ҚР Әділет министрлігінде 2001 жылы 18 маусымда №1549 тіркелді



Дата24.02.2016
өлшемі117.02 Kb.
#13791
ҚР Әділет министрлігінде

2001 жылы 18 маусымда № 1549 тіркелді.


Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі –

Ішкі әскерлер қолбасшысы

__________________________

2001 жылғы «__» ________№

«Келісілді»




Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2001 жылғы 20 сәуірдегі

№ 110 қаулысымен

бекітілді
Тіркеу. № 1176

Қазақстан Республикасында автомобильдік инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру жөніндегі

Нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және автомобильдік инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

Автомобильдік инкассаторлық тасымал банкноттарды, металл ақшаларды және құндылықтарды инкассация жасау және жөнелту үшін жасалады.

2. Автомобильдік инкассаторлық тасымал Ұлттық Банк филиалдарының инкассация қызметтерімен, екінші деңгейдегі банктер және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банкноттарды, металл ақшаларды және құндылықтарды инкассация жасау және жөнелту қызметімен айналысу құқығына лицензиясы бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.

3. Осы нұсқаулықтың талаптарын Ұлттық Банк филиалдарының инкассация қызметтері, екінші деңгейдегі банктер және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банкноттарды, металл ақшаларды және құндылықтарды инкассация жасау және жөнелту қызметімен айналысу құқығына лицензиясы бар заңды тұлғалар орындауға міндетті.


2-тарау. Инкассация қызметінің арнайы автомобильдеріне қойылатын талаптар
4. Инкассация қызметінің арнайы автомобильдерінің (бұдан әрі – арнайы автомобильдер) кузовтары жабық, тасымалданатын құндылықтардың сақталуын және инкассация қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші құралдармен (тасалы тесіктермен, сейфтермен, металл шкафтарымен, инкасссаторларға арналған брондалған жеке орындармен, арнайы брондалған кузовтарымен және басқалармен) жабдықталуы тиіс.

5. Арнайы автомобильдер нұсқаулықтың № 1 қосымшасында келтірілген кескінді түс схемасына сай боялуы тиіс.

Арнайы автомобильдердің сыртындағы негізгі бояу түсі дайындаушы зауыт бояуы болып табылады.

Қарама-қарсы келетін түс – ашық көк.

Сыртында жазулар болмайды.

Арнайы автомобильдердің қарама-қарсы келетін түс жолағының ені:

жеңіл автомобильдерде - 150ұ5 мм.

ауыр автомобильдер және автобустардың шассиінде дайындалғандарда - 230ұ5 мм.

6. Арнайы автомобильдер жасырын жарық сигналымен (бұдан әрі – арнайы жарық сигналы) жабдықталуы тиіс.

Арнайы жарық сигналындағы жарық фильтрінің түсі көк немесе күлгін түсті болуы тиіс.

Арнайы жарық сигналы автомобиль салонына (кабинасына) автомобильдің ұзына бойы осінің сол жағының жоғарғы тұсындағы алдыңғы әйнектің бұрышына орналастырылады.

Арнайы жарық сигналының конструкциясы, сипаттамасы және орналасуы автомобильдің алдыңғы жағынан ұзына бойы осінің екі жағынан 70 градустан кем емес бұрыштармен шектелгенде 50 метрден кем емес аралықтағы сектор шекарасында оны қосқан кезде сигналдың көрінуін қамтамасыз етуі тиіс.

Арнайы жарық сигналын басқару элементтері оңай табылатын және оны жылдам жаға алатындығын (сөндіре алатын) қамтамасыз етуі тиіс.

Арнайы жарық сигналының конструкциясы және оның орналастырылуы жүргізушінің орнынан көрінуді шектемеуі, жүргізушінің көзін шағылыстырмауы және жүргізуші мен жол жүрушілерді жарақаттамауы тиіс.

Арнайы жарық сигналы инкассация қызметінің арнайы автомобилін тек ішкі істер органдарының қызметкерлері тоқтатқан жағдайда ғана қосылады.

7. Арнайы автомобильдер инкассация қызметі бойынша кезекшілермен радио байланыс жасау үшін радиостанциялармен жабдықталуы тиіс.

Инкассация қызметінің радиожиілік спектрін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуы тиіс.

8. Арнайы автомобильдер инкассаторлық тасымал кезінде шабуыл және басқа қылмыстық әрекеттер туралы хабарлау үшін дыбысты дабылмен жабдықталуы тиіс.

9. Арнайы автомобильдер жол қозғалысы саласында белгіленген ережелердің, нормативтердің және стандарттардың талаптарына сай болуы тиіс.

10. Арнайы автомобильдер жол полициясының уәкілетті бөлімшелерінде белгіленген тәртіппен тіркелуі тиіс.

Арнайы автомобильдерге берілетін көлік құралдарын тіркеу куәліктерінде «Ерекше белгілер» бағанында «Арнайы инкассация қызметі» деген белгі қойылуы тиіс.

11. Арнайы автомобильдерді инкассацияға және банкноттарды, металл ақшалар мен құндылықтарды тасымалына қатысы жоқ жүктер тасымалына пайдалануға тыйым салынады.


3-тарау. Автомобильдік инкассаторлық тасымалдарды орындау тәртібі
12. Автомобильдік инкассаторлық тасымалдар инкассация қызметі басшысының (кезекші инкассатордың) тапсырмасы бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес орындалады.

Инкассаторлық тасымалға тапсырма беру инкассаторлар бригадасын оны орындау жөніндегі нұсқаулармен бірге жасалуы тиіс, ол жөнінде инкассаторлар арнайы журналда (Нұсқаулықтың № 2 қосымшасы) қол қояды.

13. Арнайы автомобиль инкассация бағытына шығардың алдында инкассация қызметінің басшысы (кезекші инкассатор) оның инкассаторлық тасымалдауға дайындығын (техникалық дұрыстығын, қосалқы бөлшектердің түгелдігін, жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етілуін, байланыс құралдарының, өрт сөндіру құралдарының жұмысын және басқаларын), сондай-ақ жүргізуші-инкассаторды (денсаулығын және жүргізуші құжаттарының түгел екендігін) тексереді.

Жүргізуші – инкассаторды тексергеннен кейін инкассация қызметінің арнайы автомобиліне тиісті жазба жасалатын жол парағы беріледі (Нұсқаулықтың №3 қосымшасы).

Жол парағы инкассация қызметінде сақталады және жүргізуші-инкассаторға инкассация бағытына шығар алдында тиісті журналға қол қойдырыла отырып беріледі. Тапсырма орындалғаннан кейін жүргізуші-инкассатор жол парағын жоғарыда аталған журналға жазба жасайтын инкассация қызметінің басшысына (кезекші инкассаторға) тапсырады.

14. Жол парағы бір айға жазылады және инкассация қызметі орналасқан жердің жол полициясы бөлімшесінің бастығы арнайы автомобильдің жол қозғалысы саласындағы ережелердің, нормативтер мен стандарттардың және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін тексергеннен кейін қол қояды. Арнайы автомобильді тексеру инкассация қызметінде жүргізіледі. Жол полициясының бөлімшесі бастығының қолы осы бөлімшенің мөрімен расталады.

Жол полициясының мөрімен расталмаған жол парағы жарамсыз деп саналады.

Жол парақтарының мерзімі аяқталған соң олар жеке папкаға тігіледі және инкассация қызметінде бір жыл сақталады, содан кейін белгіленген тәртіппен жойылады.

15. Жанар-жағармай материалдарын есепке алу үшін жүргізуші-инкассаторға гараждан шығарда берілетін күнделікті жол парағы жазылады. Күн сайынғы жол парағын жүргізуші-инкассатор тапсырманы орындауға шығарда инкассация қызметінің басшысына (кезекші инкассаторға) береді және ол тапсырманы аяқтағаннан кейін толтырады.

16. Автомобильдік инкассаторлық тасымал осы тапсырманы орындайтын инкассаторлар бригадасының барлығының бірге жүруімен жүзеге асырылады.

Арнайы автомобильдің белгіленген бағыты мен кестесінен ауытқуына, сондай-ақ басқа адамдар мен жүктер тасымалына үзілді-кесілді тыйым салынады.

Инкассация қызметінің арнайы автомобиліне жағар май құю және автомобильдік инкассаторлық тасымалдың бағытын жасау мынадай түрде жүргізілуі тиіс, арнайы автомобильдік инкассаторлық тасымалды жүзеге асыру кезінде жанар май құю қажеттігі туындамайтындай болуы керек.

17. Автомобильдік инкассаторлық тасымалды орындау кезінде жүргізуші-инкассатор Қазақстан Республикасының жол жүру ережелерінің, жол қозғалысы саласындағы басқа ережелердің, нормативтер мен стандарттардың талаптарын сақтауға міндетті, сондай-ақ инкассаторлар бригадасы Ұлттық Банктің инкассация тәртібіне, тасымалданатын құндылықтардың сақталуына және инкассаторлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын міндетті түрде сақтауы тиіс.

18. Ішкі істер органының қызметкері автомобильдік инкассаторлық тасымалды орындаушы арнайы автомобильді тоқтату туралы сигнал берген кезде жүргізуші-инкассатор инкассаторлық тасымалды орындап жүргені туралы хабардар ету үшін арнайы жарық сигналын қосуы тиіс.

Ішкі істер органының қызметкерінің талабымен арнайы автомобиль тоқтаған және құжаттар талап етілген жағдайда автомобильдік инкассаторлық тасымалды орындаушы жүргізуші-инкассатор автомобильден шықпай жол парағы мен жеке куәлігін көрсетеді.

Ішкі істер органының қызметкері автомобильдік инкассаторлық тасымалды орындаушы жүргізуші-инкассатордың Жол жүру ережесін бұзу айғағы туралы жол полициясының бастығына рапорт арқылы баяндайды.


4-тарау. Автомобильдік инкассаторлық тасымал кезінде ішкі істер органы қызметкерімен өзара іс-әрекетті ұйымдастырудың тәртібі
19. Ішкі істер органының қызметкерлері республиканың барлық аумағында атқаратын лауазымына және ішкі ведомстволық бағыныштылығына, уақытқа қарамастан, автомобильдік инкассаторлық тасымалды орындаушы инкассаторлар өтінішпен хабарласса немесе инкассаторларға және/немесе тасып әкеле жатқан құндылықтарға қылмыстық қол сұғушылық әрекеті туралы хабарды алса, немесе мұндайды тікелей байқаған жағдайда, құқық бұзушылықты жою және құқық бұзушыларды ұстау, инкассаторларға көмек көрсету, оқиға болған жерді күзету бойынша өздеріне берілген барлық құқықты толық пайдалануға, сондай-ақ болған оқиға жөнінде жақын маңдағы ішкі істер органына хабарлауға міндетті.

20. Автомобильдік инкассаторлық тасымалды кедергісіз орындау үшін жағдай жасау, олардың қауіпсіздігін және тасымалданатын құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органының қызметкерлеріне жарық сигналы қосылған арнайы автомобильді тоқтатуына, сондай-ақ құжаттарға және тасымалданушы жүкке тексеру жүргізуіне тыйым салынады.

21. Арнайы автомобильдің инкассаторлық тасымалдарды әрі қарай орындауға мүмкіндік бермейтін бұзылуын байқаған жағдайда, сондай-ақ арнайы автомобильдің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған жағдайда ішкі істер органының қызметкері дереу орын алған оқиға жөнінде жақын маңдағы ішкі істер органының бөлімшесіне хабарлауы және инкассаторлар бригадасымен бірге тасымалданатын банкноттардың, металл ақша мен құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге көмек көрсетуі тиіс.

Ұлттық Банктің

Төрағасы Г. Марченко

1-парақ


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 200__жылғы «____»______________№____ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында автомобильдік инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа

№1 қосымша


1-сурет. – Инкассация қызметінің арнайы автомобильдерінің түсті кескінді схемасы

2-парақ


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 20__жылғы «____»______________№____ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында автомобильдік инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа

№1 қосымша


2-сурет. – Инкассация қызметінің арнайы автомобильдерінің түсті кескінді схемасы




Заңды тұлғаның

штампына арналған орын
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 20__жылғы «____»______________№____ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында автомобильдік инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа

№3 қосымша


Инкассация қызметінің арнайы автомобилінің

20__жылдың______айына берілген

ЖОЛ ПАРАҒЫ №____



Автомобильдің маркасы_________________________________________________________

Мемлекеттік тіркеудің номерлік белгісі (МТНБ)____________________________________

Инкассаторлық тасымалдар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «____»________________№__________лицензиясы негізінде жүзеге асырылады.

Гараждың мекен-жайы_________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Бекітілген жүргізушілер:_______________ ________________________________________

(аты-жөні) (жүргізуші куәлігінің сериясы және №) (санаты)

_______________ ________________________________________

(аты-жөні) (жүргізуші куәлігінің сериясы және №) (санаты)

_______________ ________________________________________

(аты-жөні) (жүргізуші куәлігінің сериясы және №) (санаты)

_______________ ________________________________________



(аты-жөні) (жүргізуші куәлігінің сериясы және №) (санаты)



Айдың басындағы мәліметтер

Айдың аяғындағы мәліметтер

Спидометр-дің көрсеткіші

Айдың басындағы жанармайдың қалдығы

Спидометр-дің көрсеткіші

Айдың аяғындағы жанармайдың қалдығы

Машина-ның багында

Барлық жұмсал- маған талондар бойынша

барлығы

Машина-ның багында

Барлық жұмсал-маған талондар бойынша

барлығы

























Арнайы автомобильді пайдаланудың жиынтық деректері

Тапсырма-дағы (жұмыста-ғы) жалпы уақыт, сағат, мин.

Жүрген жолы км.

Жанармай литрде берілді

100 км.-ге жұмсау нормасы

Жүрген жолға жанармай шығысы л.

Норма бойынша

Нақты

Үнемдеуі

Артық шығыны

























Инкассация қызметінің арнайы автомобиліне техникалық қызмет көрсету




Бұрынырақ жүргізілгендері

Жоспарланатыны

Күні

Жүрген жолы (спидометрдің көрсеткені)

Күні

Жүрген жолы (спидометрдің көрсеткені)

ТО-1













ТО-2

















Радиостанцияның болуы:

______________________________

(маркасы және номері)

______________________________

(рұқсаттың номері, рұқсаттың қолданылу мерзімі)


Инкассация қызметінің арнайы автомобилі тексерілді

__________ІІАБ ОДП бастығы

______________________________

(қолы)


«____»___________________20___ж.

Мөр орны






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет