Қоян үшін жасалатын үйшіктер.
Торлы үйшіктердің қандай түрі жасалынсада олар белгілі бір талапқа сай болуы қажет. Әрі арзан, әрі ыңғайлы болғаны жөн. Үйшіктер қоянға жақсы пана ғана емес, сондай-ақ таза, жарық пен ауа мол болуы қажет. Тағы бір ойластыратын жағы үйшік қояндардың еркін жүруіне кең болу керек, әсіресе ол көжектердің өсіп келе жатқан шағында қажетті шарт.
Торлы үйшіктердің жерден биіктігі 80 см жоғары болады, аулада, сарайдың қабырғасына жақын жерге немесе сарайдың ішіне қоюға болады. Торлы үйшіктердің ең қолайлы мөлшері: ұзындығы 120см, ені 60-65см, биіктігі 70см. Қабырғаларының биіктігі әртүрлі болады. Әсіресе артқы және алдыңғы қабырғаларының биіктігі жаңбыр суы іркіліп қалмайтындай болуы керек: алдыңғы қабырғасының биіктігі 70-75см, артқысы 40-45см болуы шарт. Сонымен бірге төбесін жапқан қақпағы алдынан 30см, артынан және жан-жағынан 15см-дей шығып тұрады.
Үй қояндарын қолда ұстаудың бірнеше жолы бар: еркін ұстау және үйшікте ұстау. Осылардың ішінен жалпы қоян өсірушілерден қолдау тапқан жүйе үйшікте өсіру. Жыл бойына қоянды үйшіктерде ашық далада ұстау организмді шынықтырып қана қоймайды сонымен қатар олардың тұқымдық және өнімділік қасиеті жақсарады. Жүннің өсуіне қолайлы әсер етеді. Жеке шаруашылықта қоян өсірушілер әртүрлі әдістерді қолданады: көктемде, жазда және күзде үйшіктердің далаға, ал қыста ересек қояндарды шағылыстырғанда, көжектегенде арнайы бөлмелерге орналастырады. Есейген еркектерін үйшіктерде жеке ұстайды. Ұрғашыларын тыныққан уақытында және көжектенгенге дейін 10 күн бұрын үйшіктерде екі-екіден ұстап содан кейін оларды бөлек жеке ұстайды. Жастарын 3 айға дейін ұяда тобымен ұстап содан кейін ертегі мен ұрғашыларын бөліп, 2-4 тен үйшіктерге орналастырады. Қоян негізінен қорқақ хайуан, сондықтан олармен өте сақтықпен жұмыс істеу керек. Үйшіктерді құрғақ, суық желден сақтайтын жерлерде орналастыру қажет.
Қоян шаруашылығы агросектордағы ең кірісті саланың бірі болуы тиіс. Расында жылдар күткізбей, жылдам өнім беретін өндірісті дамыту керектігін дәлелдеудің қажеті жоқ. Қалқан құлақтардың көл-көсір табыс көзі екеніне енді көз жетіп, қолға алына бастағанына көп уақыт өте қойған жоқ. Кезінде қоян өсірумен айналысқан адамдар бұл саланың экономикалық тұрғыдан өте тиімді екенін айтады.
Расында жылына 3-4 рет мәрте төлдейтін қоянның етіде, терісіде тиімді яғни басынан бақайшағына дейін тұрып тұрған ақша. Қоян шаруашылығының тағы бір артықшылығы егер жаңа технологиямен өңдесе қоян терісі құнды шикізатқа айналады. Одан түрлі сырт киімдер тігіледі.
Бүгінде Алматының түріндегі «Қоян» ЖШС-нің іскерлері қоян терісінен балалар тонын тігуді меңгергендігі соның айғағы іспетті. Қоян терісінен тігілген тондардың қай кезеңде де сәннен қалмайтынын ескергенде артықтық емес. Дүниежүзінде қояндар мен ор қояндар тұқымдасының 11 тобы тіркелген. Әлем бойынша салпан құлақтардың 100-ге тарта түрі мекендейтін көрінеді. Қоянға қатысты мақал-мәтел шығарудан алдына қара салмайтын қазекемнің «Қоянның өзін көр де, қалжасынан түңіл» деген нақыл бүгінгі күнге жүрмейді.
Расында қалжаға қарап қапы болуға болмайды. Тез көбейетін, жылына үш мәрте көжектеп, әр жолы 6-дан 14-ке дейін көжек табатын өсімтал жануарға бет бұрып мол табыс тауып отырған шаруашылықтар бар бүгінде.
Достарыңызбен бөлісу: |