Реферат Бітіру жұмысының тақырыбы «Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері»


Кедендік төлемдерден түскен түсімдерді талдау және оның мемлекеттік бюдетті қалыптастырудағы ролі



бет4/5
Дата04.07.2016
өлшемі0.87 Mb.
#177214
түріРеферат
1   2   3   4   5

2.3. Кедендік төлемдерден түскен түсімдерді талдау және оның мемлекеттік бюдетті қалыптастырудағы ролі.
СЭҚ-н либерализациялау жағдайында отандық өнеркәсіп және бюджеттің түсімдерінің көзін реттеуде функционалдық ауыртпалығын ұстайтын кедендік тарифтердегі олді жоғарылауда. Кедендік тарифтер – баға белгілеу механизмі арқылы жүзеге асырылатын сыртқы сауданы мемлекеттік реттеудің ең көп тараған құралы.

Кеден тарифінің негізі функциялары: протекционистік (қорғаушылық) және фискальдық.

Протекционистік функция ұлттық тауар өндірушілерді қорғаумен байланысты.

Кедендік баждарды алу – импортер тауарының ішкі нарығында құнын жоғарлатып, сондай жолмен ұлттық өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өндіруші шаруалардың бәсекелестік қабілетін жоғарлатады. Яғни, импорттық кеден баждарының жүйесі ұлттық өндірісті шетел өнімінің экспанциясынан қорғайды. Отандық тауарлармен бәсекеге түсетін тауарлар жоғары кеден баждарымен салынады, ал елдің ішінде аз және жеткіліксіз мөлшерде өндірілетін тауарлардан төмен кеден баждары алынады.

Бұл принцип сонымен қатар мемлекеттің фискальды мүддесін де мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімін толтыру арқылы жүзеге асады, және де кеден тарифінің фискальды функциясы осыдан айқын көрінеді.

Кеден тарифі сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу құралы ретінде елдермен сауда портперларымен сауда-экономикалық жәнес ауда саяси жеңілдік үшін қолданылады.

Үкіметтің салық саясатының өнері салық салу мен құралдарының қаншалықты екі функция арасында байланысты сақтауға мүмкіндік беретінінде айқындалады. Дегенмен, қазіргі таңда кеден тарифінің фискальды функциясы басымды.

Бұл нақты жағдаймен мысалға өндірісті түсуімен байланысты салық базасының және де экономикалық субъектілердің табыстарының қысқаруымен түсіндіріледі.

2-ші таблицаның көрсеткіштері негізінде, 1997-2000 жылдардағы мемлекеттік бюджеттің табысына түскен кедендік төлемдердің динамикасын қарастырайық. Көріп отырғанымыздай, кедендік төлемдерді өндірудей өсімі айқын байқалды.

Егер де 1999 жылы кедендік төлемдер 6,5 млрд құн мөлшерінде өндірілсе, 2001 жылы – 5,2 млрд тг, 2002 жылы – 8 млрд тг, 2003 жылы – 10 млрд тг, 2004 жылы – 11,7 млрд тг болса, 2005 жылы ол – 18,5 млрд тг. құрады. 1999 жылмен салыстырғанда 2003 жылғы өсімнің қарқыны 53,8%, 2001 жылмен салыстырғанда – 93,1%, 2003 жылға қарағанда 2005 жылы – 84,1%, 2004 жылмен салыстырғанда – 57,4% құрады.

Таблица мәліметтері бойынша 2005 жылы мемлекеттік бюджеттің құрамындағы кеден төлемдерінің үлесінің 3,15%-нің өскені байқалады.

Бұл кеденді ктөлемдер өсімінің қарқыны салықтар есеп табыстар өсімінің қарқынынан асатынымен айқындалады.

Кедендік төлемдерден басқа салық және кеден заңнамаларына сәйкес тауарды әкелген кезде кеден органдарымен ҚҚС және әкелу салығының өлшеидері өндіріледі.

Тауарларды импорттау кезінде кеден органдарының өндіріп алған салықтарының өсімінің қарқыны 2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы 72,5%-ды, 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы – 52,4%-ды құрады. Импортталған тауарларға ҚҚС түсімдері де 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 54,3%-ке азайды. (5-таблица).

1-суреттегі берілгені бойынша мемлекет бюджеті кірістер құрылымында салықтар мен кеден төлемдерінің түсімін (мөлшері өсуде). Сөйтіп, мемлекет бюджетінің кірісіне жалпы көлемде кеден төлемдерінің түсімінің үлесі. 2002 жылы – 7%, 2003 жылы – 11,8%, 2004 жылы – 11,2%, 2005 жылы 1-жартысында – 14,5%, 2-ші жартысында – 10,8% құрады.

3-таблицада берілгендері бойынша облыстар шеңберінде 2005 жылы мемлекеттік бюджетке түскен кедендік төлемдер түсімін қарастырайық.

Таблицада берілген ақпарат бойынша ең жоғары кедендік түсімдері үлесі – Алматы қаласының салық комитетіне (19054 млн тг), Батыс Қазақстан облысында (6717 млн тг), Қарағанды облысында (5221 млн тг). Ал жоспардың көп мөлшерде Ақмола облысы бойынша (46,3%). Атырау облысы бойынша (45,4%), Солтүстік Қазақстан облысы (29,7%) орындалуы байқалады.

Ендігі кезде Республикалық және жергілікті бюджеттер шеңберінде 2005 жылғы кедендік төлемдер түсімдерін қарастырайық. Таблицаның берілгендері бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің арасында кедендік төлемдер есеп салықтардың бөлінуін көре аламыз. Сөйтіп, 2005 жылы республикалық бюджетке – 57726 млн тг сомасында кедендік табыстар түсті (98,2% - жалпы сомадан) жергілікті бюджетке – 1042 млн тг не болмаса 1,8%-ін құрады.

Болжамның орындалмағаны байқалады: акциздер бойынша – 31,4%-ға, импорттық кеден баждары – 0,5%-ке. Фискальды функцияның орындалуын (іске асырылуы) қиын жағдайда болды. 1998 басталған Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қаржылық дағдарыс, соның салдарынан Қазақстан өнімінің өткізудегі нарықтарының жоғалту және де шикізат тауарларына бағалардың төмендер кетуі – Қазақстанның экспорт және импорт тауарларының көлемінде негативті көрініс таппай қойған жоқ. Дегенмен, кеден баждарының түсімінің және мемлекеттік бюджеттері салықтардың түсімінің орындалуын 2005 жылы 5,7% (105,7%), яғни көбісі баждар есебінен орындалуы; экспорттық кеден баждарын өндіру бойынша өндірілген төлемдер 26%-ға.

Салықты басқару жүйесі (СБЖ)- салық жүйесінің біртұтастық, толықтық кандидаты негізінде қызмет ету үшін пайдаланылатын жетілген техникалық құралдар мен өзара байланысқан методикалық-ұйымдық шаралар кешені, сонымен қатар оның құрамдас бөліктерінің де қызмет етуін қамтамасыз ету қажет. Жалпы салықтық басқару:



  • салық құрылымын оптимизациялау;

  • оларды алу, ұйымдастыру, салық есебі мен есептілігін тексеру механизмдерін жетілдіру;

  • салықтың дұрыс есептелуін, салық органдарының кодекспен белгіленген құқықтары мен міндеттерін атқаруға, 2-ші жағынан салық төлеушілердің мүдделерін қорғауды, уақтылы және толық салық төлеуді бақылайды;

  • салық салу процесінің барлық қатысушыларының салықтық қатынастарын горманизациялау я теңестіру;

  • салық түсімдерін бюджттер арасында бөлу;

  • алынған нәтижелерді жинау және анализдеу;

  • және осы алынған нәтижелердің негізінде жалпы жүйенің жетілдіруін, оның ішінде салықты басқару жүйесін жетілдіру мәселесін талқылау.

Салықтарды тікелей басқаруды әдетте барлық территорияға бірдей салық әкімшіліг жүзеге асырады.

Біздің пікірімізше, салықты басқару мәселесіне теориялық-методикалық тұрғыдан қарау (көзқарас) жүйелік анализ қағидасына негізделу қажет, яғни негізгі жүйе ретінде – салық жүйесі, ал СБЖ – оның кіші жүйесі болып табылады.

Жалпы салықты реттеу мен басқаруды келесі схемадан көре аламыз (схема №1).

Бұл жердегі салықтық реттеу (иерархияның (VI-IV) деңгейлер аралығында жүзеге асырылады), ол өз кезегінде елдің қаржылық-экономикалық саясатын анықтаудан басталады. (Салық саясаты тек оның бір бөлігі ғана болып табылады) да, салық заңнамасын құруымен жалғасады, ол негізінде салық жүйесі қалыптасады; осы салық жүйесіне сәйкес мемлекеттік бюджет қабылданады.

Енді келесі деңгейі аралығында көпшілік бұл салықты басқару негізгі жүйесі деп аталады және өзіне негізгі элементтері ретінде басқаратын кіші жүйе (салық әкімшілігі түріндегі – салық субъектісі) және басқарылатын жүйе (банк және салық төлеушілер), ал олар өз кезінде салықты басқарады.

Реттеу салық жүйесінің біртұтастығын, тұрақтылығын, реттемешілігін сақтайды.

Бақылау-салық төлеушілердің салық әкімшілігімен кері байланысты қамтамасыз етеді, оның көмегімен басқару объектісінің шешімі туралы ақпарат алынып бақыланады.

Анализ-салықты басқару және ұйымдастырудағы кемшіліктерді жою мақсатында, жою мүмкіншілігін алу үшін басқару процесін оны құрайтын элементтерге тіктеу (разложение), сонымен қатар прогрессивтік құбылыстарды керісінше беректеу және салық жүйесінің тиімділігін жоғарлатуға байланысты ұсыныстар жасау.

Ынталандыру – салық қызмет қызметкерлерін өнімділікті еңбекке, салық төлеушілерді –еркін ынтымақтастыққа ынталандыра басқарудың жалпы функциясы.

Келесі бөлімшеде сіздер біздің еліміздегі салық қызметі органдарының құрылы, міндеттері мен құқықтары жайлы мәліметтерді ала аласыздар.

3) Ақша қаражаттарының қозғалысын және заңсыз әдістерін шығару. Қаржылық және экономикалық құқық бұзушылықтармен күресуге бағытталған шараларды орындау және құрастырумен айналысатын кеден органдарымен қатар басқа да құқықтық сақтаушы органдар атқарады. Кедендік банктік валюталық бақылауды жүргізу нәтижесінде Қазақстан Республикасының экономикасына ықпал ететін факторларды талдау, қаржылық тәртіп жағдайларын және экспорттық-импорттық қаржылық операциялар кезінде бұзушылықтарды СЭҚ процесінде шығару.

3. Тарау. Қазақстан Республикасындағы кедендік-тарифтік реттеуді жеңілдету
Сыртқы экономикалық байланыстар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының мықты факторы болып табылады және олар осы дамуды жеделдетуге немесе баяулатуға әсерін тигізеді. Ұлттық экономика жағдайына жағымды ықпал етеді. Осындай жағдайда сыртқы экономикалық қатынастарға оның тиімді әсерін тигізіп, сонымен қатар олар экспорттық өндірісті, ғылымдық өңдеу және алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалана отырып шикізатты өңдеу нәтижесінде алынған өнімді экспорттауға дамытуға ықпалын тигізеді. Өнімді сыртқа шығару үшін елдің құрылымдық-технологиялық экономикасын қайта құру керек. Сонымен қатар елдің және оның халқының бірінші деңгейдегі қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажет. Қоғамның моральдық жақтарына сай келмейтін өнімдер, ескірген құрал-жабдықтар және адам денсаулығына қауіпті, экологиялық зиянды тауарлар импортталмау керек. Сыртқы экономика қызметінің жеке субъектілердің коммерциялық мүдделері мемлекеттің мақсаттылығынан асып түспеу керек. Сыртқы экономика қызметтерінің мақсаттарына және есептеріне кедендік баж жүйесі қарым-қатынаста болып табылады. Сонымен қатар мынадай жағдайлар болуы мүмкін, бірінші жағынан баж жүйесі елдің жеке алынған мүдделеріне сай келуі мүмкін, бірақ басқа жағынан қайшы болып зиян келтіреді. Жалпы алғанда қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына теріс ықпал етеді. Мемлекеттің саясаты сыртқы экономикалық қызметтерден және ұлттық өнімдерден максимальды жиынтық табысты алуға бағытталуы керек. Егер кейбір қызметкерлерге және таураларға баждардың төмендетілуі немесе алынып тасталуы қоғамның жиынтық табысына және ұлттық экономика табыстарының өсуіне әкелетін болса, онда осындай саясат сыртқы экономикалық қызметтерден мемлекет қазынасына түсетін табыстарды азайтады. Бірақ ол кейбір тауар түрлеріне баждардың өсуін қарастырады, егер ол тауарлар халықтың денсалығына, экологиясына және ұлттық өндіріске зиян келтіретін болса, онда оны Қазақстандық нарыққа енуіне біршама тосқауыл қояды.

Қоғамның жиынтық табысының ұлғаюы экономиканың тиімді өсуіне бағытталған. Сонымен қатар елдің моральдық және физикалық денсаулығын сақтауға және оның экологиялық жағдайының жақсаруын , сонымен бірге тиімді кедендік баж жүйесіне жоғары сапалы талдау жасап және тәжірибелік сұрақтарды шешкенде және нақты әкелетін тауарларды тексергенде қиын математикалық құралдар қолдану. Осындай құралдармен осы мәселелерді шешетін біздің мемлекеттік органдар жабдықталған.

Бейнеленген шарттар саласында тәжірибеде мемлекеттік және ұлттық ішкі бағалар қолданады. Әкелінетін баждар жүйесінің тиімділіг және өзгеру мәселелері ішкі бағалар динамикасына және сыртқы саудадан түскен мемлекеттік бюджет табыстары, отандық өндіріс салаларының динамикасына тигізетін әсері анықталынады.

Әкелінетін баждар өзгерісі ішкі өндіріске әсер етеді, өйткені баждар тауар импортын реттейді.

Баждардың төмендеуі шетел компанияларының отандық өндірушілерге әсерін тигізеді және отандық өндірушілерді ішкі нарықтан ығыстырады.

Осының нәтижесінде отандық тауар өндірушілердің бәсекелестігін және тиімділігін жоғарлатады, соның нәтижесінде шығарылатын тауар сапасының жақсаруы байқалады.

Осы мәселелерді қарастырғанда, дұрыс шешім қабылдаған жөн, бір жағынан ішкі нарықта бәсекелестік жағдайды дамыту соның нәтижесінде отандық тауар өндірушілердің өндірісін жақсарту, ал екінші жағынан отандық тауар өндірушілерді ішкі наоықтан ығыстырмау мәселесі жатыр.

Қазақстан егемендігін алғаннан кейін әлемдік қауымдастыққа ену жолында. Қазіргі жағдайда дүниежүзілік ұйымдарға қатысу бірден-бір егеменді мемлекет үшін маңызды атрибут болып табылады.

Халықаралық ұйымдардың қызметіне Қазақстанның өркениетті мемлекетті құру үшін қатысуы және алға қойған реформаларды орындау үшін алға қойған бірінші кезектегі мақсаты болып табылады.

Еуропаға интеграция жолында Қазақстан шаралар қолданып жатыр. Олар: Қазақстан Республикасы және Еуропалық Одақ елдерінің арасындағы сауда-саттық қатынасы біртіндеп және жалпы тауар айналымының өсу тенденциясын байқауға болады. Бұндай жағдайдың болуы екі жақтың бір-біріне экономикалық жағымды сауда саттық ортаны құруы болып табылады және антидемпингтік шараларды, бәсекелестікті және экономикалық сауда келісімдерінің басқа да аспектілері жатады. 1992 жылдан бастап Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымын бақылау статусы бар. Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымы арқылы глобальдік әлемдік сауда жүйесіне енуін саяси деп есептеуге болады.

Ал Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше елдердің артықшалықтары мен пайдаларын құрастырғанда мынадай логикалық ерекшеліктерге байланысты:


  • Дүниежүзілік Сауда Ұйымдарына мүше елдердің жағымды нарықта көбірек нақты пайдалану режімі;

  • Дүниежүзілік сауда механизмін құқықтық үлгіде қатысу;

  • Дүниежүзілік құқықтың жүйенің әртүрлі дискриминалданған және басқа заңсыз қызметтердің қорғалуы Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше партнерлардан;

  • Дүниежүзілік Сауда Ұйымдары жұмыс бөлімдерін және көп жақтылық әлемдік сауда либерализациясы келіссөздерде құқ даусы;

  • Сыртқы экономикалық с аясатқа байланысты барлық керекті ақпараттар және Дүниежүзілік Сауда Ұйымына қатысу елдер өкіметінің бағыттары, соның ішінде әлемдік нарықта Қазақстан мүдделеріне әсер ететіндер;

  • Дүниежүзілік Сауда Ұйымдарында квалификацияланған консультация алу және Қазақстан Республикасының сыртқы сауда проблемаларын қарастыруға мүмкіншілік;

  • Дамушы елдер шеңберінде анықталынған жеңілдіктер және техникалық көмек алуға мүмкіншілік.

Сонымен қатар Дүниежүзілік Сауда Ұйымдарына қатысу тек қана құқ бермейді, сонымен қатар анықталған міндеттер қояды:

  • нарықтық экономикаға өту;

  • сыртқы экономикалық қатынастарды тек қана экономикалық әдістермен шешу;

  • Дүниежүзілік Сауда Ұйымдарына кірген кезде белгіленген кедендік баждардың көлемін өсірмеу;

  • екі жақты тауар айналымын жоспарлаудан бас тарту ол Дүниежүзілік Сауда Ұйымдарының негізгі принциптеріне қайшы келеді.

  • басқа елдер берген жеңілдіктер, сыртқы экономикалық заңдылықтардың өзгеруі, сыртқы сауда жағдайы, сыртқы экономикалық саясат және экономика жүйесін басқару туралы Дүниежүзілік Сауда Ұйымдарына ақпарат ұсыну керек;

  • Дүниежүзілік Сауда Ұйымдарының мүшелік салымдарын төлеу;

Дүниежүзілік Сауда Ұйымдарына ену артықшылықтары болып Қазақстан Республикасының толық мүшесі ретінде халықаралық көмекке жүгіну, перспективалық сыртқы нарықтарға экспорттық тауарлардың нәтижелі өтуі. Және батыс елдердің жиі қолданатын антидемпингтік саясаттарға шек қою.

Бірақ, Дүниежүзілік Сауда Ұйымдарының негізгі талаптарына сай әрбір елдің керекті спецификалық ерекшеліктерін еске алу керек.

Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Сауда Ұйымдарына енгенне кейін осы халықаралық ұйым талаптарды айтып отырады және болашақтағы импорттық баждарға төмендетілу байқалады. Бірақ төмендетілу біркелкі орындалуы керек. Өйткені отандық тауар өндірушілерге шетел фирмалары жағынан қатаң бәсекелестікті және баждардың төмен болуы біраз ауыртпалық түсіреді. Сонымен қатар отандық өндірушілердің ұйымдық-техникалық артта қалуы байқалмау керек. Осы әдісті негізінен мынадай жағдайда сақтау қажет, отандық тауар өндірушілерді кейбір тауар түрлерін қорғау үшін уақтыша әкелінетін баждарды көтергенде туындайды. Осы қорғаныс жиі болуды жібермеу керек.

Кедендік әкелінетін баждардың уақытша мінезін айта келе уақытын белгілеу керек.

Кедендік баждарды қайта қарастыру мемлекетке сыртқы экономикалық қызметтердің табыстары өзгереді. Фискалдық бағалауда баждарды қайта қарастырусыз болмайды. Мемлекет алдын ала әкелінетін баждар оның табысына қалай әсер ететіндігін білу керек. Өкінішке орай, кедендік органдар жұмысының сапасын бағалағанда фискалдық келу маңызды рол атқарады, бірақ ол өтелмейді. Кедендік органдар акциз, қосымша құн салығы және кедендік баждар алымдарының толық жиналуына жауап бермейді.

Кедендік баж ставкаларының төмендеуі бюджет тапшылығын туғызбауы мүмкін, өйткені, сыртқы тауар айналымы арқылы толықтырылады. Осындай өсу сыртқы және ішкі факторлардың қиын комплексі арқылы реттелінеді. Бірақ олар кедендік органдар жұиысыгның сапасына байланыссыз болып табылады.

Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымдарына кірген кезде импорттық кедендік баждар ставкалары да төмендейді, сонымен қатар отандық тауар өндірушілер ішкі нарықта позициясын ұстанғанмен елдің технологиялық және өндірістік қауіпсіздігі халықаралық деңгейге сай емес. Сондықтан енетін баждардың төмендеуі импорттың ұлғаюымен компенсацияланбайды, және осындай импорт көлемі елдің мүддесіне сай емес.

Ұлттық бағалар динамикасына және деңгейіне әкелінетін баждар әсер етеді. Мынандай ой кең тараған, ұлттық бағалар деңгейі баждар деңгейіне тікелей әсер етеді, олардың арасында тікелей пропорционалды байланыс бар: баждардың төмендеуі – ішкі бағалардың төмендеуіне әкеледі, ал жоғарлауы олардың өсуіне әкеледі.

Кедендік тарифтерге келетін болсақ, олар ұзақ меорзімді перспективаларда ешқандай роль атқармайды, бірақ сауда либерализациясына байланысты олар табыс көздерінің қысқа мерзімді жоспарында негізгі рөлде болуы мүмкін. сол уақытта импорт тарифтерінің құрылымы көптеген критерийлерге сай болуы керек:


  • тарифтер тым жоғары болмау керек, өйткені контрабанда пайда болуына алып келеді, ал егер тым төмен болса, онда отандық тауар өндірушілерге зиян әкеледі.

  • тариф деңгейі басқа салықтар түрлерімен сай келуі керек, өйткені керекті бюджет табысының жалпы көлемі әрбір салықтың қосқан үлесін анықтау үшін керек.

  • табыс қажеттілігін қысқа мерзімде қанағаттандыру үшін бюджет дефицитін бақылау және басқа салықтарға тәуелді болмауды қамтамасыз ету және тарифтерді ақырындап төмендету.

Қазақстан экономикасын сауықтырудың негізгі факторы және оның дүниежүзілік қоғамға кіруі Орталық-Азия мемлекеттерімен тығыз байланысты. Саяси географиялық орналасуы, жалпы шекарасы сонымен қатар бай табиғи –шикізат ресурстарының болуы, өндірісті дамытуға, бірегей кәсіпорындарды ұйымдастыруға жәенк АПК-мен қарым-қатынаста болу.

Аумақтық қауымдастықтардың бір жағынан артықшылықтары, ал екінші жағынан кемшіліктері бар. Егер ішкі эффектілер тиімді болса, онда мүше емес елдердің қарым-қатынасы баяу эффективті болып табылады. Көрші елдерге бәсекелестік нарықты ашу біздің отандық тауар өндірушілерге тиімсіз болып табылады.

Бәсекелестер отандық тауар өндірушілерді жойып жіберуі мүмкін.

Мұнай, газ және энергетикалық ағымдарды тиімді бақылау дұрыс жүргізу үлкен экономикалық табысқа әкеледі. Қазақстан Республикасы мұнай және мұнай өнімдерінің импорттайтын ірі әкелушісі болғандықтан кеден органдарында құрылымында арнайы бақылау мекеме құрылды. Сонымен бірге энергетикалық посттардың жеке дара құрылымдары және энергетикалық өнімдерге ағынына кедендік бақылау деңгейінің жоғары қамтамасыз етілуі бюджет түсімдерін ұлғайтты. Халықаралық сауда арқасында қазіргі таңда Қазақстан Республикасында экономикалық өсу байқалады. Қазақстан Республикасында экспорттық орталықтанған мемлекеттік жүйесі арқылы реттеу осы аралықта шығаруды ынталандырмайтын қаржылық-несиелік механизм болуы кеерк. Экспорттық операциялары сақтандыру және ішкі нарықта ұызмет ететін жағымды жағдайларға экспорттық несие беру. Сонымен қатар экспортты ынталандырудың қаржылық шаралар-салықтық жеңілдіктер, тікеелй субсидиялар, экспортерларға өнімді және жартылай фабрикаттарды шығару кезінде кедендік жеңілдіктер.

Сонымен қатар біркелкі автоматизацияланған ақпараттық жүйені енгізген кезде статистикалық және кезендік рәсімдеулердің ақпараттық ағымын процедураларды жүргізу шығындарын кішірейтпейді.

Челночный бизнесті толық кедендік бақылауға жақын арада алу керек. Осы бизнес соңғы кезде кең ауқымды болып табылады.

Челночный бизнеске бақылаусыз қарым-қатынас мемлекет қазынасын көптеген қаржылық қаражаттардан шектеп тұр, сонымен қатар өндірістік және тамақ тауарларынан нарық ісініп тұр.
III. Қазіргі кездегі кедендік төлемдерді алу ерекшеліктері
3.1. Банк карточкасы арқылы кедендік төлемдерді
Қазақстан Республикасының барлық ірі кеден бекеттерінде Халық банкі төлем карточкалары арқылы кедендік төлемақы жүргізу.

Кеден төлемдерін іске асыру кезінде сіз, әдетте, бірқатар кедергіге тап боласыз:

— жүргізілген төлемақы расталуы үшін бірнеше күнге дейін күтуге тура келеді;


— төлем жасалғаннан кейін қалған ақша сомасын басқа мақсатта

пайдалануға болмайды.

Халық банкінің төлем карточкасы арқылы өз бизнесіңізді дамыту үшін барынша жұмылып қызмет істей аласыз. Бұл үшін ұйымның сенім білдірілген тұлғасының атына Банктен төлем карточкасын ашсаңыз жеткілікті, әрі қарай ол кедендік төлемдермен айналысатын болады.

Cіз үшін тиімділіг қандай:


Қауіпсіздік. Карточкаі қаншалықты шағын ғана болса да, карт-шоттағы ақшаны жоғалту қаупі жоқ, бұл мүмкін емес.


Уақыт үнемделеді. Төлем тікелей кеден бекетінің өзінде жүргізіледі. Ақы төленгеннен кейін берілетін чек кедендік төлемнің құжаттық растамасы болып табылады. Қажет болған жағдайда (валюта бағамындағы айырмашылыққа байланысты) жетіспейтін сома төлемін кедендік ресімдеу процесін бұзбай-ақ жалғастыруға болады.


Ақшаға бақылау жасай аласыз. Банктен берілетін үзінді бойынша ақшаның барлық қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар сіз кеден төлемдері бойынша карточкалық операцияларға шектеу қоя аласыз.


Ақшаны пайдалану икемдігі. Кедендік төлем жүргізілгеннен кейін қалған ақшаны тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін пайдалануға болады. Мұнымен қатар, карточка көмегімен сіз қолма-қол ақша алуыңызға да болады.


Кредит лимитін белгілеу. Сіздің белгілі бір лимит шеңберінде кредит желісін ашу мүмкіндігіңіз бар.

ҚКБ карточкасы арқылы кедендік төлемдерді төлеу

 Қазкоммерцбанк жаңа қызметті сыртқыэкономикалық қызметтерге қатысушылар үшін ұсынады.Енді Қазкоммерцбанктің VISA немесе MasterCard төлем карточкаларының иелері болып табылатын компания немесе жеке тұлға оны Қазақстан Республикасының кеден бекеттерінде кедендік төлемдер ретінде пайдалана алады.



Кеден бекеттерінде қандай қызметтерге төлеуге болады?

ҚР кеден бекеттерінде карточка иелері мына қызмет түрлеріне төлем жасай алады:



  • Кедендік жүк декларациясын ресімдегені үшін алым (кеден процедурасы);

  • Кеден бажын (экспорттық-импорттық);

  • ҚҚС;

  • Қорғаныс бажын (тауар түріне байланысты);

  • Акциз (тауар түріне байланысты) және басқ.

Бұл қызметтің артықшылықтары мен ерекшеліктері неде?

  • Төлем кеден бекетінде жасалады;

  • ПОС-терминал берген чек төлемді растау болып табылады, бұл бірден кеден жүгін ресімдеуге кірісуге мүмкіндік береді;

  • Жетпей қалған соманы кедендік ресімдеуді  үзбей-ақ, жылдам қосымша төлеу мүмкіндігі;· Кеден алымдарын артық төлеу болмайды;

  • Уақытша сақтау қоймалары мен көлік және басқ. жалға алу мерзімі қысқарады.

Төлем қалай жүзеге асырлады?

Кеден инспекторы төлем түрін көрсете отырып, төлеуші  мен декларант туралы қажетті ақпаратты компьютерге енгізеді. Одан кейін төлеушінің төлем карточкасын ПОС-терминалдың есептеу қондырғысынан өткізеді. Авторландыру сұратуына оң жауап алған жағдайда:



  • Банк төлеушінің карточкалық шотындағы сұратумен көрсетілген ақшасын шектейді;

  • ПОС - терминал  төлем түрлерін бөле отырып (ҚҚС, кедендік төлемдер және т.б.) төлем  жүргізілгені туралы деректері көрсетілген чек береді.

  • чек ПОС – терминалмен бірге төлеу фактісін растайды және одан әрі кедендік ресімдеуге көшуге мүмкіндік береді.

Кедендік төлемдерді  қайда төлеуге болады?

Қазіргі уақытта ҚР 96 кеден бекетінде  ПОС – терминалдар орнатылған. Қазкоммерцбанктің клиенттері кедендік төлемдерді ПОС-терминал деректері арқылы жүзеге асыра алады.

Аталған қызмет қанша тұрады?

Аталған қызметті ұсыну үшін Қазкоммерцбанк пен Халық банкі арасында ҚКБ клиенттері кеден төлемдерін төлеу мүмкіндігі келісілген шартқа отырды. Осыған байланысты біржолғы тәртіпте карточка иелерінен ұсталатын тарифтер бекітілді.





3.2. Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет