Реферат тақырыбы: Қазақ халқының батырлары


Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы



бет3/9
Дата28.05.2023
өлшемі107 Kb.
#474419
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Реферат Қазақ хандығының батырлары2

Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы
Наурызбай батыр (1706 — 1781)- Құттымбетұлы Наурызбай 1706 жылы Жетісу жерінде, Алатаудың баурайында дүниеге келген. Бұл кезде Ӏле, Талас, Алатау мен Қаратау аралығындағы қазақ пен қырғыз жоңғарларға тәуелді еді. Батырдың көзін ашқаннан естігені батырлар тұралы жырлар, аңыз әңгімелер болып, теңдессіз бай рухани ортада өсті. Екінші жағынан елге үстемдігін жүргізген басқыншы жаудың зорлығы мен зомбылығын да көрді.
Мұның өзі жүрегінде оты бар жасты туған елін, атамекенін жаудан азат ету тұралы арманға жетеледі, батыр болуға құлшындырды. Наурызбай батырдың өмірі тұралы бүгінгі күнгі деректерде Шапырашты Наурызбай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бабаларымыз Абылай хан айналасындағы бас батырлар қатарында бағаланады. Бұқар жырау осы үш тұлғаның жанындағы мынадай ірі батырларды атайды: Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Қара Тілеуке, Қарақалпақ Қылышбек, Текеден шыққан Сатай мен Бөлек, Қаумен, Дәулет, Жәпек, Сеңкібай, Шойбек, Таңсыққожа, Мәмбет, Молдабай, Есенқұл және басқалар.
Әдеби-тарихи деректер мен ел есінде сақталған аңыз-әңгімелер Наурызбай батырдың бүкіл халықтың ықыласына бөленіп, мақтанышқа айналуы 1727-1731 жылдардың шамасы екендігіне мензейді. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қатарынан бірнеше рет қатты соққы беріп, ақыры үлкен жеңіске жетуі осы уақытқа сәйкес келеді. Алатау етегінде жоңғарлардың Шамалған, Қаскелең, Боралдай секілді атышулы батырлары өлім табатын сұрапыл шайқастарда Наурызбай бабамыз ересен ерлік көрсетеді. Қозыбасыда қалың қол бастап, бас батыр атағына ие болады.
Жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырушы ұлы қолбасшы. Аңырақай шайқасына қатысып, жиырма үш жасында белгілі қалмақ батырлары Шамал хан мен Қаскелеңді жекпе-жекте жеңіп, батыр атанған.


Райымбек Түкеұлы
Райымбек батыр 1730-1829 жылдары өмір сүрген. Райымбек Түкеұлы Ұлы жүздің Албан тайпасы, Алжан руының Сырымбет деген атасынан тарайды. Райымбектің атасы Хангелді атақты батыр, ел бірлігі мен тыныштығын сақтау жолында көптеген әрекеттер жасаған қайраткер болған. Ал шешесі жалайыр елінің батыры Барақтың қызы-Керімбүбі еді. Райымбек батыр жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Райымбек батырмен бірге жоңғар басқыншыларына қарсы Сатай, Бөлек, Қызылбөрік, Қойгелді, Қонақкелді, Қыстық, Малай, Есен, Байсейіт тағы басқа батырлар иық тіресіп күрескен. Ол 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерен ерлік көрсетіп, батыр атанды.
Оның тапқырлық қасиеті Іле өзені бойындағы шайқаста анық көрінген. Бұл кезде Райымбек батыр өз жасағын суы арнасынан тасып жатқан асау Іледен аман алып өтіп, жауын жеңген. Одан кейін Райымбек батыр Торайғыр мен Сөгеті тауының аралығындағы Көкпекті жазығында болған «Ойрантөбе» шайқасында асқан ерліктің үлгісін көрсете білген. Райымбек батырдың бұдан кейінгі үлкен жорығы Орта Жүз еліне көмекке баруы еді. Осы жорық барысында оның қолы жоңғарлардан Сарытау және Үйгентасты азат етуге атсалысып, Іле өзенін бойлаған күйі Қорғаспен бері қайтады. Осылайша, ел аузында аңызға айналған Райымбек батыр көз жұмар сәтінде ұрпақтарына: «Денемді ақ түйеге өңгеріп бос жіберіңдер. Түйе қай жерге шөксе, мені сол жерге жерлеңдер», - деп өсиет айтады. Сөйтіп, Райымбек бабамыздың денесі артылған ақ түйе Алматыдағы қазіргі қабірінің орнына келіп шөгіпті. Міне, Райымбек бабамыздың денесі осылайша қазіргі Райымбек даңғылының бойына жерленген екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет