Құрастырушы: аға оқытушы Ахмадиева А. Т



Дата14.06.2016
өлшемі281.28 Kb.
#136010

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Тарих және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы
5В030100 «Құқықтану» мамандығының студенттеріне арналған

«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқық мәселелері»



ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар



Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

__________________деканы

(факультет атауы)

___________ ___________

(қолы) (А.Ж.Т.)

2012ж. «27» сәуір

Құрастырушы: аға оқытушы _____________Ахмадиева А.Т.


Құқықтану кафедрасы


5В030100 Құқықтану мамандығының

күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

Қазақстан Республикасының Азаматтық құқық мәселелері

пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
2012ж. «24» 04 мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедра отырысында ұсынылған №10 хаттама.
Кафедра меңгерушісі ______________ Ахмеджанова Г.Б. 2010ж. «24» 04

Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

2012ж. «27» сәуір №9 хаттама
ОӘК төрағасы ________________ Батталов К.К. 2012ж. «27» 04

1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Оқытушылар жөнінде мәлімет
Ахмадиева Айгүл Төлеуханқызы – Құқықтану кафедрасының аға оқытушысы (дәріс, тәжірибе, СӨЖ).
Кафедра Ломов көшесі 64 мекен-жайы бойынша 417 аудиторияда орналасқан, байланыс телефоны 67-36-77, қосымша 1168.


2 Пән бойынша ақпарат
Пән 6 семестрде 15 апталық мерзімде оқытылады.

Пәннің жалпы жүктемесі 135 сағатты құрайды. Соның ішінде 45 сағаты аудиториялық сабақтарға (30 сағаты дәріс сабақтарына және 15 сағаты – тәжірибелік сабақтарға), 90 сағаты – студенттердің өзіндік жұмысына (СӨЖ) бөлінген.

Аудиториялық сабақтардың уақыттары күнтізбелік жоспар бойынша белгіленген сабақ түрлерімен өтеді.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Семестр

Кредиттер

саны


Аудиториялық сабақтар түрлері бойынша байланыс сағаттарының көлемі

Студенттің өздік жұмысына бөлінген сағаттар саны



Бақылау нысаны

барлығы

дәріс

тәж

зерт

студ

жеке

барлығы

ОСӨЖ


6

3

145

30

15

-

-

-

90

22,5

емтихан

Барлығы




135





4 Пәннің мақсаты мен міндеттері

4.1 Курстың мақсаты болып студенттердің азаматтық құқықтық қатынастар табиғаты мен мәнінің мәселелерін, келісім шарттық, шарттан тыс міндеттемелерден, мұрагерлік құқық, интеллектуалдық меншік саласындағы қатысатардың мәселелерін, тәжірибелік қызметке жоғарғы білікті маман цивилистерді даярлау, болашақ цивилистердің шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастырудан шығатын жекелеген азаматтық құқықтық қатынастардың табиғаты мен мәнінінің мәселелерін жан жақты терең түсінуіне жету табылады.

Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:


  1. Студенттердің оқытылатын курс бойынша базалық білімдерге ие

болуы.

  1. Студенттерді азаматтық құқық саласында ғылыми зерттеу жұмыс дағдыларына үйрету

  2. Студенттерді нормативтік актілердің мәнін түсінуге және азаматтық

құқықтың нормаларын нақты тұрмыстық жағдайларға қолдану дағдыларына үйрету.

Берілген мақсаттар мен міндеттер осы оқу курсының мазмұнын және құрылымын анықтайды.


5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

Пәнді оқу барысында сіз келесідей нәтижелерге қол жеткізесіз:

азаматтық құқықтың негізін қалаушы теориялық ережелерін білетін боласыз:

а) құқықтық реттеудің түсінігін, пәнін және әдістерін;

б) азаматтық құқықтың міндетін, қағидалары мен қайнар көздерін;

в) азаматтық құқықтық қатынастарын;

г) азаматтық құқық субъектілерінің құқықтық мәртебесін;

д) шарттар мен міндеттемелер туралы жалпы ережелерді.



дағдыланасыздар:

1) нормативтік құқықтық материалмен жұмыс істеуге.

2) теориялық білімдерін нақты ситуациялық есептерді шешуде қолдана алуға.

3) заңи құжаттарды құрастыруға (шарттар, сенімхаттар, өсиеттер және т.б.).



істей аласыздар:

1) азаматтық заңнамалық актілерде дұрыс бағыттала алуды.

2) оқу есептерін шешуді.

3) алуан түрлі шарттардың жағдайларын және тағы да басқа құжаттарды құрастыруды.


6 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет:

- мемлекет және құқық теориясы;

- Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы;

- Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы;

- Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы.



7 Постреквизиттер

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде алынған білім, икемділік және машықтар төменгі пәндерді меңгеру үшін қажет:

- Қазақстан Республикасының тұрғын үй құқығы;

- Қазақстан Республикасының банк құқығы;

- Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік құқығы;

- отбасы құқығы;



- экологиялық құқық және т.б.


8 Тақырыптық жоспар




р/с


Тақырыптар аталуы

Сабақтардың түрлері бойынша сағаттар саны

дәріс

тәж.

СӨЖ

1

2

3

4

6

1

Азаматтық құқықтың ұғымы және оның әлеуметтік құндылығы туралы сауал

2

1

6

2

Қазіргі кездегі азаматтық құқықтың тарихи алғышарттары. Азаматтық құқықтағы ұлттық және кешенді элементтер.

2

1

6

3

Азаматтық құқық тарихындағы нугізгі идеологиялық мәселелер

2

1

6

4

Азаматтық құқықтың философиялық алғышарттары. Мемлекет пен тұлға мәселелері.

2

1

6

5

Тұлға мәселесі. Жеке тұлға құқықтарын қорғаудың және оның нақты ерекшеліктерінің дамуы.

2

1

6

6

Материалдық емес мүдделер мәселесі.

2

1

6

7

Заңды тұлғалар мәселесі.

2

1

6

8

Отбасылық қатынастар саласындағы жеке тұлға мәселесі.

2

1

6

9

Меншік мәселелері.

2

1

6

10

Бөтеннің затына құқық мәселесі.

2

1

6

11

Иелену мәселесі.

2

1

6

12

Міндеттемелер, олардың жалпы тарихи эволюциясы.

2

1

6

13

Шарттық міндеттемелер. Міндеттемелерден туындайтын міндеттемелер. Шарт еркіндігі мәселесі.

2

1

6

14

Құқық бұзушылықтардан туындайтын міндеттемелер. Келтірілген зиян үшін жауапкершілік мәселесі.

2

1

6

15

Мұрагерлік құқықтағы жеке және қоғамдық бастама.

2

1

6

Барлығы:

30

30

15


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы
«Азаматтық құқық» термині рум азаматтарының жеке құқығы деп түсінілетін «цивильді құқық» (ius civile) деп аталатын термин пайда болған сонау Рум құқығынан бастама алады.

Азаматтық құқық – кез келген дамыған құқық жүйесінің құрамдас бөлігі. Азаматтық құқық мүліктік, атап айтқанда, тауардың экономикалық нысанына ие мүліктер, материалдық және тағы да басқа құндылықтарға қатысты қатынастарды; және де олардың иелерінің құқықтық мәртебелеріне тығыз байланысты мүліктік емес (материалдық емес) құндылықтарға қатысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді.

Азаматтық құқық жоғарғы заңи оқу орындарында оқытылатын басты оқу пәндерінің болып табылады. Оның басқа оқу пәндерінің арасында негізін қалаушы орнын алатындығы азаматтық заңнаманың қазіргі кездегі қоғамдағы маңызына байланысты. Бұл заңнама нарықтық экономиканың мықты негіздерін қалыптастыруға, тауар ақша қатынастарының өсуі мен дамуына, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғауға ықпал етеді.
10 Курс компоненттері

10.1 Дәріс сабақтарының тізімі және мазмұны

1 тақырып. Азаматтық құқықтың ұғымы және оның әлеуметтік құндылығы туралы сауал.

Жеке құқық ұғымы, оның құқықтың жалпы жүйесіндегі алатын орны. Құқық саласы жүйесіндегі азаматтық құқық. Азаматтық құқық ұғымы, оның анықтамасы және оның негізгі бастамалары. Азаматтық құқықтың құқықтың сабақтас салалырынан айырмашылығы. Азаматтық құқық және азаматтық заңнама.



2 тақырып. Қазіргі кездегі азаматтық құқықтың тарихи алғышарттары.

Азаматтық құқықтың даму тарихы. Қазіргі кездегі азаматтық құқық тарихындағы ұлттық және кешенді элементтер. Қазақстандық азаматтық заңнама. ҚР АК жалпы сипаттамасы және маңызы. ҚР азаматтық заңнамасының жүйесі.



3 тақырып. Азаматтық құқықтық қатынастардың мәселелері.

Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және элементтері. Еріктік акті азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері ретінде. Азаматтық құқықтағы уәде ұғымы. Уәде және оферта.



4 тақырып. Жеке тұлға мәселесі. Жеке тұлға құқықтарын қорғаудың және оның нақты ерекшеліктерінің дамуы.

Жеке тұлға құқықтары ілімінің пайда болуы және олардың біртіндеп заңнамалармен танылуы. Есіміне құқық, абыройына құқық, жеке тәндік құқығын қорғау және т.б. Адамзаттық жеке тұлғаның нақты ерекшеліктерін қорғау.



5 тақырып. Азаматтық құқық объектілерінің мәні мен маңызын анықтаудағы негізгі проблемалар.

Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі. Заттарды саралау. «Денесіз» заттар институты. Азаматтық құқықтың объектілері ретіндегі мүліктік құқықтар.



6 тақырып. Заңды тұлғалар мәселесі.

Мәжбүрлі және ерікті одақтар. Серіктестік және заңды тұлға. Осылардың жалғандығы және растығы жайлы сауал. Заңды тұлғаны құру мәселесіндегі жеке тұлға және мемлекет: концеесиялық жүйенің біртіндеп босаңсуы және жеке автономияның күшеюі. Заңды тұлғалардың құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілігі және олардың жеке құқықтары туралы сауалдар. Одақтар және құқыққа қабілетсіздер. Қазіргі кездегі мемлекет өміріндегі одақтар рөлінің күшеюінің жалпы маңызы.



7 тақырып. Отбасылық қатынастар саласындағы жеке тұлға мәселесі.

ҚР неке отбасы заңнамасы. Неке, ерлі зайыптылық, отбасы. Суррогаттық аналық. Қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері. Патронат. Алименттік қатынастардың мәселесі. Асырап алушылықтың мәселелері.



8 тақырып. Меншік мәселесі.

Меншік экономикалық категория ретінде. Субъективтік азаматтық құқық ретіндегі меншік құқығының ұғымы. Меншік иесінің құқықтары. Жеке меншік құқығы. Мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру. Меншік құқығын жүзеге асырудың шектері. Сервитуттар. Меншік құқығының мерзімсіздігі. Азаматтық құқықтың алуан түрлі субъектілерінің меншік құқықтарының ерекшеліктері.



9 тақырып. Бөтеннің заттарына құқық мәселесі.

Басқа заттық құқықтардың түсінігі. Шаруашылық жүргізу құқығы. Шаруашылық жүргізу құқығының субъектісі. Құқық мазмұны және оны жүзеге асырудың шектері. Шаруашылық жүргізу құқығын тоқтату. Мемлекеттік кәсіпорындарды жеке меншікке ауыстыру.

Жедел басқару құқығы. Мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың жедел басқаруындағы мүлікке қатысты меншік иесінің құқықтары мен міндеттері. Бюджет есебінен алынған мүлікке қатысты мекемелердің құқықтары. Жер телімдеріне заттық құқықтар. Заттық құқықтардың элементтері бар құқықтар (кепіл, аренда және т.б.).

10 тақырып. Иелену мәселесі.

Затқа нақтылы ие болуды қорғау және осы қорғауды негіздеу туралы сауал. Затты, мүлікті иелену мәселесін қорғаудың шектерін ұғыну.



11 тақырып. Міндеттемелер, олардың жалпы тарихи эволюциясы.

Ежелгі міндеттеме борышқордың несие берушіге жеке танымдылығы ретінде. Міндеттемедегі мүліктік элементтің біртіндеп күшеюі және осы тұстағы пайда болатын теориялық асыра сілтеушіліктер. Міндеттемелік құқықтардың ұғымы және жүйесі. Міндеттеме үғымы, оның басқа мүліктік құқықтық қатынастардан ерекшеліктері. Міндеттемелердің пайда болу негіздері. Міндеттемелердің субъектілері. Міндеттемедегі тұлғалардың көптігі.

Солидарлы, үлестік және субсидиарлы міндеттемелер.Үшінші тұлғалардың қатысуымен міндеттемелер. Регресті міндеттемелер. Үшінші тұлғалардың пайдасына міндеттемелер. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы.

Міндеттемені орындаудың ұғымы. Міндеттеменің орындаудың қағидалары. Міндеттемені орындаудың мерзімі. Міндеттемені мерзімінен бұрын орындаудың шарттары. Міндеттемені орындау орны. Міндеттемені орындаудың тәсілдері. Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің түсінігі, маңызы және тәсілдерінің мәселелері.



12 тақырып. Шарттардан туындайтын міндеттемелер. Шарттық бостандықтың мәселесі.

Азаматтық құқықтық шарттың ұғымы және белгілері. Қазақстанның нарықтық қатынастарын қалыптастыруындағы шарттың рөлі. «Шарт», «мәміле», «міндеттеме» ұғымдарының арақатынасы. Шарт және заңнамалық актілер.

Шарттарды топтастыру. Шарт ережелері, олардың түрлері. Шарттың жобалы ережелері. Шартты талқылау.

Шарт жасасудың негіздері. Шарт жасасудың кезеңдері. Шарт нысанының оны жасасу үшін маңызы. Шарттың маңызды және қарапайым ережелері. Шарт жасасу орны. Алдын ала жасалатын шарт, оның маңызы және белгілері. Шарт жасасу кезінде пайда болатын қарама қайшылықтарды реттеу. Шартты өзгерту және бұзу негіздері.



13 тақырып. Құқық бұзушылықтардан туындайтын міндеттемелер. Келтірілген зиян үшін жауапкершілік мәселесі.

Азаматтық құқықтық жауапкершлік ұғымы. Құқықтық жауапкершілік шаралары жүйесіндегі азаматтық құқықтық жауапкершіліктің алатын орны. Экономикалық жауапкершілік және азаматтық құқықтық жауапкершілік. Ааматтық құқықтық жауапкершіліктің түрлері. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шарттары. Азаматтық құқықбұзушылықтың түсінігі және құрамы. Құқыққа қайшылық азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шарты ретінде. Жауапкершіліктің шарты ретінде себептік байланыс. Кінә ұғымы және оның нысандары. Кінәға байланысты емес жауапкершіліктің мүмкіндігі. Жағдай және дүлей күш ұғымы. Толық азаматтық құқықтық жауапкершіліктің принципі



14 тақырып. Интеллектуалдық меншік құқығы институтының мәселелері.

Интеллектуалдық меншік құқығының ұғымы. Әділет органдарының интеллектуалдық меншік саласындағы жаңа құқықтық қатынастардың қалыптасуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік, құқық қорғау органдары, шығармашылық одақтар, қоғамдық ұйымдар, шығармаларды пайдаланушылармен өзара байланыс орнату, заңнаманы орындау бойынша міндеттері. Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау мәселелері.



15 тақырып. Мұрагерлік құқықтағы жеке және қоғамдық бастама.

Мұрагерлік құқық институтының ұғымы. Өсиет бойынша мұрагерліктің мәселелері. Өсиеттің заңды мазмұнына қойылатын талаптар. Өсиет бо йынша мұрагерліктің мәселелері.


Тәжірибелік (семинар) сабақтардың тізімі мен мазмұны


1 тақырып. Азаматтық құқықтың ұғымы және оның әлеуметтік құндылығы туралы сауал.

1. Жеке құқықтың ұғымы, оның жалпы құқық жүйесіндегі алатын орны.

2. Азаматтық құқықтың ұғымы, оның анықтамасы және негізгі бастамалары.

3. Азаматтық құқық және азаматтық заңнама.

4. Құқықтық болмысты танудың әдістемесі.

5.Құқықтық болмыс элементтерінің бірі ретіндегі цивилистік доктриналардың дамуы мысалында танудың жекелеген жалпы ғылыми тәсілдерінің нәтижелілігіне анализ жасау.



2 тақырып. Қазіргі кездегі азаматтық құқықтың тарихи алғышарттары.

1.Азаматтық құқықтың даму тарихы.

2.Қазіргі кездегі азаматтық құқық тарихындағы ұлттық және кешенді элементтері.

3. Қазақстандық азаматтық заңнама.

4. ҚР АК жалпы сипаттамасы және маңызы. ҚР азаматтық заңнамасының жүйесі.

3 тақырып. Азаматтық құқықтық қатынастардың мәселелері.

1.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және элементтері.

2.Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуыының негізі ретіндегі ерікті акт.

3. Азаматтық құқықтағы «уәде» ұғымы. Уәде және оферта.



4 тақырып. Жеке тұлға мәселесі. Жеке тұлға құқықтарын қорғаудың және оның нақты ерекшеліктерінің дамуы.

1. Жеке тұлға құқықтары ілімінің пайда болуы және олардың біртіндеп заңнамалармен танылуы.

2. Есіміне құқық, абыройына құқық, жеке тәндік құқығын қорғау және т.б. Адамзаттық жеке тұлғаның нақты ерекшеліктерін қорғау.

5 тақырып. Азаматтық құқық объектілерінің мәні мен маңызын анықтаудағы негізгі проблемалар.

1.Азаматтық құқық объектілерінің ұғымы.

2.Заттарды топтастыру.

3. «Денесіз» заттар институты.

4.Азаматтық құқық объектілері ретіндегі мүліктік құқықтар.

6 тақырып. Заңды тұлғалар мәселесі.

1.Мәжбүрлі және ерікті одақтар.

2.Серіктестік және заңды тұлға.

3. Осылардың жалғандығы немесе растығы туралы сауал.

4. Заңды тұлғаны құру мәселесіндегі жеке тұлға және мемлекет: концеесиялық жүйенің біртіндеп босаңсуы және жеке автономияның күшеюі.

5. Заңды тұлғалардың құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілігі және олардың жеке құқықтары туралы сауалдар.



7 тақырып. Отбасылық қатынастар саласындағы жеке тұлға мәселесі.

1.ҚР неке отбасы заңнамасы.

2.Неке, зайыптылық, отбасы.

3.Суррогаттық аналық.

4.Қорғаншылық және қамқоршылық мәселесі. Патронат.

5.Алименттік қатынастар мәселелері.

6.Асырап алушылық мәселелері.

8 тақырып. Меншік мәселесі.

1.Меншік экономикалық категория ретінде.

2.Субъективті азаматтық құқық ретіндегі меншік құқығы ұғымы.

3.Жеке меншік құқығы.

4.Мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру.

5.Меншік құқығын жүзеге асырудың шектері.

6.Меншік құқығының мерзімсіздігі.

7.Азаматтық құқықтың алуан түрлі субъектілерінің меншік құқығының ерекшеліктері.



9 тақырып. Бөтеннің мүлкіне құқық мәселесі.

1.Басқа заттық құқықтар ұғымы.

2.Шаруашылық жүргізу құқығы.

3.Жедел басқару құқығы.

4.Жер телімдеріне заттық құқық. Заттық құқық элементтері бар құқық (кепіл, аренда және т.б.).

10 тақырып. Иелену мәселесі.

1. Затқа нақтылы ие болуды қорғау және осы қорғауды негіздеу туралы сауал.

2. Затты, мүлікті иелену мәселесін қорғаудың шектерін ұғыну.

11 тақырып. Міндеттемелер, олардың жалпы тарихи эволюциясы.

1. Ежелгі міндеттеме борышқордың несие берушіге жеке танымдылығы ретінде.

2. Міндеттемедегі мүліктік элементтің біртіндеп күшеюі және осы тұстағы пайда болатын теориялық асыра сілтеушіліктер.

3. Міндеттемелік құқықтардың ұғымы және жүйесі.

4. Міндеттеме үғымы, оның басқа мүліктік құқықтық қатынастардан ерекшеліктері.

5. Міндеттемелердің пайда болу негіздері.

6. Міндеттемелердің субъектілері.

7. Міндеттемедегі тұлғалардың көптігі.

8. Солидарлы, үлестік және субсидиарлы міндеттемелер.

9. Үшінші тұлғалардың қатысуымен міндеттемелер. Регресті міндеттемелер.



12 тақырып. Шарттан туындайтын міндеттемелер. Шарттық бостандықтың мәселесі.

  1. Азаматтық құқықтық шарттың ұғымы және белгілері.

  2. Қазақстанның нарықтық қатынастарын қалыптастыруындағы

шарттың рөлі. «Шарт», «мәміле», «міндеттеме» ұғымдарының арақатынасы.

  1. Шарт және заңнамалық актілер. Шарттарды топтастыру. Шарт

ережелері, олардың түрлері. Шарт жасасу ережелері. Шартты талқылау.

  1. Шарт жасасудың негіздері. Шарт жасасудың кезеңдері. Шарт

нысанының оны жасасу үшін маңызы. Шарттың маңызды және қарапайым ережелері. Шарт жасасу орны.

  1. Алдын ала жасалатын шарт, оның маңызы және белгілері. Шарт

жасасу кезінде пайда болатын қарама қайшылықтарды реттеу. Шартты өзгерту және бұзу негіздері.

13 тақырып. Құқық бұзушылықтардан туындайтын міндеттемелер. Келтірілген зиян үшін жауапкершілік мәселесі.

  1. Азаматтық құқықтық жауапкершлік ұғымы. Құқықтық жауапкершілік

шаралары жүйесіндегі азаматтық құқықтық жауапкершіліктің алатын орны.

  1. Экономикалық жауапкершілік және азаматтық құқықтық

жауапкершілік. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің түрлері. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шарттары.

  1. Азаматтық құқықбұзушылықтың түсінігі және құрамы.

  2. Құқыққа қайшылық азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шарты

ретінде.

  1. Жауапкершіліктің шарты ретінде себептік байланыс.

  2. Кінә ұғымы және оның нысандары. Кінәға байланысты емес

жауапкершіліктің мүмкіндігі. Жағдай және дүлей күш ұғымы. Толық азаматтық құқықтық жауапкершіліктің принципі

  1. тақырып. Интеллектуалдық меншік құқығы институтының

мәселелері.

  1. Интеллектуалдық меншік құқығының ұғымы.

  2. Әділет органдарының интеллектуалдық меншік саласындағы жаңа

құқықтық қатынастардың қалыптасуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік, құқық қорғау органдары, шығармашылық одақтар, қоғамдық ұйымдар, шығармаларды пайдаланушылармен өзара байланыс орнату, заңнаманы орындау бойынша міндеттері.

  1. Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау мәселелері.

  1. тақырып. Мұрагерлік құқықтағы жеке және қоғамдық бастама.

  1. Мұрагерлік құқық институтының ұғымы.

  2. Өсиет бойынша мұрагерліктің мәселелері.

  3. Өсиеттің заңды мазмұнына қойылатын талаптар.

  4. Өсиет бойынша мұрагерліктің мәселелері.

10.3 Студенттердің өзіндік жұмыстардың мазмұны

Студенттің өзіндік жұмысының мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп беру нысаны

Бақылау түрі

Сағаттағы көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындық




Сабаққа қатысу

22,5

2

Тәжірибе сабақтарына дайындық

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

22,5

3

Студенттердің өз бетінше дайындалатын жоспарда көрсетілмеген тақырыптар тізімі


конспект

Конспектілерді тексеру

22,5

4

Бақылау шараларына дайындық




МБ, емтихан

22,5




Барлығы







90



Студенттердің өз бетінше дайындалатын жоспарда көрсетілмеген тақырыптар тізімі:

1 тақырып. Азаматтық құқықтың ұғымы және оның әлеуметтік құндылығы туралы сауал.

Жеке құқық ұғымы, оның құқықтың жалпы жүйесіндегі алатын орны. Құқық саласы жүйесіндегі азаматтық құқық. Азаматтық құқық ұғымы, оның анықтамасы және оның негізгі бастамалары. Азаматтық құқықтың құқықтың сабақтас салалырынан айырмашылығы. Азаматтық құқық және азаматтық заңнама.



2 тақырып. Қазіргі кездегі азаматтық құқықтың тарихи алғышарттары.

Азаматтық құқықтың даму тарихы. Қазіргі кездегі азаматтық құқық тарихындағы ұлттық және кешенді элементтер. Қазақстандық азаматтық заңнама. ҚР АК жалпы сипаттамасы және маңызы. ҚР азаматтық заңнамасының жүйесі.



3 тақырып. Азаматтық құқықтық қатынастардың мәселелері.

Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және элементтері. Еріктік акті азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері ретінде. Азаматтық құқықтағы уәде ұғымы. Уәде және оферта.



4 тақырып. Жеке тұлға мәселесі. Жеке тұлға құқықтарын қорғаудың және оның нақты ерекшеліктерінің дамуы.

Жеке тұлға құқықтары ілімінің пайда болуы және олардың біртіндеп заңнамалармен танылуы. Есіміне құқық, абыройына құқық, жеке тәндік құқығын қорғау және т.б. Адамзаттық жеке тұлғаның нақты ерекшеліктерін қорғау.



5 тақырып. Азаматтық құқық объектілерінің мәні мен маңызын анықтаудағы негізгі проблемалар.

Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі. Заттарды саралау. «Денесіз» заттар институты. Азаматтық құқықтың объектілері ретіндегі мүліктік құқықтар.



6 тақырып. Заңды тұлғалар мәселесі.

Мәжбүрлі және ерікті одақтар. Серіктестік және заңды тұлға. Осылардың жалғандығы және растығы жайлы сауал. Заңды тұлғаны құру мәселесіндегі жеке тұлға және мемлекет: концеесиялық жүйенің біртіндеп босаңсуы және жеке автономияның күшеюі. Заңды тұлғалардың құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілігі және олардың жеке құқықтары туралы сауалдар. Одақтар және құқыққа қабілетсіздер. Қазіргі кездегі мемлекет өміріндегі одақтар рөлінің күшеюінің жалпы маңызы.



7 тақырып. Отбасылық қатынастар саласындағы жеке тұлға мәселесі.

ҚР неке отбасы заңнамасы. Неке, ерлі зайыптылық, отбасы. Суррогаттық аналық. Қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері. Патронат. Алименттік қатынастардың мәселесі. Асырап алушылықтың мәселелері.



8 тақырып. Меншік мәселесі.

Меншік экономикалық категория ретінде. Субъективтік азаматтық құқық ретіндегі меншік құқығының ұғымы. Меншік иесінің құқықтары. Жеке меншік құқығы. Мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру. Меншік құқығын жүзеге асырудың шектері. Сервитуттар. Меншік құқығының мерзімсіздігі. Азаматтық құқықтың алуан түрлі субъектілерінің меншік құқықтарының ерекшеліктері.



9 тақырып. Бөтеннің заттарына құқық мәселесі.

Басқа заттық құқықтардың түсінігі. Шаруашылық жүргізу құқығы. Шаруашылық жүргізу құқығының субъектісі. Құқық мазмұны және оны жүзеге асырудың шектері. Шаруашылық жүргізу құқығын тоқтату. Мемлекеттік кәсіпорындарды жеке меншікке ауыстыру.

Жедел басқару құқығы. Мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың жедел басқаруындағы мүлікке қатысты меншік иесінің құқықтары мен міндеттері. Бюджет есебінен алынған мүлікке қатысты мекемелердің құқықтары. Жер телімдеріне заттық құқықтар. Заттық құқықтардың элементтері бар құқықтар (кепіл, аренда және т.б.).

10 тақырып. Иелену мәселесі.

Затқа нақтылы ие болуды қорғау және осы қорғауды негіздеу туралы сауал. Затты, мүлікті иелену мәселесін қорғаудың шектерін ұғыну.



11 тақырып. Міндеттемелер, олардың жалпы тарихи эволюциясы.

Ежелгі міндеттеме борышқордың несие берушіге жеке танымдылығы ретінде. Міндеттемедегі мүліктік элементтің біртіндеп күшеюі және осы тұстағы пайда болатын теориялық асыра сілтеушіліктер. Міндеттемелік құқықтардың ұғымы және жүйесі. Міндеттеме үғымы, оның басқа мүліктік құқықтық қатынастардан ерекшеліктері. Міндеттемелердің пайда болу негіздері. Міндеттемелердің субъектілері. Міндеттемедегі тұлғалардың көптігі.

Солидарлы, үлестік және субсидиарлы міндеттемелер.Үшінші тұлғалардың қатысуымен міндеттемелер. Регресті міндеттемелер. Үшінші тұлғалардың пайдасына міндеттемелер. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы.

Міндеттемені орындаудың ұғымы. Міндеттеменің орындаудың қағидалары. Міндеттемені орындаудың мерзімі. Міндеттемені мерзімінен бұрын орындаудың шарттары. Міндеттемені орындау орны. Міндеттемені орындаудың тәсілдері. Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің түсінігі, маңызы және тәсілдерінің мәселелері.



12 тақырып. Шарттардан туындайтын міндеттемелер. Шарттық бостандықтың мәселесі.

Азаматтық құқықтық шарттың ұғымы және белгілері. Қазақстанның нарықтық қатынастарын қалыптастыруындағы шарттың рөлі. «Шарт», «мәміле», «міндеттеме» ұғымдарының арақатынасы. Шарт және заңнамалық актілер.

Шарттарды топтастыру. Шарт ережелері, олардың түрлері. Шарттың жобалы ережелері. Шартты талқылау.

Шарт жасасудың негіздері. Шарт жасасудың кезеңдері. Шарт нысанының оны жасасу үшін маңызы. Шарттың маңызды және қарапайым ережелері. Шарт жасасу орны. Алдын ала жасалатын шарт, оның маңызы және белгілері. Шарт жасасу кезінде пайда болатын қарама қайшылықтарды реттеу. Шартты өзгерту және бұзу негіздері.



13 тақырып. Құқық бұзушылықтардан туындайтын міндеттемелер. Келтірілген зиян үшін жауапкершілік мәселесі.

Азаматтық құқықтық жауапкершлік ұғымы. Құқықтық жауапкершілік шаралары жүйесіндегі азаматтық құқықтық жауапкершіліктің алатын орны. Экономикалық жауапкершілік және азаматтық құқықтық жауапкершілік. Ааматтық құқықтық жауапкершіліктің түрлері. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шарттары. Азаматтық құқықбұзушылықтың түсінігі және құрамы. Құқыққа қайшылық азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шарты ретінде. Жауапкершіліктің шарты ретінде себептік байланыс. Кінә ұғымы және оның нысандары. Кінәға байланысты емес жауапкершіліктің мүмкіндігі. Жағдай және дүлей күш ұғымы. Толық азаматтық құқықтық жауапкершіліктің принципі



14 тақырып. Интеллектуалдық меншік құқығы институтының мәселелері.

Интеллектуалдық меншік құқығының ұғымы. Әділет органдарының интеллектуалдық меншік саласындағы жаңа құқықтық қатынастардың қалыптасуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік, құқық қорғау органдары, шығармашылық одақтар, қоғамдық ұйымдар, шығармаларды пайдаланушылармен өзара байланыс орнату, заңнаманы орындау бойынша міндеттері. Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау мәселелері.



15 тақырып. Мұрагерлік құқықтағы жеке және қоғамдық бастама.

Мұрагерлік құқық институтының ұғымы. Өсиет бойынша мұрагерліктің мәселелері. Өсиеттің заңды мазмұнына қойылатын талаптар. Заң бо йынша мұрагерліктің мәселелері.



11 Әдебиеттер тізімі
Негізгі

1 Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (Жалпы бөлімі). М. К. Сулейменоа, Ю. Г. Басин. Т. 1. Алматы, 2003. - 458 б.

2 Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть). Комментарий. Под ред. М. К. Сулейменова, Ю. Г. Басина. Т. 2. Алматы, 2003 г. - 370 с.

3 Гражданское право (Общая часть). Учебное пособие. Под ред. Диденко А.Г. Алматы, 2003.

4 Гражданское право. Том 1. Отв. Ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Алматы. Издательство КазГЮА. 2003.

5 Гражданское право. Ч. 1. Под ред. Сергеева А. Л., Толстого Ю.К. М., Проспект, 2004.

6 Сборники «Гражданское законодательство. Статьи. Комментарии. Практика. Выпуски 1-25. Алматы. 1997-2007.
Қосымша

1 Басин. Ю.Г. Избранные труды по гражданскому праву. Алматы, 2003.

2 Диденко А. Г. Избранное. (Постсоветский период). Алматы. 2004.

3 Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 1: Общие положения. - М.: «СТАТУТ», 1998.

4 Гражданское право. Том 1. Общая часть. Под ред. Суханова Е.А. М., Волтерс Клувер, 2004.

5 Диденко А. Г. Обеспечение исполнения договоров. Астана, 2002 г.

6 Иоффе О.С. Правоотношение по советскому гражданскому праву. 1949.

7 Халфина Р.О. Общее учение о правоотношении. М., 1974

8 Каудыров Т. Гражданско-правовая охрана объектов промышленной собственности в Республике Казахстан. Алматы, 2001.

9 Ильясова К. Регистрация прав на недвижимость в Республике Казахстан. Основные концептуальные положения. Алматы, 2000.

10 Kapaгусов Ф. Ценные бумаги и деньги как объекты гражданских прав.

Алматы, 2001.

11 Климкин С. И. юридические лица по законодательству Республики Казахстан. Общие положения. Алматы, 2001

12 Юридические лица. Практикум. Под ред. Климкина С. И. Алматы, 2003

13 Климкин С. И. Юридические лица (сборник статей). Алматы, 2004

14 Климкин С. И. Хозяйственные товарищества по законодательству Республики Казахстан. Алматы, 2002

15 Басин Ю. Г. Сделки. Алматы, 1996

16 Скловский К. И. Собственность в гражданском праве. 2000 г.




12 Курс саясаты

Егер де сіз барлық сабақтарға кешігусіз келсеңіз, барлық сабақтарға дайын болсаңыз және сабақтарға белсенді қатыссаңыз, барлық тапсырмаларды мерзімінде және сапалы орындасаңыз, бақылау шараларының күнтізбелік кестесінде көрсетілген жоғарғы балды жинақтайсыз.



Бақылау шараларының кестесін, жүріс тұрыс ережелерін кез келген түрде бұзушылықтар мен сабаққа кешігіп келу жағдайлары орын алса, студенттер жауапкершілікке тартылады.

Оқу үрдісіне қатысу дегеніміз барлық сабақтарға қатысу, сабақтарда талданып жатқан оқу сұрақтарына (дәріс, тәжірибелік және ОСӨЖ сабақтары) белсенді түрде қатысу және әрдайым дайын болу дегенді білдіреді.

Сіздің тәжірибелік сабақтарға дайындығыңыз сұрақ қою, орындалған үй жұмысын орындау және топтың жұмысына қатысу арқылы тексеріледі. Егер де Сіз сабаққа дайын болмасаңыз, онда Сіз 0 балл аласыз. Сабақ өтіп кеткен соң оған дайындалу бағалануға жатпайды.

СӨЖ мерзімінде орындамау (сабаққа дайындалудан басқа) балдарды төмендетуге әкеліп соғады:



  • аптаға кешігу жағдайында 1/3 баллға;

  • аптадан артық кешіккен жағдайда 2 есеге.

Тәртіпті бұзу және сабаққа кешігіп келу балдардың жалпы суммасын 2 балға төмендетуге әкеліп соғады. Сабақтан шығарып жіберу үшін сіз 3 баллдан айырыласыз.

Әр семестрде пәннің өткен тақырыптары бойынша жазбаша бақылау жұмысы түріндегі екі межелік бақылау қарастырылған.

Егер де сіз сабақты немесе бақылау шарасын дәлелді себептермен босатсаңыз, онда оқытушы белгілеген жеке уақытта тапсыруға мүмкіндік беріледі.

Пән бойынша межелік бақылауға АҮ баллдары бар студенттер жіберіледі.

АҮ және МБ қорытындылары бойынша келесідей формуламен есептелетін, студенттің пән бойынша рейтинг анықталады:



М1(2) = АҮ1(2) * 0,7 + МБ1(2) * 0,3

Егер де студент МБ өтпесе немесе МБ бойынша 50 ден кем бал алса, онда рейтинг анықталмайды. Мұндай жағдайда декан МБ жеке тапсыру мерзімдерін бекітеді.

Жіберу рейтингінің бағасы семестр үшін ЖМ = (М1+М2)/2.

Оқу материалын зерделеу емтихан тапсырумен аяқталады. Пән бойынша қорытынды бақылауға жұмыс оқу жоспарының барлық талаптарын орындаған және жіберу рейтингін жинақтаған (50баллдан кем емес) студенттер жіберіледі.

Емтихан жазбаша тұрде екі кезеңде өткізіледі 1) тестілік тапсырмаларды орындау (30 тапсырма); 2) билеттер бойынша. Емтихан билеттері екі теориялық сұрақтан және бір ситуациялық есептен тұрады. Емтихандарда немесе тәжірибелік сабақтарда жазбаша жұмыстарды орындау кезінде көшіру аудиториядан шығарумен және пән бойынша ағымдағы баллдардың (АҮ) жалпы суммасынан «10» баллдың алып тасталуымен жазаланады.

Пән бойынша қорытынды баға білім алушыда рейтинг бойынша, сондай ақ, қорытынды бақылау бойынша да оң баға болған жағдайда ғана есептеледі. Қорытынды бақылауға дәлелді себептерсіз келмеу «қанағаттанарлықсыз» бағаға теңдестіріледі.

Қорытынды бақылау бойынша оң бағаны оны жоғарылату мақсатымен қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

Егер де сіз емтихан бойынша қанағаттанарлықсыз (50баллдан кем) баға алсаңыз, онда сіздің қорытынды рейтингіңіз анықталмайды, ал, емтихандық тізімдемеге «қанағаттанарлықсыз» бағасы енгізіледі.



Академиялық қарызының болуы жағдайында студенттер пәнді ақылы негізде қайта оқиды.

Сәттілік тілеймін!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет