Сәулеленудің мөлшеріне байланысты асқынған сәулелену ауыруды 4-ке бөледі: Сәулеленудің мөлшеріне байланысты асқынған сәулелену ауыруды 4-ке бөледі:
Бірінші (жеңіл) адам мөлшері 100-ден 200 бэр-ге дейін алғандағы ауыру түрі.
Ондай ауруларға жалпы шаршау, жай жүрек айну, әлсін-әлсін бас айналу,терлеу жатады. Ол адамдар, яғни мұндай мөлшер алғандар саптан, яғни жұмыстан шығып кетпейді, жүре береді. Қанының тазалануы 4 айдан соң аяқталады.
Үшінші (ауыр) түрі 300-500 бэр алғанда болады. Олардың бастары қатты ауырып,құсады, қатты әлсіреп басы айналады, адам өлімі де болады.
Сәулелік ауырудың екінші дәрежесі (түрі) мөлшері 200-300 бэр алғанда болады. Мұндай зақымданғандарға: бас ауруы, температурасының көтерілуі, өт-ішек жолдарының бұзылуы, яғни іш өтуі жатады. Бұл адамдар тез және жылдам ауырады да, көбінесе саптан, яғни жұмыстан шығып қалады. Қанның тазалануы 6 айға дейін созылады. Тіпті адам өлімі де болуы мүмкін.
Төртінші соңғы, ауыр түрі 500 бэр жоғары алғанда болады. Мұндай мөлшер алғандар 15 минут өткен соң тоқтаусыз қан араластырып құса береді де, есін жоғалтады. Іші өтіп, 10 тәуліктің ішінде қайтыс болады.
Адам ағзасына иондағыш сәулеленудің әсерінің өзінің ерекшеліктері бар: - Адам ағзасына иондағыш сәулеленудің әсерінің өзінің ерекшеліктері бар:
- 1. Сіңірілген энергияның жоғарғы эффективтілігі және сәулеленудің аз мөлшердегі сіңірілген энергиясы ағзада терең биологиялық өзгерістер тудыруы мүмкін, (жылулық, электрлік және т. б. ). Биологиялық нысанмен сол көлемде сіңірілген энергияның басқа түрлері иондағыш сәулелену тудыратын мұндай өзгерістерге алып келеді. Мысалы, иондағыш сәулеленудің сүт қоректілер үшін, өлімге алып келетін мөлшері 5 Гр-ге (500рад) тең, сәулеленудің сіңірілген энергиясына 5 Дж/кг сәйкес. Егерде осы энергияны жылыту көзі ретінде пайдаланған болсақ, онда ол денені 0,001°С-ғана жылытқан болар еді. Ортаның атомдары мен молекулаларын иондау мен қоздыру иондағыш сәулеленудің ерекше әсер етуімен шартталады.
- 2. Әсер етудің пайда болуының жасырын немесе инкубациялық кезеңінің болуы (жалған қолайлы кезең); мөлшердің көбеюі мен оның ұзақтығы азаяды.
- 3. Аз мөлшерден әсер көбейе түседі немесе жиналады (кумуляция).
- 4. Сәулелену, берілген тірі организмге ғана емес, оның кейінгі ұрпақтарына да әсер етеді (генетикалык эффект).
- 5. Сәулеленуге кез келген ағзаға толығымен бірдей әрекеттеспейді.
- 6. Тірі ағзаның әртүрлі мүшелері сәулеленуге өзінің сезгіштіктері бар, күнделікті 0,002-0,005 Гр мөлшердің әсері кезінде қанда өзгерістер басталады.
- 7. Сәулелену әсер ету жиілігіне тәуелді, бір реткі көп мөлшердегі сәулелену, фракциялыққа қарағанда өте терең зардаптар тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |