Реферат тақырыбы: Диффузия құбылысы, тұтқырлық, жылу өткізгіштіктің техникада қолданылуы Орындаған



бет2/5
Дата22.10.2023
өлшемі60.31 Kb.
#481373
түріРеферат
1   2   3   4   5
реферат (3)

Диффузия құбылысы
Диффузия (лат. dіffusіo – таралу, жайылу) – нақтылы дене бөлшектерінің жылулық қозғалыстарға ұшырай отырып, сол дене концентрациясының селдір аудандарына қарай жылжуымолекула олардың жылулық қозғалысы салдарынан шекаралас орналасқан әртүрлі заттардың бір-біріне өту құбылысы.
Диффузия құбылысы барлық агрегаттық күйде, диффузияланатын заттың сол ортадағы шоғырлануы теңелгенге дейін жүре береді. Газ немесе сұйықтың молекулаларының бір орыннан екінші орынға ауысуы арқылы өз ішінде диффузиялануы өздік диффузия деп аталады. Диффузияның өту шапшаңдығы — диффузияланатын заттың тегіне және оның қандай жағдайда болуына байланысты анықталатын шама — диффузия коэффициентімен сипатталады. Диффузия коэффициентінің халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшеу бірлігі — м2/сек. Диффузия құбылысы табиғатта маңызды рөл атқарады: атмосфераның жер бетіне жақын орналасқан қабаттарындағы ауа құрамының біркелкі болуына ықпал етіп, өсімдіктердің дұрыс қоректенуіне жағдай туғызады. 
Диффузияның рөлі мен оның қолданылуы
Адам организміндегі диффузияның мәні зор. Оттек ауадан өкпенің қан тамырларына диффузия жолымен альвеол (ауа қапшықтары) қабырғалары арқылы жеңіл өтеді,одан кейін онда ери отырып,бүкіл организмге тарайды.Көмірқышқыл газы араласу арқылы қан қылтамырларынан өкпенің ауа талшықтарына өтеді.Тағамдағы қоректік заттар жасушаның ішінде араласады. Түтікшелі қалқа осмос арқылы өтетін сұйықтардағы диффузия құбылысы жануарлар мен өсімдіктер тіршілігінде маңызды рөл атқарады.Ол өсімдік тамырларының суды сіңіріп,өсімдіктер мен жануарлардың қоректі қорытуына және олардың жасушаларынан қалдықтардың шығуына әсер етеді. Диффузияның әсерінен планеталар атмосферасының химиялық құрамы бірдей болмайды. Диффузия құбылысының практикада қолданылу аясы өте кең.Металдары дәнекерлеу мен балқытып пісіру процестері пісірілген металдардың немесе негізгі метал мен дәнекердің диффузиясына негізделген. Қант қайнату зауыттарындағы қызылшадан қантты шығарып алу да диффузия құбылысына негізделген.Қызылша сумен немесе концентрациясы аз қант ерітіндісімен жуылады.Бұл кезде қант молекулалары қызылшадан ерітіндіге өтеді.
Диффузияның зиянды қасиеттері
Диффузияның адам үшін де жаман қасиеттері бар. Кейде диффузия зиянды және тіпті қауіпті. Үйде тамақ дайындау үшін пайдаланатын табиғи жанғыш газ түсінемесе иіс жоқ, сондықтан оның ауаға таралып кетуін дереу байқау қиын, сондықтан әрдайым сақ болу керек. Олардың таралу жылдамдығы өте жоғары, сондықтан оған жалынның тию қаупі жоғары болады. Адамға газ иісі тез әсер етуінен олар уланып қалуыда ықтимал.
Кәсіпорындардың түтіндері атмосфераға көмірқышқыл газын, азот пен күкірттің оксидтерін шығарады.Қазіргі уақытта атмосфераға шығарылатын газдардың жалпы көлемі жылына 40 миллиард тоннадан асады.Атмосферадағы көміртегі диоксидінің артық мөлшері Жердің тірі әлемі үшін қауіпті, табиғатта көміртек циклін бұзады, қышқыл жаңбырының пайда болуына әкеледі.Диффузиялық процесс өзендер, теңіздер мен мұхиттардың ластануында маңызды рөл атқарады.Сонымен қатар, ластанған суда химиялық реакциялардан жылуды бөлупроцесі пайда болады. Ал суда жылу бөлінуден ондағы оттегінің азаюынан тірі организмдер өмір сүруін тоқтатады. Өнеркәсіптік құбырлардан зиянды газдардың шығарылуын азайту үшін арнайы сүзгілер орнатылу керек.Су объектілерінің ластануын болдырмау үшін қоқыс, тамақ қалдықтары, көң және әртүрлі химиялық заттар жағаға жақын жерде тасталмауы қажет. Табиғатта және өмірде, сонымен қатар бізді қоршаған әлемде диффузияның мәні қаншалықты зор екендігін көріп отырмыз тірі ағзалар мүмкін емес еді, егер бұл құбылыс болмаса. Өкінішке орай, біз осы құбылыстың теріс көрінісіменде күресуіміз керек, бірақ әлдеқайда оң факторлар бар, сондықтан біз табиғатта диффузияның мәні ерекше екенін айтала аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет