Қр білім және ғылым министрлігі


Әдебиеттер 51-77; 6. Бет. 71-72; 6. Бет. 60-96., 7. Бет. 27-78. 11. Бет 23-96. № 12 дәріс тақырыбы



бет5/11
Дата16.06.2016
өлшемі2.18 Mb.
#141018
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Әдебиеттер

  1. 51-77; 6. Бет. 71-72; 6. Бет. 60-96., 7. Бет. 27-78. 11. Бет 23-96.

12 дәріс тақырыбы – Балық, құс және сүтқоректілердің ұрықсоңы дамуы.



Жалпы сұрақтары: Өсу, оның өзерістері. Тікелей даму. Түр өзгерісі дамуы.

Дәрістің қысқаша жазбасы: Жануарлардың туғаннан кейiнгi даму жолы әртүрлi болып, өзiне тән жүредi. Ұрықсоңы кезең - алғашқы ұрықтанғаннан қартайғанға дейiнгi мезгiл. Бұл кезеңде организмнiң ең дамуы байқалады, барлық ағзалары өз қызметтерiн орындайды. Организмде толассыз сан, сапа өзгерiстерi өтедi. Онтогенезде жүретiн сан өзгерiсiн - өсу деп атайды. Өсу тiршiлiктiң барлық кезеңдерiнде жүредi. Жасқа сай өтетiн физиологиялық процестерге, сыртқы орта әсерлерiне (азықтың жетiмсiздiгi, артықшылығы, жыл маусымдарының ауысуы, ауа температурасы) байланысты организмнiң, оның дене бөлiмдерiнiң ұлғаюы, азаюы байқалады. Осының бәрi жануарлар өсу өзгешелiгiн анықтайды. Организмнiң жеке дамуында бiр-бiрiмен байланыстағы екi процесс-сандық-өсу, сапалық-нақтылану жүредi. 1947 жылы П.Б. Гофман организмнiң сапалық өзгерiсiне қажет сандық заңдылықтарды айқындайтын себепшарттарды көрсеттi: өндiру элементтерiнiң массасы көбейiп, жасына орай өсу жылдамдылығы арттырады; организмнiң нақтылану процессi, оның жеке бөлiмдерiнде зат алмасуының өзгеруiне жеткiзiп, өсу жылдамдылығын төмендетедi; қартаюдағы зат алмасу процессi өзгерiп, өсу жылдамдығын азайтады. Өсу және нақтылану бiрдей жылдамдықта жүрмейдi. Тiршiлiктiң бiр кезеңiнде сандық, басқасында сапалық өзгерiстер басым болады. Егер тiршiлiк басында ұрықтанған жұмыртқаклетка бөлшектенуiнде құрылым, қызмет өзгерiс ерекшелiктерi аса байқалмай өсу басым болса, онда ұлпалар, ағзалар қалыптасуында жылдам сапалық өзгерiстер басталады. Әр жануарлар түрiнiң белгiлi жасында жаңа пайда болу процессi өшiп, айтарлықтай өсу процессi басталады. Өсу процессi iрi қара малда 7-8 айдан 16-18 ай жасында басым, ал туғаннан 6-7 айға, 16-18 айдан 25-30 айға дейiн айтарлықтай сапалық өзгерiстер ас қорыту жүйесi, жыныс жүйесi дамуымен, буаз болу, сүттенуге байланысты байқалады. Тiршiлiк ету жағдайлары өсу, нақтылану процесстерiн жылдамдатуы, тежеуi мүмкiн. Бұл кезде үлкен рөлдi азық, жануарлардың күту жағдайлары, алғашқы ұрықтандыру жасы, тағы басқалар атқұарады. Өсу зат алмасуының бiр жағы болатындықтан, оның мүмкiндiгi шексiз, үздiксiз. Кейбiр төменгi сатыдағы омыртқалыларда, мысалы, балықта оң (өрлеу) өсу қаусаған қарттыққа дейiн жалғасады. Жоғары саты омыртқалылардың жетiлген жасында дене массасы көбеймейдi, бiрақ өсу еш уақытта жоғалмайды. Бұл физиологиялық, репаративтi қайта қалпына келуге байланысты. Жануарлардың әр түрi өсу белсендiлiгi, пiсуiмен ерекшеленедi. Жануарлар өсу ерекшелiктерiне байланысты екi топқа бөлiнедi. Олардың белгiлi жасына денесi қалыптасып, оған ағзалар көлемi, салмағы ең дамуына жетсе, ондай өсудi - ақтық (терминированный) деп, жануарларда оң өсу ұзақ шектелмей жүре берсе, оны асимптотическалық деп атайды. Ақтық өсу кемiргiш пен құстарда, асимптотическалық - балықта болады. Балықтың дене өсiмi өмiр бойы жалғасады, бiрақ жасы өскен сайын көлемi төмендейдi. Құстарда қарама-қарсы, өте қысқа қалыптасу кезеңi болып, бiрнеше тәулiк iшiнде ең жоғарғы салмағына жетедi, кейбiр түрлерiнде ол бiрнеше ай өтедi. Жануарлардың қалыптасу кезеңi орташа тiршiлiк ұзақтығы төрттен бiрiнен үштен бiрiне дейiнгi аралықты алады. Iрi қара мал, жылқы орташа тiршiлiк ұзақтығы 15-20 ж. болса, онда қалыптасу процесi аяқталып, олардың толық жетiлуiне 5-6 ж. қажет көрiнедi. Бұған қой, шошқа өсуiде ұқсас. Буйвол қалыптасу процесi, толық жетiлуi 6-8 ж. созылады, кейде орташа тiршiлiк ұзақтығы 20 ж. болғанда 10 ж. жетедi. Туғаннан кейiн алғашқы салмақтың екi еселенуi үшiн қазға 4 күн, итке-9 күн, шошқаға-8, ешкiге-14, iрi қара малға-48-52, жылқыға-60 күнге жуық мезгiл керек. Ұрықсоңы даму тікелей және түр өзгерісі (метаморфоз) арқылы жүреді. Тікелей дамуда жаңа туған төлде жетілген организм қасиеттері байқалады. Бірақ, пішіні кіші, жыныс бездері жетілмейді. Сондықтан осы саты өсу және жыныстық жетілуге дейін жүреді. Тікелей даму тұщы судағы терісі қымбат аңда (ондатра), көптеген жұмыр құрттарда, моллюскіде, көптеген омыртқалыларда кездеседі. Түр өзгерісі дамуында балапанқұрт пайда болады. Онда жетілген организмде болмайтын арнайы ағзалар болады. Сондықтан даму үдерісінде кейбір ағзалар қарқынды дамиды да, екіншілері керісінше дамып, қарапайымдана түседі. Кейде өзі атқаратын қызметінде жойып жібереді. Егер дамуда мұндай құбылыстар біртіндеп өтсе, оны біртіндеп дамудағы түр өзгерісі деп атайды. Оны буылтық құрттардан, шаян тәрізділерден көруге болады. Егерде бұл құбылыстар қысқа мерзімде іске асса, онда оны апатты (қирау, күйреу) дамудағы түр өзгерісі деп атайды. Егерде кері даму (бүліну, дегенерация) үдерісі аса зор болып, өрлеуден басым болса, онда оны ұлпалардың немесе жасушалардың біртіндеп тіршілік белгісінен айрылу (некробиоз) түр өзгерісі деп атайды. Бұл түр өзгерісін асцидийлерден, шаян тәрізді саккулиндерден көруге болады. Түр өзгерісі тіршілік ету өзгерісіне де байланысты болады. Мысалы, нашар қимылдайтын теңіздегі омыртқасыз жануарлардың бір түрі (губка), ішекқуыстылар, асцидийлердің бекініп отыруға ауысуы; саккулиндердің ерікті тіршілігінен арамтамақтыққа ауысуы немесе мекендеу ортасын ауыстыруы (қосмекенділердің судан құрғақтыққа шығуы) жатады.

Біртіндеп тарихи дамуда көптеген жануарлар тікелей дамуға көшті.



Әдебиеттер

  1. 51-77; 6. Бет. 86-88; 6. Бет. 60-96., 7. Бет. 27-78. 11. Бет 23-96.

13 дәріс тақырыбы – Дұрыс және бұрыс даму.



Жалпы сұрақтары: Даму түрлері, ондағы өзгерістер. Балаңқұртты даму.

Дәрістің қысқаша жазбасы. Көптеген жануарларда, адамда ұрықтық даму кезеңі жас дарақтың пайда болуымен және ол ата – ана түріне негінен ұқсас болуымен аяқталады. Мұндай дамуды дұрыс даму деп атайды. Егерде даму үдерісінде пайда болған организм ата – ана түрінен айтарлықтай ерекшелігі байқалса, онда ол дамуды бұрыс даму немесе дернәсіл, балаңқұрт даму деп, ал жаңа организмді дернәсіл, балаңқұрт деп, атайды. Балаңқұрт ата – ана түрін, оған тән белгілерін алғанша бірталай қайта құрылудан өтеді. Бұл жаңару біртіндеп, болар болмас өзгерістерге ұшырап немесе күрт пайда болуы мүмкін. Балаңқұрттың біртіндеп жетілген түрге айналуы, ата – ана түріне ұқсауы дамудың жартылай жаңаруы деп аталады. Балаңқұрттың ата – ана түріне ұқсап, күрт пайда болуын және организмде айтарлықтай өзгерістер жүруін дамудың толық өзгерісі немесе түр өзгерісі (метаморфоз) деп атайды. Дұрыс немесе балаңқұртсыз даму сипаттамасы сол, онда ата – ана түріне ұқсас организм пайда болады, бірақ олардың мөлшері кіші және оның ерекшелігі өсіп - өну аппаратының толық дамымауында байқалады. Мұндай жануарлар түрінде барлық ағзалар ұрықтық даму кезеңінде байқалады, ал ұрықсоңы кезеңінде олардың өсуі, жыныстық пісуі және қызметтерінің нақтылануы жүреді. Дұрыс даму хайуанаттар дүниесінде кең тараған. Ол омыртқасыз жануарлардың ішінде ішекқуыстыларда, көптеген домалақ паразит құрттарда, басаяқты ұлуларда (моллюскілерде) байқалады. Дұрыс даму көптеген омыртқалылаға: кейбір балықтар мен қосмекенділерге, бауырымен жорғалаушыларға, құстарға, сүтқоректі жануарлар мен адамға тән. Дұрыс даму, әсіресе, жұмыртқаклеткада мол сары уыздың қорына және ұрық дамуына қолайлы жағдайлардың барлығына немесе ұрықтың ана организмінде дамуына байланысты болады. Дұрыс даму дарақтың қалыптасуына ұзақ уақыт талап етеді. Сондықтан осы жолмен дамитын организмдерде ұрықтық даму кезеңі ұзақ болады. Ұрықтық даму кезеңінің ұзақтығы организм дамуына қажет қоректік зат қорының молдығына байланысты болады. Ол өте ірі аналық жасушаны түзуге жеткізеді. Онымен қатар, организмнің дұрыс дамуында, оның біртіндеп тарихи даму процесінде жұмыртқаклеткасында өте берік қабықтар – құстарда қатты қабық (әкқабық), бауырымен жорғалаушыларда жарғақ (пергамент) пайда болды. Қағанақты сүтқоректілердің жұмыртқаклеткасында біртіндеп тарихи дамуда ұрық ана организмінде дамитындықтан екінші рет сары уызын жоғалтып, ұрақтың тіршілігін қамтамасыз ететін жетілген жүйе - қағанақ пайда болды. Қағанақ сүтқоректілердің дамып келе жатқан ұрықты ана организмімен байланыстыратын мүшесі. Ол адамда – бала жолдасы, малда шу деп аталады. Бұрыс немесе балаңқұртты даму көптеген омыртқасыздарға – ішек қуыстыларға, құрттарға, ұлуларға, шаянтәрізділерге, жәндіктерге, төменгі сатыдағы желілілерге (хордалылар), балықтарға (қостыныстылар, кейбір сүйектілер, ганоидтар) және қосмекенділерге тән. Жануарлардың бұрыс дамуы қысқа ұрық даму кезеңімен сипатталады. Одан кейін, өз бетімен тіршілік етуге қабілетті балаңқұрт пайда болады. Жұмыртқадан шыққан балаңқұрт ата – ана түріне ұқсас болмайды. Оның құрылысы жетілген жануар түріне қарағанда өте қарапайым болады да, жетілген ата – ана түрінде байқалмайтын, өзінің арнайы ағзалары болады. Организмдердің бұрыс дамуы тек қоректік заттардың жетіспеуіне ғана байланысты емес, оның толық дамуына және жұмыртқада дарақтың қалыптасуына балаңқұрттың өзі ерікті дамуға көшуі қажет. Сонда ғана организмнің әрі қарай дамуы қамтамасыз етіледі. Көңіл аударатын жай, ол немесе балаңқұрт өз дамуында тіпті қоректік затсызда тіршілік ете алады. Себебі, балаңқұрт жұмыртқадан шыққанда атымен қоректенбейді. Бұл құбылыс, әсіресе, жетілген ата – ана түрі отыруға арналған жағдайда байқалады. Сондықтан, ерікті тіршілік ететін балаңқұрт қана түрді таратып орналастыруға қабілетті болады. Мұндай тәсіл ішекқуыстыларда, губкаларда, мүктілерде, асцидийлерде, паразитті шаянтәрізділерде кездеседі. Балаңқұрт кезеңінің даму ұзақтығы әртүрлі болады. Ол көптеген факторларға, оның ішіндегі ең бастысы жұмыртқадағы сары уыз затының санына байланысты болуы жатады. Жұмыртқада неғұрлым қоректік заттар көп болса, балаңқұрт дамуының ұрықтық кезеңі солғұрлы ұзақ, ал балаңқұрт кезеңі қысқа болады. Жұмыртқада қоректік зат аз болса, онда ұрықтық даму кезеңі қысқа, ал балаңқұрт кезеңі ұзақ болып келеді. Мына омыртқасыздарда, мысалы губкада, ішекқуыстыларда, кірпікті құрттарда, кейбір жәндіктерде, көптеген балықтарда бұрыс даму біртіндеп балаңқұрттың жетілген түріне айналып, ағзаларында ешқандай, күрт өзгерістер жүрмей, онда толық емес жаңа түрге өзгеріп кету іске асады. Балаңқұрттың жетілген толық жаңа түріне ауысуында немесе түр өзгерісінде, оның ұлпалары, ағзалары бүлінеді, кері сіңіріледі (резорбция), өзгереді (редукция), қайта құрылады. Бұл процесс тек жүйке және өсіп-өну жүйелерінің бастамаларына таралмайды. Түр өзгерісімен даму хайуанаттар дүниесінде кең таралған. Ол бірталай омыртқасыздарға: губкаларға, теңіз полиптеріне, тікентерілілерге, жәндіктерге және т.б., мына желілілерге – дөңгелекауыздыларға, ганоидтарға, қостыныстыларға, сүйекті балықтарға, қосмекенділерге тән. Мұндай түр өзгерісі көпклеткалы жануарлар онтогенезінің бастапқысы болар, себебі ол ең қарапайым жануарларда болады. Түр өзгерісінің біртіндеп толық емес жаңа түрге өзгеріп кету, одан кейін дұрыс даму қазіргі омыртқасыздардың мына түрлерінде: бауыраяқты моллюскілерде, шаянтәрізділерде байқалады.

Әдебиеттер

  1. Бет. 120-122; 5. Бет. 45-127., 6. Бет. 60-96., 7. Бет. 27-78. 11. Бет 23-96.

14 дәріс тақырыбы – Цитожіктелу және морфогенез.



Жалпы сұрақтары: Жасушалық инженерия. Тек инженериясы. Биотехнология. Демеу түрлері.

Дәрістің қысқаша жазбасы. Жасушалық инженерия - дене жасушаларына будандастыру әдiсiн қолдана басталуымен немесе екi әртүрлi жасушалардың ұлпа себiндiсiнде қосылуынан пайда болды. Ол үшiн жасуша жарғағын бiраз бұзады. Бұрын мұндай бүлiнудi Сендая вирусы тудыратын, қазiр оны химиялық заттар әсерi бередi. Сондықтан организм жасушаларының әр, тiптi алыс түрлерi қосыла алады. Мұндай жасуша - гетерокарион жасушалары деп аталады. Жасуша жарғағына, қаңқасына түрлi заттарды қолданып, өте күрделi қисындастырулар - жеке ядро, ядросыз жасуша, ядроны бiр жасушадан екiншi жасушаға егу, көшiрiп отырғызу жүргiзiлуде. Ол жеке жасушада емес, бiрден миллиондаған жасушаларда жасалады. Бұл тәсiлдi жануарлар жасушаларына қолданғанмен жетiлген организм алынбайды. Сондықтан оны өсiмдiктерде қолдану өте пайдалы. Өсiмдiк жасушаларына егу кеш басталғанымен ерекше ферменттер көмегi арқылы өсiмдiк жасушаларын тығыз жасұнық қабығынан айыру мүмкiн болды. Ол қабықсыз жасушаны (протопласты) егу, будан алу, бөгде ДНҚ енгiзу болатындығын көрсеттi. Бұл инженерия жасушаны құрастыру, будандастыру, қайта жаңартуға негiзделген. Жасушалық инженерия көмегiмен әр түрлер геномдарын қосуға болады. Қазiр жануарлардың дене жасушаларын организмнен тыс өсiруде көптеген тәжiрибе жиналып, қолайлы орта, өсiру тәртiбi әзiрленiп, оларды төменгi температурада ұзақ сақтау тәсiлi меңгерiлдi. Жасушалық инженерия көптеген биология проблемаларының iлiмiн шешуде қолданылады. Бүгiн алғашқы ұрықты бөлу әдiсi кең пайданылады. Зерттеушiлер бұл әдiстi ұрық дамуының кейiнгi сатыларында (морула, бластоциста) жүргiзуде. Алғашқы ұрық жасушаларының ұйысуы әдiсi-әр ата-ана екi бүтiн ұрығын немесе оның кесек бөлшектерiн қосып, төрт ата-ана сапасы бар жануар алу мүмкiндiгiн туғызды. Мұндай жануарды жасанды деп атайды. Түр аралық (қой-ешкi), тұқым аралық жасанды жануарлар алынды. Цитогенетика жетiстiктерiне жыныс анықтау әдiсi жатады. Алғашқы ұрық тiн кесiндiлерiн зерттеу (биопсия) жолымен алынған жасушалардың жыныс хромосомаларын ұқсастандыру әдiсi пайданаланды. Зертханалық малдың бiр, екi пронуклеусiн алу әдiсi қолданылып, жасушада неше түрлi қол әрекетiн жасау қамтамасыз етiлуде. Бөкен ұрығын бiр түрiнен екiншiсiне ауыстырып қондыру iске асты. Түр аралық ауыстырып қондыру қара мал, қой, жоғалып бара жатқан ешкi түрiнде табысты өттi. Қазiр бiр ғана ұрықтанбаған жұмыртқаклеткасының (партеногенез-бұзылмаған) бөлшектенуiн туғызатын себепшарттар зерделендi. Жетiлуге бағытталған жұмыртқаклеткасын қалыптастырудағы мейозды тежеп, организмде вегетативтiк өскiн көбеюiн туғызады. Олар кейбiр балықтарда кездеседi. Iрi қара мал, шошқа, қой, басқа сүтқоректiлердi сұрыптауда бұл әдiстiң болашағы зор. Тек инженериясының мiндетi - жеке тектердi бөлiп алу, молекулаларын клондау (грек. - вегетативтiк өскiн) және рекомбинатты ДНҚ-тектерден жасанды қисындастыруды құру. Кейiн әдетте бұл тектiң айқындалуын-ДНҚ молекуласындағы бiрiздiлiктiң иРНҚ молекуласына жазылуын, генетикалық ақпаратты иРНҚ тiлiнен белоктағы амин қышқылы тiлiне аударуын байқауға тырысады. Жануарлар тек инженериясы генетика, биохимия әдiстерi көмегiмен табиғатта қолданылмайтын жаңа тектердi (грек. дүниеге келу, құру) мақсатты құрастырумен байланысты молекулалық биологияның тарауы болып келедi. Организм жасушаларынан тектi, тектер тобын, олардың белгiлi нуклеин қышқылдары молекулаларымен қосындысын алып, басқа организм жасушасына алынған будан молекулаларын енгiзуге негiзделген. Бұл кейбiр генетика, медицина, ауыл шаруашылық және биотехнология проблемаларын шешуге ашылған жаңа бағыт. ХХ ғасырдың 50 жылдарынан күнi бүгiнге дейiн тек қол әрекетiнiң әдiстерi жете зерттелiп, жануарлар тек инженериясының айқын жүйесi қалыптаса бастады. Оларға-жасуша ядроларын микроиньекция әдiсiмен, кариопласты қосу жолымен көшiрiп отырғызу; жануарлар зиготасының пронуклеуксына (лат. дейiн, ядро) бөгде тектердi еңгiзу, тағы басқалар жатады. Биотехнология (грек. тiршiлiк, өмiр, өнер, шеберлiк) деп, адамға қажеттi өнiмдер және материалдарды биологиялық объектiлер мен процестерi көмегiмен бiле тұра өндiрудi атайды. ХХ ғасырдың 50 жылдары жаңа ғылым бағыты - молекулалық биология пайда болды. Одан 20 жылдан соң, оның негiзiнде-тек инженериясы жарық көрiп, адам көрмеген прогреске жету жолын ашты. Ол ғылыми-техникалық прогрестiң кешендi салалы аймағы, түрлi микробиологиялық талдауды, тек және жасуша инженериясын, өсiмдiктер мен жануарлар организмдерiнде белок ферменттерiнiң қолайлы жағдайын бiлiп, жүйелi әрекетiн қолдануды-инженерлiк энзимологияны қосады. Жануарлар жасушаларының қосылуы моноклондық антиденелердi алуға мүмкiндiк бердi. Төтемелiлiктi (иммунитеттi-иммуноглобуллин, антидене) анықтайтын белоктар молекулалары лимфоциттерде түзiлiп, олардан қанға бөлiнедi. Әр лимфоцитте иммуноглобулиннiң тек бiр түрi ғана түзiледi. Ол организмге түскен бөгде белоктiң (тегiжат) белгiлi бiреуiмен байланысып, оны әсерсiздендiредi. Лимфоциттердiң көбеюi ұлпа себiндiсiнде жүрмейдi. Сондықтан белгiлi антиденелердiң мол санын алу мүмкiн болмады. Қазiр бұл кедергi жойылды. Егерде лимфоциттi жылдам бөлiнудегi обыр жасушамен қосса, онда екi ата-ана қасиетi бар будан құрылады. Одан жылдам бөлiнiп, антиденелердiң бiр түрiн түзетiн жасуша өскiнi (клон) пайда болады. Бiр лимфоциттен алынған клон (гибридома деп аталады) қандай да болмасын бiр белокқа (тегiжат) қарсы бiр антидене түрiнiң қажеттi санын алуға мүмкiндiк бередi. Мұндай бiр лимфоцит клонынан алынған, тек бiр белокпен байланысқан антидененi - моноклондық антиденелер деп атайды. Қазiр олар тек ғылыми-зерттеуде ғана емес, медицина, басқа салаларда кең қолданылуда. Егер моноклондық дененi химиялық жолмен қандайда болмасын таратушыға «тiксе», мысалы, полимерге, онда ол иммунды сорбент болып, қандайда болмасын «кiр» қосындыдан белоктың тек бiр түрiн жылдам шығарып алады. Медицинада моноклондық антиденелер көмегiмен кейбiр ауруларды, оның iшiнде қатерлi iсiктердi ерте, жылдам нақтамалайды. Пішін қалыптасу (морфогенез) – организмнің, оның бөліктерінің қалыптасуы. Ол мына әртүрлі морфогенетикалық процестер: өсу, жасуша аралық өзара іс-қимыл жасау, демеу (жігерлендіру, ынталандыру - индукция), жасушалардың бағытты орын ауыстыруы (миграция), жасушалар бөлігінің бағытты өсуі (мысалы, жүйке жасушаның өсінділері), жасушалардың өлуі арқылы іске асады. Өсу деп, организм пішінінің, салмағының ұлғаюын айтады. Ол бұрын сипатталған. Жасуша аралық өзара іс-қимыл жасау. Мұнда жасушалардың мамандануы бағытталады және жаңа құрылымдар құрылады. Жасуша аралық өзара іс-қимыл жасауды ақпарат тұғырының тұжырымдамасы түсіндіреді. Тұғыр ақпараты – дамуда жалпы дене құрылымы ерте анықталады. Кейін, ағзаның немесе бүкіл организмнің қалыптасу кезеңінде пішін бөлшегінің қалыптасуы тұғыр ақпаратының сигналы көмегімен анықталады. Ақпарат тұғырының тұжырымдамасына сай, жасуша ағза бастамасында өзі орналасатын жерін біледі, сондықтан ол соған орай, жіктеледі. Ақпарат тұғырын жасуша басқа жасушалардан алады. Онымен қоса, жасуша, ақпарат тұғырынан біртіндеп тәртіппен мезгілімен түскен сигналдар болған жағдайда, соңғы нақтылану күйіне де жетеді. Ақпарат тұғырының сигналдары нәтижелі әсер ететін аймақ – морфогенетикалық алқап (зона) деп аталады. Келешекте бөлінетін жасушалар өзінің шыққан жерін есінде сақтайды. Оған басты себепші - гомейозисті тектер (гены), олар ақпарат тұғырын ұмытпайды. Гомейозисті тектер, ол тектес тектер қауымдастығы, дене түрін айқындайды. Демеудегі (индукция) өзара іс-қимыл жасау және демеу. Ағзалар дамуында, түрлі ұлпалар құрамын реттеуде – әсіресе, ұрық бастамаларының арасында маңызды рөлді демеудегі (индукция) өзара іс-қимыл жасау атқарады. Демеу кезінде бір бастамадағы жасушалар (көзі) екінші бастамадағы жасушаларға (нысана) әсер етеді. Көз нысананы нақты құрылымға қалай жіктелуді үйретеді немесе жіктелуге рұқсат береді. Пайда болған құрылым басқа нысанаға демеу береді, одан жаңа құрылым пайда болады. Сөйтіп ол жалғаса береді. Ұрықтық даму дегеніміздің өзі - демеудегі (индукция) өзара іс-қимыл жасау. Онда, алғашқы ұрықтық демеу – хордомезодерманың арқа жақтағы эктодермаға беретін әсері. Нәтижесінде – жүйке жүйесінің бастамасы құрылады. Қол – аяқтың негізін қалау. Эктодермаға деген демеу нәтижесінде мезодерманың бүйірлік жасушаларынан орныққан (жергілікті) эктодерма қалыңдайды, қол-аяқты түзетін мезодерма жасушалары топтанады. Көз бұршағының қалыптасуы. Алдыңғы ми (көз көпіршігі) өсіндісінің өзінен төмен жатқан эктодермаға әсері, онда көз бұршағын қалыптастыратын көз бұршағының плакодасын түзеді. Склеротоманың нақтылануы. Желі мен жүйке түтігі – сомиттің ішкері ортаңғы бөліктеріндегі жасушалардың демеу көзі – склеротомаға әсер етеді. Сондықтан склеротомадағы жасушалар қарқынды көбейіп, сомиттен шығып кетіп, омыртқалар, қабырғалар, жауырындар бастамаларын құрады. Жасушалардың бағытты орын ауыстыруы (миграция). Негізінде ұрақтық жасушалар бір жерде пайда болып, көбейеді де, екінші жерде олар жіктеліп, арналған қызметтерін атқарады. Сондықтан жасушалар өзі пайда болған жерден соңғы орнына ауысады. Онда гипобластан (алғашқы энтодерма) жасушалардың ауысуы және ұрықтан тыс энтодерма құрылады. Жүйке жалы жасушаларының ауысуында меланоциттер, хромаффин жасушалары, вегетативтік, сезгіш нейрондар және басқа құрылымдар құрылады. Сомиттен жасушалардың ауысуы. Сомиттің сыртқы қабатындағы арқабүйірлік бөлімдеріндегі дерматом жасушалары эктодерма астына көшіп, терінің дәнекер ұлпа бөлігін қалыптастырады. Склеротома жасушаларыда сомиттерден шығып, қаңқалық ұлпаларды құрады. Жасушалардың өлуі. Онтогенездің бастапқы сатысында жасушалардың табиғи (жоспарлы, физиологиялық – апоптоз) өлуі жүреді. Жүйке жүйесінің даму сатыларында нейробластар жалпы санының 25-75% өледі. Жасушаның өлу белгiлерiне, көлемiнiң азаюы, көптеген тұрақты қосындылардың өзгеруi, iрi лизосомалар сақталуының көбеюi, бояутек, май тұрақсыз қосындыларының жиналуы, жарғақша өткiзгiштiгiнiң ұлғаюы, цитолазма мен ядроның көпiршiктенуi жатады. Жасушаның өлуiнде басты екi түрлi құрылым өзгерiстерi - өлi еттену (өлу), физиологиялық (жоспарлы) өлу - апоптоз (грек. жапырақ тастау) байқалады. Өлi еттену себепшарттарына-қызудың көтерiлуі (гипертермия) және төмендеуi (гипотермия), оттегiнiң жетпеуi (гипоксия), қан келуінің төмендеуі (ишимия), зат алмасуы, химиялық препарат, механикалық жарақаттану және басқалардың күрт бұзылуы әсерiнен пайда болады. Апоптоз түрлi дерттану, ұрық дамуы, жетiлген ұлпаларда байқалады. Ол жасушалардың қалыпты жетiлуi, қызметтiк белсендiлiгiн қолдайтын реттеу әсерлерi теңгерiшi бұзылғанда, себепшарттар (гормон, өсу және кейбiр цитокиндер (реттеушi зат, гликопептид) жетiспегенде, басқа жасушалар, жасушааралық заттар құрамбөлiктерi, басқалармен жанасуы жоғалғанда, жасушаның қалыпты тозуы өзгерiстерiнде; физиологиялық демегiштер әсерiнен, қатерлi iсiктердiң өлi еттену себепшартынан және басқаларда көрiнедi. Мұнда көңiл аударатын жай, олардағы ұлпалар телiмдiлiгiн сақтайды. Ұлпалардағы кейбiр жасуша заттары апоптозды демесе, ал ол заттар басқа жерде апоптозды тежейдi. Физикалық, химиялық қарқыны орташа себепшарттар (гипертермия, гипоксия, оксидант, токсин, ишимия, сәулелену) олардың қарқындылығын жоғарылатса, онда ол өлi еттенуге жеткiзедi. Әдетте апоптоз бұзылуының себебiне қалыпқа келмейтiн ДНҚ, зат алмасуының күрт ығысуы жатады. Апоптоздың пайда болуы кейбiр жұқпалы ауруларға, әсiресе, олардың вирустарына байланысты болады.

Әдебиеттер

  1. Бет. 122-127; 2. Бет. 169-181; 6. Бет. 60-96., 7. Бет. 27-78. 11. Бет 23-96.

15 дәріс тақырыбы –Даму биологиясының ілімдік, қолданбалы аспектілері.



Жалпы сұрақтары: Негізгі және қолданбалы даму түрлері, ондағы жетістіктер мен мақсаттар.

Дәрістің қысқаша жазбасы. Қазiргi жеке даму биологиясы немесе эмбриология ғылым, пән ретiнде жыныс жасушаларының құрылысы, дамуы, жануарлар ұрығының ұрықтық даму кезеңдерi, кемтарлық пайда болу, басқа қалыптыдан ауытқушылық себептерiн, ұрықтық дамуға әсер ететiн жолдар мен әдiстердi игеруден басталады. Л.В. Белоусов (1980) эмбриологияны жануарлардың жеке дамуындағы пiшiн қалыптасу, жасушалық жетiлу және өсу ғылымы деп анықтады. Үй құстарын, құнды терiлi аңдар және басқа сүтқоректiлер жыныстық циклын басқару жұмыстары жүргiзiлуде. Эмбриология экология, табиғатты қорғау жұмыстарының дамуына болашақ ашуда. Оны бiлу, эмбриологиялық дүниетаным кезiнде И.И. Мечниковке фагоцитозды ашуға жеткiздi. Ол қазiр көптеген ғалымдарға организмнiң обыр, иммунды реакция, басқа проблемаларды шешуге көмектесуде. Тек инженерия жұмыстарын қарқынды дамыту да эмбриологтардың қатысуынсыз мүмкiн емес. Жасанды ұрықтану (негiз салушы И.И. Иванов, 1899) қазiргi кезде ауыл шаруашылық жануарларын өсiруде негiзгi әдiс болып келедi. Жоғарыдағы проблемаларды, жануарларды өсiру сұрақтарын шешу үшiн әр маман мiндеттi түрде жыныс жасушаларының құрылымын, биологиялық қасиеттерiн, дене жасушаларынан айырмашылықтарын толық бiлудi қажет етедi. Ұрық дамуын толық түсіну үшін, оның мақсаттарын (негізгі және қолданбалы) білу шарт. Негізгі – дамудың молекулярлық-генетикалық механизмдерін анықтайды. Ол үшін молекулярлық генетика, тек инженериясының жаңа жетістіктері кең пайдаланады. 1) Тек инженериясы арқылы текті таза күйінде ала алады, оны көбейтіп, құрылысын зерттейді, белоктардың қандай аймаққа шартты белгі қойып (кодтайды), қайсысы реттеу процесіне қатынасатынын анықтайды. Онымен қатар тектерді аналық жасушаға, көпклеткалы организмдердің бастапқы дамуындағы ұрықтарға салып, ондағы өзгерістерді зерттейді. Жоғарғы сатыдағы организмдердің тек инженериясының жаңа бағытын – эмбриогенетика деп атайды. Онымен эукариоттылардағы тектер қызметін реттеу жолдары ашылмақ. 2) Дамудағы ұрық жасушаларының тұқым қуалаушылығын анықтайды. Ол үшін жасушадағы жағдайдың жетіктілігін, анықтауын, арнайы ажырату бағдарламаның жүзеге асуын айқындайды. 3) Жеке даму заңдылықтарының негізгі мақсатын түсіну үшін жасуша аралық, ұлпалар аралық және жүйелер аралық әрекеттестігінің механизмдері мен рөлдерін анықтау қажет. Қолданбалы – медицина, ауылшаруашылық салаларында, әсіресе сүйектердің, ішкі ағзалардың қалпына келуінде байқалады. Оған мыңдаған адамдардың қол – аяқтарының әртүрлі ақау – кемістігін әлемге әйгілі сүйекші Гаврилл Абрамович Илизаровтың әдісімен емдеуі (орталығы Ресейдің Қорған қаласында) мысал болады. Қазір өмірге қажетті – ұрықтарды ауыстырып қондыру (трансплантация) тәсілі жануарлардың өсіп-өну кезіндегі биологиялық құпияларды ашуға, тұқым қуалаушылық пен тірі организмдердің алғашқы даму сатысындағы заңдылықтарды білуге пайдасын тигізіп қана қоймай, ұрық өскіндерін (клондарын), жасанды (әртекті тіндерден тұратын организм) жануарларды және малдың басқа тұқымын (трансгендік) тездетіп алуға үлкен септігін тигізуде. Әртүрлі ұрықтық әрекеттер әдісі арқасында жануарлардың генетикалық көшірмесін алу мүмкіндігі туды. Оны немесе көшірмені өскін (клон) деп атайды. Ол енді ғана дамып келеді. 1978 ж. аналық жасушаны ауыстырып қондыру әдісі арқасында әлемде 150 бала дүниеге келді. Ең тұңғыш осы әдіспен Англияда туған қыз Лесли Броун. Тұңғыш рет бедеу әйелдерге көрсетілген көмекте осы Англияда өтті. Қазір адамзат тектері жиынтығында тұқым қуалайтын ауруларға себепші 2000 артық тіркелген ақау – кемістік тектер (ген) белгілі. Олар ұрық дамуында ғана байқалып, ұлпалар мен ағзалардың дұрыс дамуын бұзады. Бұл пәледен құтылу үшін ғалымдар сау тектерді жануарлар зиготасына жіберіп, сауықтыру жолдарын іздестіруде. Бұл тәсілді адамдарға қолдану әзірше шешілген жоқ. Қолданбалы мақсаттарды орындау негізгілерге байланысты. Басқаша айтқанда, олар бір-бірінсіз іске асуы мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет