ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет21/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   102
Хикаялар

Мұғжиза 
Кәпiрлер – әрқашан өзгелердiң де иманнан алыстап, өздерiндей болуын 
қалайтын адамдар. Салихтың қауымындағы кәпiрлер де арам ойларын іске 
асыруға бел байлады. Олар Салихтың әлсiздiгiн әшкерелеп, адамдарды одан 
бездіру мақсатында Салихқа келді. Сөйтіп, одан пайғамбарлығының 
растығын дәлелдейтiн бiр мұғжиза (яғни Аллаһтың тек ғана 
пайғамбарларына беретін қолдауын, көмегін) көрсетуiн талап етiп: «Ей, 
Салих! Егер бiзден өзіңнің шақыруыңды қабылдауымызды қаласаң, оның 
шын екендiгiн дәлелдейтiн мұғжиза көрсет. Болмаса, бiздің пұттарға 
табынуымызға кедергі келтірме», – дедi. 
Салих та – барлық адамдар сияқты жай бір адам. Ол басқалардың 
талаптарын Аллаһ тағаланың қалауымен ғана орындай алады. 
Шындығында, Аллаһ тағалаға көптеген кәпiрдiң бiр емес, тiптi бiрнеше 
мұғжизаны көрсе де, иманға келмейтiндiгi аян. Солай болса да, олардың 
күпiрлiктерiнiң, жапқан жалаларының бекер екендiгiн дәлелдеу үшiн Аллаһ 
Өз елшісіне кәпірлерге көрсеткен мұғжизалар жолдады. Салихтың 
айтқандарының шындық екенін көрсету үшін Аллаһ тағала бұл қауымға 
адам таңғаларлық үлкен бiр түйенi мұғжиза етiп жiбердi. Ол түйенiң бiр күн 
су iшсе, екiншi күнi iшпейтiн ғажайып қасиеті бар едi. Салих адамдарға 
ескертiп: «Мына түйенi Аллаһ тағала сендерге жiбердi. Ендi ауылда суару 
тәртібі кезекпен болады. Бiр күн – сендердiң малдарың үшiн, келесі күн – 
мына түйе үшiн. Бұл түйеге зиянды әрекет жасаудан және осы тәртiптi 
өзгертуден аулақ болыңдар», – дедi. 
Салих кәпiрлердiң бұл тәртіпке риза болмай, түйенi өлтiруге әрекет 
жасаулары әбден мүмкiн екендiгiн бiлiп, оларға: «Ей, қауымым! Бұл түйеге 
зиян келтірмеңдер. Егер бұл түйеге қастандық ойласаңдар, бастарыңа ауыр 
азап түседi», – деп қатаң түрде бiрнеше рет ескерттi. Кәпiрлер бұл түйенiң 
Салихтың шын пайғамбар екенiн анықтап тұратын айқын дәлел екендiгiн 
түсінді. Олар бұл мұғжизаны көргеннен соң, мүміндердің санының 
көбеюінен тіптен қауіптенді. Өйткенi олар өздері сенiп, иманға келмейтін 
және өзгелердiң де иманға келуiн қаламайтын-ды. Олар ендi Салихқа қарсы 
басқаша жоспар ойлай бастады. Бұл жолы олар мұғжиза талап етудi емес, 
мұғжизадан құтылудың жолын ойластырды. 
Расында, бұл ғажайып түйе адамдардың назарын аударып, көңiлiн 
тартатындай ерекше мұғжиза болатын. Кәпiрлер билiктерiне қауiп-қатер 


26 
төндiрiп тұрған бұл түйеден құтылудың амалы оны өлтіру екендігін біліп
әртүрлі айла-тәсіл ойлап, арам пиғыл, жаман жоспарларын қалай жүзеге 
асырудың жолын іздестірді. Ақырында олар түйенiң су iшетiн жерiне барып, 
түйе су iшiп, қайтып келе жатқанында өлтiрiп, осы бір ғажайып мұғжизадан 
құтылуға келiстi. 
Кәпiрлер бас қосып, ақылдасып, мұғжиза-түйені өлтіруді араларында 
Құдар есімді бір жігітке тапсырды. Ол өзінің бұзақы серіктерімен бірге 
түйенiң су iшетiн жерiне барып, оның қайтуын күтiп тұрды да, түйе қайтып 
келе жатқан кезде оған найза атты. Түйе құлады. Кәпiрлер мұнымен 
шектелмей, өлiп жатқан түйенi бауыздап тастады да, ауылдастарын жинап, 
түйені сойып, етін үлестірді. Бұл жауыздыққа иманға келмеген кәпірлердің 
барлығы қатысты. Олар Салихқа: «Егер түйенi өлтiрсеңдер, азапқа душар 
боласыңдар», – деп қорқытатын едiң. Мiне, түйенi өлтiрдiк, етін жедік. Уәде 
еткен азабың қайда? Азабыңды келтір! Сенен де, түйеңнен де 
қорықпаймыз», – дестi. Салих оларға: «Азап келгенге дейiн үш күн ойнап-
күлiп, iшiп-жеп жүре тұрыңдар. Түйенi өлтiрмеңдер деп ескертіп едім, 
тыңдамадыңдар. Енді ақырын күтіңдер», – деп ашулы түрде барлық 
кәпірлерді ескертті де, бұрылып кете берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет