Реферат kz Қазақша рефераттар сайты «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ 2006 жылғы № бұйрығымен бекітілген



бет1/3
Дата17.07.2016
өлшемі0.5 Mb.
#205520
түріРеферат
  1   2   3

«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі

қазақстандық холдингі» АҚ

2006 жылғы«___»___________

______ бұйрығымен



БЕКІТІЛГЕН


«ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ»



АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ
ЖАРҒЫСЫ


Астана қаласы, 2006 жыл

1-БАП. ҚОҒАМНЫҢ ЗАҢДЫ МӘРТЕБЕСІ
1. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қоғам») «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 наурыздағы № 310 қаулысына сәйкес құрылған.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қоғамның атауы: «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы» «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы» болып өзгертілді.

2. Қоғам:

1) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (қайта тіркеу туралы 2001 жылғы 06 сәуірдегі № 7140-1901-МК куәлігі);

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Инфрақұрылым» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының (тіркеу туралы 2001 жылғы 23 қарашадағы № 10893-1901-МК куәлігі);

3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Локомотив» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының (тіркеу туралы 2001 жылғы 23 қарашадағы № 10885-1901-МК куәлігі);

4) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Вагон паркін басқару жөніндегі бірінші мемлекеттік компания" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының (тіркеу туралы 2001 жылғы 01 қарашадағы № 10756-1901-МК куәлігі);

5) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Вагон паркін басқару жөніндегі екінші мемлекеттік компания" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының (тіркеу туралы 2001 жылғы 14 қарашадағы № 10817-1901-МК куәлігі);

6) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Вагон паркін басқару жөніндегі үшінші мемлекеттік компания" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының (тіркеу туралы 2001 жылғы 14 қарашадағы № 10816-1901-МК куәлігі);

7) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Жүк тасымалдары" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының (тіркеу туралы 2001 жылғы 23 қарашадағы № 10888-1901-МК куәлігі);

8) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Хромтау – Алтынсарин темір жол желісін салу және уақытша пайдалану жөніндегі дирекция" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының (тіркеу туралы 2002 жылғы 31 қаңтардағы № 11252-1901-МК куәлігі) құқық иеленушісі болып табылады.

3. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының заңнамасы), сондай-ақ осы Жарғыға (бұдан әрі – Жарғы) және Қоғамның Корпоративтік басқару кодексімен және Қоғамның басқа құжаттарымен сәйкес жүзеге асырады.

4. Қоғам Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлға мәртебесін алады.

5. Қоғамның қаржылық және өндірістік қызметі шаруашылық дербестік негізінде жүзеге асырылады.

6. Қоғамның дербес теңгерімі, банктік, соның ішінде валюталық шоттары, толық фирмалық атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөрі, тауар белгісі және үлгілері белгіленген тәртіппен бекітілетін және тіркелетін символикасы болуы мүмкін, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерінде мөртабандары, фирмалық бланктері және басқа да деректемелері бар.
2-БАП. ҚОҒАМНЫҢ АТАУЫ, ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ

7. Қоғамның атауы:

1) мемлекеттік тілде:

толық атауы – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

қысқаша атауы - "ҚТЖ" ҰК" АҚ;

2) орыс тілінде:

толық атауы – Акционерное общество «Национальная компания «Қазақстан темір жолы»;

қысқаша атауы – АО "НК "ҚТЖ";

3) ағылшын тілінде:

толық атауы - Joint Stock Company “National Company “Kazakhstan Temir Zholy»;

қысқаша – JSC «NC «KTZ» .

8. Қоғам Басқармасының орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 98.

9. Қоғамның қызмет ету мерзімі – шектелмеген.
3-БАП. ҚОҒАМНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
10. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қоғамның құрылтайшысы болып табылады.

11. «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы Қоғамның жалғыз акционері болып табылады.


4-БАП. ҚОҒАМНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰЖАТТАРЫ
12. Жарғы Қоғамның құрылтай құжаты болып табылады.

13. Барлық мүдделі тұлғалалар Жарғымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танысуға құқылы.


5-БАП. ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
14. Қоғам қызметінің мақсаттары:

1) таза табыс алу;

2) экономиканың және халықтың багажды, жүк-багажды, жүктерді, почталық жөнелтілімдерді темір жол көлігімен тасымалдаудағы қажеттіліктерін толассыз және сапалы қамтамасыз ету;

3) поездардың қозғалыс қауіпсіздігін және тасымалданатын багаждың, жүк-багаждың, жүктердің, почталық жөнелтілімдердің сақталуын қамтамасыз ету;

4) магистральдық желінің инфрақұрылымын жоспарлы түрде және кешенді дамыту;

5) ғимараттарды, құрылғыларды және техникалық құралдарды ақаусыз күйде күтіп ұстау;

6) сыртқы экономикалық байланыстарды қамтамасыз ету;

7) темір жол көлігінің жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету, құпия және қызметтік мәліметтерді жария болудан қорғау жөнінде кешенді шаралар жүргізу болып табылады.

15. Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін Қоғам мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарлама бойынша магистральдық темір жол желісін салуды, күтіп ұстауды және жетілдіруді жүзеге асыру;

2) тасымалдау процесін басқару;

3) магистральдық темір жол желісі қызметтерін көрсету;

4) темір жол көлігімен жүк, соның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру;

5) темір жолдың жылжымалы құрамын, соның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдауда қолданылатын арнайы контейнерлерді жөндеу;

6) жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың тасымалдаудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, тасымалданатын жүктердің сақталуын және олардың тағайындалу пункттеріне уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету;

7) маркетингтік қызмет;

8) көліктің әр түрін қатыстыра отырып тікелей және аралас қатынастар жүйесін ұйымдастыру;

9) Қазақстан Республикасының тасымалдау әлуетін барынша толық пайдалану жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

10) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігімен келісе отырып, темір жол транзиттік-көлік дәліздерін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларға қатысу;

11) сыртқы экономикалық қызмет және шетелдік ұйымдармен экономикалық ынтымақтасуды дамыту;

12) өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді экспорттау (импорттау);

13) ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудің қорғалатын техникалық құралдарын әзірлеуді, дайындауды, құрастыруды, реттеуді, қолдануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғандағы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызмет;

14) Қоғамның қызметі туралы материалдарды әзірлеу және жинақтап қорыту, Қоғамның жарнамалық қызметін жүзеге асыру үшін кітаптар, альбомдар, журналдар, буклеттер, анықтамалықтар, фотоальбомдар, бейнефильмдер шығару;

15) темір жол көлігі саласында ақпараттық қызметтер көрсету;

15-1) темір жол көлігінің қажеттіліктері үшін импорт алмастырушы өндірісті дамытуға қатысу;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметтер.

16. Лицензия немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша алынуы қажет басқа түрдегі рұқсатты талап ететін қызмет түрлері тиісті лицензиялар немесе басқа түрдегі рұқсаттар алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
6-БАП. ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
17. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық құқықтарды иеленеді және міндеттерді атқарады.

18. Қоғам өз Акционерінің мүлкінен оқшауланған мүлікке иелік етеді және оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өзінің міндеттемелері бойынша өз мүлкінің шегінде жауапты болады.

19. Акционер Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді жєне Қоғамның қызметіне байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде шығындар қатерін тартады.

20. Қоғам мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты мемлекет те Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

21. Қоғам магистральдық темір жол желісіне иелік етуді және пайдалануды жүзеге асырады.

22. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен темір жол әкімшілігін халықаралық ұйымдарда өзінің өкілеттігі шегінде білдіреді.

23. Қоғам Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің темір жол әкімшіліктерінің (темір жолдарының) Тарифтік келісіміне қатысушы болып табылады, халықаралық қатынаста жүк тасымалдарына арналған тарифтік саясатты әзірлейді.

24. Қоғам өз атынан мәмілелер (шарттар, контрактілер) жасай алады, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттемелер ала алады, сотта талапкер және жауап беруші бола алады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының зањнамасына қайшы келмейтін басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыра алады.

25. Қоғам қорғалатын құжаттарды, технологияларды, «ноу-хау» жєне басқа ақпараттарды иелену және пайдалану құқығын ала және бере алады.

26. Қоғам бағалы қағаздарды шығара және оларды тарата алады, мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздарды сатып ала алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зањнамасында кµзделген тєртіппен өзінің қаржылық қатерлерін туынды қаржылық құралдар арқылы сақтандыра алады.

27. Қоғам Қазақстан Республикасында және шетелде өзінің филиалдары мен өкілдіктерін құра алады, оларға негізгі құралдар мен ағымдағы активтерді бере алады және Қазақстан Республикасының зањнамасына сәйкес олардың қызмет тәртібін белгілей алады. Филиалдар мен өкілдіктердің мүлкі Қоғамның теңгерімінде есепке алынады.

28. Қоғам филиалдардың және өкілдіктердің Қоғам тағайындайтын лауазымдар номенклатурасын, сондай-ақ жылдық еңбекақы қорының көлемін бекітеді. Филиалдыњ басшысы және өкілдіктің басшысы Қоғам берген сенімхаттар негізінде әрекет етеді.

29. Қоғам өндірістік қызметті жоспарлауға, қызметкерлердің еңбегіне төлем жасауға, материалдық-техникалық жабдықтауға, әлеуметтік дамытуға, кадрларды іріктеуге, орналастыруға, қайта даярлауға және біліктігін арттыруға байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді.

30. Қоғам белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасыныњ аумағында жєне одан тыс жерлерде орналасқан банктер мен басқа қаржылық мекемелерде ұлттық жєне шетелдік валютада шоттар ашады.

31. Қоғамның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілгер болуға, қазақстандық, шетелдік заңды және жеке тұлғалардан теңгемен де, шетелдік валютамен де қарыздар алуға және кредиттер пайдалануға құқығы бар.

32. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген стандарттарға сәйкес Қоғамның барлық бөлімшелерінің орындаулары үшін міндетті нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлейді жєне бекітеді.

32-1. Қоғам қызметтік және коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты білетін қоғам қызметкерлері тізімінің міндетті түрде жүргізілуін қамтамасыз етеді.

33. Қоғам өз қызметінің барысында Қазақстан Республикасының зањнамасына сәйкес бағалар мен тарифтердің мемлекеттік тәртібінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.

34. Қоғам белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға қаржылық, салықтық және статистикалық есептер тапсырады.

35. Қоғам қоршаған ортаны Қоғамның қызметі салдарынан пайда болатын ластанудан және басқа да зиянды әсерлерден қорғауға жауапты болады.

36. Қоғам қызметкерлердің еңбегін қорғауға, материалдық құралдардың және ақшаның, багаждың, жүк-багаждың, жүктердің және почта жөнелтілімдерінің жол бойында және станцияларда сақталуына, темір жол көлігі объектілерінің өрт қауіпсіздігіне жауапты болады.

37. Қоғам материалдардың, отынның, жағар майдың, электр энергиясының және қосалқы бөлшектердің шығыс нормаларын әзірлейді, олардың сақталуына бақылау жасайды

38. Қоғам еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.

39. Қоғам пайдалану қызметіне оперативтік басшылық етуді, поездар қозғалысының кестесін, жылжымалы құрамды пайдалану нормаларын және магистральдық темір жол желісі арқылы жолаушыларды, багажды, жүк-багажын, жүк және почталық жөнелтілімдерді тасымалдаудың жоспарын әзірлеуді жүзеге асырады.

40. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен азаматтық пиротехникалық құралдарды және оларға қолданылатын бұйымдарды өндірістік мақсаттар үшін сатып ала алады.

41. Қоғам Қазақстан Республикасының зањнамасымен және Жарғымен көзделген басқа да құқықтарды иеленуі және басқа да міндеттерді атқаруы мүмкін.


7-БАП. АКЦИОНЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

42. Қоғам акционері:

1)“Акционерлік қоғамдар туралы” Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) және Жарѓыда кµзделген тєртіппен Қоғамды басқаруға қатысуға;

2) дивидендтер алуға;

3) Қоғамның сауалды алған уақытынан отыз күннен кешіктірмей, егер сауалда өзге мерзімдер белгіленбеген болса, Қоғамның қызметі, соның ішінде аффилирленген ұйымдардың шегіндегі қызметі туралы құпия сипаттағы ақпаратты қоса алғанда аќпарат алуға, сондай-ақ Қоғамның Жалғыз Акционерімен немесе Жарғымен белгіленген тєртіпте Қоғамның қаржылық есебімен танысуға;

4) Қоғамның тіркеушісінің немесе номиналды ұстаушыдан Қоғамның бағалы қағаздарына оның меншік құқығын растайтын үзінді көшірмелер алуға;

5) Қоғамның Директорлар кеңесін сайлауға;

6) Қоғам органдары қабылдаған шешімдерді сот арқылы даулауға;

7) Қоғам таратылған кезде оның мүлкінің бір бөлігіне;

8) Заңмен белгіленген тәртіппен Қоғамның акцияларын немесе акцияларына айырбасталатын оның басқа бағалы қағаздарын басымдылықпен сатып алуға;

9) Директорлар кеңесіне Қазақстан Республикасының зањнамасына сәйкес Жалғыз акционердің қарауы үшін қосымша мәселелердің енгізілуін ұсынуға;

10) Директорлар кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге;

11) өз есебінен аудиторлық ұйымнан Қоғамның аудитін өткізуді талап етуге құқылы.

43. Қоғам акционері:

1) Заңмен көзделеген тәртіппен акцияларды тµлеуге;

2) он күннің ішінде тіркеушіге немесе Жалғыз акционерге тиесілі акцияларды номиналды ұстаушыға Қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуі үшін қажетті мәліметтердің өзгергені туралы хабарлауға;

3) Қоғам туралы немесе оның қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиясы болып табылатын қызметі туралы мәліметтерді жария етпеуге;

4) Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілермен көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

44. Қоғам және Қоғамның тіркеушісі Жалғыз акционердің Жарғының осы бабының 43-тармағының 2) тармақшасымен белгіленген міндеттерді орындамауының салдарлары үшін жауапкершілік тартпайды.
8-БАП.ҚОҒАМ АКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫ

45. Қоғам қарапайым акцияларды құжатсыз нысанда шығарады.

46. Қоғам шығарылуы, орналастырылуы, айналымы және өтеу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасымен белгіленетін басқа да, соның ішінде айырбасталатын, бағалы қағаздар шығаруға құқылы.

47. Қарапайым акция Жалғыз акционерге Жалғыз акционердің қарауына енгізілетін шешімдерді қабылдауға, Жалғыз акционердің тиісті шешімдерінің негізінде Қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер алуѓа, сондай-ақ Қоғамды таратқан кезде оның мүлкінің бір бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тєртіппен алуға құқық береді.

48. Жарияланған акцияларды немесе Қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды орналастыру, сондай-ақ бұрын сатып алынған аталған бағалы қағаздарды сату ниеті болғанда Қоғам осы туралы шешім қабылданған күннен бастап он күн ішінде Жалғыз акционерге жазбаша хабарлама жіберу немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы бағалы қағаздарды орналастыру (өткізу) туралы шешім қабылдаған Қоғамның органы белгілеген бағалы қағаздарды орналастыру (өткізу) бағасы бойынша бағалы қағаздарды сатып алуды ұсынуға міндетті.

49. Жалғыз акционердің бағалы қағаздарды басымды сатып алу құқығын іске асыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

50. Қоғамның жарияланған акцияларының мөлшерін арттыру немесе Қоғамның орналастырылмаған жарияланбаған акцияларының түрін өзгерту Акционердің шешімі бойынша жүзеге асырылады. Қоғамның акцияларын оның жарияланған акцияларының мөлшері шегінде орналастыру туралы шешімді Қоғамның Директорлар кеңесі қабылдайды.

51. Қоғам өз акцияларын олардың шығарылымы мемлекеттік тіркеуден өткен соң орналастыруға құқылы».

52. Қоғамның орналастыратын акцияларына ақы төлеуге ақша, мүліктік құқықтар (соның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар) және Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген жағдайлардан басқа, өзге де мүлік енгізілуі мүмкін.

Өзге мүлікпен, ақшадан басқа, ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жұмыс істейтін бағалаушы белгілейтін баға бойынша жүзеге асырылады.

Егер Қоғамның орналастыратын акцияларын төлеуге мүлікті пайдалану құқығы енгізілсе, мұндай құқықты бағалау Қоғам оны пайдаланатын бүкіл мерзім бойына осы мүлікті пайдаланғаны үшін төлем мөлшеріне қарай жүргізіледі. Қоғамның Жалғыз акционерінің келісімінсіз мұндай мүлікті көрсетілген мерзім аяқталғанша алуға тыйым салынады.

53. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу Қоғам тіркеушісімен жүзеге асырылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ол Қоғамның және оның аффилирленген тұлғаларының аффилирленген тұлғасы болмауы тиіс.

54. Өзінің жарияланған акцияларын бастапқы бағалы қағаздар рыногына орналастыруы кезінде оларды Қоғамның сатып алуына жол берілмейді.

55. Орналастыратын акцияны толық төлемейінше Қоғам сол акцияларды Қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесінде оны алушының шотына есептеу туралы бұйрық беруге құқылы емес.

56. Қоғамның бастамасы бойынша акцияларды кейіннен сату мақсатында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және Жарғыға қайшы келмейтін өзге де мақсаттарда орналастырылған акцияларын сатып Алу Жалғыз акционердің келісімі бойынша Қоғамның акцияларды сатып алуы кезінде олардың құнын айқындаудың Заңда белгілінген тәртіппен бекіткен әдістемесіне сәйкес, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның Жарғысына қайшы келмесе жүргізілуі мүмкін.

57. Қоғам өзінің орналастырған акцияларын мына жағдайларда:

1) акцияларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті бекіткенге дейін;

2) егер акцияларды сатып алудың нәтижесінде Қоғамның меншікті капиталының мөлшері Заңмен белгіленген ең аз жарғылық капиталдың мөлшерінен аз болатын болса;

3) егер акцияларды сатып алу сәтінде Қоғам Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем жасауға қабілетсіз немесе дәрменсіз белгілеріне сәйкес келсе не болмаса аталған белгілер талап етіліп отырған барлық акцияларды немесе сатып алуға болжанып отырған акцияларды сатып алудың нәтижесінде пайда болатын болса;

4) егер сотпен немесе Қоғамның Жалғыз акционерімен оны тарату туралы шешім қабылданса сатып алуға құқығы жоқ.

58. Егер Қоғамның бастамасы бойынша сатып алынатын оның орналастырған акцияларының саны акцияларды сатып алу-сату мәмілесін (мәмілелерін) жасасуға дейін олардың жалпы санының бір пайызынан асатын болса, ол мұндай сатып алу туралы Жалғыз акционерге хабарлауға міндетті.

Қоғамның өзінің орналастырған акцияларын сатып алуы туралы хабарландыруы ол сатып алатын акциялардың түрі, саны, бағасы, мерзімі және оларды сатып алудың шарттары туралы мәліметтерден тұруы тиіс және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.

59. Жалғыз акционердің талабы бойынша орналастырылған акцияларды сатып алу Заңмен көзделген жағдайларда жүргізіледі.

60. Қоғамның акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздары Қоғамның жарияланған және орналастырылған акциялары арасындағы айырмашылық шегінде шығарылуға жол беріледі. Қоғамның бағалы қағаздарын айырбастаудың шарты мен тәртібі айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару проспектіде көрсетіледі.

Қоғамның облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығарудың шартын Қоғамның Директорлар кеңесі белгілейді.

61. Қоғам Қоғамның бағалы қағаздарын кепілдікке беруге құқылы. Акционер өзі кепілдікке берген акциялар бойынша, егер кепілдің шарттары бойынша өзге көзделмесе, дивидендтер алуға да дауыс беру құқығын иеленеді.

62. Қоғам өзі орналастырған бағалы қағаздарды мына жағдайларда ғана, егер:

1) кепілдікке берілетін бағалы қағаздар толық төленген болса;

2) Қоғамның сатып алған акцияларын қоспағанда, Қоғамға кепілдікке берілетін және онда кепілдіктегі акциялардың жалпы саны Қоғамның орналастырылған акцияларының жиырма бес пайыздан астамын құрамаса;

3) кепіл туралы шартты Қоғамның Директорлар кеңесі мақұлдаса кепілдікке қабылдай алады.

63. Егер кепілдіктің шарттарымен өзге белгіленбесе, Қоғам орналастырған және онда кепілдіктегі акциялар бойынша дауыс құқығы Жалғыз акционерге тиісті болады. Қоғам өзінде кепілдегі өз акцияларымен дауыс беруге құқығы жоқ.

64. Қоғамның бағалы қағаздарының кепілін тіркеудің тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамаға сәйкес белгіленеді.

65. Жалғыз акционердің оған тиесілі акциялары бойынша Қоғам тµлейтін табысы дивиденд болып табылады.

Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер Қоғамның Жалғыз акционерімен дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдаған жағдайда ақшалай немесе бағалы қағаздармен төленеді.

66. Қоғамның жәй акциялары бойынша дивидендтер төлеу жылдық, тоқсандық немесе жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Жалғыз акционердің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

67. (67-тармақ алынып тасталған)

68. Қоғамның Жалғыз акционер Қоғамның қандай да бір кезеңнің акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдауға құқылы.

69. Жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешімде мынадай ақпарат болуы тиіс:

1) Қоғамның атауы, орналасқан жері, банктік және өзге деректемелері;

2) дивидендтер төленетін кезең;

3) бір жай акция есебіне дивидендтің мөлшері;

4) дивидендтерді төлеу басталатын дата;

5) дивидендтерді төлеудің тәртібі мен нысаны.

70. Орналастырылмаған немесе Қоғамның өзі сатып алған акциялар бойынша дивидендтер есептелмейді және төленбейді.

71. Дивидендтер есептеуге:

1) Қоғамның меншікті капиталының мөлшері теріс болған кезде немесе оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесінде меншікті капиталының мөлшері теріс болатын болса;

2) егер Қоғам Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем жасауға қабілетсіз немесе дәрменсіз белгілеріне жауап берсе немесе аталған белгілер Қоғамда оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесінде пайда болса дивидендтер төлеуге жол берілмейді.

72. Акционер алынбаған дивидендтерді Қоғамның берешегінің пайда болуының мерзіміне қарамастан төленуін талап етуге құқылы.

Дивидендтерді төлеу үшін белгіленген мерзімде дивидендтер төленбеген жағдайда, акционерге дивидендтердің негізгі сомасы және ақшалай міндеттемені немесе оның тиісті бөлігін орындау күніне қарағандағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасын негізге ала отырып есептелетін өсім төленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет