Реферат тақырыбы: Бейімдеу және сауықтыру дене тәрбиесінің маңызы Орындаған: Кайруллова Дина, ҚЖ-21 Тексерген: Сериков Т. Ш



бет1/4
Дата03.01.2022
өлшемі24.45 Kb.
#450248
түріРеферат
  1   2   3   4
Бейімдеу және сауықтыру дене тәрбиесінің маңызы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Бейімдеу және сауықтыру дене тәрбиесінің маңызы

Орындаған: Кайруллова Дина, ҚЖ-21

Тексерген: Сериков Т.Ш.

Қарағанды 2020

Кіріспе

Допты лақтырып ойынға қосу

Негізгі бөлім

2. 1. Финттер

2. 2. Техникалық кешендер

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.

Допты лақтырып ойынға қосу

Допты лақтырып ойынға қосу – бұл қолмен рұқсат етілген жалғыз техникалық тәсіл. Допты лақтырып ойынға қосу қимылының құрыылмы көп жағдайда футболдың ережесінің талаптарымен анықталады және қатты қиындық тудырмайды. Алайда допты алысқа лақтыру үшін (25-30 м) арнайы дағды мен белгілі бір дегенің, иық пен қолдың күшін қажет етеді. Допты лақтырғанда допты саусақтар қойылып, білектермен допты толығымен, ал үлкен саусақтар бір-біріне жетерліктей болып қамтып ұстау керек. Дайындық немесе адымдап тұрған кезі. Доп ұстаған қолдары шындағынан біраз бүгілген болып, басынан асыра көтерілу керек. Дене артқа қарай икемделіп, аяқтар тізеден аздап бүгіліп, дене салмағы атқы аяққа түседі. Жұмыс фазасы – лақтыру аяқты, денені, қолды тез тіктеу арқылы орындалып, лақтыру жаққа қарай білектің күшеюімен аяқталады. Соңғы фазасының орындалуы допты лақтырғанда ойыншының екі аяғымен бірдей жерге тиіп тұруы керек деген ереже талаптарымен анықталады. Осыған байланысты соңғы фазаны орындаудың түрлі нұсқалары бар. Бірінші жағдайда ойыншы қарсы алды жазықтықта жүріп бара жатып допты лақтырады және бірден дененің алдыға қимылдауы тоқтайды. Кейде лақтыру кезінде артта тұрған аяқтың қосымша адымдауына тура келеді. Және, ең соңғысы, соңғы фаза ол құлау болуы мүмкін. Дененің қарсы алды жазықтықта жүргеннен кейін лақтырған соң, алдыға – төмен қарай қимыл жалғаса береді. Қолдары денені басып озып, ойыншы бүгілген қолымен жерге түседі. Лақтырудың қашықтығын үзарту үшін кейде жүгіріп келіп лақтыруды қолданады. Жүгіріп келіп лақтыру лақтыруға әсер ететін буындардың жылдамдығын арттыруға көмектеседі.

Финттер

Алдау айла-әрекеттері – финттер. Ол техникалық тәсілдердің мақсаты – допты өзінде сақтап қалу, қарсыласты алдау және оның қарауынан босап шығу. Финттер кеудемен де, аяқпен де орындалады. Олар бір-бірімен тығыз байланысқан екі бөліктен тұрады: біріншісі – алдау іс-қимылы, екіншісі – шынайы қимыл. Шынайы қимыл қарсылас алдау қимылына жауап әрекетін бастаған сәтте басталады. Алдау әрекеті қарсылас көретіндей болып, сәл баяу екпінмен жасалады, ал шынайы әрекет қарсылас дайындалып үлгермеу үшін жылдам жасалады. Оқушылардың финттерді қарсыласы сеніп қалатындай етіп жасауы маңызды. Финттерді игеру үшін допсыз орындалатын жаттығу үлгілері:

1. Ақырын жүгіріп келе жатып оңға (солға) немесе тігінен жұлқи жүгіру.

2. Жылдам жүгріп келе жатып кенеттен тоқтап, қайтадан оңға (солға) жұлқи жүгіру.

3. Бағандарды айнала жыланша жүгіру.

4. Алға жұлқа жүгіру, содан соң бір қапталға ұмтылу және қайта жұлқа жүгіру.

5. Үдей жүгіріп, кеудемен алдау қимылын жасап тоқтау.

6. «Қуыспақ»қозғалмалы ойыны. Осы жаттығулар игерілген соң, доппен орындалатын финттерді үйретуге кірісуге болады. «Кету» финті қарсылас күтпеген жерден қозғалу бағытын өзгертумен негізделген. Шабуылдаушы ойыншы алдымен қарсыласына доппен бір бағытта кететіні туралы ыңай білдіреді. Қорғаушы сол бағытты жабу үшін, сол жаққа қозғалады. Шабуылшы сол мезетте жүгіру бағытын жылдам өзгертіп, қарсыластың екінші жағынан өтіп кетеді. «Соққы жасау үшін сермеуді жалған жасау арқылы кету» финті қорғаныста да, шабуылда да қолданылады. Допқа ие ойыншы қарсыласына жақындаған кезде, доппен соққы жасайтындай немесе пас беретіндей ыңай білдіріп соққы аяғын сермейді де, қорғаушы доптың өтуі мүмкін жолын жабуға ұмтылады. Сол сәтте ойыншы ұмтыла жүгіріп, қорғаушыны айналып өтеді. Футболшы ойын жағдайына қарай кетудің бірнеше нұсқасын таңдауы мүмкін: алға, оңға немесе солға. «Допты табанмен тоқтату» финті. Шабуылшы доппен қозғалып келе жатады. Оның жолын жапқысы келген қорғаушы қиғашынан қарсы шығады. Оның ойын түсінген шабуылшы допқа табанын тіреп, допты өзіне тартады да, екпінін тоқтата алмай келе жатқан қорғаушыны өткізіп жібереді және допты алға итере-соғып, жұлқи жүгіреді. «Сермеу» финті. Таласқа түскенде алдыда тұрған немесе дайындық фазасында алдыңғы жағында қырынан тұрған қарсыласқа жақындағанда, доп тебетін аяқты сермейді. Бұл деген мақсатты түрде соққылар немесе пас беріледі деген сөз. Сермеуге қарсы қарсылас допты тартып алуға немесе доп берілетін аймақты жабуға тырысады. Ол үшін қимылды бәсеңдетіп, тоқтатуға бағытталған ұмтылыс, шпагат, доппен шалуды қолданады. Сонымен қатар, бір күйден екінші күйге көші бұл жерде белгілі бір уақытты алады. Ойын жағдайына, командаластар мен қарсыластардың орналасуына байланысты жүзеге асыру фазасында допты аяқпен қатты емес соққымен тебеді де, қарсыластан алдыға, артқа, оңға немесе солға кетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет