана жүзеге 
асатыны туралы өз пікірін ұсынды. Осылайша тестілерді 
стандарттаудың қажеттілігі бірінші рет туындап, нәтижелерді 
салыстырып, алынған зерттеулерді тәжірибеден өтушілерге 
қолдануға болатынын түсіндіреді, бақылаудың әр түріне 
байланысты 50 астам тест түрін ұсынады. 
А.Бине А.Симонмен бірлесе отырып, әртүрлі жастағы 
балалардың есте сақтау, ойлау, зейін және т.б.қабілеттерін 
анықтау үшін бірнеше сериялы эксперименттер жүргізді. Бине 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет