ҚР Әділет министрлігінде 2012 жылы 07 мамырда №7622 тіркелді



Дата24.02.2016
өлшемі28.92 Kb.
#12345
Бақылау:

2013ж.13.01.



ҚР Әділет министрлігінде

2012 жылы 07 мамырда № 7622 тіркелді


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі





Национальный Банк

Республики Казахстан

_________________________________________________________________________________________________________________


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2012 жылғы 26 наурыз № 107





Алматы ќ.


г. Алматы





2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылєы

үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік

банкноттардың қатар айналыста болу

кезеңін белгілеу туралы



(Өзгерістер мен толықтырулар:



  1. ҚРҰБ БҚ № 285 25.12.2013ж.(Тіркеу. № 3286)- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі


Тіркеу. № 2983

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы


30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ұлттық валюта ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды айналыстан алу жөнінде оңтайлы жұмысқа қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және


2012 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы
10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі – 2012 жылғы
10 сәуірден бастап 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығы болып белгіленсін.

2. Ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерінің қатар айналыста болу кезеңінде:

1) екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларыныѕ жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:

ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін жеке және заңды тұлғаларға өз кассаларынан, сондай-ақ банкоматтар арқылы беруді жүзеге асырады;

операциялық кассаға келіп түскен ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргiзу ережесiн бекiту туралы» 2001 жылғы
3 наурыздағы № 58 қаулысына (Нормативтік құққықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) филиалдарына тапсырады;

2) Ұлттық Банктің филиалдары:

ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін жеке және заңды тұлғаларға айналым кассаларынан беруді жүзеге асырады;

заңды тұлғалардан ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы


№ 467 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2685 тіркелген) сәйкес кейіннен екінші деңгейдегі банктердің тиісті корреспонденттік шоттарына қолма-қол емес баламасын аудара отырып шектеусіз қабылдайды.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.





Ұлттық Банк

Төраєасы

Г. Марченко


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет