|
Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
|
Ф1 Н ШҚМТУ 701.01-01-1-2011
|
Сапалы менеджмент жүйесі
|
Пәннің оқу-жұмыс бағдарламасы
|
бет 7 ден
|
Қазақстан Республикасының Министерство
Білім және ғылым образования и науки
министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ
ШҚМТУ им. Д. Серикбаева
БЕКІТЕМІН
Экономика және менеджмент факультетінің деканы
______________Е.В.Варавин
___________________2014 ж.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
Жұмыс оқу бағдарламасы
ОЦЕНКА ЭФФЕКТИВНОСТИ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
Рабочая учебная программа
Мамандықтар: 5В050900, 5В050900 (АББ) «Қаржы»
Оқу түрі: күндізгі, сырттай
Өскемен
Усть-Каменогорск
2014
Жұмыс бағдарламасы 5В050900, 5В050900 (АББ) «Қаржы» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (ҚР МЖМББС 6.08.008-2008) сәйкес құрастырылып, «Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасында дайындалы
Қаржы, есеп және салық салу кафедра отырысында талқыланды
Кафедра меңгерушісі О.В. Куур
№ 2 хаттама 09 қыркүйек 2014ж.
Экономика және менеджмент факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
Төрайымы Г.Б. Пестунова
№ 2 хаттама 20 қазан 2014ж.
Дайындады
Доцент Г.И. Джемпеисова
Норма бақылаушы Т.В. Тютюнькова
1 КӨП ЕҢБЕКТІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ПӘН
семестр
|
Кредит саны
|
Оқу түрі
|
СРС сағат саны
|
Жалпы сағат саны
|
Бақылау түрі
|
Жанаспалы сағат саны
|
Дәріс
|
Семинар. (тәжір.)
оқу
|
Зертханал оқу
|
СРСП
|
Барлық сағат саны
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
5В050900 «Қаржы» күндізгі оқу бөлімі
|
7
|
3
|
15
|
30
|
|
30
|
75
|
60
|
135
|
емтихан
|
5В050900 (ОАББ) «Қаржы» күндізгі оқу бөлімі
|
5
|
3
|
15
|
30
|
|
30
|
75
|
60
|
135
|
емтихан
|
5В050900 (ОАББ) «Қаржы» сырттай оқу бөлімі
|
4
|
2
|
5
|
5
|
-
|
10
|
20
|
70
|
90
|
емтихан
|
2. ПӘНГЕ СИПАТТАМА, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
2.1 Оқылатын пәнге сипаттама
«Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау»- экономикалық категория ретінде инвестиция мәнін ашу, олардың макро және микродеңгейде рөлін және мағынасын оқыту, инвестиция жіктелімін және олардың құрылымын анықтау, капитал жұмсалымды қаржыландыру көздерін және олардың ең арзанын, берігін анықтау әдістерін ашу, капитал жұмсалымның экономикалық негіздемесінің нұсқасын зерттеу, кәсіпорындарда тиімді инвестиция портфелінің қалыптасуын оқыту және инвестициялық тәуекелді, олардың бағалануын, алдын-алу немесе төмендету жолдарын анықтау.
2.2 Пәнді оқытудағы мақсат
Бұл пәннің негізгі мақсаты студенттерді статистикалық әдістерді қолдану арқылы қаржы және банк процесіне болып жатқан өзгерістерді, экономикадағы қаржының тұрақталығын, қоғамдық өндірістердің қаржымен қамтамасыз етілуін, бюджеттің ішкі берешегін азайтуды талдауға, зерттеуге үйрету.
2.3 Пәнді оқытудың міндеттері
«Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау» курсын оқу процессіне енгізу экономикалық мамандарды дайындауды жақсартудың негізгі қадамы болып табылады және студенттерді негізгі курс бөлімдерімен таныстыру және инвестиция облысындағы ғылыми-практикалық білімдерді беру. Студенттерге инвестиция мәнін ашу, олардың макро және микродеңгейде рөлін және мағынасын оқыту, инвестиция жіктемесін түсіндіру, Жобаны бағалау критерийлерін түсіндіру.
Ивестициялық жобаның өтемділік мерзімін анықтауды үйрету. Табыстың қарапайым нормасы, дисконтталған критерийлер, ағымдағы таза құндылық, табыстылық индексі, пайда / шығын қатынасы, капитал жұмсалымды қаржыландыру көздерін, әдістерін ашу, инвестиция портфелінің қалыптасуын оқыту және инвестициялық тәуекелді, олардың бағалануын, алдын-алу немесе төмендету жолдарын анықтауды үйрету.
2.4 Пререквизиттар
«Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау» курсын оқытуға негіз болатын пәндер:
-
Ақша. Несие. Банктер;
-
Қаржы;
-
Корпоративтік қаржы;
-
Кәсіпорын экономикасы;
-
Банк ісі және т.б.
2.5 Постреквизиттар
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: салықтық есеп беру, қаржылық есеп II, қаржылық менеджмент, курстық жұмыс пен дипломдық жұмыс.
3 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
3.1 Оқу жұмысының жоспары
Тақырып атаулары
|
Көп еңбекті қажет ететін пән,сағат
|
Оқу түрі
|
5В050900 күндізгі
|
5В050900 (ОАББ) күндізгі
|
5В050900 (ОАББ) Сырттай
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Дәрістік сабақ
|
Тақырып 1 Инвестициялық жобаның түсінігі және экономикалық мағынасы
|
1
|
1
|
0,5
|
Тақырып 2 Бизнес-жоспардың түсінігі
|
2
|
2
|
0,5
|
Тақырып 3 Рентаның өсірілген сомасы формуласының жіктелуі мен қорытылуы. Рентаның қазіргі уақыттағы құнының формуласы
|
2
|
2
|
0,5
|
Тақырып 4 Жобаны бағалау критерийлері. Инвестицияның тиімділігін бағалаудың қарапайым әдістері. Инвестициялық жобаның өтемділік мерзімі
|
2
|
2
|
0,5
|
Тақырып 5 Табыстың қарапайым нормасы. Дисконтталған критерийлер. Ағымдағы таза құндылық
|
2
|
2
|
0,5
|
Тақырып 6 Табыстылықтың индексі. Пайда/шығын қатынасы
|
2
|
2
|
0,5
|
Тақырып 7 Инвестициялық жобалардың тәуекелдерін басқару және бағалау қажеттілігі
|
2
|
2
|
0,5
|
Тақырып 8 Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері
|
2
|
2
|
0,5
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Тақырып 9 Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы және оларды қаржыландыру көздері
|
1
|
1
|
0,5
|
Тақырып 10 Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты және инвестициялық қорлар
|
1
|
1
|
0,5
|
Семинарлық (тәжірибелік) сабақ
|
Тақырып 1 Инвестициялық жобаның түсінігі және экономикалық мағынасы
|
2
|
2
|
0,3
|
Тақырып 2 Бизнес-жоспардың түсінігі
|
2
|
2
|
0,3
|
Тақырып 3 Рентаның өсірілген сомасы формуласының жіктелуі мен қорытылуы
|
2
|
2
|
0,3
|
Тақырып 4 Рентаның қазіргі уақыттағы құнының формуласы
|
2
|
2
|
0,3
|
Тақырып 5 Жобаны бағалау критерийлері
|
2
|
2
|
0,3
|
Тақырып 6 Жобалық талдаудың концептуалды негіздері
|
2
|
2
|
0,3
|
Тақырып 7 Инвестициялық жобалардың микроэкономикалық
фундаментальды талдауы.
|
2
|
2
|
0,3
|
Тақырып 8 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау тәсілдері
|
2
|
2
|
0,3
|
Тақырып 9 Инвестициялық жобалардың ақша ағынын бағалау
|
2
|
2
|
0,3
|
Тақырып 10 Анықсыздық және тәуекел жағдайларында инвестициялық жобаны бағалау талдау
|
2
|
2
|
0,3
|
Тақырып 11Ивестициялық жобаның өтемділік мерзімі
|
2
|
2
|
0,4
|
Тақырып 12Табыстың қарапайым нормасы
|
2
|
2
|
0,4
|
Тақырып 13 Дисконтталған критерийлер
|
2
|
2
|
0,2
|
Тақырып 14Ағымдағы таза құндылық
|
2
|
2
|
0,5
|
Тақырып 15 Табыстылық индексі. Пайда / шығын қатынасы
|
2
|
2
|
0,5
|
Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы
|
Тақырып 1 Инвестициялық жобаның түсінігі және экономикалық мағынасы
|
2
|
2
|
0,6
|
Тақырып 2 Бизнес-жоспардың түсінігі
|
2
|
2
|
0,6
|
Тақырып 3 Рентаның өсірілген сомасы формуласының жіктелуі мен қорытылуы
|
2
|
2
|
0,6
|
Тақырып 4 Рентаның қазіргі уақыттағы құнының формуласы
|
2
|
2
|
0,6
|
Тақырып 5 Жобаны бағалау критерийлері
|
2
|
2
|
0,6
|
Тақырып 6 Жобалық талдаудың концептуалды негіздері
|
2
|
2
|
0,7
|
Тақырып 7 Инвестициялық жобалардың микроэкономикалық
фундаментальды талдауы.
|
2
|
2
|
0,7
|
Тақырып 8 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау тәсілдері
|
2
|
2
|
0,7
|
Тақырып 9 Инвестициялық жобалардың ақша ағынын бағалау
|
2
|
2
|
0,7
|
Тақырып 10 Анықсыздық және тәуекел жағдайларында инвестициялық жобаны бағалау талдау
|
2
|
2
|
0,7
|
Тақырып 11Ивестициялық жобаның өтемділік мерзімі
|
2
|
2
|
0,7
|
Тақырып 12Табыстың қарапайым нормасы
|
2
|
2
|
0,7
|
Тақырып 13 Дисконтталған критерийлер
|
2
|
2
|
0,7
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Тақырып 14Ағымдағы таза құндылық
|
2
|
2
|
0,7
|
Тақырып 15 Табыстылық индексі. Пайда / шығын қатынасы
|
2
|
2
|
0,7
|
Студенттің өздік жұмысы
|
Тақырып 1 Инвестициялық жобаның түсінігі және экономикалық мағынасы
|
4
|
4
|
5
|
Тақырып 2 Бизнес-жоспардың түсінігі
|
4
|
4
|
5
|
Тақырып 3 Рентаның өсірілген сомасы формуласының жіктелуі мен қорытылуы
|
4
|
4
|
5
|
Тақырып 4 Рентаның қазіргі уақыттағы құнының формуласы
|
4
|
4
|
5
|
Тақырып 5 Жобаны бағалау критерийлері
|
4
|
4
|
5
|
Тақырып 6 Жобалық талдаудың концептуалды негіздері
|
4
|
4
|
5
|
Тақырып 7 Инвестициялық жобалардың микроэкономикалық
фундаментальды талдауы.
|
4
|
4
|
5
|
Тақырып 8 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау тәсілдері
|
4
|
4
|
5
|
Тақырып 9 Инвестициялық жобалардың ақша ағынын бағалау
|
4
|
4
|
5
|
Тақырып 10 Анықсыздық және тәуекел жағдайларында инвестициялық жобаны бағалау талдау
|
4
|
4
|
5
|
Тақырып 11Ивестициялық жобаның өтемділік мерзімі
|
4
|
4
|
4
|
Тақырып 12Табыстың қарапайым нормасы
|
4
|
4
|
4
|
Тақырып 13 Дисконтталған критерийлер
|
4
|
4
|
4
|
Тақырып 14Ағымдағы таза құндылық
|
4
|
4
|
4
|
Тақырып 15 Табыстылық индексі. Пайда / шығын қатынасы
|
4
|
4
|
4
|
4 БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
4.1 Жалпы ережелер
4.1.1 Оқу жоспары бойынша 050509 мамандығының студенттері «Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау» пәнінен бақылау жұмысын орындау керек. Бақылау жұмысы 2 бөлімнен тұрады 1-ші бөлімі – берілген реферат тақырыптарының біреуін таңдап, реферат жазу; 2- ші бөлімі өз бетімен шығаруға берілген есептердің ішінен 3 есеп шығару. Қазіргі кезде инвестиция термині кең таралған. Кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуі үшін инвестициялардың алатын орны ерекше. Сондықтан студент бақылау жұмысын орындау барысында инвестицияларды қаржыландыру мен несиелендіру мәселесіне басты назар бөлуі керек.
4.1.2 Бақылау жұмысының негізгі міндеті :
- инвестиция туралы түсінікті қалыптастыру
- инвестицияларды қаржыландыру мен несиелендіру жолдарын анықтау
- кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландыру көздерін анықтау.
- зерттеулер негізінде инвестицияларды қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты ақпараттарды тиімді пайдалануды қалыптастыру.
- тәжірибелік білімдерге негізделген мазмұнды қорытынды жасай алуды үйрету.
4.2 Бақылау жұмыстың құрылымы мен көлемі
Бақылау жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бақылау жұмысының кіріспе бөлімінде тақырыптың маңыздылығы ашылады, жұмыстың мақсаты мен зерттеу объектісі анықталады. Бұл бөлім кемінде 1 – 2 беттен тұруы керек.
Бақылау жұмысының негізгі бөлімі – бұл теориялық зерттеу. Теориялық зерттеу бөлімінде ірі шет ел экономистерінің еңбектерімен, Қазақстан Республикасы ғалымдарының еңбектері, арнайы әдебиеттер, заң шығару органдарының актілері мен нормативтік құжаттар, мерзімдік басылым материалдары студенттің пікірі жазылады. Бұл бөлім кемінде 15 – 20 беттен тұруы керек.
Бақылау жұмыста талдау объектісі ретінде әрбір саладағы кәсіпорындар қарастырылуы мүмкін.
Бақылау жұмысы 1 – 2 беттік көлемінде қорытындымен аяқталады. Бұл бөлімде бақылау жұмысқа қысқаша қорытынды жасалынуы тиіс.
Қолданылған әдебиеттер тізімінде бақылау жұмысты орындау барысында пайдаланылған, қолданылған барлық материалдар мен әдебиеттер тізімі көрсетілуі тиіс.
4.3 Бақылау жұмысты орындау әдістемесі
4.3.1 Бақылау жұмыстың теориялық зерттеу бөлімшесін орындау үшін, 4.5 бөлімінде берілген тақырыптар тізімінен бір тақырыпты таңдау керек. Жұмыс нұсқасының нөмірі студенттің сынақ кітапшасының ақырғы екі нөміріне дәл келу керек. Егер осы сан 30, 60 немесе 90 сандарынан жоғары болса, нұсқаның нөмірі 30, 60 немесе 90 сандарға азайту керек.
Мысалы, егер студенттің сынақ кітапшасының нөмірі 775502 болса, онда нұсқаның нөмірі 2; егер сынақ кітапшасының нөмірі 668825 болса, онда нұсқаның нөмірі 25; егер сынақ кітапшасының нөмірі 881945 болса, онда нұсқаның нөмірі 15 болады.
4.3.2 Тақырып бойынша жұмыстың жоспарын құру және бекіту керек. Жұмыстың бұл кезеңі студенттің жауапкершілікпен қарауын талап етеді. Библиографияны құру үшін келесілерді пайдалану қажет:
а) бақылау жұмыс бағдарламасында көрсетілген әдебиеттер тізімдері;
б) лекция материалдары және семинарлық сабақтарға дайындалу үшін оқытушы ұсынған әдебиеттер тізімдері;
в) кітапханалардағы техникалық және пәндік каталогтар;
г) кейінгі жылдары мерзімдік басылымда жарияланған статьялар мен материалдардың көрсеткіштері;
д) ғылыми жетекшінің кеңестері.
4.3.3 Әдебиеттермен оқу – танысуды нормативтік құжаттардан, инструкциялардан, заң актілерінен бастаған дұрыс болады. Бұл студентке үкімет саясатының негізгі бағыттарының, нарық қатынастар заңдарымен стандартының еңгізілу саласында және оларға инвестицияларды қаржыландыру мен несиелендірумен байланысты мәселелерін білуге мүмкіндік береді.
Содан кейін тақырып бойынша монографиялық әдебиеттерді және мерзімдік басылымдардың деректерін қолдануды ұсынады. Оқыған әдебиеттерден көшірмелерді жеке парақтарға, жұмыстың қай бөліміне жататына байланысты жеке жасаған тиімді болады. Статистикалық анықтамадан алынған мәліметтер жұмыстың теоретикалық бөлімін көркейтеді. Цитаталарды нақты жұмысты шығарылу жылын, бет нөмірін көрсетіп көшіру керек.
4.3.4 Студент қажетті әдебиеттерді дайындап болғаннан кейін, бақылау жұмыстың теориялық бөлімшесін жазуға кіріседі. Бұл жерде берілген сұрақтың қорытындылау мақсатын нақты ойлану керек. Берілген бөлімде мынандай сұрақтардың қамтылуы дұрыс болады:
-
берілген тақырыпты қазіргі кездегі экономикалық әдебиеттерде теориялық негізделуі және баяндалуы;
-
зерттеуге алынған мәселенің актуальділігі;
-
мәселені шешудің түрлі жолдары туралы студенттің көзқарасы.
4.3.5 Қорытындыда жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша студент өз ойын қорытындылап жазады.
Бақылау жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер мен еңбектер тізімі келтіріледі. Онда көрсетілетіндер:
-
бақылау жұмысты жазу кезінде қолданылған Қазақстан Республикасының заң актілері;
-
нұсқаулық ережелер және нормативтік құжаттар;
-
беделді экономистердің еңбектері;
-
периодикалық басылымдар (журналдар, газетер).
4.3.6 Қосымша бетте шығарылған иллюстрациялардың саны мен сапасы студенттің тақырып бойынша теориялық және тәжірибелік материалдарды тереңірек үйренгендігін дәлелдейді.
4.4.1 Студент бақылау жұмысты аяқтағаннан кейін қабылданған ретпен титулдық парақты рәсімдейді (А қосымшасы). Титулдық бет компьютерде терілген түрде немесе сызба әріптерімен жазылады және келесі реквизиттерден тұру керек:
-
министірліктің, жоғарғы оқу орнының және кафедраның аты;
-
бақылау жұмысының тақырыбы;
-
бақылау жұмысын орындаған студенттің аты-жөні;
-
оқытушының ғылыми дәрежесі және аты-жөні;
4.4.2 Бақылау жұмыс А4 форматты ақ қағазға парақтың бір жағында жазылуы керек. Жұмыс кезінде шет сызықтары сақталуы керек: сол жағынан 30 мм, он жағынан 20 мм, жоғарғы жағынан 20 мм, төменгі жағынан 20 мм.
Бақылау жұмысы таза, түсінікті, қара немесе көк түсті сиямен жазылуы керек. Әр түрлі сиялардың (қызыл, жасыл) қолданылуы тек сызбаларды, диаграмаларды, графиктерді толтырған кезде ғана рұқсат етіледі.
Титул бетінен кейін бақылау жұмысының мазмұны, яғни бөлімдердің аттары, параграфтары бет нөмірі көрсетілген түрде беріледі.
Бақылау жұмысының бөлімдері мен тараулары жаңа беттен басталуы керек. Әрбір бөлімге реттік нөмірі беріледі және рим цифрларымен белгіленеді.
Қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалар нөмірленбейді. Параграфтар әрбір тарау немесе бөлім шектерінде араб цифрларымен нөмірленеді. Кестелер тарау шектерінде араб цифрларымен нөмірленеді.
4.4.3 Міндетті түрде дайындалған бақылау жұмысы бекітілген мерзімде кафедраға өткізілуі тиіс. Жұмысты қабылдап алушы (лаборант) оны тіркеп, кафедрада бекітілген оқытушыға тексеруге және рецензиялауға тапсырады.
Тексеруші өзінің ескертпелерін жұмыстың сыртқы бетіне жасайды. Қойылатын талаптарға сай келетін жұмыстарды тексеруші қорғауға жібереді. Ескертпелері бар жұмыс студентке түзету үшін қайтарылады.
4.5 Бақылау жұмысының тақырыптар тізімі
-
Қазақстан және ШҚО инвестициялық потенциалын талдау.
-
Жобаның сезімталдығын талдау: мәні және әдістемесі.
-
Инвестициялық жобаның үлгісі ретінде - бизнес-жоспар.
-
Тура инвестицияларды мемлекеттік қолдау.
-
Инвестициялар – кәсіпорынның дамуының экономикалық негізі.
-
Бағалы қағаздарға инвестициялар.
-
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі қаржылық менеджмент жүйесінде.
-
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты. Инвестициялық талдау.
-
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы.
10) Кәсіпорынның инвестициялы – инновациялық қызметі
11) Шетелдік инвестициялар: оларды тарту және тиімді қолдану проблемасы.
12) Инвестициялық жобаларды өңдеудің институционалды аспектілері.
13) Инвестициялық бизнес-жоспарлаудың аспаптары.
14) Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің көздері, олардың құрылу
тәртібі.
15) Инвестициялық жобаларды өңдеудің коммерциялық аспектілері.
16) Жобалық тәуекелдерді талдау методологиясы.
17) Зейнетақы қорлары – бағалы қағаз рыногының кәсіби қатысушылары.
18) Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметін құқықтық реттеу.
19) Тәуекел жағдайында инвстициялық шешімдерді қабылдау.
20) Қазақстанның бағалы қағаз рыногының кәсіби қатысушылары.
21) Аймақтық инвестициялық климат және инвестициялық жобалауда оның бейнесі.
22) Инвестициялық процессте мемлекеттің ролі.
23) Инвестициялық жобаларды қаржыландырудағы коммерциялық
банктердің ролі.
24) Инвестициялық жобаларды өңдеудің әлеуметтік аспектілері.
25) Дисконттаудың мәні және инвестицияны бағалауда оны қолдану.
26) Жобалық тәуекелдерді талдау әдісі ретінде - сценарилік тәсіл.
27) Инвестициялық жобалардың тиімділігін көтерудің қаржылық
проблемалары.
28) Үйлесімдік күрделі қаржылар бюджетінің құрылуы.
29) Баға және капитал құрылымы.
30) Инвестициялық жобаларды өңдеудің экологиялық аспектілері.
5 СТУДЕНТТЕРГЕ ӨЗ БЕТІМЕН ШЫҒАРУҒА АРНАЛҒАН ЕСЕПТЕР
Студент берілген 30 есептің ішінен сынақ кітапшасының бірінші, үшінші және төртінші санына байланысты тапсырма алады. Мысалы, сынақ кітапшасының нөмірі 775502 болса, студент – бірінші 10 есептің ішінен 7 есепті шығарады, 2 есеп 11-20 есептердің ішінен 15 есепті шығарады, соңғы 21-30 есептердің ішінен 25 есепті шығарады. Барлығы үш есеп болуы керек.
5.1 Шығарылуға арналған есептер
1) Кәсіпорын өз құралдарын инвестициялағанда кем дегенде 18% қайтарымды талап етеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын 84500 $ тұратын жаңа құрал-жабдық сатып ала алады. Осы құрал-жабдықты пайдалану арқасында өнімді шығару көлемі өседі, ол құрал-жабдықты 15 жыл ішінде пайдаланғанда жылына 15 000$ қосымша ақшалай табыс алып келеді. 15 жылдан кейін қалдық құны 0-ге тең деп алып, жобаның қазіргі кездегі таза табысын есептеу керек.
2) Таңдауға берілген жобалар:
|
IC
|
P1
|
P2
|
A
|
-4000
|
2500
|
3000
|
B
|
-200
|
1200
|
1500
|
r=10% және r=21% берілген.
IRR, PP, NPV –ді анықтау керек.
3) 20 жыл ішінде белгілі бір қорға жыл сайын постнумерандты 10 000 теңге салынады да, оған тоқсан сайын 10% күрделі жылдық пайыз есептелінеді. Мерзімнің аяғындағы өскен соманы анықтаңыздар.
4) Клиент өз шотында 80 мың теңгені жинақтамақшы, ол үшін клиент банкке әр жылдың аяғында жылына 30% күрделі пайыздық қойылыммен теңдей салымдар салып отырады. Талап етілетін сомасын жинақтау үшін клиенттің әр салымы қандай шамада: а) 5 жылда; ә) 10 жылда болуы керек.
5) Белгілі бір фирма 400 мың тг көлемінде қор құрғысы келеді. Осы мақсатпен фирма банкке жылдық 32% - бен 80 мың тг-ні әр жылдың соңында салуды көздейді. Қорды құруға қажетті уақытты анықтаңыздар. Егер банк күрделі пайыздар есептесе: а) жыл сайын; ә) тоқсан сайын ;б) үздіксіз.
6) Кәсіпорын жаңа капиталдық салымдарды 3 жылда салды: бірінші жылы – 90 000$ , екінші жылы – 70 000 $, үшіншіде – 50 000$. Инвестициялық жоба жаңадан енгізілген қуаттардың толық босатылуын ескеріп, 10 жылға есептелген. Тек бесінші жылы ғана жоспарланып отырған жылдық таза ақшалай табыстың көлемі 75 000$ құрайды. Таза жылдық ақшалай табыстың өсуі жоспар бойынша бірінші төрт жылда 40,50,70,90% сәйкесінше бірінші жылдан төртінші жылға дейін. Кәсіпорын ақша қаражаттарын инвестициялағанда кем дегенде 18% қайтарымды талап етеді. Инвестициялық жобаның қазіргі кездегі таза мәнін, өтелімділіктің дисконтталған мерзімін анықтау керек.
7) 15 жылға есептелінген жоба 150 000 доллар көлемінде инвестиция қажет етеді. Бірінші бес жылда ешқандай түсімдер күтілмейді, бірақ келесі 10 жыл ішінде түсетін жылдық табыс – 50 000 доллар. Егер дисконттау коэффициенті 15%-ке тең болса, осы жобаны қабылдаған дұрыс па?
8) Салымшы әр айдың соңында банкке 3000 теңгеден салып отырады. Ай сайын күрделі пайыздардың 12% номиналды жылдық қойылымы бойынша пайыз есептеледі. 2 жылдан кейін салымшы шотындағы өсірінді соманы анықтаңыздар.
9) Дисконттау коэффициенті 20% тең болғандағы төменде берілген жобалардың IRR, NPV көрсеткіштерін есептеңіздер.
А
|
-370
|
-
|
-
|
-
|
-
|
1000
|
Б
|
-240
|
60
|
60
|
60
|
60
|
-
|
В
|
-263,5
|
10
|
10
|
10
|
10
|
100
|
10) Есеп шотқа 20 жыл бойы әр жылдың соңында 10 000 тг келіп түседі. Әр жылдық дисконттау 10% күрделі қойылымы бойынша жүргізіледі. Рентаның қазіргі уақыттағы құнын анықтаңыздар.
11) Екі жобаны PP, NPV, IRR критерийлері бойынша талдау керек. Капитал құны 13%, 20%
|
ІС
|
1
|
2
|
3
|
4
|
А
|
- 20 000
|
7000
|
7000
|
7000
|
7000
|
В
|
-25 000
|
2500
|
5000
|
10 000
|
20 000
|
12) Тоқсан сайын 10 мың теңге көлемінде банкке салынатын салымдарға банк пренумерандо нұсқасымен жылына 24% номиналды пайыз қойылымы бойынша күрделі пайыздар қосады: а) жылына бір рет,ә) жарты жылда бір рет. 3 жылдан кейін шотта қандай сома болады.
13) Сіздің екі жобаның біреуіне бірдей соманы инвестицияландыру мүмкіндігіңіз бар. Бірінші жоба жыл сайын 15 мың тг төлейтін мерзімсіз постнумерандо рентасын алуға мүмкіндік береді. Екінші жоба 2 жылдың ішінде сәйкесінше 30 және 80 мың тг алып келеді. Осы жобалардың ішінен қандай жоба тиімдірек , егер пайыздық қойылым жылына 24%?
14) Капиталдың бағасы 10% болғандағы екі баламалы жобаны талдаңыздар.
А
|
-100
|
120
|
-
|
-
|
-
|
Б
|
-100
|
-
|
-
|
-
|
174
|
15) Жылына 4,2 мың теңге түсетін мерзімсіз постнумерандо аннуитетінің ағымдағы құнын анықтаңыздар , егер мемлекеттік банк ұсынатын шұғыл салымның пайызы 24%-ға тең болса, осымен қатар күрделі пайыздар жылына екі рет қосылатын болса.
16) Жоба бойынша қажетті инвестиция 18000 $, бірінші жылы күтілетін табыс - 1500 $, келесі 8 жылдықта - 3600$. Капиталдың бағасы 10$ болғандағы жобаның тиімділігін бағалаңыздар.
17) Жылына 4,2 мың теңге түсетін мерзімсіз постнумерандо аннуитетінің ағымдағы құнын анықтаңыздар , егер мемлекеттік банк ұсынатын шұғыл салымның пайызы 24%-ға тең болса, осымен қатар күрделі пайыздар жылына екі рет қосылатын болса.
18) 8 жыл бойы әр жарты жылдың басында банкке салынатын 15 мың теңгеге жылына 20% күрделі пайыз тоқсан сайын қосылады. Мерзімнің аяғында шотта қандай сома болады?
20) Мына жобалардың ішінен таңдау жасау керек.
|
IC
|
P1
|
P2
|
Р3
|
Р4
|
Р5
|
A
|
-50 000
|
15 625
|
15 625
|
15 625
|
15 625
|
15 625
|
B
|
-80 000
|
-
|
-
|
-
|
-
|
140 000
|
r=5% және r=10% жағдайында таңдау жасау керек.
Фишер нүктесін табу керек.
21) Қарыз алушы әр айдың соңында теңдей жедел төлем жасау арқылы өтеу шартымен 5 айға 6 млн теңге несие алды. Қарыз шамасына айлық қойылымы 12% күрделі пайыз есептеледі. Жедел төлем сомасын анықтаңыздар.
22) Белгіленбеген ұзақ мерзім бойы компания әр жылдың соңында бір акцияға 4 мың теңге дивиденд төлеуге кепілдік беріп отыр. Бұл компанияның акциясын 18 мың теңгеге сатып алу керек пе, егер ақшаны жылына күрделі 21% - бен депозиттерге салса: а) жыл сайын; ә) тоқсан сайын.
23) Салушы банкке баласы 5 жыл оқу мерзім ішінде әр жылдың аяғында 30 000 тг алып тұруы үшін және оқу соңында барлық салымды жұмсауы үшін белгілі бір соманы салу ниетінде. Жылдық қойылымы 12% күрделі пайыздар есептелгендегі салым сомасын анықтаңыздар.
24) Компанияның инвестициялық мүмкіндігі 90 000 доллармен шектеледі. Берілген 6 жобаның ішінен тиімді қоржын қалыптастырып PI, NPV, IRR бойынша көрсеткіштерін салыстырыңыз.
|
IC
|
NPV
|
IRR
|
A
|
30 000
|
2822
|
13.6%
|
B
|
20 000
|
2562
|
19.4%
|
C
|
50 000
|
3214
|
12.5%
|
D
|
10 000
|
2679
|
21.9%
|
E
|
20 000
|
909
|
15%
|
F
|
40 000
|
4509
|
15.6%
|
25) Постнумерандо төлемінің нұсқасы бойынша ақша құралдарын жинақтаудың екі варианты талданады: а) егер банк күрделі 18% күрделі жылдық пайыздарды әр жарты жыл сайын қосатын болса, онда депозитке әр жарты жыл сайын 30 мың тг салынады; ә) егер банк күрделі 19% күрделі жылдық пайыздарды әр жарты жыл сайын қосатын болса, онда депозитке әр жарты жыл сайын 63 мың тг көлемінде салым салады. Әр варианттың іске асқанынан шотта 10 жылдан кейін қандай сома болады? Қандай вариант неғұрлым тиімді? Егер екінші вариантта пайыздық қойылым 18,5%-ға дейін төмендетілсе , сіздің шешіміңіз өзгере ме?
26) Жылына 1 мың тг төлейтін мерзімсіз аннуитет постнумерандосы бар. Бұл аннуитеттің келтірінді құнын мынадай жылдық пайыздық қойылымдармен анықтау керек: а) 5%,ә) 10%, б) 100%. Осындай төлемдер үшін постнумерандо аннуитетінің есептеу мәндері қалай өзгереді?
28) 16950 доллар тұратын құрал-жабдықты сатып алу 10 жыл бойы әр жыл сайын 3000 доллар үнемдеуге мүмкіндік береді. Табыстылықтың ішкі нормасын анықтаңыз.
29) Болашақ құны 60 млн.тг, бүгінгі күнгі құн 27 млн.тг.3-жылға қарастырылған жобаның пайыздық мөлшерлемесін анықтаңыз.
30) 160 000 $ көлемінде инвестицияны қажет ететін жоба 15 жыл ішінде 30 000 $ көлемінде жылдық табыс алуды көздейді. Егер дисконттау коэффициенті 15% тең болса, инвестицияның тиімділігін бағалаңыз.
6 ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
1 Инвестицияның экономикалық табиғатын сипаттап беріңіздер.
2 Инвестициялық жобалардың жіктелу негізіне қандай белгілер салынған?
3 Әр түрлі белгілер бойынша инвестициялық жобалардың жіктелуін беріңіздер.
4 Кәсіпорынның инвестициялық жоспарының астарында не түсіндіріледі, оның қалыптасу жағдайлары қандай?
5 Кәсіпорындағы инвестициялық жоспарын таңдаудағы мүмкін болатын экономикалық зардаптар қандай?
6 Бизнес-жоспардың анықтамасын беріңіздер.
7 Бизнес- жоспардың техникалық – экономикалық негіздемеден айырмашылығы неде?
8 Бизнес-жоспардың құрылымы қандай?
9 Бизнес-жоспардың негізгі бөлімдерін атаңыз.
10 Бизнес-жоспардың қандай негізгі мәселелеріне баса көңіл бөлінуі тиіс?
11 Инвестициялық жобаның түрлерін атаңыз.
12 Жобаны алдын ала талдау үшін қандай екі критерий қолданылады.?
13 Инвестициялық жоба шеңберіндегі маркетингтік талдаудың мазмұны неде?
14 Тәуекелді талдау процесінде қандай міндеттер шешіледі.
15 Рентаның қазіргі уақыттағы шамасы деген термин нені білдіреді?
16 Инвестициялық жобанының тиімділігін бағалаудың қарапайым әдістері.
17 Инвестициялық жобаның өтемділік мерзімі.
18 Табыстың қарапайым нормасы.
19 Ағымдағы таза құндылық және табыстылық индексін есептеу.
20 Инвестициялық жобаларды салыстыру критерийлері.
21 Инвестициялық жобаның тиімділігін таза келтірілген құн бойынша бағалау: ерекшеліктері және кемшіліктері.
22 NPV және IRR көрсеткіштерін салыстыру.
23 Ақшалай жылыстаулар көлемдерінің сәйкессіздігі.
24 Ақшалай түсімдердің уақытқа сәйкес келмеуі
25 Инфляцияның инвестиция тиімділігінің бағасына әсері
26 Ең төменгі құн критерийі бойынша шешім қабылдау
27 Белгісіздік және тәуекел жағдайында инвестициялық жобаны бағалау
28 NPV графигінің ерекшеліктері, салыну тәртібі.
29 Фишер нүктесі дегеніміз не? Оны қалай анықтайды?
30 IRR критерийі қандай критерийлермен салыстырылады
7 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Әлжанова Н. Ш. Инвестициялық жобалау:оқу құралы / Әлжанова Н. Ш. – Алматы : Заң әдебиеті, 2007. – 161 б.
2 Әлжанова Н. Ш. Инвестициялық жобалау:электрондық ресурс / Әлжанова Н. Ш. – Алматы : Нұр -Пресс, 2007. –1 СД. – 125 мб
3 Әбділдин С. Ә. Корпоративтік басқару:оқу құралы / Әбділдин С .Ә. – Алматы : Агроуниверситет, 2008. – 166 б.
4 Әбдікерімова Г. И. Кәсәпорын экономикасы:оқу құралы / Әбдікерімова Г. И. – Алматы : Экономика, 2008. – 367 б.
5 Закон РК «Об инвестициях» от 8.01.2003ж.
6 Аньшин В. М. «Инвестиционный анализ». М., «Дело», 2002
7 Бузова И. А., Маховикова Г. А. «Коммерческая оценка инвестиций».- С. П. «Питер» , 2003
8 Золотогоров В.Г. Инвестиционное проектирование: Учебное пособие. – Минск: ИП «Экоперспектива»,2003. – 463 с. Гитман Л., М. Д. Джонк «Основы инвестирования». М., «Дело», 1997
9 Ковалев В.В. Методы оценки инвестиционных проектов. — М.; Финансы и статистики, 1998.- 144 с.
10 Кочович Е. Финансовая математика: Теория и практика финансово-банковских расчетов. – М.: Финансы и статистика, 1994.
11 Липсиц И.В., Коссов В.В. Инвестиционный проект: методы подготовки и анализа Учеб.-справ. пособие. – М.: Изд-во БЕК, 2004. – 304 с.
12 Мелкумов Я.С. Экономическая оценка эффективности инвестиций и финансирование инвестиционных проектов. – М.: ИКЦ «ДИС», 1997. – 259 с.
13 Ложникова А. В. «Ивестиционные механизмы в реальной экономике» . М., «Экономика», 2001
14 Мамырова М. К. «Эффективность инвестиций в промышленном производстве». Алматы, «Экономика»,2001
15 Марголин А.М.,Быстряков А. Я. «Экономическая оценка инвестиций». М., «Экмос» , 2003
16 Нурсеитова Р. А. «Механизм регулирования инвестиционного процесса: финансово-баковский аспект». Алматы, «БИС», 2001
17 Попков В. П. , Семенов В. П. «Организация и финансировние инвестиций». С-П. «Питер», 2001
18 Сергеев И. В. Веретенникова И. И. «организация и финансирование инвестиций». М., «Финансы и статистика», 2003
19 Управление инвестиционным проектом. Опыт IBM. /Пер. с англ. - М.- Инфра – М, 1995.- 208 с.
20 Шарп У., Александр Г., Бейли Дж. Инвестиции. / Пер. с англ. – М.: Инфра – М, 2003 – 1028 с.
21 Шарп У. «Инвестиции». М., «Инфра-М», 2001
22 Черкасов В. Е. «Международные инвестиции». М., «Дело» , 1999г.
Достарыңызбен бөлісу: |