Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Реферат
Тақырыбы: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ұлттық-инновациялық жүйені өсірудің маңызы.
Орындаған: Тортбаева А.
Тобы: Эк12к
Тексерген: Керімбекова Н.
Алматы, 2014
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ұлттық-инновациялық жүйені өсірудің маңызы.
Қазақстандағы Ұлттық инновациялық жүйе 2003 жылы институтционалды және физикалық инфрақұрылым түрінде қалыптаса бастады. Ал 2005 ж. 5 сәуірде ҚР үкіметінің №387 қаулы бойынша 2005-2015 жж. Ұлттық инновациялық жүйесінің құрылуы мен даму стратегиясы бекітілді. Бұл бағдарламаның мақсаты инновациялық кәсіпкерлік ортаға дем беру және көп сатылы инновациялық инфражүйесіне дамыту; ұлттық инновациялық жүйе элементтерінің аралығын нәтижелі әрекеттестікпен қамтамасыз етуімен қоса нормативті заң базасын толық жетілдіру.
Ұлттық инновациялық жүйе бұл – мемлекеттің инновациялық саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыруға негіз болатын, дербес және өзара қарым-қатынас нәтижесінде жаңа технологияны дамыту мен таратуға жағдай жасайтын, жеке және мемлекеттік секторге қатысты институттар жиынтығы болып табылады. ҰИЖ институттары ретінде университеттер, үкіметтік ұйымдар, инфрақұрылым элементтері, сондай-ақ мемлекеттік саясат құралдары, қоғамдық тәртіп заңдылықтары, заң нормалары және т.б қарастыруға болады. Инновациялық жолда серпінді дамып келе жатқан елдерде мемлекеттік басқару институттарының маңызы өте зор. Бұл ұйымдардың негізгі міндеттеріне жаңа техниканы енгізудің тәуекелін төмендету, ақпаратпен қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеу жұмыстарының басымдылықтарын айқындау, қаржылық көмек көрсету жатады. Қазақстанның ҰИЖ-гі мемлекеттік даму институттарына «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Экспорттық несие мен инвестицияны сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ, «Технологиялық трансферт пен инжиниринг орталығы» АҚ, «Маркетингтік–аналитикалық зерттеулер орталығы» АҚ жатады.
Даму институттар қызметінің нәтижесін бағалайтын болсақ, Даму банкі құрылғаннан бері республикамызда жалпы сомасы 1970,2 млн. АҚШ долл., соның ішінде Банктің қатысуымен 807,7 млн. АҚШ долл. көлемінде 84 инвестициялық жоба мен экспорттық операциялар мақұлданған. Сондай-ақ 2007 ж. 1-ші жарты жылында жалпы сомасы 196,9 млн долл., Банктің қатысуымен 57,7 млн. АҚШ доллар көлемінде 10 инвестициялық жоба мен экспорттық операциялар мақұлданғанын да айта кеткеніміз жөн. Банк тарапынан қаржыландырылатын жобаларының қатарынан Оңтүстік Қазақстан облысындағы тоқыма кластерін құру мен Ақтау қаласындағы халықаралық теңіз сауда портын дамытуды бөліп көрсетуге болады.
«Ұлттық инновациялық қор» қызметінің негізгі бағыттары отандық және шетелдік венчурлық қорларды құруға қажетті инвестициялау мен инвестиция тарту ғана емес, сондай-ақ инновациялық жобаларды іске асырушы компанияларды қолдау, инновациялық қызметтің маманданған субъектілерін қалыптастыру (технопарктер, технологиялық бизнес-инкубаторлар) және тәжірибелік–конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жатады. «Технологиялық трансферт пен инжиниринг орталығы» АҚ-ы («ТТИО» АҚ) ҚР Үкіметінің бекітуімен 2003 ж. тамызында құрылған. 2004 ж. желтоқсан айынан бастап «ТТИО» АҚ-ы ҚР технопарктер желісін дамытуға бағытталған компания ретінде белгіленді. Бүгінгі таңда АҚ алдыңғы қатарлы шетелдік технологияны тарту мен Қазақстандық инновациялық жұмыстарды әлемдік нарыққа шығару бойынша қызмет атқаруда.
«Технологиялық трансферт пен инжиниринг орталығы» АҚ-ның соңғы жұмыстарының бірі – технологияны трансферттеудің Қазақстандық желісін құру (ТТҚЖ). ТТҚЖ – технологиялық алмасумен/трансфертпен айналысатын инновациялық инфрақұрылымының ұйымдар жүйесі – технологиялық ақпаратты тиімді тарату мен инновациялық, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға серіктестерді іздеуге мүмкіндік беретін инновациялық инфрақұрылымның құралы. Бұл желінің негізгі мақсаты Қазақстандағы инновациялық бизнестің дамуы мен ғылыми сыйымдылығы жоғары технологияны өндіріске енгізуді қолдау болып табылады.
Бүгінгі таңда әлемнің дамыған және дамушы мемлекеттері инновацияға, яғни, инновациялық дамуға қатты көңіл бөліп отыр. Осылайша өндірістік дамыған елдер өзінің бәсекеге қабілеттігін жоғарылатады және елдегі өмір сүру деңгейін жоғары көрсеткіште ұстап отырады. Бұндай үлгінің негізі ұлттық және корпоративтік деңгейде жүзеге асырылатын мықты ғылыми-техникалық даму бағдарламасымен қамтамасыз ету және технологияларды дамыту болып табылады. Қарқынды дамушы мемлекеттердің қатарынан орын алатын Қазақстанның да осы инновациялық даму жолын таңдағанына бірнеше жыл болды. Осы жылдар аралығында көп жұмыс атқарылды десек өтірік айтқан болмаймыз. Бірақта, атқарылған жұмыстар қажетті нәтижелер берген жоқ. Себебі, Қазақстандағы кәсіпорындар өздігінен зерттеу жасап жаңа өнім өндіруге тырыспайды, инновациялық өнімді иелену үшін қаржы салуға қабілетсіз. Тіпті өндірісті жаңғыртумен айналысатын кәсіпорындардың өзінде де көрсеткіштері көңіл көншітерліксіз. Статистикалық мәліметтерге сәйкес соңғы жылдары Қазақстан кәсіпорындарындағы инновациялық белсенділік деңгейі 4% құрап отыр, бұл басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда төменірек.
Қазақстан Республикасы
|
2007 жыл
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
Респонденттер барлығы
|
10 591
|
10 889
|
11 172
|
10 096
|
10 937
|
Инновациялық белсенді кәсіпорындар саны
|
505
|
526
|
447
|
399
|
467
|
инновация саласындағы белсенділік деңгейі, %
|
4,8
|
4,8
|
4,0
|
4,0
|
4,3
|
Инновациялық өнім көлемі
|
156039,9
|
152500,6
|
111 531,1
|
82 597,4
|
142 166,8
|
Инновация саласындағы инновациялық белсенділік
|
4,8
|
4,8
|
4,0
|
4,0
|
4,3
|
Өнеркәсіптегі технологиялық инновацияларға жұмсалған шығындар
|
71513,4
|
76264,9
|
97463,7
|
31034,8
|
219571,2
|
*Ескертпе: www.Stat.kz сайтының мәліметтері негізінде автор құрастырған
| 1-кесте. 2007-2011ж.ж. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесiнің дамуы - мемлекеттің экономика саласында деверсификациялау жолымен бірқалыпты дамып жетістікке жетуіне бағытталған, ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгін мiнездейтiн негiзгi фактор болып табылады.
Ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастыру төрт iшкi жүйеге негiзделедi, мемлекет тікелей немесе жанама қатысады тіпті инновациялық саясатты тиімді жүзеге асырады: ғылыми-техникалық әлеует, инновациялық белсендi кәсiпорындар, инновациялық және қаржы инфрақұрылымы.
Ғылыми-техникалық әлеует инновациялық қызметтi жүзеге асыруға қатысатын және инновациялық қызметтiң негiзi болып табылатын әр түрлі ресурстардың жиынтығы. Оған мемлекеттiк ғылыми ұйымдар, ұлттық компаниялардағы ғылыми ұйымдар, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми кадрлар, материалдық-техникалық база жатады. Ғылыми-техникалық әлеует елдiң инновациялық дамуымен ажырағысыз байланысты.
Ғылыми-техникалық әлеуеттің жай-күйi бiрiншi кезекте ғылымды қаржыландыру деңгейiмен, оның материалдық-техникалық жағдайымен және алынған нәтижелердiң тиiмділiгiмен айқындалады.
Инновациялық белсендi бизнес бұл - экономиканың инновациялық дамуының негiзі. Инновациялық кәсiпкерлiк экономикалық қызметтің көп қырлы түрі болып табылады. Инновациялық кәсiпкерлiктiң түпкі мақсаты жаңа буынның рыноктың ағымдағы конъюнктуралық ахуалына жедел ден қоюға және бәсекеге қабілетті ғылымды қажетсiнетiн өнiмдi сериялық өндiрудi және әлемдiк стандарттар деңгейiндегi жоғарғы сұранысты жолға қоюға қабiлеттi кәсiпорындарды дамыту болып табылады. Инновациялық кәсiпкерлiк мыналарды қамтиды: бизнес-серілер; кәсiпорындар; инновациялық менеджерлер; инновациялық қызметтi iске асыру үшiн қызмет көрсететiн және жағдайларды қамтамасыз ететiн өзара байланысты өндiрiстiк, консалтингтік, білiм және ақпараттық құрылымдардың кешенi айқындалатын көп деңгейлi инновациялық инфрақұрылым;
Инновациялық белсенділіктің төмен болуы отандық кәсіпорындардың шетелдік кәсіпорындармен бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуы өндіріспен ғылымның арасында байланыстың жоқ болуы мен түсіндіріледі.
Сонымен қатар инновациялық қызметке қатысты экономика салаларында жетілдіру қажет. Осы ісшараларды жүзеге асыру елімізде қазіргі кезде төмен болып тұрған экономикалық белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді.
Экономикалық белсенділік дегенде, белгілі бір нәрседе қызметтік қатысу түсіндіріледі. Экономикалық белснділіктің бірнеше түрі бар. Олар:
Институционалдық белсенділік – бәсекелестікте мемлекеттің және қоғамдық ұйымдардың құқықтық, саяси, экономикалық және әлеуметтік қызметтері түсіндіріледі.
Инвестициялық белсенділікте – инвестициялық мүдделер және оның экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету деңгейі түсіндіріледі.
Инфрақұрылымдық белсенділік – шаруашылық үрдістерді қамтамасыз ететін экономика субъектілерінің қызметін сипаттайды.
Зияткерлік белсенділік – білім беру орындарындағы оқыту және ғылыми қызмет, сонымен қатар біліктілігі жоғары мамандарды дайындау жатады. Инвестициялық, инфрақұрылымдық, институционалдық және зияткерлік белсенділік түрлері мультипликативті түрде инновациялық белсенділікке әсер етеді және оның негзгі факторлары болып табылады .
Инновациялық белсенділік – шығармашылық міндеттерді шешуге және коммерцияландыру деңгейіне дейін жеткізуге бағытталған қызмет ретінде түсіндіріледі.
Қазақстанның экономикасын жаңғырту жағдайындағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін зерттеу барысында біз бірнеше мәселелерді анықтадық. Яғни экономика саласындағы инновациялық белсенділіктің төмендігі, ғылым мен өндіріс арасындағы өзара байланыстың жоқтығы және қажетті деңгейдегі мемлекеттік қолдаудың жоқтығы. Бұл мәселелерді шешу тиімді мемлекеттік реттеуді қажет етеді. Аталған мәселелрді шешудегі мемлекеттің реттеу объектісі болып ғылым және технология саласы табылады. Бұл мәселелерді шешу отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін жоғарылатуды қажет етеді. Қазіргі кезде инновациялық белсенділікке әсер ететін факторлар жиынтығы бар. Бұл факторлар жиынтығында инновациялық үрдістердің әлеуметтік контексі көрініс тапқан және бұл факторлар мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыру механизімдерін жасауда ескерілуі қажет. Инновациялық белсенділік факторларының келесідей жіктемесін бөліп көрсетуге болады:
1) Бағытталған іс- әрекетіне байланысты:
2) Факторлар құрамына байланысты:
3) Табиғатына байланысты факторлар:
4) Әсер ету уақытына байланысты:
5) Мазмұнына байланысты:
6) Әсер ету обьектісінің масштабына байланысты:
7) Дамуға әсер ету сипатына байланысты:
8) Пайда болу көзіне байланысты:
9) Инновациялық қызмет субьектілерінің әсер ету мүмкіндігіне байланысты:
Жоғарыда аталған факторлар жіктемесін ескеріп Қазақстанның экономикасын жаңғырту жағдайында кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыратын тиімді инновациялық саясат керк. Бұл жайында елбасымыз өзінің кезекті Қазақстан халқына жолдауында былай деген еді: «Индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі жобалардың әлеуметтік маңызы шексіз. Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қала береді. Барлық мемлекеттік органдар бұл жұмысты өздерінің негізгі қызметі деп есептеуі тиіс». Осы айтылған факторларды ескеріп тиімді саясат жүргізсек кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру арқылы ел экономикасын жаңғыртуға қол жеткізеріміз сөзсіз.
Сөйтіп қорыта келгенде , Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды. Біздің мемлекет тәуелсіздіктің жиырма екі жылында экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды. Болашақта да еліміз биіктен көрінетініне сеніміміз мол.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Государственная программа по форсированному индустриально-инновационному развитию Республики Казахстан на 2010-2014 годы от 19 марта 2010 года № 958. — Астана, 2010.
-
Тулекбаев Е. Т. Построение национальной инновационной системы в Казахстане // Инновации. — 2007. — № 8 (106).— С. 28-34.
-
Казакова О.Б. Формирование эффективного механизма функционирования инновационной инфраструктуры в регионе // Аудит и финансовый анализ. — 2007. — № 6. — auditfin.com/
-
http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1200000990
-
ҚР Статистикалық агенттігі www.stat.gov.kz
Достарыңызбен бөлісу: |