Құрамы мен құрылысын, физикалық химиялық қасиеттерін зерттейді



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата19.12.2023
өлшемі209.04 Kb.
#487138
түріҚұрамы
  1   2   3   4
Глоссарий



Глоссарий 
Минералогия- минералдардың (химиялық табиғи қосындылардың) жаратылысын, құрамы 
мен құрылысын, физикалық – химиялық қасиеттерін зерттейді. 
Петрография – таужыныстарының құрамы мен құрылысын және олардың пайда болуын 
зерттейді.
Литология –шөгінді тау жыныстарының құралу және өзгеру заңдылықтарын зерттейді. 
Геотектоника –жер қыртысының құрылымдық элементтерін және оның деформациялық 
қозғалыс заңдылықтарын қарастырады.
Сейсмология- жер сілкінудің қандай себептерден болатындығын зерттейді. 
Ғалам не ғарыш-бізді қоршаған әлем. 
Метагалактика-ғаламның зерттеуге мүмкін бөлігі. 
Кристалл-көп жақты заттар. 
Симметрия-көпжақты кристалл заттың бір қалыпты бөліктерін қайталайтын қаситеті. 
Симметрия орталығы –фигура ішіндегі ерекше нүкте және бұл нүкте арқылы өтетін кез-
келген түзу сызық бірдей қашықтықта және одан екі жағында да бірдей фигура нүктесі кездеседі. 
Симметрия жазықтығы-фигураны тең екі бөлікке бөлгенде, бөлінген бөлігі айнадағыдай 
қайталанатынын бейнелейтін жазықтық. 
Симметрия осі-белгілі бір бұрышқа фигураны айналдырғанда өзара қайталанып келетін 
түзу сызық. 
Минерал-геологиялық процестер нәтижесінде түзілген, кристалдық құрылымдардың табиғи 
химиялық қосылыстары. 
Пайда қазба- халық шаруашылығында пайдаланатын табиғи минералдық агрегат. 
Стратиграфиялық әдіс – шөгінді таужыныстардың қабаттасу реттілігін зерттеуге 
негізделген. 
Петрографиялық әдіс-таужыныстар құрамын зерттеуге жіне салыстыруға негізделген. 
Палеонтологиялық әдіс-көне организмдер (жануарлар мен өсімдіктер) қалдықтарын 
зерттеуге негізделген. 
Абсолюттік жылнама-таужыныстардың жасын астрономиялы өлшеммен жылмен санау. 
Магматизм-магманың жаралуына, дамуына және оның жер қойнауы мен бетінде 
қалыптасуына байланысты процесс. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет