«Астана Медицина Университеті» КеАҚ
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Атқа міну мәдениетінің генезисі
Орындаған: Арыстанбай Назым
Факультет: Жалпы медицина
Топ: 121
Тексерген: Карбозов Әлібек
Астана
2023
Жоспар
I Кіріспе 3
II Негізгі бөлім 3
1.1 Көшпелілер тарихын кезеңдеу. 3
1.2 Жылқының шығу тарихы 4
1.3 Атқа міну мәдениеті 5
1.4 Ат әбзелдері 5
1.5 Атқа мінудің пайдасы 6
ІІІ Қорытынды 7
ІV Пайдаланылған әдебиеттер 8
I Кіріспе
Жылқы алғаш қолға үйретілген аймақ деп Шығыс Еуропа мен Еділ бойы есептеледі. Жылқыны қолға үйрету мөлшермен б.з.д. 4-мыңжылдықта болған сияқты. Қазақстан жерінде ең көне мал сүйегі энеолит дәуірі ескерткіштерінде кездеседі. Бұл — Терісек, Сексеуілді, Орталық Қазақстандағы Қарағайлы (Қарағанды маңы) тұрақтары, Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарым қонысы. Бұлардың мөлшерлі жасы б.з.д. 3-мыңжылдықтың орта шені. Бұл тұрақтардан қойдың, ешкінің, сиырдың, жылқының сүйектері табылған. Қазақстан жерінде қола дәуірінің кезінде-ақ үй маңындағы мал шаруашылығы қалыптасты. Б.з.д. 2-мыңжылдықтың орта кезіне жататын жерлеу орындарында, кейінірек қоныстарда қой, жылқы сүйектері көптеп кездеседі. Кейбір шөбі қалың, өзен-көлді аймақтарда орналасқан қоныстарда, мысалы, Шағалалы, Сарғары қоныстарында сиырдың сүйегі басым, ал Трушниково қонысында ұсақ мал мен мүйізді ірі қараның сүйегі табылған.
II Негізгі бөлім 1.1 Көшпелілер тарихын кезеңдеу.
Көшпелілер немесе көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз — негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси қауымдастығы және өркениеті.
Көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның (ниша) шектеулі мүмкіндіктері, табиғи ресурстардың сол өлкеде өмір сүруші этностың алдына қоятын табиғи талаптарына байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау аймақтары. Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпакдала, Балқаш маңы далалары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауларының тау беткейлері және таулы өлкелері жатады. Л.Н.Гумилев: «Халықтар дамуында, олардың қалыптасуында, шаруашылық-мәдени ерекшеліктерінің пайда болуында географиялық, экологиялық фактор үлкен рөл атқарады» деп санады. Сонымен, Көшпелілер немесе көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз — негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси қауымдастығы және өркениеті.
Достарыңызбен бөлісу: |