Реферат Тақырыбы: Асқорыту жүйесі мүшелерінің дамуының қалыпты жағдайдан ауытқуы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.11.2023
өлшемі235.58 Kb.
#482257
түріРеферат
  1   2   3
асқорыту анвт реферат



«ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ 
Морфология кафедрасы, Гистология блогы. 
 
Реферат 
 
Тақырыбы: Асқорыту жүйесі мүшелерінің дамуының қалыпты жағдайдан 
ауытқуы. 
 
Орындаған: Абдирасил Әдемі Асқарқызы 
Топ: 2-009 ом 
Қабылдаған: Шайкина.С.Н 
Қарағанды 2023 



Жоспар:

I. Кіріспе бөлім 
 
II. Негізгі бөлім 
 
III. Қорытынды 
 
 
IV. Пайдаланылған әдебиеттер 


Кіріспе 
Асқорыту жүйесінің ішкі ағзалары туралы ілімге кіріспе. 
Филогенез барысында ас қорыту түтігі ерте пайда болады да, эмбрионогенез 
процесінде де ас қорыту жүйесінің негізі ерте қалыптасады. Ол, ұрық ұрықтан тыс 
бөлігінен ерекшеленбей қалып – таса бастайды. Әуелі біз ауыз қуысының дамуын 
қарастырамыз. Ол ас қорыту жүйесінің бір бөлігі болса да, оның дамуы беттің 
қалыптасуымен тығыз байланысты. Ұзындығы 2.5 мм ұрықтың бас жағында 
(дамудың 12-ші күні), 5 өсіндімен қоршалған алғашқы ауыз шұңқыры пайда болады. 
5 өсіндінің ортаңғысы, төмпенің өсіндісі, екеуі жоғарғы жақтық, екеуі төменгі 
жақтық өсінділер. Бұл өсінділер мандибулалық (төменгі жақтық доғасымен 
туындылары) болып табылады.Құрсақтық дамудың екінші айында төменгі жақтық 
өсінділер. Бұл өсінділер мандибулярлық (төменгі) жақтық желюезек доғасының 
туындылары болып табылады. Құрсақтық дамудың екінші айында төменгі жақтық 
өсінділер бірігеді де, олардан төменгі жақ пен төменгі ерін дамиды. Жоғарғы жақтық 
өсінділер бір – бірімен тұтаспай, мандайлық төмпеден шығатын сыңар мұрындық 
өсіндімен бірігеді. Мұрындық өсіндіден мұрын қуысының аралығы (қалқасы күрек 
тістік сүйек және жқғарғы еріннің ортаңғы бөлігі) сүзгі қалыптасады. Жоғарғы 
жақтық өсінділерден жоғарғы жақтар, қатты және жұмсақ таңдайлар, жоғарғы ерін 
пайда болады. Қатты және жұмсақ таңдайлар жоғарғы жақтық өсінділердің ішкі 
бетінен өсіп шығатын таңдайлық табақшалардан түзіледі. Табақшалар алғашқыда 
вертикальды орналасып, кейін горизонтальды қалыпқа келеді де, өздерінің бас 
қырларымен жанасып, бірігіп кетеді.
Ауыздың кіреберісі мен меншікті ауыз қуысының шекарасында орналасқан тістердің 
дамуының екі көзі бар: эктодерма және мезенхима. Құрсақтық дамудың екінші 
айының соңында жоғарғы және төмегі жақтық өсінділерді жауып жатқан эктодерма 
қалындайды. Бұл қалындаудың пішіні таға тәрізді келеді де тістік білеу немесе тістік 
табақша деп аталады. Тістік табақшаның екі жиегі бар: оның біреуі ауыз қуысының 
эпителиіне айналады, екінші – бос жиегі мезенхимаға батады. Кешікпей мезенхимаға 
батқан тістік табақшаның, сүт тістердің санына сәйкес, 20 жерінде қарқынды өсе 
бастайды. Осылайша эпитетитік бастамалар немесе эмальдық мүшелер пайда болады. 
Одан әрі эмальдық мүшелер жалпы ұлпадан ерекшелене бастайды да, жалпы ұлпамен 
эпителий ұлпасының көпіршелерінің көмегімен ғана байланысады. Содан кейін әрбір 
қалындаудың көлемі ұлғайып, оның мезенхиманың тереңіне қараған бетінде батыңқы 
жер пайда болады. Оған мезодермалық емізікше деп аталатын тығыздалған 
мезенхиманың ұяшығы кіреді. Ауыз қуысының кілегей қабығының көп қабатты тегіс 
эпителиінен сілекей бездері дамиды. Құрсақтық дамудың екінші айының сонында 
сілекей бездерінің бастамалары ауыз қуысының кілегей қабығының көп қабатты тегіс 
эпителиінің томпаюы түрінде пайда болады. Қай бездің бастамасы бірінші пайда 
болатындығы туралы ғалымдар әртүрлі тұжырым айтады. В.Н.Тонковтың айтуынша 
құлақ түбі безі (шықшыт безі) бірінші пайда болады, ал кейінірек төменгі 
жақастылық және тіластылық бездерінің бастамалары пайда болады. Басқа 
ғалымдардың пікірінше – төменгі жақастылық бкз бірінші пайда болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет